N 1938 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Тәртіпті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 5 шілдедегі N 475 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 441 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3026. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 қазандағы № 53 қбпү бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 28.10.2013 № 53 қбпү бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 3-бабына сәйкестендіру мақсатында бұйырамын:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Тәртіпті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 5 шілдедегі N 475  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1938 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 43-44, 725 бет) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбындағы "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі "Тәртіпті" деген сөздер "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметінің қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулығын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Бұйрықтың 1-тармағында "Тәртібі" деген сөздер "Нұсқаулығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2 тармақтың 1 және 2 тармақшаларындағы "осы Тәртіпті", "Тәртібінің талаптарын" деген сөздер "осы Нұсқаулықты", "Нұсқаулығының талаптарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2 тармақ мынадай мазмұндағы 6-1 тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) полицияның кешенді күштерінің барлық нарядтарын, сондай-ақ жедел жәрдемді, таксиді, жеке күзет ұйымдарын бір мезгілде хабардар ету үшін кезекші бөлімдер циркулярлық радиобайланыспен қамтамасыз етілсін";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметінің қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тәртіпте:
      Атауындағы кіріспенің бірінші абзацындағы "Тәртіп" деген сөз "Нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылсын.
      Кіріспенің 2 және 3 абзацтарындағы "осы Тәртіпті" деген сөз "осы Нұсқаулықты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      1-тармақтағы "Тәртіптер" деген сөз "осы Нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылсын.
      "полицияның ерекше мақсаттағы бөлімшелерінен", "полицияның ерекше мақсаттағы бөлімшелері", "полицияның ерекше маңызды істер жөніндегі бөлімшелері", "ПЕМБ" деген сөз тіркестері "жылдам қимылдайтын арнайы жасақтарынан", "жылдам қимылдайтын арнайы жасақтары", "ЖҚАЖ" деген сөз тіркестерімен ауыстырылсын;

      6-тармақта (бұдан әрі - полиция "Күзет") сөздері алынып тасталсын;

      11-тармақта "полиция "Күзет" сөздері "ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет қызметі" сөздерімен ауыстырылсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Ішкі әскерлерінің әскери құрамалары, жедел мақсаттағы бөлімдері (бұдан әрі - ЖМБ) мен арнайы моторланған бөлімдері (бұдан әрі - АМБ) Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Ішкі әскерлер қолбасшысының, қалалар мен облыстардағы ІІББ-ІІБ бастықтарының келісімі бойынша қоғамдық орындар мен көшелерде патрульді-бекеттік қызметті атқаруға тартылады, қоғамдық-саяси, бұқаралық-спорттық, мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде және төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіпті сақтауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылады;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. ІІББ-ІІБ-нің бастықтары бекітілген тәртіппен өздерінің қарамағына патрульді-бекеттік қызметті атқаруға уақытша бөлінген тиісті аумақта орналасқан Ішкі әскерлер бөлімшелері мен бөлімдерінің командирлеріне қатысты жедел аға бастықтар болып табылады. Жедел жағдайға, жеке құраммен және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуіне қарай полицияның қалалық, аудандық органдарының бастықтары осы әскери бөлімдердің командирлерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып, ЖМБ мен АМБ-ны қоғамдық тәртіпті сақтауға және қылмысқа қарсы күресте дербес те, бірлесіп патрульдеу жолымен де пайдалануды ұйымдастырады";

      14-тармақтың бірінші абзацы "патруль" деген сөзден кейін ", жылжымалы полиция пункті" деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) жылжымалы полиция пункті (бұдан әрі - ЖПП) - бекітілген секторда патрульдік қызмет атқаратын автомобильдегі арнайы полиция наряды. ЖПП (жабдықталған автобустар) шалғай және криминогендік патрульдік учаскелерде, сондай-ақ жедел жағдай шиеленіскен жағдайда профилактикалық іс-шаралар жүргізуге арналған";
      14-тармақтың 3) тармақшасы "жер учаскесі." деген сөздерден кейін "Бекеттер модульді (көшпелі) болып та, тұрақты болып та жабдықталады" деген сөйлеммен толықтырылсын;

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. Учаскелік полиция инспекторы өз құзыреті шегінде оған бекітілген учаскедегі қоғамдық тәртіпті сақтау жағдайына жауап береді. Ол учаскедегі жедел жағдайдың өзгеруі туралы қалалық, аудандық, желілік органның бастығы мен кезекшісіне баяндауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын күштер мен құралдарды неғұрлым мақсатқа сай орналастыру және пайдалану туралы ұсыныстар енгізуге міндетті. Қызмет көрсетілетін аумақта полицияның кешенді күштері болмаған жағдайда, қоғамдық тәртіпті сақтауды ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерімен бірге жүзеге асырады";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "30. Қызмет өткеру кезінде патрульдік нарядтарды жедел басқару полицияның кешенді күштерінің қызметін үйлестіру жөніндегі инспекторларды пайдалана отырып, қалалық, аудандық, желілік органдардың кезекші бөлімдеріне және жедел басқару орталықтарына (бұдан әрі - ЖБО) жүктеледі";

      50, 68, 70, 79, 111 және 151-тармақтардағы "осы Тәртіптердің", "Тәртіптің" деген сөздер "осы Нұсқаулықтың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      "Патрульді-бекеттік қызмет атқару" деген 5 тарау мынадай мазмұндағы & 3-1 параграфпен толықтырылсын:
      "& 3-1. Атты патрульді қолдану ерекшеліктері
      127-1. Ішкі істер органдарының патрульдік қызмет бөлімшелерінде аттар табиғи жағдайлары бойынша автокөлік құралдарын қолдану қиынға соғатын немесе мүмкін емес учаскелерде, дәлірек айтқанда курорттық, саяжай аудандары мен көпшілік демалатын аймақтарда, күз және көктем уақытында жол болмағанда, сондай-ақ қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

      127-2. Қызметтік ат ішкі істер органы бастығының бұйрығымен кавалерист-полицей қызметкерлеріне бекітіліп беріледі.

      127-3. Қызметтік аттар ішкі істер органдарының ат қораларында ұсталады. Атты патрульді қызмет өткеру орнына жедел жеткізу мақсатында арнайы жабдықталған жүк тасымалдайтын (мал тасымалдайтын) автомобильдер пайдаланылады.

      127-4. Қолайсыз ауа-райында ұзақ аялдамалар жасау кезінде тез салқындап қалмас үшін мүмкіндігінше аттарды табиғи жаппалармен немесе оларды жамылғы көрпелермен жабу керек және ыстық күндері ыстықтап кетпес үшін ағаштың түбіне, көлеңкелерге қою керек.

      127-5. Жолда және белгіленген бағытқа келіп жеткен соң, патруль бақылау жүргізеді және қажет болған жағдайда қылмыс жасалуы мүмкін болатын жерлерде олардың жолын кесу және қоғамдық тәртіпті бұзуды тоқтату шараларын қолдану үшін аялдамалар жасайды; бағыттағы патрульдеу кемінде екі атты полиция қызметкерінің күшімен жүзеге асырылады.

      127-6. Қылмыстың жасалуына күдікті, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды ұстау кезінде патурльшілер аттарға тікелей жақын жерде тұрған азаматтардың жарақат алуына жол бермейтін сақтық шараларын қолданулары керек; ұстауды жүзеге асыру үшін атты патрульші атынан түсіп, шылбырын оның атына ие болып, әрі жағдайды бақылап тұратын қосшысына береді, содан соң ұсталған адамды автомобильдің келіп тоқтауына қолайлы ашық жерге жаяу алып шығады.

      127-7. Қоғамдық тәртіпті бұзушылар мен қылмыстың жасалуына күдікті адамдар патруль нарядтарына бағынбаған немесе қарсылық көрсеткен жағдайда наряд радио байланысы арқылы көмек шақырады және қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы құралдар мен табельдік қару қолданады.

      127-8. Жаппай тәртіпсіздіктер мен топтасқан бұзақылықтың жолын кесу үшін атты патрульдер көшелер мен тұйық көшелерді жабу, тобырды бұзып жару және ұйымдастырушылар мен тәртіпсіздікке белсене қатысушыларды ұстау жөніндегі міндеттерді атқаратын патрульдік нарядтарға қосылады және аға бастықтың нұсқауы бойынша ғана қолданылады.

      127-9. Атты патрульге қызмет өткеру уақытында:
      1) құқық бұзушылық жасаған адамдарды БР (білезік) бұйымдарымен немесе өзге де құралдар көмегімен аттың ер-тұрманына байлап қоюға;
      2) ұсталатын адамды алып шығу мақсатында көпшілік демалатын орындарда азаматтарды атпен басып өту тактикасын қолдануға;
      3) азаматтар көп жиналатын жерлерде ат үстінде тұрып табельді қару немесе ПР-73 бұйымын (резеңке таяқ) қолдануға;
      4) егер қызметтік қажеттілік талап етпейтін болса, белгіленген желе жортудан асыруға;
      5) егер мұны қызметтік қажеттілік талап етпейтін болса, аттың жүрісін белгіленген бағытын өз еркімен ауыстыруға және қызмет өткеру тәртібін өзгертуге;
      6) қызметтік мақсаттан тыс пайдалану үшін бекітілген атын басқа біреуге беруге;
      7) атқа тікелей жақын жерде ұсталған адамдарды назарынан тыс қалдыруға тыйым салынады";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметінің қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Тәртіпке 1-10 қосымшаларда "Тәртіпке" деген сөз "Нұсқаулыққа" деген сөзбен ауыстырылсын.

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметінің қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Тәртіпке 8-қосымшаның 2-тармақшасында:
      2-абзацтағы "Ережелер" деген сөз "Нұсқаулықтар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-абзац алынып тасталсын.

      2. Министрлік Комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің, дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалалары Ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы ішкі істер бас басқармалары - ішкі істер басқармаларының, көліктегі ішкі істер басқармаларының бастықтары қызметтер мен бөлімшелер жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін ұйымдастырсын және оның орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер бірінші вице-министрі полиция генерал-лейтенанты И.И. Оттоға және Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне (Ғ.А. Алпысбаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады