1988 жылы туған азаматтарды Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы

Астана қаласы әкімінің 2004 жылғы 27 желтоқсадағы N 3-1-393 шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 19 қаңтарда N 370 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 33-10-2 шешімімен.

  Астана қаласы әкімінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 33-10-2 шешімінен
үзінді:

      "Әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарымен сәйкестендіру мақсатында Астана қаласының әкімі ШЕШТІ:
      Астана қаласы әкімінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 3-1-393 "1988 жылы туған азаматтарды Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 19 қаңтарда N 370 болып тіркелген; 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 12 "Вечерняя Астана", 2005 жылғы 22 қаңтардағы N 10-11 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      Әкім

      "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 қазандағы N 1072 "Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы  қаулысын  орындау барысында, 1988 жылы туылған жасөспірімдерді әскери есепке алу олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығын және дене бітімі дайындығының деңгейін анықтау мақсатында Астана қаласының әкімі  ШЕШТІ:
      1. 2005 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1988 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуден өткізу үшін  Заңның  12-бабына сәйкес "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері тіркеу бойынша комиссиялар құрсын, тіркеу бойынша комиссияның жұмысын Заңның 35-бабына сәйкес қамтамасыз етсін.
      2. "Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесіне:
      1) медициналық комиссияларды қызметкерлермен қамтамасыз етсін;
      2) медициналық комиссияларды тиісті мүлікпен, құрал-саймандармен және жабдықтармен қамтамасыз етсiн;
      3) тексеру актісін жасай отырып, комиссия белгілеген мерзімде тіркеуге жататын азаматтарды тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын;
      4) қаланың емдеу-сауықтыру мекемелерінде флюорографиядан өту, қан, несеп анализдерін тапсыру, электрокардиограммаға түсіру, сондай-ақ тісін емдетуді қажет ететін азаматтардың ауыз қуыстарын емдеу жұмыстарын ұйымдастырсын;
      5) комиссияның жұмысы "Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырылсын.
      3. "Астана қаласының Білім департаменті" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
      1) тіркеуге жататын азаматтар шақыру қосынына келіп, әскер жасына дейінгі азаматтардың әскери міндетін орындау үшін қажетті әскери есепке тұруына байланысты оқудан уақытша босатсын;
      2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақыру туралы хабарласын және осы бойынша уақытылы келсін.
      4. "Астана қаласының Ішкі істер бас басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
      1) жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіріп, ұстауды жүргізсін;
      2) комиссияның азаматтарды шақыру қосынына тіркеу жұмыстарының барысында шақыру қосынында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін тіркеудің барлық кезеңіне (қаңтар-наурыз) қызметкер бөлсін.
      5. "Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті" мемлекеттік мекемесі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне 2005 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында тіркеуге жататын азаматтарға хабарлау, техникалық жұмыстарды орындау үшін бағыттау жолымен 30 адам мөлшеріндегі жұмыссыз азаматтардың жіберілуін қамтамасыз етсін.
      6. Астана қаласы әкімінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 3-1-877 "1987 жылы туған азаматтарды Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 19 қаңтарда N 305 болып тіркелген; 2004 жылғы 11 наурыздағы N 28 "Вечерняя Астана", 2004 жылғы 7 ақпандағы N 19 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп табылсын.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.

       Әкім

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Құжаттамалық сараптама
      бөлімінің меңгерушісі

      КЕЛІСІЛГЕН

       "Алматы" ауданының әкімі

      "Сарыарқа" ауданының әкімі

      "Астана қаласының Қаржы
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      "Астана қаласының Ішкі істер
      бас басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      "Астана қаласының Денсаулық
      сақтау департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      "Астана қаласының Еңбек,
      халықты жұмыспен қамту және
      әлеуметтік қорғау департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығының міндетін атқарушы

      "Астана қаласының Білім
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      "Астана қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

О проведении приписки граждан 1988 года рождения к призывным участкам районов "Алматы" и "Сарыарка" города Астаны

Решение Акима города Астаны от 27 декабря 2004 года N 3-1-393. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 19 января 2005 года N 370. Утратило силу - решением акима г. Астаны от 3 мая 2006 года N 33-10-2

        Извлечение из решения акима г.Астаны
от 3 мая 2006 года N 33-10-2

      В целях приведения в соответствие с требованиями Закона Республики Казахстан "О воинской обязанности и воинской службе" аким города Астаны РЕШИЛ:
      Признать утратившим силу решение акима города Астаны от 27 декабря 2004 года N 3-1-393 "О проведении приписки граждан 1988 года рождения к призывным участкам районов "Алматы" и "Сарыарка" города Астаны" (зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 19 января 2005 года под N 370; опубликовано в газетах "Вечерняя Астана" от 27 января 2005 года, N 12 и "Астана хабары" от 22 января 2005 года, N 0-11).

      Аким

      Во исполнение  Закона  Республики Казахстан "О всеобщей воинской обязанности и военной службе" (далее - Закон),  постановления  Кабинета Министров Республики Казахстан от 28 октября 1993 года N 1072 "О проведении приписки граждан к призывным участкам на территории Республики Казахстан", в целях принятия юношей 1988 года рождения на воинский учет, определения их количества, степени годности к военной службе, установления общеобразовательного уровня, полученной специальности и уровня физической подготовленности аким города Астаны  РЕШИЛ:
       1. Провести в январе-марте 2005 года приписку граждан 1988 года рождения к призывным участкам районов "Алматы" и "Сарыарка" города Астаны, а также граждан старших возрастов, не прошедших раннее приписку, для чего в соответствии со  статьей 12  Закона акимам районов "Алматы" и "Сарыарка" создать комиссии по приписке, обеспечить работу комиссии по приписке согласно  статье 35  Закона.
       2. Государственному учреждению "Департамент здравоохранения города Астаны":
       1) обеспечить персоналом медицинские комиссии;
       2) обеспечить медицинские комиссии соответствующим имуществом, инструментами и инвентарем;
       3) организовать обследование и лечение граждан, подлежащих приписке, в лечебных учреждениях в сроки, установленные комиссией, с составлением акта обследования;
       4) организовать в лечебно-профилактических учреждениях города проведение флюорографии, сдачу анализов крови, мочи, снятие электрокардиограмм, а также санирование полости рта граждан, нуждающихся в лечении зубов;
       5) работу комиссий организовать согласно графику, утвержденному начальником Государственного учреждения "Департамент по делам обороны города Астаны".
       3. Государственному учреждению "Департамент образования города Астаны" обеспечить:
       1) явку на призывной пункт граждан, подлежащих приписке, освободить их от учебы на время, необходимое для выполнения обязанностей, связанных с постановкой допризывников на воинский учет;
       2) оповещение граждан, подлежащих приписке, о вызове их в Управление по делам обороны и своевременное прибытие по этому вызову.
       4. Государственному учреждению "Главное управление внутренних дел города Астаны":
       1) проводить розыск, задержание лиц, уклоняющихся от выполнения всеобщей воинской обязанности;
       2) в период работы комиссии по приписке граждан к призывному участку обеспечить охрану общественного порядка на призывном пункте с выделением сотрудника на весь период приписки (январь-март).
       5. Государственному учреждению "Департамент труда, занятости и социальной защиты населения города Астаны" организовать оплачиваемые общественные работы в соответствии с  Законом  Республики Казахстан "О занятости населения"  путем направления безработных граждан в количестве 30 человек в Департамент по делам обороны города Астаны для оповещения граждан, подлежащих приписке, выполнения технических работ в период с 1 января по 31 марта 2005 года.
       6. Признать утратившим силу решение акима города Астаны от 19 декабря 2003 года N 3-1-877 "О проведении приписки граждан 1987 года рождения к призывным участкам районов "Алматы" и "Сарыарка" города Астаны" (зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 19 января 2004 года N 305; опубликовано в газетах "Вечерняя Астана" N 28 от 11 марта 2004 года и "Астана хабары" N 19 от 7 февраля 2004 года).
       7. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на заместителя акима города Астаны Толибаева М.Е.

       Аким                                        У. Шукеев

      Заместитель акима                           Мамытбеков А.С.

      Заместитель акима                           Толибаев М.Е.

      Заместитель акима                           Фомичев С.В.

      Заведующая отделом
      документационной экспертизы                 Шакун Т.М.

      СОГЛАСОВАНО

      Аким района "Алматы"                        Еркетаев М.Д.

      Аким района "Сарыарка"                      Ахметов С.К.

      Директор Государственного
      учреждения "Департамент финансов
      города Астаны"                              Аскарова А.Е.

      Начальник Государственного
      учреждения "Главное управление
      внутренних дел города Астаны"               Досумов С.Т.

      Директор Государственного
      учреждения "Департамент
      здравоохранения города Астаны"              Шайдаров М.З.

      И.о. начальника Государственного
      учреждения "Департамент
      труда, занятости и социальной
      защиты населения города Астаны"             Криничная Г.С.
 
      Начальник Государственного
      учреждения "Департамент
      образования города Астаны"                  Рахимжанов А.М.

      Начальник Государственного
      учреждения "Департамент по
      делам обороны города Астаны"                Мынжанов К.Т.