Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясындағы қызмет көрсетуші құрамының (бортсеріктердің) жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3279. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 05 мамырдағы № 253 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.05.05 № 253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті туралы Ережесінің 10 тармағының 2-тармақшасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясындағы қызмет көрсетуші құрамының бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуының бақылауын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасынының бастығы А. Б. Жолдыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға міндетін
      атқарушы

Қазақстан Республикасы       
Көлік және коммуникация      
министрлігінің Азаматтық      
авиация комитеті төрағасының м.а. 
2004 жылғы 10 желтоқсандағы    
N 253 бұйрығымен бекітілді    

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы
қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) жұмыстарын
ұйымдастыру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) жұмыстарын ұйымдастыру ережесіне (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті туралы Ережесінің 10 тармағындағы 2 тармақшасының талаптарына сәйкес, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік қадағалау және реттеуді Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асыру мақсатында әзірленген.
 

      2. Қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) қызметі осы Ережеге сәйкес, азаматтық авиация авиакомпаниялары басшыларының бұйрықтары негізінде құрылады.
 

      3. Қызмет көрсетуші құрамның негізгі тапсырмалары:
      жерде және ұшуларда апаттық жағдайлар туындаған кезде әуе кемесінің бортындағы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      әуе кемесінің бортындағы жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету;
      борттық тұрмыстық және асүйлік электр жабдықтарын тиесілі пайдалану.

2. Қызмет көрсетуші құрамның
(бортсеріктердің) жұмыс тәртібі

      4. Қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) бригада мүшелерінің саны әуе кемесінің (бұдан әрі - ӘК) типіне қарай, аталған ӘК ұшу эксплуатациясы жөніндегі басшылығымен анықталады.
      Қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) бригада мүшелерінің жұмысы осы Ереже талаптарының негізінде, азаматтық авиация ұйымдарында бекітілген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы өкілетті органымен келісілген бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.
 

      5. Қызмет көрсетуші құрам (бортсеріктердің) тұлғаларының өздік жұмысы ӘК типіне қарай, бортсеріктердің барлық жұмыс орындарында әуе кемесінің бортында жүзеге асырылады.
 

      6. Аға бортсерік:
      жолаушылар кабинасындағы қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) жұмысын ұйымдастырады;
      ұшу алдындағы және ұшып келгендегі брифингін жүргізеді;
      ӘК санитарлық және техникалық ахуалын бақылайды;
      ұшқыштар кабинасындағы экипажбен өзара іс-әрекетте болады;
      бортсеріктер бригадасы мүшелерінің әзірлігін тексереді;
      рейс бойынша құжаттамаларын ресімдейді.
 

      7. Бортсеріктер азаматтық авиация ұйымдарымен бекітілген және азаматтық авиация саласындағы өкілетті органымен келісілген бортсеріктер жұмысының технологиясына сәйкес өз жұмысын атқарады (бұдан әрі - технология).
 

      8. Бортсеріктер бригадасының мүшелері ұшар алдында бортсеріктер қызметінде әдеттегідей 2 сағат бұрын болуы керек.
      Қызмет көрсетуші құрамның (бортсеріктердің) мүшелері ұшар алдында медициналық бақылаудан өтеді. Ұшуды орындауға ӘК даярлау үшін бортсеріктер бригадасы ұшуға дейін ӘК бортына 1 сағат 10 минут бұрын келуі тиіс. Халықаралық ұшуларды орындауда қызмет көрсетуші құрам (бортсеріктер) кедендік және төлқұжаттық бақылаудан әдеттегідей ұшуға дейін 1 сағат 30 минутта өтеді.
 

      9. Кездесу, жолаушыларды орналастыру, апаттық-құтқару құралдарымен таныстыру және ұшуға дайындау технологияға сәйкес, бортсеріктер бригадасы мүшелерімен жүзеге асырылады.
 

      10. Аға бортсерік ұшудың сәтті орындалғаны туралы ӘК командиріне баяндайды және өз міндетіне кіріседі.
 

      11. Бортсеріктер бригадасының мүшелері "Белдіктеріңізді бекітіңіздер" таблосы өшкеннен кейін жолаушыларға қызмет көрсетуге кіріседі.
 

      12. ӘК төмендеуді орындау алдында бортсеріктер салонның қону даярлығына бақылау жүргізеді, бақылай отырып, қауіпсіздік белдіктерінің салынуына, жеке үстелшелердің жиналуына және бекітілуіне, орындық арқаларының тік қалпына келтірілуіне ықпал етеді.
 

      13. ӘК қонғаннан кейін аға бортсерік (бортсерік) технологияға сәйкес жолаушыларға ақпарат мәтінін ұсынады және ӘК командирінің рұқсатымен есік ашады.
      ӘК жолаушыларды шығару үшін есікті ашпас бұрын телескопиялық саты арқылы аға бортсерік сыртқы жақтан сатының бекітілуін күтуі қажет.
      Жер үсті қызметінің рұқсатын алғаннан кейін бортсерік жолаушылардың шығуын жүзеге асырады.

Об утверждении Правил организации работ службы обслуживающего персонала (бортпроводников) в гражданской авиации Республики Казахстан

Приказ и.о. Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 декабря 2004 года N 253. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 15 декабря 2004 года N 3279. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 мая 2011 года № 253

      Сноска. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций РК от 05.05.2011 № 253.

      В соответствии с подпунктом 2 пункта 10  Положения  о Комитете гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2004 года № 1232, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации работ службы обслуживающего персонала (бортпроводников) в гражданской авиации Республики Казахстан.

      2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на начальника Управления государственного надзора за безопасностью полетов Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Жолдыбаева А.Б.

      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      и.о. Председатель 

 

      Утверждены                
приказом и.о. Председателя Комитета     
гражданской авиации Министерства    
транспорта и коммуникаций       
Республики Казахстан          
от 10 декабря 2004 года N 253      


Правила 
организации работ службы обслуживающего персонала 
(бортпроводников) в гражданской авиации Республики Казахстан    1. Общие положения  

      1. Правила организации работ службы обслуживающего персонала (бортпроводников) в гражданской авиации Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с требованиями подпункта 2)  пункта 10  Положения о Комитете гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2004 года № 1232, а также в целях осуществления в соответствии с законодательством Республики Казахстан государственного надзора и регулирования деятельности организаций и предприятий гражданской авиации Республики Казахстан.
      2. Служба обслуживающего персонала (бортпроводников) создается на основании приказа руководителя организации гражданской авиации в соответствии с настоящими Правилами.
      3. Основными задачами службы обслуживающего персонала (бортпроводников) является:
      обеспечение безопасности пассажиров на борту воздушного судна, в случае возникновения аварийных ситуаций в полете и на земле;
      обеспечение высококачественного обслуживания пассажиров на борту воздушного судна;
      надлежащая эксплуатация бортового бытового и буфетно-кухонного электрооборудования.
      

 

2. Порядок работы обслуживающего персонала (бортпроводников) 

      4. В зависимости от типа воздушного судна (далее - ВС), количество членов бригады обслуживающего персонала (бортпроводников) определяется руководством по летной эксплуатации данного ВС.
      Работа членов бригады обслуживающего персонала (бортпроводников) осуществляется на основании требований настоящих Правил, в соответствии с утвержденными в организации гражданской авиации и согласованными с уполномоченным органом в сфере гражданской авиации Республики Казахстан программами. 
      5. Самостоятельная работа лиц обслуживающего персонала (бортпроводников) осуществляется на борту воздушного судна на всех рабочих местах бортпроводников, в зависимости от типа ВС.
      6. Старший бортпроводник:
      организует работу обслуживающего персонала (бортпроводников) в пассажирской кабине;
      проводит предполетный и послеполетный брифинг; 
      контролирует санитарное и техническое состояние салонов ВС; 
      взаимодействует с экипажем пилотской кабины;
      проверяет готовность членов бригады бортпроводников;
      оформляет порейсовую документацию.
      7. Бортпроводники выполняют свою работу согласно технологий работы бортпроводников, утвержденных в организации гражданской авиации и согласованных с уполномоченным органом в сфере гражданской авиации (далее - технологии).
      8. Перед полетом члены бригады бортпроводников являются в службу бортпроводников, как правило, за 2 часа до вылета рейса.
      Члены обслуживающего персонала (бортпроводники) перед вылетом проходят медицинский контроль. Для подготовки ВС к выполнению рейса, бригада бортпроводников прибывает на борт ВС за 1 час 10 минут до вылета рейса. При выполнении международных полетов члены обслуживающего персонала (бортпроводники) проходят таможенный и паспортный контроль, как правило, за 1 час 30 минут до вылета рейса. 
      9. Встреча, размещение пассажиров, демонстрация аварийно-спасательного оборудования и подготовка к взлету осуществляется членами бригады бортпроводников согласно технологии.
      10. Старший бортпроводник докладывает командиру ВС о благополучном выполнении взлета и приступает к своим обязанностям.
      11. Члены бригады бортпроводников, после погасания табло "Застегнуть ремни", приступают к обслуживанию пассажиров.
      12. При начале снижения бортпроводники проводят контроль готовности салона к посадке, контролируя, что ремни безопасности застегнуты, индивидуальные столики убраны и закреплены, спинки кресел в вертикальном положении.
      13. После посадки ВС старший бортпроводник (бортпроводник) предоставляет пассажирам информацию согласно технологии, и после получения разрешения от командира ВС открывает дверь.
      Перед открытием двери для высадки пассажиров из ВС по телескопическому трапу старшему бортпроводнику (бортпроводнику) необходимо дождаться установки трапа с наружной стороны.
      После получения разрешения наземных служб, бортпроводник производит высадку пассажиров. 
           ______________________________________________________________