Байзақ ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанда қолданылатын Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Байзақ аудандық мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 4-4 шешімі. Жамбыл облыстық әділет Департаментінде 2004 жылғы 28 сәуірде № 1335 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 7-12 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 7-12 шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 362, 363-баптарының және аудан әкімінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 352 ұсыныс хатының негізінде аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Байзақ ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанда қолданылатын Ереже бекітілсін. (Қоса беріледі)

      2. Аудан әкімі аппаратына, ауылдық округ әкімдеріне, меншік түріне қарамай мекемелер мен ұйымдарға осы ережелердің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың тиісті тұрақты комиссиясына (Ш.Мырзалиев) жүктелсін.
      
      Аудандық Мәслихат                          Аудандық Мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Б. Үсіпбаев                                Т. Абдуалиев

Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы
30 наурыздағы кезектен тыс
ІV-сессиясының "Байзақ ауданы
аумағында табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдай
жарияланғанда қолданылатын
Ережені бекіту туралы"
N 4-4 шешімімен бекітілген

Байзақ ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанда қолданылатын
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің негізінде және Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      1. Байзақ ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанда және оның күшінде болуы кезінде:
      1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының күзетілуі күшейтіледі;
      2) азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттары, олардың жанындағы заттары, көлік құралдары тексеріледі және жеке басын тексеру жүргізіледі;
      3) төтенше жағдай енгізілген жерге келу және ол жерден кету шектеледі;
      4) көлік құралдарының қозғалысы шектеледі және тексеріледі;
      5) азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды сатудың, сатып алудың және бөлудің ерекше тәртібі орнатылады;
      6) төтенше жағдайға байланысты материалдық және мәдени құндылықтардың жойылу, ұрлану немесе бүліну қаупі болса, олар қауіпсіз аудандарға көшіріледі;
      7) байланыс құралдарын қолдануға ерекше ереже енгізіледі.
      2. Байзақ ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанда және оның күшінде болуы кезінде:
      1) белгілі бір азаматтар үшін белгіленген мерзімге өздерінің үйлерінен, пәтерлерінен кетуге;
      2) жиналыс, бұқаралық жиын, демонстрация, ойын-сауық, спорттық және басқа да көпшілік іс-шаралар өткізуге;
      3) ереуіл өткізуге;
      4) қару, спиртті ішімдіктер, күшті әсер ететін химиялық және басқа улы заттар сатуға;
      5) комендант сағаты кезінде азаматтардың көшеде, көпшілік жерде, өз үйінен басқа жерде арнайы берілген рұқсат қағазсыз немесе төлқұжатсыз жүруіне;
      6) көбейткіш техникаларын, теле-радио хабарларын таратуға, аудио және бейне таспа аппаратураларын қолдануға тыйым салынады.

      3. Байзақ ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанда және оның күшінде болуы кезінде:
      1) заң тәртібін бұзуға;
      2) ұлттық және діни алауыздық туғызатын әрекеттер жасауға;
      3) азаматтарға және лауазымды тұлғаларға заңды міндеттері мен құқықтарын жүзеге асыруға белсенді түрде кедергі жасауға;
      4) ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талабы мен өкімін орындамауға және ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлеріне, үкімет өкілдеріне және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушыларға бағынбауға;
      5) азаматтардың тыныштығын және қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған әрекеттер жасауға қатаң тыйым салынады.

      4. Осы Ережені сақтамағандар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 362, 363-баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады