Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 06 мамырдағы N 3С-8/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 28 мамырда N 2556 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-23/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2009.12.12 № 4С-23/4 шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға тиіс.

      Кезектен тыс 8-сессияның төрағасы
      Аудандық мәслихаттың хатшысы

Бұланды аудандық мәслихатының
2004 жылғы 6 мамырдағы
№ 3С-8/2 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

  Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесі (бұдан былай - Ереже), 258.015 "Жергілікті атқарушы органның шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем" бюджеттік бағдарламасы бойынша төлем жасауды ұйымдастыру тәртібін реттейді.
      2. Ережені қабылдаудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Бюджеттік жүйе туралы" заңдары болып табылады.
      3. Ереженің күші Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңымен реттелетін қатынастарға қолданылмайды.

2. Төлемді алу құқығы

      4. Төлемді алуға:
      1) тұрмысы қиын жағдайға түскен, жан басына шаққандағы табысы күн көру минимумынан аспайтын аудандағы отбасылардың (азаматтардың);
      2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген тыл еңбекшілерінің, жауынгер-интернационалистердің, зейнеткерлердің, мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың, жетім балалардың, мүмкіншіліктері шектеулі балалардың, "Ардақты ана" медалімен және "Күміс алқа", "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналардың;
      3) тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың, көп балалы отбасылардың, тұрмысы төмен азаматтардың;
      4) төтенше жағдайлар мен зілзаланың салдарынан зардап шеккен отбасылардың (табысы есепке алынбайды) құқығы бар.

3. Төлем жасау жұмысын ұйымдастыру

      5. Төлем жасау жұмысын ұйымдастыру үшін құрамында аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің өкілдері, қоғамдық және басқа да ұйымдардың мүшелері бар комиссия құрылады. Комиссия мүшелерінің саны мен жеке құрамы аудан әкімінің шешімімен бекітіледі.
      Комиссияның отырысы аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жанында айына кем дегенде 1 рет өткізіледі.
      6. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын қарау;
      2) көмекке арыз берген отбасының (азаматтың) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын және қамтамасыз ету деңгейін тексеру;
      3) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау;
      4) әлеуметтік төлемнің мөлшерін белгілеу болып табылады.

4. Әлеуметтік көмектің мөлшері мен оны төлеу тәртібі

      7. Әлеуметтік төлем жылына бір рет отбасының бір мүшесіне (азаматқа) ақшалай төленеді.
      8. 4-тармақтың 1), 4)-тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік төлем алудан үміткер адамдар аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөліміне арыз береді. Өтінішіне қосымша келесі құжаттар тапсырылады:
      1) жеке куәлігі немесе төлқұжаты;
      2) отбасының құрамы туралы анықтама;
      3) әлеуметтік төлемнің қажеттілігін растайтын құжат;
      4) отбасының материалдық-мүліктік жағдайын зерттеу актісі;
      5) ЖӘК.
      9. 4-тармақтың 2), 3)-тармақшаларында көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлем мемлекеттік мерекелердің қарсаңында және аудандық іс-шаралар кезінде тізім бойынша, аудан әкімінің келісімімен төленеді және олардан әлеуметтік көмек беру туралы арыз бен материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі талап етілмейді.
      10. 4-тармақтың 3)-тармақшаларында көрсетілген жеке куәлігінің негізінде әлеуметтік төлем алудан үміткер адамдар келесі құжаттарды тапсырады:
      1) арыз;
      2) аудандық ішкі істер бөлімінен анықтама;
      3) тұратын жері туралы анықтама.
      11. Төлем арыз берушінің жеке шотына ақша көшіру арқылы жүзеге асырылады.
      12. Әрбір төлемнің мөлшерін комиссия анықтайды, бірақ ол айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. 4-тармақтың 4)-тармақшасы бойынша төленетін төлемнің мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

5. Төлемдерді қаржыландыру

      13. Әлеуметтік төлем жөніндегі шығындар 258.015 "Жергілікті атқарушы органның шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем" бюджеттік бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттің осы мақсатқа көзделген қаражатының мөлшерінде қаржыландырылады.

6. Төлем жасауды бақылау

      14. Әлеуметтік төлемдерді бақылау және есеп беру Қазақстан Республикасының "Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын бақылау туралы" Заңына сәйкес іске асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады