Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімиятының 2004 жылғы 9 тамыздағы N 16/10 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 тамызда N 1598 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі N 25/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2010.09.14 N 25/02 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу жөніндегі қоса тіркелген Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Күші жойылған деп танылсын:
      1) Қарағанды облысы әкімиятының "Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша еңбек стажын есептеу Қағидасын бекіту туралы" 2002 жылғы 2 тамыздағы N 07/05 қаулысы (Қарағанды облысының әділет департаменті 2002 жылғы 27 тамызда 916-нөмірмен тіркеген);
      2) "Қарағанды облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 тамыздағы "Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша еңбек стажын есептеу Қағидасын бекіту туралы" N 07/05 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімиятының 2004 жылғы 11 маусымдағы N 12/13 қаулысы.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы А.Е. Базарбаевқа жүктелсін.

       Облыс әкімі                               К. Мұхамеджанов

Облыс әкімиятының
"Жергілікті бюджеттен қаржыланатын
мемлекеттік мекемелердің және
коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың
мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне
мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу
жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы"
2004 жылғы 9 тамыздағы N 16/10 қаулысымен
бекітілген

Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу жөніндегі
Нұсқаулық

      Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне (одан әрі - қызметкерлер) мамандығы бойынша жұмыс стажы олардың белгілі бір лауазымдар санатына жататын лауазымына сәйкес лауазымдық еңбекақысын анықтау мақсатында есептеледі.
      1. Лауазымдық еңбекақы алу құқығын беретін мамандығы бойынша жұмыс стажына, еңбекақы төлеудің тарифтік-біліктілік торына сәйкес, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда сол мамандығы бойынша істеген барлық жұмыс уақыты қосылады, сондай-ақ:
      1) сол мамандығы бойынша мемлекеттік қызметте болуы;
      2) Қарулы Күштердегі, ішкі, шекара әскерлері, басқару органдары және Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдары жүйесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясындағы, теріс себептерге байланысты қызметтен босатылғандардан басқа, офицерлік құрамдағы тұлғалардың, прапорщиктердің, мичмандардың, әскери қызметшілердің мерзімнен тыс нақты әскери қызметте болуы;
      3) ішкі істер органдары жүйесінде, прокуратура органдары қызметінде, Қазақстан Республикасы және бұрынғы КСР Одағының сот аппаратындағы жұмыста, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінде, теріс себептерге байланысты қызметтен босатылғандардан басқа, басшылық құрамдағы тұлғалардың қызметтен өтуі;
      4) заңнамаға сәйкес берілген жүктілігі және тууы бойынша демалысы, сондай-ақ балаға қарау жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын қосымша еңбек демалысы;
      5) Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, босатылған негізде мәслихат депутатының өкілеттігін жүзеге асыру уақыты;
      6) егер қызметкер курсқа түскенге дейін мемлекеттік мекемеде, коммуналдық қазыналық кәсіпорында жұмыс істесе және оны аяқтаған соң мемлекеттік мекемеге, коммуналдық қазыналық кәсіпорынға қайтып оралса, оның мемлекеттік мекеменің және коммуналдық қазыналық кәсіпорынның жолдамасы бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында өндірістен қол үзіп оқуы;
      7) егер қызметкер шет елге жіберер алдында мамандығы бойынша жұмыс істесе және, көшу уақытын есепке алмағанда, шет елден оралған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде мемлекеттік мекемеге және коммуналдық қазыналық кәсіпорынға жұмысқа орналасса, оның шет елдегі жұмысы;
      8) мамандық бейіні бойынша ұйымдардағы ғылыми жұмысы;
      9) іс-әрекет саласына қарамастан оның еңбек жолы өткен мемлекеттік мекемелердегі, қазыналық кәсіпорындар мен ұйымдардағы басшылық және сол тақылеттес лауазымдардағы жұмысы қосылады.
      2. Осы Нұсқаулыққа сәйкес есептелінетін мамандығы бойынша жұмыс стажы күнтізбелік есептеу арқылы жүргізіледі.
      3. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық еңбекақысын көтеру құқығы пайда болған қызметкерлерге лауазымдық еңбекақысын есептеу осындай құқық пайда болған күннен бастап іске асырылады.
      4. Еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда) немесе жеке еңбек келісімі, қабылдау және босату туралы бұйрықтардан үзінді, қызметтік тізім мамандығы бойынша еңбек стажын есептеу үшін негізгі құжаттар болып табылады. Қажетті жазбалар болмаған немесе жұмыс кезеңі туралы жазулар дұрыс немесе нақты болмаған жағдайда анықтамалар, жеке шоттар және еңбекақы беру ведомосы және жұмыс кезеңі туралы мәліметтері бар заңнамамен белгіленген басқа да құжаттар жұмыс стажын растау ретінде қабылданады. Мамандығы бойынша стажын куәгер көрсетпесімен растау заңнамамен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      5. Мамандығы бойынша жұмыс стажын еңбек стажын анықтау жөніндегі комиссия анықтайды, оның құрамын тиісті мемлекеттік мекеме және коммуналдық қазыналық кәсіпорын басшысы бекітеді.
      Мамандығы бойынша жұмыс стажын белгілеу туралы комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнен үзінді екі данада жасалады және бір данасы - кадр қызметіне, екіншісі - бухгалтерияға беріледі.

Об утверждении Инструкции по исчислению стажа работы по специальности для работников государственных учреждений и коммунальных казенных предприятий, не являющихся государственными служащими, финансируемых из местного бюджета

Постановление акимата Карагандинской области от 9 августа 2004 года N 16/10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 26 августа 2004 года за N 1598. Утратило силу - постановлением акимата Карагандинской области от 14 сентября 2010 года N 25/02

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Карагандинской области от 14.09.2010 N 25/02.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" N 148 и постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 января 2002 года N 41 "О системе оплаты труда работников государственных учреждений, не являющихся государственными служащими и работников казенных предприятий", акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по исчислению стажа работы по специальности для работников государственных учреждений и коммунальных казенных предприятий, не являющихся государственными служащими, финансируемых из местного бюджета.
      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление акимата Карагандинской области от 2 августа 2002 года за N 07/05 "Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственных учреждений, не являющихся государственными служащими, финансируемых из местных бюджетов" (зарегистрировано департаментом юстиции Карагандинской области 27 августа 2002 года за N 916);
      2) постановление акимата Карагандинской области от 11 июня 2004 года N 12/13 "О внесении дополнения в постановление акимата Карагандинской области от 2 августа 2002 года за N 07/05 "Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственных учреждений, не являющихся государственными служащими, финансируемых из местных бюджетов".
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима области Базарбаева А.Е.

      Аким области                               К. Мухамеджанов

Утверждены
постановлением акимата области
от 9 августа 2004 года N 16/10
"Об утверждении Инструкции по исчислению
стажа работы по специальности для работников
государственных учреждений и коммунальных
казенных предприятий, не являющихся
государственными служащими, финансируемых
из местного бюджета"

Инструкция
по исчислению стажа работы по специальности для работников
государственных учреждений и коммунальных казенных предприятий,
не являющихся государственными служащими, финансируемых
из местного бюджета

      Стаж работы по специальности исчисляется для работников государственных учреждений и коммунальных казенных предприятий, не являющихся государственными служащими, финансируемых из местных бюджетов (далее - работники) с целью определения их должностного оклада согласно занимаемой должности, отнесенной к определенной категории должностей.
      1. В стаж работы по специальности, дающий право на получение должностного оклада, в соответствии с тарифно-квалификационной сеткой оплаты труда включается все время работы по той же специальности в государственных органах и других организациях независимо от организационно-правовой формы, а также включается время:
      1) пребывание на государственной службе по той же специальности;
      2) прохождения действительной военной службы лицами офицерского состава, прапорщиками, мичманами, военнослужащими сверхсрочной службы в Вооруженных Силах, внутренних, пограничных войсках, органах управления и частях гражданской обороны Республики Казахстан и бывшего Союза ССР, в системе органов Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и Комитета государственной безопасности СССР, в Службе охраны Президента Республики Казахстан и Республиканской гвардии Республики Казахстан, кроме лиц, уволенных со службы по отрицательным мотивам;
      3) прохождения службы лицами начальствующего состава в системе органов внутренних дел, службы в органах прокуратуры, работы в аппаратах судов Республики Казахстан и бывшего Союза ССР, в Государственном следственном комитете Республики Казахстан, кроме лиц, уволенных по отрицательным мотивам;
      4) отпуска по беременности и родам, а также дополнительного отпуска без сохранения заработной платы по уходу за ребенком, предоставленного в соответствии с законодательством;
      5) время осуществления полномочий депутата Парламента Республики Казахстан, депутата маслихата на освобожденной основе;
      6) обучения по направлению государственного учреждения и коммунального казенного предприятия на курсах по подготовке, переподготовке и повышению квалификации кадров с отрывом от работы, если работник до поступления на курсы работал в государственном учреждении, коммунальном казенном предприятии и после окончания их вернулся в государственное учреждение, коммунальное казенное предприятие;
      7) работы за границей, если перед направлением за границу работник работал по специальности и в течении 2 месяцев со дня возвращения из-за границы поступил на работу в государственное учреждение и коммунальное казенное предприятие, не считая времени переезда;
      8) научной работы в организациях по профилю специальности;
      9) работа в государственных учреждениях, казенных предприятиях и организациях на руководящих и идентичных должностях независимо от сферы деятельности, в которой протекала его трудовая деятельность.
      2. Стаж работы по специальности, засчитываемый в соответствии с настоящей Инструкцией, учитывается в календарном исчислении.
      3. Работникам, у которых в течение календарного месяца возникло право на повышение должностного оклада, исчисление должностного оклада с учетом стажа осуществляется со дня возникновения такого права.
      4. Основным документом для определения стажа работы по специальности является трудовая книжка (при ее наличии) или индивидуальный трудовой договор либо выписка из приказов о приеме и увольнении, послужной список. В случаях, когда нет необходимой записи либо содержатся неправильные или неточные записи о периодах работы, в подтверждение стажа работы принимаются справки, лицевые счета и ведомости на выдачу заработной платы и иные документы, содержащие сведения о периодах работы, предусмотренные законодательством. Подтверждение стажа по специальности свидетельскими показаниями осуществляется в установленном законодательством порядке.
      5. Стаж работы по специальности определяется комиссией по установлению трудового стажа, состав которой утверждается руководителем соответствующего государственного учреждения и коммунального казенного предприятия.
      Решение комиссии об установлении стажа работы по специальности оформляется протоколом. Выписки из решения делаются в двух экземплярах и передаются: один экземпляр - в кадровую службу, второй - в бухгалтерию.