Абай ауданы әкiмиятының кейбiр қаулыларына әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгертулер енгiзу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімиятының 2004 жылғы 6 қаңтардағы N 01/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 19 қаңтарда N 1383 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуiрдегi N 365-I Заңы және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247 заң күші бар жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып Абай ауданының әкiмияты қаулы етедi:
      1. Абай ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 14 сәуiрдегi "Бөгде адамның көмегiне мұқтаж, 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерге жәрдем көрсетушiнiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдем ақысына қосымша үстеме ақы тағайындау Қағидасын бекiту туралы" N 04/21 қаулысына өзгертулер енгiзiлсiн (Қарағанды облысы Абай ауданы әкімиятының 2003 жылғы 14 сәуірдегі N 04/21 қаулысы Қарағанды облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 16 мамырда N 1184 тіркелді, 2003 жылдың 31 мамыры N 21 (3463) аудандық "Абай ақиқат" газетiнде жарияланды):
      1) N 1 қосымшада "Бөгде адамның көмегiне мұқтаж, 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерге жәрдем көрсетушiнiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдем ақысына қосымша үстеме ақы тағайындау Қағидасы" 3 тараудың 2 тармағының 2 тармақшасы - келесi редакцияда мазмұндалсын: "Абай ауданының банк бөлiмшелерiнде жеке есеп шот нөмерi көрсетiлген өтiнiшi"
      2) N 1 қосымшада "Бөгде адамның көмегiне мұқтаж, 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерге жәрдем көрсетушiнiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдем ақысына қосымша үстеме ақы тағайындау Қағидасы" 3 тараудың 2 тармағының 4 тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Абай ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 14 сәуiрдегi "Ауданның кейбiр санаттағы тұрғындарына әлеуметтiк көмек көрсету қағидалары туралы" N 04/22 қаулысына өзгертулер енгiзiлсiн (Қарағанды облысы Абай ауданы әкімиятының 2003 жылғы 14 сәуірдегі N 04/22 қаулысы) Қарағанды облысы әдiлет Басқармасында 2003 жылдың 19 мамырда N 1196 тiркелді, 2003 жылдың 7 маусымы N 22 (3464) аудандық "Абай ақиқат" газетiнде жарияланды):
      1) N 2 қосымшадағы "Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және теңестiрiлген тұлғаларға берілетін әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы" 2 тараудың 4 тармағының 4 тармақшасы - келесi редакцияда мазмұндалсын: "Ұлы Отан соғысының қатысушылары және соларға теңестiрiлген адамдарға үшiн Ұлы Отан соғысына қатысқанның куәлiгi".
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ш.Қ. Тәнкебаевқа жүктелсiн.

      Абай ауданының әкiмi                       А. Әбдіханов

      Келiсiлдi                                  Ш.Қ. Тәнкебаев
                                                 Н.В. Сергеева
                                                 Қ.О. Мүслімова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады