Темекі өнімдерін өндіруге лицензия нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 1 маусымдағы N 260 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 22 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2908. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 304 бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 304 бұйрығымен.

      "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiсі мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына сәйкес бұйырамын:

      1. Мыналар:
      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес темекі өнімдерін өндіруге лицензия нысаны;
      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес темекі өнімдерін өндіруге лицензия бланкісінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитетінің Акциздерді әкімшіліктендіру басқармасы (Р.Ю. Ким) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

"Темекi өнiмдерiн өндiруге
лицензия нысанын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 1 маусымдағы N 260
бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы Мемлекеттік лицензия

___________________________________________________________
    (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты-жөні)
___________________________________________________________
 

             темекі өнімдерін өндіруге
________________________________________________берілді.
("Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес қызмет (әрекет) түрінің атауы)

Лицензия қолданысының ерекше шарттары: Бас ________________
                                           ("Лицензиялау
___________________________________________________________
туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабына сәйкес)

Филиалдар, өкілдіктер _____________________________________
                        (орналасқан орны, деректемелер)

___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________

Лицензияны берген орган: __________________________________
                        (лицензиялау органының толық атауы)
___________________________________________________________

Басшы (уәкілетті тұлға) ___________________________________
                        (лицензияны берген орган басшысының
___________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның) фамилиясы мен инициалдары)

      Лицензияны беру күні 200 __ ж. "__" ________
      Лицензияның N ___________

      Астана қаласы

"Темекi өнiмдерiн өндiруге
лицензия нысанын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 1 маусымдағы N 260
бұйрығына 2-қосымша

Темекі өнімдерін өндіруге лицензия бланкісінің сипаттамасы

      Темекі өнімдерін өндіруге лицензия (бұдан әрі - Лицензия) - 200х210 мм көлеміндегі қатаң есептілік бланкісі және баспаханалық қорғаныш (тангирлік тор, микрошрифт, қорғаныш рамкасы) дәрежелері болуы тиіс.
      Тангирлік концентрациялы сәуле торы түрлі-түсті және қара-ақ ксерокөшірмелеуден, механикалық тазалаулардан, химиялық түзетулерден қорғауды қамтамасыз етеді.
      Жоғарыда ортасында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.
      Бланктің төменгі сол жақ бұрышында ультракүлгін қосылған арнайы бояумен орындалатын жеті мәнді нөмір орналасқан.
      Лицензия бланкі күрең қызыл түсті ою-өрнекті қорғаныш рамкалы ақ түсті нығыз тегіс қағаздан әзірленеді.
      Лицензия бланкі бір жағы мемлекеттік тілдегі мәтінде, келесі жағы орыс тіліндегі мәтінде ресімделеді, Лицензия бланкісінің нөмірі екі жағында да бірдей болуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады