Жануарлардың инфекциялық және инвазиялық ауруларының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық шараларды жүзеге асыру ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 476 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3121. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, бұйырамын :

      1. Қоса берiлiп отырған бекiтiлсiн:

      1) жануарлардың фасциолез ауруының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы ереже;

      2) жануарлардың цистицеркоз ауруының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы ереже.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармалары ветеринария Департаментiмен бiрге заңнамада белгiленген тәртiпте осы бұйрықтан туындайтын керектi шараларды қабылдасын.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күнiнен бастап күшiне енедi.

Министр



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрiнiң
"Жануарлардың инфекциялық және
инвазиялық ауруларының алдын алу
және жою бойынша ветеринариялық
iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi
ережелердi бекiту туралы"
2004 жылғы 7 қыркүйектегі
N 476 бұйрығымен бекiтiлген

Жануарлардың фасциолез ауруының алдын алу және жою
бойынша ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы
Ереже

      Осы фасциолез ауруының алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шараларының ережесi (одан әрi - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүргiзудiң Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26-бабына сәйкес мiндеттi түрде орындауға тиiстi тәртiбiн анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Фасциолез - бауыр құрт ауруы сүт қоректiлердiң жiтi және созылмалы өтетiн құрт ауруы. Сүт қоректiлердiң 40-тан астам түрi бауыр құрттарға сезiмтал келедi де фасциолезбен ауырады. Көбiнесе қой, ешкi, iрi қара малы, түйе жиi ауырады, шошқа, жылқы, бұғы, қоян және басқалары, сонымен бiрге адам сирегiрек ауырады. Құстар фасциолезбен ауырмайды.

      Қоздырушысы - екi түрi - Fasciola hepatica және Fasciola gigantica деп аталатын сорғыш жалпақ құрттар болады.

      Фасциолалар - бауыр құрттар көбiнесе бауырда (өт жолдарында) кездеседi, жануарлар ағзасында тоғышарлық тiршiлiк етедi. Бауырдың жiтi және созылмалы ауруын тудырады, асқазан қызметi бұзылады, ағзалар жалпы улануға әкелiп соғады, қанның көп мөлшерде азаюына әкеледi және миграциялық патогендiк микроорганизмдердi жұқтырады.

      2. Фасциолездер жер шарының барлық елдерiнде кең тараған, әсiресе ылғалды, батбақты және сулы жерлерде кездеседi.

      Қазақстанда қой және iрi қараның фасциолезi көбiнесе жиi тiркеледi. Fasciola gigantica деп аталатын сорғыш жалпақ құрттар тудыратын фасциолез Атырау, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында байқалады. Қарапайым - Fasciola hepatica деп аталатын түрiнiң таралу аймағы өте кең тараған. Олар Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Оңтүстiк - батыс және Оңтүстiк облыстарда сорғыш жалпақ құрттардың - трематодтардың екi түрi де жиi кездеседi, әсiресе Fasciola gigantica.

      3. Ауруға тiрi кезiнде диагноз қою эпизоотологиялық жағдайды негiзге ала отырып, клиникалық белгiлерiне қарап, гельминтологиялық-копрологиялық тексерулердiң және иммунобиологиялық реакцияның нәтижесiне байланысты қойылады.

      Ауруға жануарлар өлгеннен кейін диагноз қою, тиiстi ағзалардың патологоанатомиялық өзгерiстерiн негiзге ала отырып және сорғыш жалпақ құрттардың бауырдың өт жолдарында табылып, тоғышарлық тiршiлiк етуiне байланысты, ал құрттардың балауса жас түрi, ақшыл - сүр түстiсi бауырдың паренхимасында кездесуiне байланысты балайды.

      Фасциолездiң жiтi түрiн сiбiр жарасынан, энтеротоксемиядан, брадзоттан, топалаңнан және уланудан ажырату қажет.

2. Аурудан таза ветеринариялық-санитариялық
қолайлы аймақтағы атқарылатын алдын алу
профилактикалық iс-шаралары

      4. Жануарларға фасциолез ауруының жұғуына жол бермеу мақсатында, мына келесi iс-шаралар атқарылады:

      1) профилактикалық iс-шара - дегельминтизация жылына кемiнде 2 рет жасалынады: жануарларды қысқы тұрақты орынға қойғаннан кейiн 1 ай iшiнде, одан кейiн 3 ай өткесiн, жайылымға шығардан бiр ай бұрын атқарылады. Фасциолалар - сорғыш жалпақ құрттар бұл кезде дамыған сатыда өсiп жетiледi, бұл кезде антгельминтиктердiң күштiрек қызмет атқаруына қолайлы болады;

      2) жануарлардың фасциолез ауруына сезiк туған жағдайда және аурумен ауырған мезгiлде, ол жөнiнде ветеринариялық қызметтi дер кезiнде хабарландырып отыру;

      3) сырттан келген сатып алынған жануарларды, одан хабардар болған кезде, ветеринариялық мамандардың талабы бойынша, жануарларды бақылап тексеру жүргiзу үшiн және тиiстi шараларды атқару үшiн жағдай туғызу;

      4) жануарларды тасымалдау кезiнде, бағып күту кезiнде және азықтандыру кезiнде, мал шаруашылығының құрылыс құрылымдарын салу кезiнде санитарлық және ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтау қажет.

3. Жануарлардың фасциолез ауруымен
күресу жөнiндегi iс-шаралары

      5. Жануарлардың фасциолез ауруымен күресу - арнайы iс-шараларды атқару арқылы кешендi жүргiзiледi.

      Кешендi iс-шараларға мыналар жатады:

      1) бауыр құрттың соңғы негiзгi иесiне дегельминтизация жасау;

      2) моллюскалардың биотоптарын табу және оларды жою;

      3) жайылымды ауыстыру, азықтандыруды жақсарту және жануарлардың санитарлық-гигиеналық бағым күтiмiн жақсарту.

      6. Дегельминтизацияға антгельментиктер препараттары қолданылады. Дегелминтизация жасағанда сорғыш жалпақ құрттар дәрiге бой үйретiп алмас үшiн, антгельминтиктерді үнемі алмастырып реттеп отыру қажет.

      7. Бауыр құртты болдырмас үшiн жалпы алдын алу профилактикалық шаралар:

      1) көлдердiң, су қоймаларының (орман тоғайлық жерлердi, түрлi шөп өскен қалыңдықты және суармалы арықтардың түбiн, табанын, әсiресе жапырақтардың астарын) айналасын, батбақты жерлердiң айналасын, сай-салалардың, жыралардың арасын, онда жайылымдарды моллюскалардың биотоптарының бар-жоғын қарап анықтау қажет, онда сай салаларда жануарлардың тұяқтарының iздерiн мұқият қарау қажет, егер моллюскiлердiң биотоптары кеуiп кеткен болса немесе суық түскен кезде, онда моллюскiлердi құмдарды жуу арқылы оңай ажыратып алуға болады;

      2) моллюскалардың биотоптарын табу және моллюскаларды жою үшiн, жылына 2 рет iс-шаралар жүргiзiлу қажет (медный купорос 1:5000, 5,4 - дихлорсалициланилид 1:1000 қолданылады);

      3) жануарлардың су iшетiн суаттарының айналасын тегiстеп қатты заттармен қапталған төсенiштер орнату қажет;

      4) жануарларды жақсы, құрғақ, шөбi шүйгiн, от жайылымдарда бағып күту қажет және 2-2,5 ай өткесiн жайылымды алмастырып отыру қажет. Жануарларды бөлiнiп қалған сулардан iшуге, суғаруға тиым салынады және батбақты жерлерге жаюға тиым салынады;

      5) қиларды, көңдердi жақсылап тазалау керек және оларды биотермиялық өңдеуден мiндеттi түрде өткiзу қажет;

      6) шаруашылыққа жаңадан басқа жақтан келген жануарларды тексерiп мiндеттi түрде оның нәжiсiн бауыр құртқа тексеру қажет.

4. Осы Ереженiң орындалуының жауапкершiлiгi

      8. Осы Ереженi бұзған кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрiнiң
"Жануарлардың инфекциялық және
инвазиялық ауруларының алдын алу
және жою бойынша ветеринариялық
iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi
ережелердi бекiту туралы"
2004 жылғы 7 қыркүйектегі
N 476 бұйрығымен бекiтiлген

Жануарлардың цистицеркоз ауруының алдын алу және жою
бойынша ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы
Ереже

      Осы цистицеркоз ауруының алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шараларының ережесi (одан әрi - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізудiң Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26-бабына сәйкес мiндеттi түрде орындауға тиiстi тәртiбiн анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Цистицеркоз - таспа құрттар тудыратын жануарлар гельминтозы. Цистицеркозды - цистицерк, цестодалардың, таспа құрттардың личинкалық формасы қоздырады. Cysticercus tenucollis жiңiшке мойынды таспа құрт, шығарма-әдебиеттерiнде белгiлi болғанындай Cysticercus taenia hydatigena гидатигендi цистицеркоз, бауырдағы және сiрi қабықтағы цистицеркоз, жiңiшке мойынды таспа құрт деп аталып жүр.

      Қоздырушысы - Cysticercus tenucollis - қыл мойынды цистицерк, жұқа жақтаулы күлдiреуiк торсылдақ қабынан тұрады, көлемi бұршақтан жұмыртқаға дейiн мөлшердегi домалақ жұмыртқа тәрiздi, мөлдiр сұйық толтырылған қаб, қабықшаның iшкi жақтауына ақ түстi бугорок тәрiздi бiр iрi сколекс орналасқан.

      Cysticercus taenia hydatigena гидатигендi цистицеркоз - құрттардың жыныстық жетiлген сатысы - тоғышар соңғы иелерiнiң, яғни - қасқыр, түлкi, шибөрi, бұлғын, сусары, сасық күзен және ақ тышқанның ағзасында, ішектерiнде гидатигендi таспа құрттар өмiр сүредi.

      Мүйiздi iрi қара, қой, ешкi, шошқа, буйвол, зебу және бұғылар таспа құрттың аралық иелерi болып табылады.

      Тенуиколдi цистицеркоз ауруының таралуы барлық жерде кездеседi, әсiресе қой өсiретiн аймақтарда көптеп кездеседi. Осы инвазиялық таспа құрт ауруының баяу, сылбыр таралуы (экстенсивтiлiгi) және қарқынды, жедел таралуы (интенсивтiлiгi) iрi-жасамыс жануарларға қарағанда, жас малдарда, төлдерде таралу екпiнi қарқынды, жедел таралады.

      Тенуиколдi цистицеркоз ауруының (интенсивтiлiгi) қарқынды, жедел таралуы, қой бағатын иттер арқылы көбеюi нәтижесiнде, әсiресе қой өсiретiн аймақтарда маңызы бар. Осы инвазиялық гидатигендi таспа құрт ауруының қарқынды, жедел таралуы (интенсивтiлiгi) кей жерлерде 60-77 пайызға дейiн жетедi. Қойлардың жалпылама ауруы мал қораларына жақын аумақтарда, әдепкi мал жайылым мезгiлiнде жиi кездеседi.

      2. Ауруға клиникалық белгiлерiне қарап тiрi кезiнде диагноз қою, балау қиын атқарылады. Шошқаның цистицеркоз ауруына тiрi кезiнде диагноз қою үшiн, иммуноферменттiк әдiс қолданылады.

      Аурудың жiтi түрiнде өлгеннен кейiн балау, бауырдағы өзгерiстердi негiзге алады - жiтi геморрагиялық гепатитi және бауыр қабығының қабынуы, кей жағдайда құрсақ қуысының сiрi қабығының қабынуы.

      Аурудың созылмалы түрiнде цистицерктердiң, таспа құрттардың шарбы майда, iш майында, шажырқайда кездесуi және басқа ағзаларда пайда болуын, орналасуын есепке алады.

2. Ауыл шаруашылығы жануарлары арасында
цистицеркоз ауруының жұғуын болдырмау мақсатында
атқарылатын iс-шаралары

      3. Бұралқы иттердi және сонымен бiрге қасқыр, түлкi, қарсақ және шибөрiлердi үнемi жойып отыру қажет. Жабайы жыртқыштардың санын реттеп, шектен тыс көбеюiне жол бермей, артығын атып отыру керек.

      4. Барлық иттердi есепке алып, иесiз жануарларды жою керек. Фермаларда мал бағатын иттердiң санын шектеу қажет, отарда немесе табында, гурттерде бiр иттен артығы қажет емес, оның iшiнде еркегiн ғана асырау қажет. Қалған иттердi нөмiрлеп есепке алады және оған ветеринариялық құжат толтырылады. Олар үнемi байлауда бағып күтiледi, отарда немесе гурттерде иттердi бос қоюға, иттерге жайылымды немесе шабындықты аралауға ұлықсат етiлмейдi.

      5. Мал фермаларының айналасына, мал қораларына, мал сою орындарының аумағына, мал азығын дайындау орындары мен оны сақтайтын орындардың айналасына иттердi босатып жiберуге тиым салынады.

      6. Мал бағуға үйретiлген иттерге 1-1,5 ай аралығында мiндеттi түрде дегельминтизация жасап отыру қажет. Дегельминтизацияның сапасы малдың қалай тамақтануына байланысты болады, сондықтан дәрiлеуге бiр күн қалғанда, оларды аш ұстап, азықтандыруға тиым салынады.

      Дегельминтизацияға Қазақстан Республикасында ветеринариялық мемлекеттiк тiркеуден өткен препараттар - антгельминтиктер қолданылады. Дегельминтизация жасағанда таспа құрттар дәрiге бой үйретiп алмас үшiн, антгельминтиктердi үнемi алмастырып реттеп отыру қажет.

      7. Дегельминтизация мынадай реттiлiктi қатаң сақтай отырып жасалынады:

      1) иттердi бiр жерге, алаңға топтастырып жинайды және дәрiлеуге арнайы орын дайындайды; дайындалған алаң немесе орын елдi мекеннен, мал суаратын жерден және жол бойынан қашықтау орналасқан, жел өтiнен қорғау үшiн дуалмен қоршалған, айналасына ор қазылған, шартақпен немесе ергенекпен қоршалған, өсiп тұрған өсiмдiктерi жоқ, таза және құрғақ жерге орналасқан болуы қажет;

      2) иттердi мiндеттi түрде ноқталап, темiр шынжырмен қысқа етiп, жерге қағылған темiр немесе ағаш қазыққа, қоршаудың iшiне арасы 2-3 метр қашықтықта мықтап байланады;

      3) дегельминтизация жасар алдында 20-30 минут бұрын иттердiң асқазанын, iшектерiн тазалау үшiн, иттерге карбохолиннiң 0,04% судағы ерiтiндiсiн 0,5-2,5 мл мөлшерiнде терi астына егедi; 10-20 минут өткеннен кейiн, иттердiң iшi өтедi және құсады, осылай иттiң асқазанында тазарту жұмыстары жүредi;

      4) антгельминтик препараттары сұйық, болюс түрiнде болса, онда оларды ауыз қуысы арқылы iшкiзедi, ал премикс, гранул түрiнде болса азықтармен немесе азықтардың қоспасымен (қант, сүт, ет фаршы, ұн, маймен) қосып бередi;

      5) дәрiлiк препараттарды енгiзгеннен кейiн, иттердi сол орнынан қозғамай 12 сағат ұстайды, нәжiстердi бөлiнiп түскен гельминттерiмен қоса жинастырып алып өртейдi, ал орынды күрекпен бiр қабат топырағымен қосып алып тазалайды, дезинвазия жасайды.

      8. Дегельминтизацияның сапасы, егер таспа құрттар сколекстермен бiрге бөлiнiп түскен жағдайда ғана, сапалы өттi деп айтуға болады, ал сапасыз деп - сколекстер дұрыс бөлiнбесе, онда иттердi 3-5 күннен кейiн қайта дәрiлейдi.

      9. Иттермен жұмыс жасағанда ветеринария қызметкерi және басқа мамандар жеке басының тазалығын сақтау керек және оның арнайы қорғаныс киiмдерi (халат, бас киiм, ауыз және тыныс мүшесiн жауып тұратын марлыдан жасалған қорғаныс құралы) болуы қажет.

3. Жыртқыш етқоректiлер және иттердiң ауруға
шалдығуына жол бермеу мақсатында атқарылатын
iс-шаралары

      10. Әрбiр елдi мекенде немесе шаруашылықта айналасы ит пен мысық кiре алмайтын қоршауы бар, ветеринариялық-санитариялық блок немесе сою бекетiнiң (сою алаңының) құрылысын салу қажет. Сою алаңында конфискаттарды (залалданған ағза мүшелерiн) салатын контейнер жәшiк немесе көлемдi ыдыстар болуы керек, су құйылған цистерна және секциялы стол болуы қажет.

      11. Елдi мекенде, әрбiр үйде, отарларда, гурттерде немесе мал серуендейтiн алаңдарда жануарларды союға қатаң тиым салынады. Мал сою тек қана мал соятын бекеттерде немесе ветеринариялық-санитариялық блоктерде жергiлiктi аумақтық әкiмшiлiктiң ветеринариялық инспекторының бақылауымен атқарылуға тиiс.

      12. Малдың өлексе қалдықтарын, ағзаларды және оның конфискаттарын иттерге, мысықтарға және терiсi бағалы аңдарға азық үшiн беруге қатаң тиым салынады.

4. Осы Ереженiң орындалуының жауапкершiлiгi

      13. Осы Ереженi бұзған кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады