Байланыс формасы

Нысанды киім кию, қамтамасыз ету нормалары ережесін және нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 26 тамыздағы N 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3109. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 364 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.08.13 № 364 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер базасын Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заң күші бар Жарлығының және Қазақстан Республикасының "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы"  Заңының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Нысанды киім кию, қамтамасыз ету нормалары ережесі және нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалу бақылауын Азаматтық авиация комитетінің ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау Басқармасының бастығы А.Б.Жолдыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға міндетін
      атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникациялар  
министрлігінің        
Азаматтық авиация комитетінің
төраға міндетін атқарушысының
2004 жылғы 26 тамыздағы  
N 157 бұйрығымен бекітілген

  Нысанды киім кию, қамтамасыз ету нормалары ережесін
және нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан 
Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесі

      1. Осы нысанды киім кию, қамтамасыз ету нормалары ережесін және нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер базасын Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заң күші бар Жарлығының және Қазақстан Республикасының "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы"  Заңының талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында әзірленген.
      Ереже нысанды киім кию тәртібін, қамтамасыз ету нормаларын және нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін белгілейді.

      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
      1) авиациялық персонал - авиациялық салада кәсіби дайындығы бар, ұшуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, әуе кемесінің қозғалысын басқаратын, әуе кемелеріне қызмет көрсететін, авиациялық жұмыстарды орындайтын, сондай-ақ тасымалды, ұшу қауіпсіздігін немесе авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жеке тұлғалар;
      2) жердегі авиациялық персонал - ұшу немесе қызмет көрсету экипажы мүшелерінің біліктілігі жоқ авиациялық персоналдың тұлғалары;
      3) кокарда - авиациялық персоналдың бас киімдеріне тағатын салалық немесе ведомстволық белгі;
      4) командалық-ұшу құрамы - ұшу құрамының куәлігі бар және ұшу лауазымын атқаратын авиациялық персоналдың лауазымды тұлғалары;
      5) ұшу-инструкторлық құрам - ұшу құрамының қолданыстағы куәлігі, мамандығы бойынша инструкторлық жұмысқа рұқсаты бар және инструктор лауазымын атқаратын авиациялық персонал;
      6) ұшу құрамы - белгіленген үлгідегі әуе кемесін немесе оның жабдықтарын басқаруға берілген ұшу құрамының қолданыстағы куәлігі және арнайы дайындығы мен тәжірибесі бар авиациялық персоналдың тұлғалары: ұшқыштар, штурмандар, бортинженерлер, бортмеханиктер, бортрадистер;
      7) азаматтық авиация ұйымы - азаматтық авиация саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      8) уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде азаматтық авиация саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалауды, үйлестіру және реттеуді және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын - мемлекеттік басқару органы;
      9) ұшу экипажының мүшелері - ұшу құрамының, әуе кемесін немесе оның жабдықтарын басқаруға берілген ұшу құрамының қолданыстағы куәлігі және арнайы дайындығы мен тәжірибесі бар авиациялық персоналдың тұлғалары: ұшқыштар, штурмандар, бортинженерлер, бортмеханиктер, бортрадистер;
      10) қызмет көрсетуші экипаждың мүшелері - қолданыстағы куәлігі және әуе кемесінің бортында қызмет көрсетуші құрамының тиісті дайындығы бар авиациялық персоналдың тұлғалары: азаматтық авиация жолаушылар ұшағының бортсеріктері, бортоператорлары мен жүк тасымалдау ұшағының бортоператорлары.

      3. Нысанды киім кию және айыру белгілерін тағу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының нысанды киім киюге құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесінде (2-қосымша) көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы уәкілетті органының командалық-ұшу құрамына және басқа да қызметкерлеріне беріледі.

      4. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының нысанды киім киюге құқығы бар ұшу құрамы мен уәкілетті орган мамандарының нысанды киімі және айыру белгілері осы Ережеге қатаң сәйкестікте киіледі.
      Нысанды киім киюге құқығы бар азаматтық авиация шаруашылығымен шұғылданатын ұйым (бұдан әрі - азаматтық авиация ұйымдары) қызметкерлерінің нысанды киімі мен айырым белгілері ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіліп, осы Ережеге сәйкес әзірленген нысанды киім киюдің ұйым ережесіне қатаң сәйкестікте киіледі.

      5. Нысанды киім заттары мен айыру белгілері бекітілген үлгілерге сәйкес болып, адам денесіне мұқият икемделуі мен ұқыпты күтіліп, мінсіз қалыпта киілуі тиіс.

      6. Ұшу экипажы мүшелерінің қызметін орындау барысында Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының командалық-ұшу мен инструкторлық-ұшу құрамына белгіленген үлгідегі біріздендірілген (қысқартылған) погондарды тағуға рұқсат етіледі.

      7. Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының командалық-ұшу мен инструкторлық-ұшу құрамына жазғы кезеңдегі ауаның ыстық жағдайында өз қызметін орындау саласында, сондай-ақ олардың ұшу экипажы мүшелерінің қызметін орындау барысында белгіленген үлгідегі жазғы жеңіл костюмді киіп жүрулеріне рұқсат етіледі.
      Азаматтық авиация қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасы осы Ереженің 4 қосымшасында көрсетілген.

      8. Мыналарға рұқсат етілмейді:
      1) нысанды киіммен айыру белгілерін киюге құқығы жоқ тұлғаларға оларды киюге;
      2) нысанды киіммен азаматтық киім бөліктерін араластыруға;
      3) нысанды киімдегі қызметкерлерге қолайсыз буып-түйілген және үлкен заттарды алып жүруге;
      4) нысанды киімнің сырт көрінісін бұзатын үлкен заттарды қалтасына салып жүруге.

      9. Нысанды киіммен, тек қана классикалық үлгідегі қара түсті, әшекейсіз аяқ киім киюге рұқсат етіледі. Ерлердің шұлығы қара түсті, әйелдерде қоңырқай түсті болуы тиісті.

      10. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының командалық-ұшу құрамы тұлғаларының, авиациялық-әкімшілік пен авиациялық персонал мамандарының сыртқы түр-әлпеттеріне қойылатын талаптарда ер азаматтар мен әйелдердің шаш қоюының консервативті үлгісі көзделеді. Әйел адамдарға шаш қоюдың жинақы және қысқа түрлері ұсынылады. Жарық түсті банттар мен шаш қыстырғыштар тағуға рұқсат етілмейді.

      11. Нысанды киіммен классикалық әзірленімдегі сағат, неке жүзігі мен әйелдерге шағын сырғалар тағуға рұқсат етіледі. Білезіктер мен жүзіктерді, өзге әшекейлерді тағуға рұқсат етілмейді.

      12. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының қызметкерлері қызметтік міндеттемелерін орындау барысында сол жақ кеудесінде аты-жөні көрсетіліп біріздендірілген (таныттыру) карточкасын тағып жүрулері тиіс.

      13. Авиациялық өкімет елтаңбасы - Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының негізгі эмблемасын (5-қосымша) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының уәкілетті органның (Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасы) командалық-ұшу құрамының тұлғалары мен мамандары ғана, бас киімдегі кокардасы және жең шеврондары мен алмалы-салмалы погондарында тағып жүруге құқығы бар.

      14. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының нысанды киім киюге құқығы бар қызметкелері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесіне сай (2-қосымша) бекітілген үлгілерге сәйкес (6-қосымша), Қазақстан Республикасының азаматтық авиация авиакомпанияларының командалық ұшу, ұшу мен қызмет көрсету персоналдарының тұлғаларына таңбасыз алмалы-салмалы айыру белгілерін - біріздендірілген (қысқартылған) погондарды тағып жүру жүктеледі.
      Нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлерінің лауазымдық санаттары бойынша берілген жеңдік және алмалы-салмалы иініштік айырым белгілерінің (шеврондар мен погондар) табелі осы Ереженің 3 қосымшасында көрсетілген.

      15. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының командалық ұшу, ұшу мен қызмет көрсету персоналдарының тұлғалары бас киімдегі кокардалары мен омырау белгілерінде осы ұйымның (авиакомпанияның) бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген және уәкілетті органмен келісіліп, осы Ережеге сәйкес әзірленген азаматтық авиация ұйымының нысанды киім кию ережесінде белгіленіп бекітілген ұйым таңбасымен авиациялық негізгі эмблеманың сыртқы өрнегінен құралатын жиынтығын тағуға тиісті (6 қосымша).

      16. Азаматтық авиация құрылымына жататын, бірақ "Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының нысанды киім киюге құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесінде" (2-қосымша) көрсетілмеген ұйымдардың, оқу орындарының авиациялық персонал тұлғалары осы ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіліп уәкілетті органмен келісіліп, осы ережелермен сәйкестікке келтірілген азаматтық авиация ұйымының ережелеріне сәйкес, қызметтік міндеттемелерін орындау барысында айыру белгісі жоқ нысанды киім киюіне рұқсат беріледі.

      17. Азаматтық авиация ұйымдарындағы нысанды киім кию ережесінің осы Ережеге сәйкестікке келтірілуін, олардың қарамағындағы қызметкерлердің нысанды киімдерінің жағдайын, азаматтық авиация ұйымының нысанды киім киюге құқығы бар қызметкерлерінің киім кию ережесін орындауын бақылау осы ұйымдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

      18. Азаматтық авиация ұйымдарындағы нысанды киім кию ережесін осы Ережеге сәйкестікке келтірілуіне, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының нысанды киім киюге құқығы бар қызметкерлерінің киім кию ережесін орындауын қадағалау Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғаларына жүктеледі.

      19. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының нысанды киім киюге құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесінде көрсетілген, нысанды киім киюге құқығы бар уәкілетті органның командалық-ұшу құрамымен мамандарына, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының нысанды киім киюге құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киіммен қамтамасыз ету нормасымен бұйымдарды пайдалану мерзіміне сәйкес беріледі (1-қосымша).

      20. Нысанды киім Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарының нысанды киім киюге құқығы бар қызметкерлеріне осы ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген нормамен, киім мен бұйымдар тізбесіне сәйкес беріледі.

      21. Азаматтық авиация уәкілетті органының нысанды киім киюге құқығы бар командалық-ұшу құрамымен мамандарын нысанды киіммен қамтамасыз ету тәртібі және шарттары уәкілетті органның бірінші басшысының ішкі бұйрығымен бекітіледі.

      22. Қазақстан Республикасы азаматтық авиация ұйымдарының нысанды киім киюге құқығы бар қызметкерлеріне нысанды киіммен қамтамасыз ету тәртібі мен шарттары осы ұйымдардың бірінші басшыларының бұйрығымен бекітіледі.

      23. Нысанды киімдер мен бұйымдардың қолдану мерзімі жіберілген күнінен бастап есептеледі.

      24. Азаматтық авиация ұйымдарының нысанды киім киюге құқығы бар қызметкерлеріне нысанды киімдер мен бұйымдардың дұрыс жіберілуін бақылау осы ұйымдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

      25. Осы Ереженің орындалуын бақылау Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығына жүктеледі.

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникациялар    
министрлігінің Азаматтық     
авиация комитетінің       
төраға міндетін атқарушысының  
2004 жылғы 26 тамыздағы     
N 157 бұйрығымен бекітілген,  
нысанды киім кию, қамтамасыз  
ету нормалары ережесіне және  
нысанды киім киюге құқығы бар 
Қазақстан Республикасының   
азаматтық авиация қызметкерлері
лауазымдарының (кәсіптерінің) 
тізбесіне           
1-қосымша           

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының
нысанды киім киюге құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киім мен қамтамасыз ету нормалары және бұйымдарды пайдалану мерзімдері

___________________________________________________________________
   Нысанды киім бұйымдарының               |  Бір адамға |   Кию
          атаулары                         |  арналған   | мерзімі
                                           |жиынтықтардың|
                                           |    немесе   |
                                           | бұйымдардың |
                                           |    саны     |
___________________________________________|_____________|_________
Ұшу құрамы үшін
___________________________________________________________________
Кокардалы фуражка                              1 дана     2 жыл
Кокардалы қысқы құлақшын                       1 дана     3 жыл
Погонсыз бірқаусырмалы кашемир пальто          1 дана     3 жыл
Алмалы-салмалы синтепонды және (немесе)
тері астарлы алмалы-салмалы кашемирлі және
(немесе) тері жағасы бар бірқаусырмалы
маусымдық плащ-пальто                       1 жиынтық     3 жыл
Плащ-пальтоның алмалы-салмалы және суық
күндерге арналған жылы күләпарасы              2 дана     3 жыл
Екі жапсырма қалталы, жеңді және
жеңсіз қысқа белдікшелі погондары бар
тоқылған жемпір                                2 дана     2 жыл
Жазғы жеңіл костюм (күртеше, екі шалбар,
қысқа жеңді және жапсырма қалталары
бар екі жейде)                              1 жиынтық     2 жыл
Алмалы-салмалы жылы астары бар
желпілдек-күртеше                              1 дана     3 жыл
Жартылай жүнді (микрогабардинді) матадан
тігілген екі түймелі қосқаусырмалы
костюм (пиджак және екі шалбар).            1 жиынтық     2 жыл
Ұзын жеңді және екі жапсырма қалталары
бар жейде                                      2 дана     2 жыл
Қысқа жеңді және екі жапсырма
қалталары бар жейде                            2 дана     2 жыл
Галстук-регат                                  1 дана     2 жыл
Кашемир шарф                                   1 дана     2 жыл
Алмалы-салмалы иыққа тағатын айыру
белгілері (погондар)                           4 дана     2 жыл
Мамандықты білдіретін омыраулық белгілері      2 дана     2 жыл
Дөңгелекті чемодан-сөмке                       1 дана     2 жыл
___________________________________________________________________
Бортсеріктер мен бортоператорларға
        (ер адамдарға)
___________________________________________________________________
Кокардалы фуражка                              1 дана     2 жыл
Кокардалы қысқы құлақшын                       1 дана     3 жыл
Алмалы-салмалы синтепонды және (немесе)
тері астарлы, алмалы-салмалы кашемирлі
жағасы бар бірқаусырмалы маусымдық
плащ-пальто                                 1 жиынтық     3 жыл
Жартылай жүнді (микрогабардинді) матадан
тігілген үш түймелі бірқаусырмалы костюм
(пиджак және екі шалбар)                    1 жиынтық     2 жыл
Ұзын жеңді және жапсырма қалталары
бар жейде                                      2 дана     2 жыл
Қысқа жеңді және жапсырма қалталары
бар жейде                                      2 дана     2 жыл
Галстук-регат                                  1 дана     2 жыл
Шарф                                           1 дана     2 жыл
Иыққа тағатын белгілер (аға БП,
инструктордың погондары)                       4 дана     2 жыл
Омырауға тағатын белгілер                      1 дана     2 жыл
Дөңгелегі бар чемодан-сөмке                    1 дана     2 жыл
Алжапқыш (бортсеріктерге)                      1 дана     2 жыл
___________________________________________________________________
Бортсеріктер үшін (әйелдерге)
___________________________________________________________________
Алмалы-салмалы күләпарасы, жүнді астары
бар маусымдық бірқаусырмалы пальто             1 дана     3 жыл
Кокардалы қысқы қалпақ (капюшон-шарфымен)      1 дана     3 жыл
Алмалы-салмалы капюшоны бар плащ               1 дана     3 жыл
Жартылай жүнді матадан тігілген үш
түймелі бірқаусырмалы костюм (жакет,
шалбар, жилет, белдемше)                    1 жиынтық     2 жыл
Қысқа жеңді әйел жейдесі                       4 дана     2 жыл
Жейдеге тағатын галстук-бант                   2 дана     2 жыл
Шарф                                           1 дана     2 жыл
Иыққа тағатын белгілер (аға БП,
инструктордың погондары)                       4 дана     2 жыл
Омырауға тағатын белгілер                      1 дана     2 жыл
Дөңгелегі бар чемодан-сөмке                    1 дана     2 жыл
Алжапқыш (бортсеріктерге)                      1 дана     2 жыл
___________________________________________________________________
Жердегі персоналға (әйелдерге)
___________________________________________________________________
Алмалы-салмалы капюшоны, жүнді астары
бар маусымдық бірқаусырмалы пальто             1 дана     3 жыл
Қысқы қалпақ (капюшон-шарфымен)                1 дана     3 жыл
Алмалы-салмалы капюшоны бар
бірқаусырмалы плащ                             1 дана     3 жыл
Жартылай жүнді матадан тігілген үш
түймелі бірқаусырмалы костюм (жакет,
шалбар, жилет, белдемше)                    1 жиынтық     2 жыл
Қысқа жеңді әйел жейдесі                       4 дана     2 жыл
Иыққа тағатын белгілер (қажетіне қарай)        4 дана     2 жыл
Шарф                                           1 дана     2 жыл
Жейдеге тағатын галстук-бант                   2 дана     2 жыл
Алжапқыш                                       1 дана     2 жыл
___________________________________________________________________
Жердегі персоналға (ер адамдарға)
___________________________________________________________________
Кокардалы фуражка                              1 дана     2 жыл
Кокардалы қысқы құлақшын                       1 дана     3 жыл
Синтепонды немесе жүн астары,
алмалы-салмалы кашемирлі жағасы бар
бірқаусырмалы маусымдық плащ-пальто         1 жиынтық     3 жыл
Жартылай жүнді матадан тігілген үш
түймелі бірқаусырмалы костюм (пиджак
және екі шалбар)                            1 жиынтық     2 жыл
Ұзын жеңді және жапсырма қалталары
бар жейде                                      2 дана     2 жыл
Қысқа жеңді және жапсырма қалталары
бар жейде                                      2 дана     2 жыл
Иыққа тағатын белгілер (қажетіне қарай)        4 дана     2 жыл
Галстук-регат                                  1 дана     2 жыл
Шарф                                           1 дана     2 жыл
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникациялар    
министрлігінің Азаматтық     
авиация комитетінің       
төраға міндетін атқарушысының  
2004 жылғы 26 тамыздағы     
N 157 бұйрығымен бекітілген,  
нысанды киім кию, қамтамасыз  
ету нормалары ережесіне және  
нысанды киім киюге құқығы бар 
Қазақстан Республикасының   
азаматтық авиация қызметкерлері
лауазымдарының (кәсіптерінің) 
тізбесіне           
2-қосымша          

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2008.06.24.  N 302 Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының
нысанды киім киюге құқығы бар қызметкерлері
лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесі

      1. Мемлекеттік авиациялық қадағалау басқармасының бастығы. 
      2. Мемлекеттік авиациялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы.
      3. Мемлекеттік авиациялық қадағалау басқармасының сарапшысы.
      4. Ұшуға рұқсаты бар авиакомпанияның бірінші басшысы.
      5. Ұшуға рұқсаты бар авиакомпанияның бірінші басшыларының орынбасарлары.
      6. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі авиакомпания инспекциясының бастығы.
      7. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі авиакомпания инспекциясының инспекторлық құрамы.
      8. Ұшу қызметінің директоры.
      9. Ұшу қызметі директорының орынбасары.
      10. Ұшу отрядының (эскадрильяның) командирі.
      11. Ұшу отряды (эскадрильясы) командирінің орынбасары.
      12. Аға штурман.
      13. Аға бортинженер.
      14. Инструктор-пилот.
      15. Әуе кемесінің командирі
      16. Инструктор-штурман
      17. Инструктор-бортинженер.
      18. Инструктор-бортмеханик.
      19. Екінші пилот.
      20. Штурман
      21. Бортинженер
      22. Бортмеханик
      23. Бортрадист
      24. Бортоператор
      25. Инспектор-бортсерік
      26. Инструктор-бортсерік
      27. Бортсерік
      28. Тасымалдарды қамтамасыз ету қызметінің бастығы.
      29. Тасымалдарды қамтамасыз ету қызметінің ауысым бастығы.
      30. Супервайзер.
      31. Аэровокзалда жолаушыларға қызмет көрсету бөлімінің агенті.
      32. Тасымалдарды ұйымдастыру қызметінің диспетчері.
      33. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы.
      34. Сүйемелдеудің инженерлік-техникалық құрамы.

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникациялар    
министрлігінің Азаматтық     
авиация комитетінің       
төраға міндетін атқарушысының  
2004 жылғы 26 тамыздағы     
N 157 бұйрығымен бекітілген, 
нысанды киім кию, қамтамасыз  
ету нормалары ережесіне және  
нысанды киім киюге құқығы бар 
Қазақстан Республикасының   
азаматтық авиация қызметкерлері
лауазымдарының (кәсіптерінің) 
тізбесіне           
3-қосымша           

Нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы қызметкерлерінің лауазымдық санаттары бойынша берілген жеңдік және алмалы-салмалы иініштік айырым белгілерінің (шеврондар мен погондар) табелі

___________________________________________________________________
       Лауазымы         |Санаттары | Айырым белгілері (оқалар)
________________________|__________|_______________________________
   1. Ұшу қауіпсіздігін      4      Азаматтық авиацияның негізгі
мемлекеттік қадағалау               эмблемасы және лавр жапырақтары
басқармасының бастығы.              бар төрт жеңдік және төрт
                                    иініштік айырым белгілері
   2. Ұшу қауіпсіздігін             Азаматтық авиацияның негізгі
мемлекеттік қадағалау               эмблемасы бар төрт жеңдік және
басқармасы бөлімінің                төрт иініштік айырым белгілері
бастығы.
   3. Ұшу қауіпсіздігін             Азаматтық авиацияның негізгі
мемлекеттік қадағалау               эмблемасы бар төрт жеңдік және
басқармасының бас маманы.           төрт иініштік айырым белгілері
   4. Ұшу қауіпсіздігін             Азаматтық авиацияның негізгі
мемлекеттік қадағалау               эмблемасы бар төрт жеңдік және
басқармасының жетекші               төрт иініштік айырым белгілері
маманы.
   5. Ұшуға рұқсаты бар             Төрт жеңдік және төрт иініштік
авиакомпанияның бірінші             айырым белгілері
басшысы.
   6. Ұшуға рұқсаты бар             Төрт жеңдік және төрт иініштік
авиакомпанияның бірінші             айырым белгілері
басшының орынбасары
   7. Ұшу қауіпсіздігі              Төрт жеңдік және төрт иініштік
жөніндегі авиакомпания              айырым белгілері
инспекциясының бастығы
   8. Ұшу қауіпсіздігі              Төрт жеңдік және төрт иініштік
жөніндегі авиакомпания              айырым белгілері
инспекциясының нұсқау.
шылық құрамы.
   9. Ұшу қызметінің                Төрт жеңдік және төрт иініштік
директоры.                          айырым белгілері
   10. Ұшуға рұқсаты бар            Төрт жеңдік және төрт иініштік
ұшу қызметі директорының            айырым белгілері
орынбасары.
   11. Ұшу отрядының                Төрт жеңдік және төрт иініштік
(эскадрилияның) командирі           айырым белгілері
   12. Ұшу отряды                   Төрт жеңдік және төрт иініштік
(эскадрилия) командирінің           айырым белгілері
орынбасары
   13. Аға штурман                  Төрт жеңдік және төрт иініштік
                                    айырым белгілері
   14. Аға бортинженер              Төрт жеңдік және төрт иініштік
                                    айырым белгілері
   15. Инструктор-пилот             Төрт жеңдік және төрт иініштік
                                    айырым белгілері
   16. Әуе кемесінің                Төрт жеңдік және төрт иініштік
       командирі                    айырым белгілері
   17. Инструктор-штурман       3   Үш жеңдік және үш иініштік
   18. Инструктор-бортинженер.      айырым белгілері
   19. Инструктор-бортмеханик
   20. Екінші пилот.
   21. Штурман
   22. Бортинженер
   23. Бортмеханик
   24. Бортрадист
   25. Бортоператор             2    Екі жеңдік және екі иініштік
   26. Инспектор-бортсерік           айырым белгілері
      (нұсқаушы)                    
   27. Аға бортсерік           1    Бір жеңдік және бір иініштік
                                    айырым белгілері
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникациялар    
министрлігінің Азаматтық     
авиация комитетінің       
төраға міндетін атқарушысының  
2004 жылғы 26 тамыздағы     
N 157 бұйрығымен бекітілген,  
нысанды киім кию, қамтамасыз  
ету нормалары ережесіне және  
нысанды киім киюге құқығы бар 
Қазақстан Республикасының   
азаматтық авиация қызметкерлері
лауазымдарының (кәсіптерінің) 
тізбесіне           
4-қосымша           

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация
қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасы

      1. Қатты (жұмсақ) негіздегі фуражка, маңдайшасының жоғарғы бөлігінің (тулья) биіктігі 7 сантиметрден, төменгі бөлігінің (околыш) биіктігі 4 сантиметрден аспайтын, көкшіл қара түсті матадан тігіледі. Күнқағары пластинка тәріздес қара түсті жиекпен жиектелген. Күнқағарының үсті бір реңді матамен қапталған. Күнқағары үстіне белгіленген үлгідегі, ені 13,5 мм алтын түсті нейлон бау-таспа түймеленеді. Командалық-ұшу құрамы фуражкасының күнқағарында алтын түсті жіппен бедерлі тігілген лавр жапырақтары. Фуражканың алдыңғы жағының ортасына, бау-таспаның үстінен, материал тәріздес негізде алтын түсті жіппен бедерлі тігілген азаматтық авиацияға тән белгі - белгіленген үлгідегі кокарда бекітіледі. Қызмет көрсетуші экипаж мүшелерінің фуражкасы (борт-операторлар мен бортсеріктердің) жеке кокардамен қара түсті белгіленген үлгідегі бау-таспамен жинақталады (6 қосымша).
      2. Ер адамдардың қысқы құлақшыны - фуражкалық күнқағарымен, үсті көкшіл қара түсті кашемир (драп) немесе жадағай матадан жасалған жұмсақ негіздегі біріздендірілген құлақшын. Құлақшынның алдыңғы жағы қосымша маңдайлықпен тысталған. Құлақшынның негізі қара түсті тері болып табылады, командалық-ұшу құрамы үшін қаракөлден немесе колоноктан, қызмет көрсетуші персоналдар үшін жіңішке жақсартылған цигейкадан.
      Командалық-ұшу мен ұшу құрамы құлақшынының күнқағары үстінен белгіленген үлгідегі алтын түсті нейлон бау-таспа (лента-тесьма) түймеленеді. Командалық-ұшу құрамы құлақшынының күнқағарында алтын түсті жіппен бедерлі тігілген лавр жапырақтары. Фуражканың алдыңғы жағының ортасына, бау-таспаның үстінен, материал тәріздес негізде алтын түсті жіппен бедерлі тігілген азаматтық авиацияға тән белгі - белгіленген үлгідегі кокарда бекітіледі.
      Қызмет көрсетуші экипаж мүшелерінің құлақшыны (борт-операторлар мен бортсеріктердің) жеке кокарда және белгіленген үлгідегі қара түсті бау-таспамен жинақталады.
      3. Ер адамның кашемирден тігілген көкшіл қара түсті, бір қаусырмалы, погонсыз пальтосы. Жабық түймелі. Арқасы ортаңғы тігісімен және айырығымен. Қиылған жан қалталары, қайырма жағасы және белдігі бар пальто. Қатты негіздегі фуражкамен киюге қысқа белдікшелі тік жеңмен, немесе жұмсақ негіздегі фуражкамен киюге қысқа белдікшелі реглан-жең тігіледі.
      4. Сырып тігілген синтепон және жақсартылған теріден алмалы-салмалы маусымдық тыстары бар қара түсті плащтық матадан тік тігілген бір қаусырмалы ер адамның, маусымдық плащ-пальтосы. Жабық түймелі. Қиылған жан қалталары, алынып-салынатын жағасы мен белдікті, қысқа белдікше-погондары бар плащ-пальто. Жеңі тік тігісті төменгі жағында қысқа белдікшесімен. Кашемир мен теріден жасалған маусымдық жағалармен жинақталады. Күзгі жағаның негізі қара түсті кашемир болып табылады. Қысқы жағаның негізі қара түсті теріден, командалық-ұшу мен ұшу құрамдары үшін қаракөлден немесе колоноктан, қызмет көрсетуші персоналдар үшін жіңішке жақсартылған цигейкадан.
      Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясының ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасы бастығының плащ-пальтосының жағаларына бекітілген үлгідегі алтын түсті жіппен лавр жапырақтары бедерлі тігіледі (6-қосымша).
      5. Қарсы ілгегі бар алмалы-салмалы синтепонмен тысталған, аралас немесе плащтық қара түсті матадан тігілген, тік тігісті, бір қаусырмалы, ер адамның астарлы желдірме-күртешесі. Жасырын қарсы ілгегімен екі омыраулық қиылған қалтасы бар. Екі қиылған тік жан қалталары мен астыңғы жағынан түймеленетін қапталында қысқа белдікшелері бар. Жағасы қайырмалы. Жеңі тік, төменгі жағы қысқа-белдікшелі. Қара түсті алмалы-салмалы кашемир жағамен жинақталады.
      6. Астарлы (пиджак пен шалбар) көкшіл қара түсті жартылай жүнді (микрогабардинді) матадан тігілген қос қаусырмалы ер адамның екі қатарлы төрт түймелі костюмі. Пиджак, кеуде тұсының сол жағында омыраулық қиылған жапырақша қалтасымен және қақпақтары бар қиылған жан қалталарымен, арқаның төменгі жағындағы екі айырығымен. Жеңдері тік, төменгі жағында айырығымен. Шалбары тік, классикалық пішімді, бүгілмеген немесе бір бүкпелі, қондырылған белбеуі мен қарсы ілгекті.
      Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасы бастығының пиджагы жағасына белгіленген үлгідегі лавр жапырақтары алтын түсті жіппен бедерлі тігіледі (6-қосымша).
      7. Астарлы (пиджак пен шалбар), үш түймелі, жартылай жүнді матадан тігілген көкшіл қара түсті ер адамның бір қаусырмалы костюмы. Пиджак бір қатар түймелі, қақпақтарымен қиылған жан қалталары және сол жақ кеудесінде қиылған жапырақ-қалтасы бар. Жеңі тік, айырықсыз тігілген. Шалбары тік, классикалық пішімді, қондырылған белбеуі мен қарсы ілгегі бар.
      8. Қысқа және ұзын жеңді ер адамның жейдесі, кеудесінде екі омыраулық түймемен түймеленетін, жапсырмалы қалталары бар. Ақ түсті, көйлек матасынан тігілген, жағасы қайырмалы, екі иініштік қысқа белдікшелі-погондары және ортасында бір қатар қаусырма түймелері бар.
      9. Командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық, ұшқыштар құрамы мен көліктік (жүк тасымалдық) әуе кемелерінің борт-операторларына арналған жазғы жеңіл костюм, бозғылт-жасыл түсті көйлегі, шалбары мен күртешеден құралады:
      1) бір қаусырмалы, тік пішімді, бозғылт-жасыл түсті аралас матадан тігілген, қарсы ілгегі бар күртеше. Жасырын қарсы ілгегі бар екі омыраулық қиылған қалта, қапталында екі тік қиылған жан қалталары бар. Қапталындағы қысқа белдікшелерінің астыңғы жағы түймеленген. Жағасы қайырмалы. Жеңі тік тігісті, төменгі жағында қысқа белдікшесімен;
      2) шалбары аралас бозғылт-жасыл түсті матадан тік тігілген, классикалық пішімді, қондырылған белбеуі және қарсы ілгегі бар;
      3) белгіленген үлгідегі қысқа жеңді, кеудесінде екі жапсырмалы қалтасы бар, түймелі жейде. Бозғылт-жасыл түсті көйлек матасынан тігілген, жағасы қайырмалы, екі иініштік қысқа белдікшелі-погондары және ортасында қаусырма түймелері бар, омыраулық кәсіптік белгімен жинақталады.
      10. Көкшіл қара түсті плащтық матадан тігілген әйел адамның бір қаусырмалы плащы. Тік тігісті, қайырмалы жағалы, белдігі мен алынып-салынатын тысталған астарлы, қиылған жан қалталары бар.
      11. Көкшіл қара түсті жартылай жүнді матадан тігілген әйел адамның костюмі. Жакет, белдемше, көкірекше және шалбардан құралады. Жакет бір қаусырмалы, жартылай қынама силуэтті, үш түймелі, қиылған қалталары бар. Белдемшесі тік тігісті, көмкеріп тігілген белдігі және қапталында қарсы ілгегі бар. Жилет мойынының қиындысы үшбұрышты, төрт түймелі, астыңғы өңірі бейнелі болып келген. Шалбары тік, астыңғы жағы тарлау тігілген, тік тігісті, жанап тігілген белдігі және қарсы ілгегі бар.
      Азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген және уәкілетті органмен келісіп таңдалған дизайнға қарай, әйел костюмінің түсі ауысып құрамдастырылуы мүмкін.
      12. Ақ түсті жібек, көйлек матасынан тігілген, қысқа немесе ұзын жеңді, жапсырма қалталы, жағасы қайырмалы, ортасында қаусырма түймелері бар әйел адамның жейдесі.
      13. Азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген, уәкілетті органмен келісіліп таңдалған дизайнда әйел адамдардың бас киімдері және нысанды киімдердің басқа бөліктері азаматтық авиация ұйымдарында осы Ережеге сәйкес әзірленеді.
      14. Иініштік (иық) айырым белгілері - белгіленген үлгідегі көкшіл қара түсті шұғадан жасалған, алмалы-салмалы погондар. Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының командалық-ұшу құрамы мен мамандарына ішіндегі икемді қондырғысымен, ұзындығы 112 мм, ені 45 мм.
      Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персоналдарына белгіленген үлгідегі - ең үлкен ұзындығы 48 мм мен ені 45 мм таңбасыз (қысқартылған) погондар (6-қосымша).
      15. Белгіленген үлгідегі айырым белгілеріне арналған оқалардың (бау-таспалардың) ені 8-10 мм. Алмалы-салмалы погондарда ара қашықтығы 1,5 мм жолағымен, жеңдік шеврондарында ара қашықтығы 2-3 мм жолағымен орналасады. Азаматтық авиацияның қызмет көрсетуші экипаж мүшелері мен ұшу мен командалық-ұшу құрамына арналған оқалар (галуны) алтын түсті болып келеді. Уәкілетті органның ұшу немесе қызмет көрсетуші экипаж мүшелері мамандығының біліктілігі жоқ авиациялық мамандарына және азаматтық авиация ұйымдарының жердегі авиациялық персоналдарына арналған оқалар күміс түсті.
      16. Белгіленген үлгідегі бас киімдер үшін бау-таспалардың (оқалардың) ені 13,5 мм. Азаматтық авиацияның командалық-ұшу, ұшқыштар құрамы үшін алтын түсті. Қызмет көрсетуші экипаждар мүшелері үшін қара түсті.
      Ұшу немесе қызмет көрсетуші экипаж мүшелері мамандығының біліктілігі жоқ уәкілетті органның авиациялық мамандарына және азаматтық авиация ұйымдарының жердегі авиациялық персоналдарына арналған бау-таспалар (оқалар) күміс түсті.
      17. Костюмдерге арналған белгіленген үлгідегі алтын түсті үлкен түймелердің диаметрі 21 мм, кішкентай түймелердің диаметрі 13,5-14 мм. Уәкілетті органның командалық-ұшу, ұшу құрамымен авиациялық мамандары үшін Қазақстан Республикасының гербілі елтаңбасымен. Азаматтық авиация ұйымының командалық-ұшу, ұшу құрамымен қызмет көрсетуші экипаж мүшелерінің түймелері ұйым логотипімен немесе логотипсіз болып келеді.
      18. Азаматтық авиация ұйымдары мен уәкілетті органның авиациялық персоналдары үшін белгіленген үлгідегі бөкебайлар мен мойынорамалдар (шарф, кашне) түсі ашық болмауға тиісті.
      Азаматтық авиация ұйымдарының уәкілетті органмен келісіліп, таңдалған дизайнына сәйкес түспен ғана ерекшеленуі мүмкін.
      19. Ұшу экипажының мүшелеріне арналған мамандықты білдіретін, белгіленген үлгідегі омыраулық белгілер, көкшіл қара түсті материалға алтын және көкшіл түсті жіппен маталық негізде бедерлі тігіледі (6 қосымша).
      20. Қызмет көрсетуші экипаж мүшелеріне арналған мамандықты білдіретін белгіленген үлгідегі омыраулық белгілердің негізі көкшіл қара түсті материалға алтын және көкшіл түсті жіппен бедерлі тігіледі. Омыраулық белгінің өзегі - азаматтық авиацияның мемлекеттік стилін құрастырушылармен келісіліп бірлестіре жасалған азаматтық авиация ұйымының товарлық белгісі (6-қосымша).
      21. Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық құрамы мен мамандарының бас киімдеріне тағатын белгіленген үлгідегі кокарда, маталық негізде, бедерлі тігілген авиациялық өкімет елтаңбасы - Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының негізгі эмблемасы (бұдан әрі - азаматтық авиацияның негізгі эмблемасы). Командалық-ұшу мен ұшу-инструкторлық құрамдарына алтын түсті жіппен тігіледі. Ұшу немесе қызмет көрсетуші экипаж мүшелерінің біліктілігі жоқ мамандарына күміс түсті жіппен тігіледі.
      22. Азаматтық авиация ұйымының ұшу экипажы мүшелерінің (командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық, ұшу құрамының) бас киімдеріне тағатын, белгіленген үлгідегі, кокардасы азаматтық авиацияның негізгі эмблемасымен осы ұйымның товарлық белгісі - эмблемамен құрамдастырымы. Кокарданың негізі - азаматтық авиацияның негізгі эмблемасының дөңгеленген сыртқы ою-өрнектері, алтын түсті жіппен бедерлі тігіледі. Кокарданың өзегі - азаматтық авиацияның мемлекеттік стилін құрастырушыларымен келісіліп бірлестіре жасалған азаматтық авиация ұйымының товарлық белгісі (6-қосымша).
      23. Қызмет көрсетуші экипаж мүшелеріне арналып бас киімге тағатын кокарданың негізі белгіленген үлгідегі көкшіл қара түсті материалға алтын және көкшіл түсті жіппен бедерлі тігіледі. Кокарданың өзегі - азаматтық авиацияның мемлекеттік стилін құрастырушыларымен келісіліп бірлестіре жасалған азаматтық авиация ұйымының товарлық белгісі (6-қосымша).
      24. Көкшіл қара түсті галстукті материалдан тігілген белгіленген үлгідегі классикалық дизайнды галстук-регат, қажетіне қарай резеңке бекітпеде жасалуы мүмкін. Азаматтық авиация ұйымдарының бірінші басшысының бұйрығымен бекітіліп уәкілетті органмен келісілген азаматтық авиация ұйымының ережесіндегі таңдап алған дизайнына қарай галстуктің түсі өзгеріп отыруы мүмкін.

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникациялар    
министрлігінің Азаматтық     
авиация комитетінің       
төраға міндетін атқарушысының  
2004 жылғы 26 тамыздағы     
N 157 бұйрығымен бекітілген,  
нысанды киім кию, қамтамасыз  
ету нормалары ережесіне және  
нысанды киім киюге құқығы бар 
Қазақстан Республикасының   
азаматтық авиация қызметкерлері
лауазымдарының (кәсіптерінің) 
тізбесіне           
5-қосымша           

Авиациялық өкіметтің халықаралық елтаңбасы -
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының базалық
эмблемасы

       Базалық   эмблеманың кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

      Авиация өкіметінің елтаңба - эмблемасы жаңғырылған халықаралық ұйымдардың гүлден өрілген шеңбермен көмкерілген, негізінде стильденіп жайылған қанаттарға ауысатын түзу шеңберден құралады.
      Шеңбер ішінде, дәл ортасында, стильденген сәулелерімен орналасқан күн. Күннің төменгі жағына күн сәулелеріне таяу қыранның қанаттары жанасады.

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникациялар    
министрлігінің Азаматтық     
авиация комитетінің       
төраға міндетін атқарушысының  
2004 жылғы 26 тамыздағы     
N 157 бұйрығымен бекітілген,  
нысанды киім кию, қамтамасыз  
ету нормалары ережесіне және  
нысанды киім киюге құқығы бар 
Қазақстан Республикасының   
азаматтық авиация қызметкерлері
лауазымдарының (кәсіптерінің) 
тізбесіне           
6-қосымша           

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация
қызметкерлерінің нысанды киімінің суреттері

      Нысанды киімдердің суреттерін қағаз мәтіннен қараңыз

      ҚР АА командалық-ұшу құрамының киім нысаны - алмалы-салмалы жылы астарлы плащ-пальто, Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау  басқармасы бастығының фуражкасымен

      ҚР АА командалық-ұшу құрамының маусымдық  киім нысаны алмалы-салмалы жылы астары мен  жағасы бар плащ-пальто, Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау  басқармасы бастығының фуражкасымен

      ҚР АА командалық-ұшу құрамының қысқы  киім нысаны алмалы-салмалы жылы астары және жағасы бар плащ-пальто, Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасы бастығының құлақшынымен

      ҚР АА командалық-ұшу құрамының киім нысаны - алмалы-салмалы жылы астары мен жағасы бар плащ-пальто, әуе-кемесі командирінің фуражкасымен

      ҚР АА командалық-ұшу құрамының киім нысаны алмалы-салмалы жылы астары және терілі жағасы бар плащ-пальто, әуе-кемесі командирінің фуражкасымен

      ҚР АА командалық-ұшу құрамының қысқы киім нысаны алмалы-салмалы жылы астары және терілі жағасы бар плащ-пальто, әуе кемесі командирінің құлақшынымен

      ҚР АА Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау  басқармасы бастығының  киім нысаны - костюм

      ҚР АА авиакомпанияларының командалық-ұшу құрамының киім нысаны - костюм, әуе кемесі командирінің фуражкасымен

      ҚР АА авиакомпаниялары ұшу құрамының костюмді киім нысаны

      ҚР АА авиакомпаниялары аға бортсеріктерінің-ер адамдардың костюмді киім нысаны

      ҚР АА авиакомпаниялары бортсеріктерінің-ер адамдардың костюмді киім нысаны

      ҚР АА авиакомпаниялары командалық-ұшу құрамының киім нысаны - кастюм, әуе кемесі командирінің фуражкасымен 

      ҚР АА уәкілетті органының командалық-ұшу құрамының жазғы киім нысаны -  жейде, әуе кемесі командирінің фуражкасымен

      ҚР АА авиакомпаниялары командалық-ұшу құрамының жазғы киім нысаны -  жейде, әуе кемесі командирінің фуражкасымен

      ҚР АА авиакомпанияларының аға бортсеріктері-әйелдердің нысанды киімі белдемшелі костюм

      ҚР АА авиакомпанияларының аға бортсеріктері-әйелдердің киім нысаны - шалбарлы костюм

      ҚР АА авиакомпанияларының аға бортсеріктері-әйелдердің киім нысаны - плащ

      ҚР АА авиакомпанияларының бортсеріктері-әйелдердің киім нысаны алмалы-салмалы жылы астары және капюшоны бар плащ-пальто терілі құлақшынымен

      ҚР АА авиакомпанияларының аға бортсеріктері-әйелдердің қысқы нысанды киімі пальто және терілі құлақшынымен

      ҚР АА Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының командалық-ұшу және ұшу-инструкторлық құрамының бас киіміне кокарда

      ҚР АА Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының ұшу экипажы мүшелерінің  біліктілігі жоқ мамандарының бас киіміне кокарда

      Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасы бастығының пиджагі мен маусымдық плащ-пальтосының жағасындағы ою

      Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасы бастығының фуражкасы күнқағарына маталы негіздегі ою

      ҚР АА командалық-ұшу құрамының фуражкасы күнқағарына маталы негіздегі ою

      ҚР АА Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасы бастығының фуражкасы

      ҚР АА Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасы командалық-ұшу құрамының фуражкасы

      Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының әуе кемесі командирінің біліктілігі жоқ ұшу құрамының фуражкасы

      Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының ұшу экипажы мүшесінің біліктілігі жоқ маманының фуражкасы

      ҚР АА авиакомпаниясының әуе кемесі командирінің фуражкасы (пилот-инструктордың)

      ҚР АА авиакомпаниясы ұшу құрамының фуражкасы (штурман-инструктордың, бортинженер-инструктордың)

      ҚР АА авиакомпаниясы бортоператорының фуражкасы

      ҚР АА авиакомпаниясы бортсерігінің фуражкасы

Қазақстан Республикасы азаматтық авиация авиациялық персоналының жеңдік айырым белгілері (шеврондар)
(костюм пиджагінің жеңіне)

4 - санат

       Жеңдік айырым белгілерінің суретін қағаз мәтіннен қараңыз

      Ұшу қауіпсіздігін                  Ұшу қауіпсіздігін
      мемлекеттік қадағалау              мемлекеттік қадағалау
      басқармасы бастығына               басқармасы командалық-
                                            ұшу құрамына

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының
      командалық-ұшу, ұшу құрамы мен қызмет көрсету экипажы мүшелеріне

         4 - санат                           3 - санат

         2 - санат                           1 - санат

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі авиациялық персоналына жеңдей айырым белгілері (шеврондар)
(костюм пиджагінің жеңіне)

4 - санат

       Жеңдей айырым белгілерінің суретін қағаз мәтіннен қараңыз

      Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының
      ұшу немесе  қызмет көрсету экипажы мүшелерінің
      біліктілігі жоқ мамандарына

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі авиациялық персоналына

         4 - санат                           3 - санат

         2 - санат                           1 - санат

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы авиациялық персоналының иініштік алмалы-салмалы айырым белгілері (погондар)
(жейде мен маусымдық плащ-пальтоға)

4 - санат

       Иініштік алмалы-салмалы айырым белгілерінің суретін қағаз мәтіннен қараңыз

      Ұшу қауіпсіздігін                 Ұшу қауіпсіздігін
      мемлекеттік қадағалау             мемлекеттік қадағалау
      басқармасы бастығына              басқармасының командалық-
                                        ұшу құрамына

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы командалық-ұшу, ұшу құрамы мен қызмет көрсету экипажының мүшелеріне

         4 - санат                           3 - санат

         2 - санат                           1 - санат

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы жердегі авиациялық персоналының иініштік алмалы-салмалы айырым белгілері (погондар)
(жейде мен маусымдық плащ-пальтоға)

4 - санат

      Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының
      ұшу немесе қызмет көрсету экипажы мүшелерінің
      біліктілігі жоқ мамандарына

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі авиациялық персоналына

       4 - санат                       3-санат

       2 - санат                       1 - санат

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы командалық-ұшу және ұшу құрамының омыраулық айырым белгілері
(ұшу экипажы мүшелеріне)

Кәсіптер белгілері

       Омыраулық айырым белгілерінің суретін қағаз мәтіннен қараңыз

       Пилот                                   Штурман

       Бортрадист                           Бортинженер

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы
қызмет көрсету экипажы мүшелерінің (бортоператорлар мен бортсеріктер) омыраулық белгілері

        Бортоператор                        Бортсерік
        Flight operator - FO                Struard-S
                                           (Flight attendant)

      Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникациялар    
министрлігінің Азаматтық     
авиация комитетінің       
төраға міндетін атқарушысының  
2004 жылғы 26 тамыздағы     
N 157 бұйрығымен бекітілген,  
нысанды киім кию, қамтамасыз  
ету нормалары ережесіне және  
нысанды киім киюге құқығы бар 
Қазақстан Республикасының   
азаматтық авиация қызметкерлері
лауазымдарының (кәсіптерінің) 
тізбесіне           
7-қосымша           

       Ескерту. 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2008.06.24.  N 302 Бұйрығымен.

Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық
қауіпсіздік  қызметінің мамандарына арналған
нысанды киімнің сипаттамасы

      1. Жазғы киім:
      көкшіл қара түсті фуражка (бейсболка);
      көкшіл қара түсті берет (әйелдердің кепи - шляпасы);
      көк (көгілдір) түсті қысқа жеңді әйел адамның жейдесі;
      көк түсті қысқа жеңді жейде;
      қара түсті галстук;
      жейдеге тағатын бант-галстук;
      көкшіл қара түсті ер адамның костюмі (китель мен шалбар);
      көкшіл қара түсті әйел адамның костюмі (жакет, көкірекше, белдемше, шалбар);
      қара түсті туфли.
      2. Маусымдық киім:
      көкшіл қара түсті фуражка (бейсболка);
      көкшіл қара түсті берет (әйелдердің кепи - шляпасы);
      көкшіл қара түсті күртеше; 
      көкшіл қара түсті әйел адамның бір қаусырмалы плащы;
      су өтпейтін плащ;
      көк (көгілдір) түсті ұзын жеңді жейде;
      көк түсті ұзын жеңді жейде;
      қара түсті галстук;
      жейдеге тағатын бант-галстук;
      белгіленген үлгідегі жемпір;
      көкшіл қара түсті ер адамның костюмі (китель мен шалбар);
      маусымдық костюмі (күртеше, шалбар және полукомбинезон);
      көкшіл қара түсті әйел адамның костюмі (жакет, көкірекше, белдемше, шалбар);
      қара түсті туфли.
      3. Қысқы киім:
      қара түсті қысқы қалпақ (бейсболка);
      көкшіл қара түсті күртеше;
      көкшіл қара түсті әйелдер пальтосы;
      көк (көгілдір) түсті ұзын жеңді жейде;
      көк түсті ұзын жеңді жейде;
      қара түсті галстук;
      жейдеге тағатын бант-галстук;
      белгіленген үлгідегі жемпір;
      көкшіл қара түсті ер адамның костюмі (китель мен шалбар);
      көкшіл қара түсті әйел адамның костюмі (жакет, көкірекше, белдемше, шалбар);
      қара түсті әйелдер етігі;
      қысқы бәтеңке;
      унты.

      Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникациялар    
министрлігінің Азаматтық     
авиация комитетінің       
төраға міндетін атқарушысының  
2004 жылғы 26 тамыздағы     
N 157 бұйрығымен бекітілген,  
нысанды киім кию, қамтамасыз  
ету нормалары ережесіне және  
нысанды киім киюге құқығы бар 
Қазақстан Республикасының   
азаматтық авиация қызметкерлері
лауазымдарының (кәсіптерінің) 
тізбесіне           
8-қосымша           

       Ескерту. 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2008.06.24.  N 302 Бұйрығымен.

Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық
қауіпсіздік қызметінің мамандарына арналған ерекшелік белгілердің сипаттамасы

      Нысанды киімнің сыртқы киімінде сол жеңінде иықтан 8 см қашықтықта авиациялық қауіпсіздік қызметі қатысты азаматтық авиация ұйымының эмблемасы бар логотип, алдыңғы сол жақта үстінен 2- және 3-түймелердің тұсында сары түсті көлемі 10х3 см "SECURITY" деген жазуы бар логотип, арқасында сары түсті көлемі 30х7 см жағадан 10 см төмен қашықтықта "SECURITY" деген жазу орналасуы тиіс. Бас киімнің алдыңғы жағында азаматтық авиация ұйымының басшылығы белгілеген үлгідегі кокарда орналасады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады