Ақпарат жеткiзушiлердiң ақпаратты беру тәртiбiне қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы және кредиттiк есеп беру шарттары мен тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 250 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3113. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы қаулы етеді:

      1. Ақпарат жеткiзушiлердiң ақпаратты беру тәртiбiне қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы және кредиттiк есеп беру шарттары мен тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

      3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):

      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

      4. Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсiн.

Төраға



  "Ақпарат жеткiзушiлердiң
ақпаратты беру тәртiбiне
қойылатын шарттар мен ең
төменгi талаптар туралы,
кредиттiк тарих субъектiлерiнiң
олар туралы ақпаратты кредиттiк
бюроларға беруге келiсiмiн
ресiмдеу, кредиттiк есептi
беруге келiсiмдi ресiмдеу
тәртiбi туралы және кредиттiк
есеп беру шарттары мен тәртiбi
туралы ереженi бекiту жөнiнде"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөнiндегi агенттiгi Басқармасының
2004 жылғы 21 тамыздағы N 250
қаулысымен бекiтiлдi

Ақпарат жеткiзушiлердiң ақпаратты беру тәртiбiне қойылатын
шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих
субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға
беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келiсiмдi
ресiмдеу тәртiбi туралы және кредиттiк есеп беру
шарттары мен тәртiбi туралы
Ереже

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюро және кредиттiк тарихтың қалыптасуы туралы" (бұдан әрi - Кредиттiк бюро туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi және ақпарат жеткiзушiлердiң ақпаратты беру тәртiбiне қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптарды, кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келiсiмдi ресiмдеу тәртiбiн және кредиттiк есеп беру шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.

      Осы Ережеде Кpeдиттiк бюро туралы заңда анықталған ұғымдар мен терминдер пайдаланылады.

1-тарау. Ақпаратты кредиттiк бюроларға беру тәртiбiне
қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар

      1. Кpeдиттiк бюроларға ақпаратты ұсыну талаптары мыналар болып табылады:

      1) кредиттiк бюромен ақпаратты ұсыну туралы шарт жасалғаннан кейiн екi күндiк мерзiмде жазбаша нысанда тiзiмдi және кредиттiк бюроларға ақпаратты ұсынуға жауапты және/немесе кредиттiк бюролармен жұмыс iстеуге уәкiлеттi өзiнiң қызметкерлерi туралы басқа да мәлiметтердi ұсыну;

      2) кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге олардың алған келiсiмдерiнiң тiзiлiмiн және кредиттiк тарих субъектiлерi туралы кредиттiк бюроға өз сұратуларының тiзiлiмiн электрондық нысанда жүргiзедi.

      2. Ақпаратты жеткiзушiнiң кредиттiк бюроға ақпаратты беруiнiң негiзгi шарты кредиттiк бюроға ол туралы ақпаратты беруге кредиттiк тарих субъектiсiнiң келiсiмiн алу болып табылады.

      3. Жеке немесе заңды тұлғада кредиттiк тарих болмаған жағдайда, кредиттiк тарихтың деректер базасына сәйкес, ақпаратты жеткiзушi кредиттiк тарихтың субъектiсi ретiнде бұл тұлға туралы бастапқы ақпаратты қалыптастырады.

      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 23.02.2007 N 38 қаулысымен.

      4. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы бастапқы ақпаратты кредиттiк тарихтың деректер базасына енгiзу үшiн ақпаратты жеткiзушi оны электрондық нысанда кредиттiк бюроға жiбередi.

      5. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредит беру туралы жасалған шарт талаптарының не өзге мiндеттемелердiң орындалуы туралы қосымша ақпаратты оны қалыптастыру шарасы бойынша және кредиттiк бюро анықтаған нысанда ақпаратты жеткiзушi кредиттiк бюроға бередi.

2-тарау. Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы
ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келiсiмiн ресiмдеу,
кредиттiк есептi беруге келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi

      6. Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюроға олар туралы ақпаратты беру туралы келісімі осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ресімделеді.

      Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 23.02.2007 N 38 қаулысымен.
      7. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 23.02.2007 N 38 қаулысымен .

      8. Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті беруге келісімі осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес ресімделеді. Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алуға берген келісімін алғандығы туралы растама кредиттік бюромен анықталған тәртіппен кредиттік бюроға алушымен ұсынылады.

      Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 23.02.2007 N 38 қаулысымен.

      9. Осы Ереженің 6 және 8-тармағында көрсетілген кредиттік тарих субъектілерінің келісімдері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және құжаттардың сақталу тәртібін айқындайтын ішкі құжаттарға сәйкес ақпаратты жеткізушілермен және алушылармен сақталуға жатады.

      Егер кредиттік тарих субъектісі өзінің келісімінде ол барлық мүмкін дерек көздерінен ақпаратты алуға және (немесе) беруге қатысты екендігін көрсеткен жағдайда, онда осы келісімнің нотариатта куәландырылған көшірмесі соңынан келісім бойынша кредиттік бюроға онымен келіскен мерзімде сондай субъект туралы ақпаратты жинау мүмкіндігі болу үшін ұсынылады.

      Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 23.02.2007 N 38 қаулысымен.

3-тарау. Кредиттiк есеп берудiң шарттары мен тәртiбi

      10. Кредиттiк бюро туралы заңның 29-бабының 1-тармағында көзделген негiздер бойынша оны алуға құқығы бар тұлғаның сұратуы бойынша, Кредиттiк бюро туралы заңның 24-бабында көрсетiлген ақпараты бар электрондық немесе қағаз нысанында кредиттiк есептi кредиттiк бюро бередi.

      11. Кредиттiк бюро Кредиттiк бюро туралы заңға сәйкес кредиттiк есептер мен оны алушылардың тiзiлiмiн беруге байланысты құжаттарды есепке алады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      12. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған тәртiппен шешiледi.

  Ақпарат жеткiзушiлердi ақпаратты беру тәртiбiне қойылатын
шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих
субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға
беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келiсiмдi
ресiмдеу тәртiбi туралы және кредиттiк есеп беру
шарттары мен тәртiбi туралы ереженiң
1-қосымшасы

Кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы
ақпаратты кредиттік бюроларға беру келісімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

____жылғы "__" ________

жергілікті уақыт ___ сағат __ минут

      

      Жеке тұлға үшін

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және жері,

      тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні)

      Заңды тұлға үшін

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (толық атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу

      (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес тіркеу нөмірі

      немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркелуі жөніндегі заңнама бойынша

      сәйкестендіру үшін ресми қолданылатын басқа сәйкестендіру нөмірі) болып отырған

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (ақпарат дереккөзінің (дереккөздерінің) атауын көрсету. Егер

      ақпаратты барлық мүмкін дерек көздерінен ұсынуға келісім берілген

      жағдайда бұл туралы белгі қою қажет),

      және болашақта көрсетілген дереккөзге (дереккөздерге) келіп түсетін

      __________________________________________________________________

      (болашақта келіп түсетін ақпаратты ашуға келісім болған жағдайда қол

      қойылуы қажет; болашақта келіп түсетін ақпаратты ашуға келісім

      болмаған жағдайда сызықша қойылуы қажет),

      барлық кредиттік бюроларға (осы келісімді ресімдеп отырған ақпаратты

      жеткізуші Кредиттік бюро туралы заңның 23-бабының 1 және

      2-тармақтарына сәйкес ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағындағы

      барлық кредиттік бюроларға жіберсе) немесе

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (осы келісімді ресімдеп отырған ақпаратты жеткізуші Кредиттік бюро

      туралы заңның 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы

      барлық кредиттік бюроларға жіберуге міндетті емес болса, кредиттік

      бюроның атауын көрсетуі керек).

      кредиттік бюроға

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (жеке тұлға үшін: өз қолымен тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      жеке қолы қойылады;

      заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, егер тұлға заңды

      тұлғаның атынан сенімхаттың түпнұсқасын қоса берумен, сенімхат

      негізінде іс-қимыл жасайтын болса, сенімхаттың деректемелерін көрсете

      отырып, осы келісімге қол қоятын заңды уәкілетті тұлғаның қолы қойылады)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (осы келісімді қабылдаған ұйымның атауы; осы келісімді қабылдауға

      уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және қолы)

      мүліктік сипаттағы оның қаржылық және басқа міндеттемелеріне қатысты

      ақпаратты беруге осы келісімді береді.

  Ақпарат жеткiзушiлердi ақпаратты беру тәртiбiне қойылатын
шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих
субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға
беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келiсiмдi
ресiмдеу тәртiбi туралы және кредиттiк есеп беру
шарттары мен тәртiбi туралы ереженiң
2-қосымшасы

Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға
кредиттік есепті беруге келісімі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

____жылғы "___" __________

жергілікті уақыт ___ сағат __ минут


      Жеке тұлға үшін

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және жері,

      тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні)

      Заңды тұлға үшін

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (толық атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу

      (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес тіркеу нөмірі

      немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркелуі жөніндегі заңнама бойынша

      сәйкестендіру үшін ресми қолданылатын басқа сәйкестендіру нөмірі)

      кредиттік бюродағы оның мүліктік сипаттағы қаржылық және басқа

      міндеттемелеріне қатысты ақпарат және келешекте кредиттік бюроға

      түсетін ақпарат осы келісімді қабылдаған кредиттік бюродан ақпаратты

      алушыға ашылатындығы жөнінде осы келісімді береді.

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлға үшін: өз қолымен тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке қолы қойылады;

      заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, егер тұлға заңды

      тұлғаның атынан сенімхаттың түпнұсқасын қоса берумен, сенімхат

      негізінде іс-қимыл жасайтын болса, сенімхаттың деректемелерін көрсете

      отырып, осы келісімге қол қоятын заңды уәкілетті тұлғаның қолы қойылады)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (осы келісімді қабылдаған ұйымның атауы; осы келісімді қабылдауға

      уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және қолы)

  Ақпарат жеткiзушiлердiң
ақпаратты беру тәртiбiне
қойылатын шарттар мен ең
төменгi талаптар туралы,
кредиттiк тарих субъектiлерiнiң
олар туралы ақпаратты кредиттiк
бюроларға беруге келiсiмiн
ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге
келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы
және кредиттiк есеп беру
шарттары мен тәртiбi туралы
ереженiң 3-қосымшасы

      Ескерту: 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 23.02.2007 N 38 қаулысымен.

  Ақпарат жеткiзушiлердiң
ақпаратты беру тәртiбiне
қойылатын шарттар мен ең
төменгi талаптар туралы,
кредиттiк тарих субъектiлерiнiң
олар туралы ақпаратты кредиттiк
бюроларға беруге келiсiмiн
ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге
келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы
және кредиттiк есеп беру
шарттары мен тәртiбi туралы
ереженiң 4-қосымшасы

      Ескерту: 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 23.02.2007 N 38 қаулысымен.

  Ақпарат жеткiзушiлердiң
ақпаратты беру тәртiбiне
қойылатын шарттар мен ең
төменгi талаптар туралы,
кредиттiк тарих субъектiлерiнiң
олар туралы ақпаратты кредиттiк
бюроларға беруге келiсiмiн
ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге
келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы
және кредиттiк есеп беру
шарттары мен тәртiбi туралы
ереженiң 5-қосымшасы

      Ескерту: 5-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 23.02.2007 N 38 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады