Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2004 жылғы 16 наурыздағы № 44 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 6 сәуірде № 2864 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2008 жылғы 10 шілдедегі № 89 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2008.07.10 № 89 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6-тармақшасына, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 311, 543-баптарына сәйкес және иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау шарттарын ретке келтіру, Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелері бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау заңдылық, азаматтардың құқықтарын және құқық тәртібін қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы Р.А. Дәурембековаға жүктелсін..
      3. Қалалық мәслихаттың "Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Майлин станциясының, Красногор поселкесінің аумағында ит пен мысықтарды ұстау ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 9 маусымдағы № 50 және "Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Майлин станциясының, Красногор поселкесінің аумағында ит пен мысықтарды ұстау ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 9 маусымдағы № 50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім Қостанай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      IV сессия төрайымы                         Р. Дәурембекова

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Т. Кривошея

Қалалық мәслихат сессиясының
2004 жылғы 16 наурыздағы   
№ 44 шешімімен бекітілген  

Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау

      Осы Ережелер ведомстволы бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан Лисаков қаласының. Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы үй хайуанаттарының барлық иелеріне кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды қоса алғанда қолданылады.

1. Ит мен мысық иелерінің міндеттері

      1. Ит мен мысық иелері:
      1) жануарларды олардың 6иологиялық ерекшелігіне сәйкес күтіп-ұстауға, жануарлармен адамгершілікпен қарауға, қараусыз, тамақсыз және сусыз қалдырмауға, ұрып-соқпауға және ауырған кезде ветеринарлық көмекке сүйенуге;
      2) санитарлық - гигиеналық нормаларды және жануарларды күтіп-ұстау ережелерін қатаң сақтауға, жалпы пайдаланымдағы олардың орындарын ластауға жол бермеуге;
      3) ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптарымен қарау, диагностикалық тексерулер мен емдеу-алдын ала өңдеу үшін уақытылы малдарды жеткізуге;
      4) жануарлардан қорғануда айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдауға тиіс: аула иттерін байлаулы және арнайы бөлінген орындарда ұстауға, сақтандыру кестелерінің ілулі тұруы, иттерді қарғы баумен, тұмылдырықпен қыдыртылуы;
      5) жануарлар адамды немесе малды қауіп алса, олардың иелері тез арада жақын маңайдағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабар беруге міндетті, ол ветеринарлық мамандардың бақылауына алынып, карантин жасау және тексеру үшін ветеринарлық ем қолдануға жеткізуге;
      6) аумақтарды объектілерді күзетші иттермен күзету кезінде, олардың иелері сақтандыру кестелерің іліп қоюға міндетті.

2. Жануар иелерінің, құқықтары

      2. Кез келген жануар иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік заңмен қорғалды.

3. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау

      3. Рұқсат етіледі:
      1) жануарларды тұрғын үй-жайларында, соның ішінде пәтерлерде ұстауға;
      2) иттерді тек қана қысқа қарғы баумен және тұмылдырықпен көшеге, аулаға, өзге қоғамдық орындарға шығаруға;
      3) қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар сақталған болса, мысықтар мен иттерді көліктің кез келген түрімен алып жүруге;
      4. Тыйым салынады:
      1) қоғамдық орындарда, көпшілік адамдар демалатын орындарынға, мас күйіндегі азаматтарға, 14 жасқа дейінгі балаларға ірі иттерді қыдыртуға;
      2) жануарларды жалпы пайдаланатын орындарда күтіп-ұстауға: кіре-берістерде, баспалдақ алаңдарында, сондай-ақ балкондар мен лоджияларда;
      3) жануарлармен кіре берістерді, баспалдақ алаңдарды, спорт, балалардың алаңдары, көгалдарды, аяқжолдарды, саябақ пен гүл бақтарының аумағын ластамауға, егер жануар осы жерлерде нәжістерін қалдырса, оны жануарлардың иелері тазалауға міндетті;
      4} қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, сауда залдарына және азық түлік дүкендердің өндірістік жайларына иттер мен мысықтарды күтіп-ұстауға және өткізуге;
      5) тұрғындар (адамдар) шомылу үшін бөлінген орындарда және ағыс бойымен жоғары 500 метрге дейін жануарларды шомылдыруға.
      5. Иелерінің дүкеннің, емдеу орындарының, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының маңында байлап қалдырғаннан басқа, Қоғамдық орындарда шығарып салатын тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтарды, қадағалаусыз қалған деп саналады және арнайы қызметкерлермен аулауға жатады.
      6. Тұрғын үйлер маңында жануарларды шығарған кезде иелері тыныштықты сақтағаны жөн.
      7. Жануарлар өлген жағдайда өліктерді тек мал қорымының аумағына ғана жерлеу рұқсат етіледі. Өліктерді лақтырып тастауға немесе Лисаков қаласының, Октябрь қаласының, Красногор селосының аумағында жерге оларды көміп тастауға тыйым салынады.

4. Осы Ережелерді сақтамағаны үшін
иттер мен мысықтардың иелеріне жауапкершілік

      8. Осы Ережелерді сақтамағаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады