Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 88/9 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 11 қаңтарда N 2858 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының  6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"  Заңы  11 бабының 3) тармақшасына, Лебяжi ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 22 қазандағы (III сайланған IХ сессиясы) "Майқарағай, Шақа селолық округтерiнiң шекараларын өзгерту және Шоқтал ауылын Майқарағай селолық округi әкiмшiлiк-аумақтық бағыныштылығынан Шақа селолық әкiмiнiң әкiмшiлiк-аумақтық бағыныштылығына беру туралы" N 6/9 бiрлескен шешiмiне, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 17 қарашадағы "Лебяжi ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" N 278/9 қаулысына сәйкес облыстық Мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Лебяжi ауданының Майқарағай, Шақа селолық округтерiнiң шекараларына жалпы аумағы 7490 га болып келетiн Шоқтал ауылының жерiн Майқарағай селолық округiнен Шақа селолық округiне беру жолымен өзгерiстер енгiзiлсiн.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      Сессия төрағасы А. Гуськов

      Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

      Облыстық Мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады