Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2461 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің мөлшері туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 236 қаулысына өзгеріс пен толықтыруларды енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 шілдедегі N 98 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3033. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 206 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасының 31.08.2016 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің арасындағы, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамы арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері немесе "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамы мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің мөлшері туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 236  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2461 тіркелген, 2003 жылғы 25 тамыз - 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      қаулының атауы мемлекеттік тілдегі мәтінде мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің және ақша аударымдарының мөлшері туралы";

      кіріспеде:
      "төлемдерді" деген сөз "және ақша аударымдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері арасындағы" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамы арасындағы" деген сөздермен толықтырылсын.

      1-тармақта:
      "төлемінің" деген сөзден кейін "және ақша аударымдарының" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күндік мерзімде осы қаулыны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қабылдасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады