Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық және оны өткізуге жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссияны құру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2004 жылғы 5 мамырдағы N 119/5 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 11 мамырда N 2448 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 563/12 қаулысымен.

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 563/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 наурыздағы "Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi енгiзу туралы" N 317 қаулысына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге дайындық және оны өткiзуге жәрдемдесу жөнiндегi облыстық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын;
      2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
      3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi ұлттық бiрыңғай тестiлеуге дайындық және оны өткiзуге жәрдемдесу жөнiндегi қалалық және аудандық комиссияларды құрсын.
      4. Облыс бiлiм департаментi Комиссияның дербес құрамын заңнамада белгiленген тәртiпте облыстық Мәслихаттың бекiтуiне ұсынсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.

      Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

Облыс әкiмдiгiнiң   
2004 жылғы 5 мамыр   
"Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге
дайындық және оны өткiзуге
жәрдемдесу жөнiндегi облыстық
комиссияны құру туралы" 
N 119/5 қаулысымен   
бекiтiлген      

Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге дайындық және оны өткiзуге
жәрдемдесу жөнiндегi облыстық комиссия туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге дайындық және оны өткiзуге жәрдемдесу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк- кеңестiк орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы" Заңын , Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2004 жылғы 13 наурыздағы "Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi енгiзу туралы" N 317 қаулысын, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiктерi

      3. Мыналар:
      1) осы облыстағы ұлттық бiрыңғай тестiлеудi (бұдан әрi - ҰБТ) ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi жұмысты бақылау;
      2) ҰБТ-ты ұйымдастыруға және өткiзуге қатысты мәселелер бойынша мүдделi органдар мен ұйымдардың iс-әрекетiн үйлестiру Комиссияның негiзгi мiндеттерi болып табылады.
      4. Комиссия:
      1) ҰБТ өткiзу орталықтары үшiн қажеттi үй-жайдың санитариялық нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкес бөлiнуiн ұйымдастыруға;
      2) бiтiрушiлерiн тестiлеу пункттерiне дейiн және керi қайтуда жол полициясы басқармасы инспекторларының еруiмен тасымалдануды қамтамасыз етуге;
      3) бiтiрушiлердi ҰБТ өткiзiлетiн аудандық орталықтар мен қалалардағы санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес келетiн үй-жайларда орналастыруға;
      4) бiтiрушiлер тұратын үй-жайды қажеттi қатты және жұмсақ мүкаммалмен жабдықтауға;
      5) бiтiрушiлер тұратын орындарда және ҰБТ өткiзу пункттерiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуде облыс iшкi iстер басқармасы, қалалар мен аудандардың iшкi iстер бөлiмдерi қызметкерлерiнiң тәулiк бойы кезекшiлiгiн ұйымдастыруға қатысты мәселелердi шешедi.
      5. Комиссия:
      1) бiтiрушiлердiң тамақтануын ұйымдастыруға;
      2) тұрғылықты орындарда және ҰБТ өткiзу пункттерiнде медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастыруға;
      3) бiтiрушiлер тұратын аумақтың және ҰБТ өткiзу пункттерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйiне;
      4) балалардың ҰБТ тапсыру пункттерiне дейiн және керi жеткiзiлу қауiпсiздiгiне;
      5) балаларды тасымалдау үшiн техникалық жарамды автобустардың бөлiнуiне бақылау жасайды.

3. Комиссия органдары

      6. Облыс әкiмiнiң орынбасары Комиссияның төрағасы, облыс бiлiм департаментiнiң бастығы - төрағаның орынбасары болып табылады.
      Төраға Комиссияның жұмысына басшылық жасайды, комиссия мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылау жүргiзедi және Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап бередi. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.
      7. Комиссия төраға бекiткен күнтiзбелiк жоспарға сәйкес жұмыс iстейдi.

4. Комиссияның құқықтары

       8. Комиссия өз мiндеттерiне сәйкес:
      1) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қарауына енгiзуге;
      2) мемлекеттiк және басқа ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртiпте Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi материалдарды сұрауға және алуға;
      3) өз құзыретiне жатқызылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

5. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы

      9. Комиссия өкiлеттiгiнiң мерзiмi облыс әкiмiне ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң ұйымдастырылу және өткiзiлу қорытындылары туралы есеп ұсынылғаннан кейiн аяқталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады