Алматы қаласы Азаматтық қорғанысын 2010 жылғы кезеңге дейiн дамыту және жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 10 шешімі. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 18 ақпанда N 584 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2006 жылғы 7 наурыздағы N 33 шешімімен

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупi төнген, халықаралық терроризмнiң бас көтеруi жиiлей бастаған жағдайда, Алматы қаласы басқару органдарының, Азаматтық қорғаныстың күштерi мен құралдарының, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк жүйенiң дайындықтарына жасалған талдау жұмысы, жалпы алғанда, қала халқын және аумағын қазiргi заманғы зақымдандыру құралынан, табиғи және техногендiк сипаттағы аномалдық құбылыстардан қорғауға мүмкiндiк бередi.
      Байланыс және хабарландыру жүйелерi, басқару пунктi, солардың iшiнде запастағылары да әр қайсысының белгiленулерiне қарай iске кiрiсуге тұрақты дайындықта тұр. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөнiндегi Дағдарыс орталығын ұйымдастыру, 051 бiртұтас кезекшiлiк-диспетчерлiк қызметiн модернизациялау жұмысы аяқталып келедi. Алматы қаласының құтқару қызметi құрылып, жұмыс iстеп жатыр. Тұтқиыл жағдайда iс-әрекет жасауға басшы құрам мен халықты үйрету тиiмдiлiгi арта түстi. Дағдарыс жағдайында салалар мен шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс iстеуi бойынша кешендi шаралар жүзеге асырылуда, өнеркәсiп нысандарының қауiпсiздiгiн декларациялау барысына бақылау жасау күшейтiле түстi.
      Алайда, қаланың кәсiпорындары мен ұйымдарында құрылған Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың құрамаларының дайындық жағдайлары қойылатын талапқа сай келмейдi. Қаланың Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметiн материалдық-техникалық жабдықталуы әлi де болса, әлсiз болып отыр.
      Азаматтық қорғаныстың мүлiктерiн, қорғаныс ғимараттарының қорларын, жеке қорғаныс құралдарының запастарын тұрақты дайындықта ұстау мәселелерi  толығымен шешiлмеген.
      Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 7 мамырдағы "Азаматтық қорғаныс туралы"  Заңын , нормативтiк  актiлерiн , табиғи және техногендiк сипаттағы жағдайлардан аумақтар мен халықты, қазiргi заманғы зақымдану құралын қолдану қауiпiнен қорғау жөнiндегi талаптарды жүзеге асыру, жергiлiктi атқару органдары мен ұйымдар басшыларының жауапкершiлiктерiн арттыру, Азаматтық қорғаныстың, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру және дамыту мақсатында, Алматы қаласының Әкiмi  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бекiтiлсiн:
      1) "Алматы қаласының Азаматтық қорғанысын 2010 жылғы кезеңге дейiн дамыту мен жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары" кешендi бағдарламасы (1 қосымша).
      2) "Алматы қаласының Азаматтық қорғанысын 2010 жылғы кезеңге дейiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары" бекiтiлiп, белгiленген тәртiп бойынша Алматы қалалық Мәслихатының қарауына ұсынылсын (2 қосымша).
      2. Аудан әкiмдерi:
      1) 2004 жылғы 1 наурызға дейiн аудандардың Азаматтық қорғанысын 2010 жылғы кезеңге дейiн дамыту және жетiлдiрудiң жоспарын жасап, белгiленген тәртiп бойынша ұсыныс етсiн.
      2) 2004 жылғы 1 шiлдеге дейiн ведомствоға қарасты, қалалық және қала сыртындағы аумақтарда орналасқан қорғаныс ғимараттарының дайындықтары жөнiнде, оларды жиүаздар және басқа да керек-жарақтармен жабдықтау бойынша шаралар қабылдансын;
      3) аудандық жедел-құтқару отрядтарының жұмысын жеке құраммен толықтыру, авариялық-құтқару жабдықтарымен, байланыс құралдарымен жабдықтау арқылы жұмыстарын жолға қою, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн қаланың Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiмен бiрлесiп iс-қимыл жасауын ұйымдастыру;
      4) Азаматтық қорғаныстың басшылары-мекеме басшыларынан табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындай қалған жағдайда жұмыс iстеушi құрамның тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз ететiн материалдық-техникалық, азық-түлiктiк және басқа да ресурстардың резерв қорларын жасау талап етiлсiн;
      5) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 шiлдедегi "Қазақстан Республикасы аумағында Азаматтық қорғаныстың жұмылдыру дайындығын және шараларын қаржыландыру туралы" қаулысына сәйкес ведомстволық аумақта орналасқан ұйымдардағы Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыруды бақылау күшейтiлсiн.

      3. Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары - қалалық эвакуациялық комиссиясының төрағасы (А.Қ.Бижанов) 2004 жылғы 1 сәуiрiне дейiн халықты және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарына, Қазақстан Республикасының облыстары мен аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық бөлiну өзгерiстерiн, сондай-ақ қабылданатын облыстардың нақты мүмкiндiктерiн ескере отырып, өзгерiстер енгiзiлсiн.
      4. Әскери-жұмылдыру бөлiмiнiң бастығы (Е.Т.Абыханов) қалалық әскери комиссарымен (Б.А.Мұхаметжанов) бiрлесе отырып:
      1) 2004 жылдың 1 мамырына дейiн күштер мен аумақтық қорғаныс құралдарын жұмылдырудың ауданын белгiлесiн;
      2) аумақтық қорғаныс жөнiндегi жетекшiлiкке сәйкес, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды басқару органдарын бейбiт жағдайынан соғыс жағдайына көшiру жұмысы қамтамасыз етiлсiн;
      3) жыл сайын командалық-штабтық жаттығу өткiзiлiп, онда аумақтық қорғаныс құрамаларының азаматтық қорғаныс қызметтерiмен, авариялық-құтқару құрамаларымен бiрлесе отырып, мәселелердi практикалық жүзеге асыруы қарастырылсын.
      5. "Алматытелекомның" бас директоры - Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың байланыс және хабарлау қызметiнiң бастығы (А.В.Лезговко) байланыс және хабарлау қызметi құрамаларының, бейбiт және соғыс уақытында алдарына қойылған тапсырмаларды орындауға дайындығын қамтамасыз етсiн, сонымен бiрге олардың техникалық жарақталуын жақсартсын. 2004 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды басқару органдары үшiн белгiленген тәртiп бойынша сым және радиобайланысы құралдарының қажеттi запасын жасау жөнiнде ұсыныс жасасын.

      6. Алматы қаласын радиоландыру орталығының директоры (К.Ш.Жақыпов) адамдар көп жиналатын жерлерге көше дауыс зорайтқыштарын орнату жөнiнде шаралар жасап, жүзеге асырсын.
      7. Алматы қаласының денсаулық сақтау Департаментiнiң бастығы- Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметiнiң бастығы (В.Н. Девятко):
      1) 2004 жылдың 1 ақпанына дейiн қалалық қан тапсыру орталығын құру, жылжымалы далалық госпиталды қажеттi медициналық мүлiктер және жабдықтармен жарақтандыруға, белгiленген тәртiп бойынша ұсыныс түсiрсiн;
      2) зардап шеккендердi жаппай қабылдайтын медициналық емдеу мекемелерi әзiрлесiн, олар жұмыс iстеуi үшiн автономдық режимде, жылжымалы және стационарлық энергиямен қамтамасыз ететiн жабдықтармен жарақтандырылсын.
      8. Алматы қаласының санитарлық - эпидемиологиялық басқармасының бастығы - Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың санитарлық - эпидемиологиялық қызметiнiң бастығы (В.Н.Шеянов) 2006 жылдың 1 қаңтарына дейiн жылжымалы санитарлық-гигиеналық және бактериологиялық лаборатория алсын. Оларды қажеттi мүлiктермен және жабдықтармен қамтамасыз етсiн.

      9. Алматы қалалық мемлекеттiк өртке қарсы  Бас басқармасының бастығы - Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың өртке қарсы қызметiнiң бастығы (Б.С.Құтпанов):
      1) "Алматы қаласының өртке қарсы мемлекеттiк қызметiнiң 2005 жылға дейiнгi бағдарламасын" орындауды жандандырсын, өрт бөлiмшелерiнiң, олардың iшiнде мамандандырылған бөлiмшелердiң әскери дайындықтарын талапқа сай қамтамасыз етсiн. Оларды техникамен және жабдықтармен толықтырсын, авариялық-құтқару жұмыстарын орындай алатын кадрлармен қамтамасыз етсiн;
      2) қаланың жаңа құрылысында, ғимараттарды құруда, қайта жөндеуден өткiзуде өртке шыдамды құрылыс материалын пайдалануды бақылауды күшейтсiн;
      3) өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн бұзатын, адамдар көп жиналатын нысандардың басшыларына қойылатын талап күшейтiлсiн;
      4) 2004 жылдың 1 сәуiрiне дейiн төтенше жағдайлар мен зақымдану ошағында факторлардың екiншi қайталану жағдайында өртке қарсы қамсыздандыруды ұйымдастыру жоспарын жасасын, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың күштерi мен құралдарын тарту тәртiбiн белгiлесiн, авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуде өз ара байланыста болу және бiрлескен ақпарат алмасу жұмыстарын жолға қойсын;
      5) 2005 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қалалық мемлекеттiк өртке қарсы Бас басқармасының жеке құрамын кәсiби мектеп негiзiнде, психологиялық дайындықтан өткiзетiн, спорттық-жаттығу мұнарасы, компьютер класы бар оқу-жаттығу орталығы құрылсын;
      6) 2004 жылдың 1 маусымына дейiн кәсiби және қоғамдық өрттен қорғану күшiн даярлау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар жасалсын. Құрамының әзiрлiгi авариялық-құтқару жұмысын жүргiзу құқына аттестациялаудан өткiзу кезiнде анықталсын.
      10. Алматы қалалық iшкi iстер бас басқармасының бастығы - Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың қоғамдық тәртiп сақтау қызметiнiң бастығы (М.М.Оразалиев):
      1) шұғыл ден қою арнайы отрядын, мүмкiн болатын террорлық актiлердiң алдын алу үшiн мамандандырылған жабдықтармен және техникамен жарақтау жөнiнде, белгiленген тәртiп бойынша ұсыныс түсiрсiн;
      2) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың энергетика (Д.Б. Есжанов), газбен жабдықтау (А.В.Толстобров), сумен жабдықтау (В.А. Зуев) қызметтерiмен бiрлесе отырып, қала тiршiлiгiн қамтамасыз ету нысандарын күзетудi бақылауды күшейтсiн, лаңкестiк актiлерге ден қоюда бiрлесiп жасайтын iс-қимыл мәселелерi нақтыласын;
      3) өндiрiсте жарылғыш және күштi әсерлi улы заттарды пайдаланатын кәсiпорындар мен нысандарды күзету және рұқсат режимiн сақтау жөнiндегi профилактикалық жұмыс күшейтiлiп, жандандырылсын.

      11. Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы Департаментiнiң төрағасы (С.К. Баймағамбетов) 2004 жылдың 1 сәуiрiне дейiн белгiленген тәртiп бойынша "Алматы қаласын 2020 жылғы кезеңге дейiн дамытудың Бас жоспарын" қала ерекшелiгiн және Азаматтық қорғаныстың талаптарын есепке ала отырып, қала құрылысының нормаларын қайта қарау жөнiнде ұсыныс түсiрсiн, онда қорғаныс құрылыстары бар ғимараттардың типтiк жобаларын жасау, бейбiт және соғыс уақытында тұрғызылатын типтiк қорғаныс құрылыстарын, жерасты кеңiстiгiндегi нысандарды игеру және пайдалану, соғыс уақытында жылдам тұрғызылатын қорғаныс құрылыстарын орналастыру және салу қарастырылсын.
      12. Алматы қаласы күрделi құрылыс Департаментiнiң бастығы - Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың инженерлiк қызметiнiң бастығы (М.Ш. Серғазин) Алматы қаласы Мемлекеттiк сәулет-құрылысын бақылау Департаментiнiң бастығы (М.С. Әбдiбаев) бiрлесе отырып, сейсмикалық (төтеп беретiн) ғимараттар мен құрылыстардың ең алдымен адамдар көп жиналатын және қала тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн нысандардың сейсмикалық күшейтiлу жұмыстарының барысына бақылау жасауды қамтамасыз ететiн болсын.
      13. АПК бас директоры - энергетика қызметiнiң бастығы (Д.Б.Есжанов), "Алматы газ желiлерi" ААҚ бас директоры - Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың газбен жабдықтау қызметiнiң бастығы - (А.В. Толстобров), "Суканал" МКК - бас директоры - Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың сумен жабдықтау қызметiнiң бастығы (В.А.Зуев):
      1) бағыныстағы кәсiпорындарында азаматтық қорғаныстың қолда бар мүмкiндiгiн, оның материалдық-техникалық негiзiн сақтау және дамыту жөнiндегi белгiленген талаптардың сақталуын, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге құрамалардың дайындығы жағдайын үйлестiру және бақылауды қамтамасыз етiлсiн;
      2) қала коммуникациясы жолдарының зақымдануына кедергi жасайтын, автоматты түрде ажырататын инженер-техникалық шаралар ұйымдастыру қарастырылған "Кедергi" жүйесiн орнатуды аяқтау бойынша шаралары жасалсын.

      14. Салттық қызмет көрсету арнайы комбинатының директоры - Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың салттық қызмет көрсету қызметiнiң бастығы (А.С. Несiпбаев) 2004 жылдың 1 ақпанына дейiн белгiленген тәртiппен табиғи және техногендiк сипаттағы апаттың салдарынан қаза болған адамдарды жерлейтiн қаланың әкiмшiлiк-аумақтық шекарасынан жер бөлуге ұсыныс жасасын.
      15. Жолаушылар тасымалдау коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының бас директоры -Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың автокөлiк қызметiнiң бастығы (Ж.К. Темiржанов):
      1) 2004 жылдың 1 ақпанына дейiн Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың салттық қызмет көрсету қызметiмен (А.С.Несiпбаев) бiрлесе отырып, қаза болған адамдарды тасымалдау және жерлеуге тартылатын қаланың автокөлiк кәсiпорындары мен қажеттi автотехниканың тiзiмiн анықтасын;
      2) 2004 жылғы қаңтар айынан бастап, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындау қаупi төнген және жүз берген жағдайда автокөлiк кешенiнiң iс-қимылы жоспарын пысықтау бойынша арнайы жаттығулар өткiзсiн.
      16. Алматы қалалық бiлiм Департаментiнiң директоры - Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың  оқыту қызметiнiң бастығы (Г.Е. Есiмбаева):
      1) 2004 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн қаланың оқу орындарын "Тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi" және "Тiршiлiк қауiпсiздiгi" пәнi бойынша дайындық курсынан өткен оқытушылармен толықтырылсын, оқытушылар ұжымы оқушылар арасында Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасы заңын насихаттауды күшейтуге назар аударсын;
      2) 2005 жылғы 1 қыркүйекке дейiн "Тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi" курсы және "Тiршiлiк қауiпсiздiгi" пәнi бойынша Алматы қаласының аймақтық ерекшелiктерiн есепке ала отырып, компьютерлiк ойын және компьютерлiк оқыту бағдарламасын кеңейту, бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларға қалыптасуды жетiлдiру үшiн тренажерлармен қамтамасыз ету қарастырылсын;
      3) Алматы қалалық әскери комиссариаты (Б.А. Мұқаметжанов), Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы (Б.Б. Ысқақов), Алматы қалалық Құтқару қызметi (Р.Р. Хайбуллин), Алматы қаласы Мемлекеттiк жастар саясатын дамыту қорымен (А.Б. Құдайбергенов) бiрлесе отырып, бастауыш әскери дайындық және тiршiлiк негiзi жөнiндегi бiлiмiн нығайту мақсатында, 2004 жылдан бастап, оқушыларға жаздық спорттық-сауықтыру лагерлерiн ұйымдастырсын.

      17. Алматы қаласы өнеркәсiп және сауда Департаментiнiң бастығы - Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың материалдық, сауда және тамақтандыру қызметiнiң бастығы (М.А.Мұқамбетов):
      1) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы (Б.Б. Ысқақов) - Алматы қаласының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың қызметтерiмен бiрлесе отырып, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн материалдық-техникалық резервтiң қолда бар мөлшерiн есепке алу жұмысын аяқтасын және материалдық-техникалық, азық-түлiк және басқа да құрал-саймандардың қорларын толықтыру жұмысын ұйымдастырсын. Зардап шеккен халықты жинау орындары толық жұмыс iстеуi үшiн жоғарыда көрсетiлген резервтiң нақты жинақталуы қамтамасыз етiлсiн;
      2) "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға және ерекше кезеңге материалдық-техникалық, азық-түлiктiк, медициналық және басқа да ресурстарының жергiлiктi қорын жасау туралы" мәселесiн қарау үшiн, Алматы қалалық Мәслихатының жұмыс жоспарына енгiзуге белгiленген тәртiп бойынша ұсыныс жасалсын.
      18. Төтенше жағдайлар жөнiнде басқармасының бастығы (Б.Б. Ысқақов):
      1) Алматы қаласының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың  қызметiмен бiрлесе отырып, Алматы қаласының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнiндегi Дағдарыс орталығын құру ұйымдастырсын, қоршаған ортаның жағдайын бақылау және қадағалау жұмысын, өте қауiптi нысандардағы және оларға жалғасып жатқан аумақтардағы жағдайларды бақылауды жүзеге асыратын Алматы қаласының жедел-диспетчерлiк басқармасының бiртұтас радиобайланысының жедел жүйесiн енгiзу қамтамасыз етiлсiн;
      2) белгiленген тәртiппен инженерлiк қорғаудың мобильдiк отрядтарын, ауыр инженерлiк техника және құралдармен жабдықтау, сондай-ақ қаланың күзетiлмейтiн акваторияларында зардап шеккендерге жәрдем беретiн маневрлiк-iздестiру топтарын құру жөнiнде ұсыныс  жасалсын;
      3) өнеркәсiп нысандарының қауiпсiздiктерiне декларация жасалу барысына тұрақты түрде бақылау жасалсын, онда төтенше жағдайларды ескерту және жоюға қауiптi деген нысандардың дайындықтары туралы қорытынды беру тәртiбi сақталсын;
      4) барлық деңгейдегi басшылардың халықты төтенше жағдайларға әзiрлеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру және дамыту жөнiндегi жауапкершiлiгi арттырылсын, халықтың қауiпсiздiк мәдениетiн қалыптастыру бойынша жұмыстарын одан әрi жалғастырсын;
      5) ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасымен (Ж.Б.Бекболатұлы ) бiрлесе отырып, ақпарат құралдарында, Алматы қаласының азаматтық қорғаныс мәселесiнiң мақсаттары мен мiндеттерi туралы материалдарды жариялау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнiндегi әдiстемелiк материалдарды басып шығару жөнiндегi жұмыс жандандырылсын.
      19. Алматы қалалық қаржы басқармасының бастығы (Қ.Қ. Тәжiбаев) жыл сайын жергiлiктi бюджеттiң жобасын жасағанда тиiстi жылға "2010 жылғы кезеңге дейiн Алматы қаласының Азаматтық қорғанысын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарын" қаржыландыруға қаражат бөлудi қарастырсын.
      20. Аудан әкiмдерi осы шешiмнiң орындалу барысы туралы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша және берiлген тапсырманың белгiленген мерзiмi бойынша орындалуына қарай үнемi баяндап тұратын болсын.
      21.Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсiн.

       Алматы қаласының Әкiмi

Алматы қаласы әкiмiнiң
2004 жылғы "22" ақпандағы
N 10 шешiмiне
N 1 Қосымша

 
Алматы қаласының Азаматтық қорғанысын
2010 жылғы кезеңге дейiн дамыту мен
жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары

Алматы 2004ж.

Алматы қаласы Азаматтық қорғанысын
дамытудың негiзгi бағыттары

 
      Алматы қаласы Азаматтық қорғанысын дамытудың негiзгi бағыттары мүмкiн болатын қазiргi заманғы соғыс жағдайына Азаматтық қорғанысты дамытудың негiзгi мақсаттары мен принциптерi және дамыту басымдылығының ресми түрде қабылданған жүйесi болып табылады.
      Олар төмендегi мәселелерге негiз болады:
      1) өкiлеттi және атқарушы органдардың, экономикалық, әлеуметтiк құрылымның халықтың қаланы Азаматтық қорғаныс саласына дайындықтарын қамтамасыз етуге қалыптастырудың және бiртұтас саясат жүргiзуге;
      2) Алматы қаласы Азаматтық қорғанысын жасаудың, жүзеге асыру және дамыту бағдарламасына;
      3) Азаматтық қорғаныс, өкiметтi және атқарушы органдардың шаралары мен жоспарларын, Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмшелерiн, Азаматтық қорғаныс құрамаларын, Қорғаныс Министрлiгi мен Iшкi Iстер Министрлiгi бөлiмшелерiн қосқандағы Азаматтық қорғаныс күштерiнiң жоспарлары және шараларымен байланыстыруға;
      4) Азаматтық қорғаныс саласындағы қалалық нормативтiк-құқықтық негiзiн жетiлдiру және одан әрi дамытуға.
      2010 жылға дейiнгi кезеңге дамытудың негiзгi бағыттары әскери қақтығыстың мүмкiн болған сипатына, қаланың Азаматтық қорғаныс жағдайы сараптамасына негiзделiп жасалған. Онда Азаматтық қорғаныс саласының шараларын жүзеге асырудың нақты экономикалық мүмкiндiктерi ескерiлген. Құқықтық нормативтiк негiзiн Қазақстан Республикасының " Азаматтық  қорғаныс туралы", " Алматы  қаласының ерекше құзыры туралы" заңдары, сондай-ақ мемлекеттiк қорғаныс саласындағы басқа да заңдар, Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiгiнiң Азаматтық қорғаныс саласындағы қаулылары құрайды.
      Негiзгi бағыттарда Алматы қаласы Азаматтық қорғаныс саласы жүйесiнiң құқықтық және ұйымдық негiзi, Азаматтық қорғаныс саласындағы саясаттың мақсаттары, принциптерi мен ерекшелiктерi, оны дамыту мен жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын, жүзеге асыру тәртiптерi көрсетiлген.

  1. Жалпы ереже

1.1. Азаматтық қорғаныстың қазiргi замандағы
рөлi мен орны

      Алматы қаласы Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк, әкiмшiлiк, мәдени және ғылыми iрi орталығы болып табылады. Мүмкiн болған әскери қимылдардың Алматы қаласындағы ең басты қарулы қақтығыс түрi:
      1) қауiптiлiгi жоғары нысандарда, тiршiлiктi қамтамасыз ету нысандары жүйелерiнде, халық көп жиналатын жерлерде лаңкестiк және диверсиялық актiлер;
      2) халыққа ғарыштық психотроптiк қарудың әсерi;
      3) басқару органдары мен маңызды стратегиялық нысандарға нысаналық соққы жасау;
      4) басқару жүйелерiне радио-электрондық басу;
      5) нейтрондық қаруды жаппай қолдану.
      Сондай-ақ Алматыға қазiргi заманғы жаппай қырып-жоятын қаруды қолдануды толық есептен шығаруға болмайды.
      Алматы қаласы аумағында соғыс қимылдары салдарынан кең көлемдi зақымдану ошағы пайда болуы мүмкiн, сонымен бiрге халық арасында көптеген шығынға ұшырау, оның өмiр-тiршiлiк жағдайлары түбегейлi өзгеруi ықтимал; соғыс қимылдарының қазiргi заманғы сипатын ескере отырып, Мемлекеттiң Алматы қаласы Азаматтық қорғанысының нақты экономикалық мүмкiндiктерiн ескере отырып, XXI ғасырда төмендегiдей болуы тиiс:
      1) соғыс қимылдарының кез-келген түрде дамуында алда тұрған мiндеттердi орындай алатындай икемдi және маневрлi болуы тиiс;
      2) соғыс уақытында қимыл жасау үшiн және табиғи, техногендiк сипатта жедел-мобильдi;
      3) шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру мақсатына қаржы және материал жұмсауда нақты-үнемдi болу.
      Осыған байланысты Азаматтық қорғаныс соғыс қимылдары немесе табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар қаупiнен халықты, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау жөнiндегi жалпы Мемлекеттiк жүйе ретiнде, мемлекеттiң қорғаныс және әлеуметтiк-экономикалық саясатының маңызды салаларының бiрi болып табылады.

  1.2. Алматы қаласы Азаматтық қорғанысын
дайындау және жүргiзудiң негiздерi

      Азаматтық қорғаныстың тапсырмаларын орындау Алматы қаласының барлық атқарушы органдары мен ұйымдарының, олардың ұйымдық-құқықтық және меншiктiк түрлерiне қарамай, сондай-ақ қала тұрғындарының әр қайсысының мiндетi болып табылады.
      Алматы қаласы Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру, әзiрлеу және жүргiзу Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жөнiндегi нормативтiк, құқықтық актiлерiне, сол сияқты Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының бастығы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң директиваларына, Азаматтық қорғаныс бастығы  Алматы қаласы Үкiмiнiң өкiмдiк құжаттарына сай жүзеге асырылады.
      Жергiлiктi қорғаныс нысандарына жатқызылған ұйымдар мен мекемелерде Азаматтық қорғаныс мiндеттерi ведомстволық ережелерге сәйкес шешiледi.
      Алматы қаласының Азаматтық қорғанысы аумақтық-өндiрiстiк принципке сәйкес ұйымдастырылады.
      Қаланың Азаматтық қорғанысты басқару iсiн, қызмет бабы бойынша Алматы қаласы Азаматтық қорғанысының бастығы болып табылатын - қала әкiмi жүзеге асырады.
      Қалада Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар шараларын үйлестiретiн және орындалуын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiгiнiң аумақтық бөлiмшесi Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы бар; ол қала әкiмiнiң Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмысшы органының мiндетiн атқарады.
      Басқарма бастығы қызмет бабы бойынша қала Азаматтық қорғанысы бастығының орынбасары болып табылады.
      Қала аудандарында Азаматтық қорғанысқа басшылықты қалалық аудандардың әкiмдерi жүзеге асырады.
      Қалалық аудандарда төтенше жағдайлар жөнiндегi қалалық басқарма бастығының және аудандық әкiмдердiң Азаматтық қорғаныс жөнiндегi мәселелерi бойынша тапсырмаларына басшылық жасау үшiн аудандық төтенше жағдайлар жөнiндегi бөлiмдерi құрылған.
      Аудандық төтенше жағдайлар жөнiндегi бөлiм бастығы қызмет бабы бойынша аудандық Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары болып табылады.
      Ұйымдардағы Азаматтық қорғанысқа басшылық жұмысын олардың бiрiншi басшылары жүзеге асырады, өйткенi, олар қызмет бабы бойынша Азаматтық қорғаныстың тиiстi бастықтары болып табылады.
      Азаматтық қорғаныстың бастықтары Қазақстан Республикасы заңына сәйкес берiлген өкiлеттiлiк шеңберiнде, олардың қарамағындағы аумақтарда, салалар мен ұйымдардағы Азаматтық қорғаныстың жағдайларына тiкелей жауап бередi.
      Азаматтық қорғаныс бастықтары Азаматтық қорғанысқа басшылық жасау iсiн осы саладағы тапсырмаларды шешу үшiн арнайы өкiлеттiлiк берiлген басқару органы арқылы жүзеге асырады:
      1) Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы;
      2) аудандық төтенше жағдайлар жөнiндегi бөлiмдерi;
      3) ведомстволар мен ұйымдардағы, олардың ұйымдық-құқықтық түрiне қарамай, Азаматтық қорғаныс iсi жөнiндегi штабтары (бөлiмдер, секторлар, қызметшiлер).
      Жаппай зақымдану ошақтарында авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн Азаматтық қорғаныстың күштерi мен құралдары құрылады.
      Азаматтық қорғаныс күштерiнiң құрамына аумақтық, нысандық, Азаматтық қорғаныс қызметiнiң және төтенше жағдайлардың құрамалары, сондай-ақ жедел-құтқару отрядтары кiредi.
      Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмшелерi, Азаматтық қорғаныс саласындағы тапсырмаларды шешуге Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiп бойынша тартылады.
      Азаматтық қорғаныс жөнiндегi шараларды орындау үшiн атқарушы органдардың шешiмiмен Азаматтық қорғаныстың қалалық және аудандық қызметтерi құрылады. Азаматтық қорғаныстың құрамы мен мiндеттерiн Азаматтық қорғаныстың тиiстi бастықтары белгiлейдi.
      Азаматтық қорғаныс құрамалары төтенше жағдайлардың қаупi бейбiт және соғыс кезiнде туындағанда авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арналған.
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1490  қаулысына  сәйкес, Алматы қаласы Азаматтық қорғанысының штатын, құрамаларды жабдықтау нормасын, табиғи және климат ерекшелiктерiн есепке ала отырып, нақты қауiптi және өте маңызды нысандардың мөлшерiне қарай, 10 адамға бiр құтқарушыдан келетiндей есеппен белгiленедi.
      Азаматтық қорғанысты дер кезiнде дайындау (бейбiт уақытта) халықты, материалдық және мәдени құндылықтарды соғыс қимылдарын жүргiзу немесе табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан тиiмдi қорғаудың маңызды шарттарының бiрi болып табылады.
      Алматы қаласының Азаматтық қорғанысы бейбiт уақытында төмендегi мiндеттемелердi шешуге дайын тұруы керек:
      1) басқару органдарын және Азаматтық қорғаныстың күштерi мен құралдарын соғыс уақыты жағдайында және табиғи, техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар қаупi төнгенде жедел әзiрлеудi қамтамасыз етуге;
      2) қауiптi кезеңде және соғыс уақытында, сондай-ақ табиғи, техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындау қаупi төнгенде халықты эвакуациялау жұмысын жүргiзуге;
      3) төтенше жағдайлар аумағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды орындауға;
      4) Қала халқын қорғаныс орындарына орналастыруға;
      5) халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге.
      Азаматтық қорғаныс дайындығына жататын мәселелер:
      1) Азаматтық қорғаныс жоспарларын жасау;
      2) соғыс қимылдарын жүргiзу немесе табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда халықты қауiп-қатерден қорғану тәсiлдерiне оқыту;
      3) басшы құрамды Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыруға, бағыныстағы күштер мен құралдарды соғыс уақыты жағдайында басқаруға, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындау және пайда болу қаупi төнгенде iс-қимылға оқыту;
      4) байланыс жүйесiн құру және оларды үнемi дайындықта ұстау, Азаматтық қорғанысты соғыс қимылдары салдарынан болатын қауiп туралы хабарлап тұру;
      5) халықты, материалдық және мәдени құндылықтарды қауiпсiз аумақтарға эвакуациялауға әзiрлеу;
      6) атқару өкiметiнiң басқару органдары пункттерiн құру және жарақтандыру жұмысына қатысу;
      7) қауiпi жоғары нысандарында, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерiнде сақтандыру қорын құру;
      8) бейбiт уақытында қала халқын қорғау үшiн баспанасы қорын жасау, сол сияқты жеке қорғаныс құралдарын жинау;
      9) баспаналарды жасау және оларды тiкелей арналуына қарай, үнемi дайындықта ұстау;
      10) түстiк және басқа да жарық бүркемесi шараларын әзiрлеу;
      11) авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды орындауға қажеттi күштер мен құралдарды құру және дайындау;
      12) соғыс уақытында ең маңызды қала мекемелерi мен экономика нысандары, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн нысандардың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жасау және жүзеге асыру;
      13) соғыс қимылдары немесе осы қимылдардың салдарынан зардап шеккен халыққа бiрiншi кезекте қамтамасыз ететiн жағдай жасау;
      14) Азаматтық қорғанысты басқару жүйесiн соғыс уақытына дайындау.
      Азаматтық қорғанысты жүргiзу, соғыс жағдайын хабарлау, соғыс қимылдарының басталу кезiнен, Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы аумағында немесе Алматы қаласында соғыс немесе төтенше жағдай туралы жариялаған кезден басталады.
      Алматы қаласы Азаматтық қорғанысының жоспары Алматы қаласы Азаматтық қорғанысы бастығы белгiленген тәртiп бойынша iске қосады.
      Азаматтық қорғанысты жүргiзуге жататын мәселелер:
      1) Азаматтық қорғаныс басқару органдары мен жүйелерiн дайындыққа келтiру;
      2) Азаматтық қорғаныс шараларын жүзеге асыру мобилизациялық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады;
      3) халықты, материалдық және мәдени құндылықтарды соғыс қимылдары салдарынан туындайтын қатерден қорғау шараларын жүргiзу;
      4) авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу;
      5) соғыс қимылдары салдарынан жапа шеккен халықтың тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;
      6) Азаматтық қорғаныс күштерiнiң қимылдарын қамтамасыз ету.
      Азаматтық қорғаныстың күштерi мен құралдарын басқару iсiн Азаматтық қорғаныс басшылары басқару пунктiнен жүзеге асырады.
      Алматы қаласының Азаматтық қорғанысы соғыс уақыты жағдайында қамтамасыз ететiн қызметтерi:
      1) шабуыл туралы хабар беру және халықты қорғаныс орындарына жинау;
      2) халықты белгiленген нормативтерге сәйкес, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
      3) халықты соғыс қимылдары салдарынан туындайтын қауiп-қатерден қорғануға жаппай үйрету;
      4) халықты соғыс қимылдары аймағынан және қауiптi аумақтардан көшiру;
      5) жаппай қырып-жоятын қару қолдану қаупi төнген жағдайда халықты қаладан жаппай эвакуациялау (ерекше нұсқау бойынша);
      6) халықты және жеке құрамды жоғары дәлдiктегi қару қолдану немесе қайталама факторлар қаупi төнгенде жарым-жартылай көшiру;
      7) материалдық, мәдени құндылықтарды қауiпсiз аумақтарға эвакуациялау немесе оларды арнайы қоймаларға жасыру;
      8) соғыс уақытында жұмыс iстеп жатқан нысандарды және қала аумағын жарық, сондай-ақ перделеудiң басқа түрлерi бойынша шаралар тобын жасау;
      9) күштер мен құралдарды шабуыл жасау құралдарын қолдану зардаптарын жоюға, жапа шеккен халыққа жәрдемдесу үшiн үнемi әзiрлiкте ұстау;
      10) қала аумағындағы жағдайды үнемi бақылап тұру;
      11) соғыс қимылдары жүргiзiлген аумақтарда тәртiп орнатып, бақылап отыру;
      12) тiршiлiктi қамтамасыз ететiн нысандар жүйесiн дереу қалпына келтiру;
      13) қаза тапқандарды дереу жерлеп, эпидемияның туындауына жол бермеу;
      14) соғыс қимылдары салдарынан немесе осы қимылдар салдарынан зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;
      15) Азаматтық қорғаныстың шараларын тұрақты түрде басқару.

  1.3. Алматы қаласының Азаматтық
қорғанысының жағдайы

      Алматы қаласында Азаматтық қорғаныстық және төтенше жағдайлардың iс-әрекеттi басқару құрылымы құрылған және жұмыс iстеп отыр. Халыққа дереу хабар беретiн байланыс жүйесiнiң дайындығы қамтамасыз етiлген. 051-бiртұтас кезекшiлiк-диспетчерлiк қызметi құрылған, ол ойдағыдай жұмыс iстеп жатыр. Мұның өзi төтенше жағдайлар туралы хабарды қазiргi заманғы ақпарат технологиясы негiзiнде төтенше жағдайларды жинау, өңдеу жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк туғызды. Алматы қаласының дағдарыс орталығын құру жөнiндегi жұмыс жүрiп жатыр, ол тек келiп түскен хабарды ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бiрге оларды өңдеуге мүмкiндiк туғызады, сонымен бiрге авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге жағдай жасайды. "Алматы қаласы құтқару қызметi" Мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорны құрылған. Ол жеке құраммен, қажеттi техникамен, арнайы жабдықтармен, авариялық құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргiзетiн құралдармен жабдықталған. Халықтың төтенше жағдайлардағы, оның iшiнде қазiргi заманғы қырып-жоятын қару қолданудан қорғау үшiн қалада 300 зардап шеккен адамға арналған автономды терапиялық дала госпиталы және 1000 адамдық палаталық қалашық бар. Алматы қаласы әкiмi мен аудан әкiмдерiнiң қалалық және қала сыртында басқару пункттерi жөндеуден өткiзiлiп, дайындыққа келтiрiлген. Азаматтық қорғаныстың мүлiктерiн, жұмылдыру резервтерiн сақтайтын қоймалары күнделiктi жөндеуден өткiзiлген. 
      Халыққа төтенше жағдайлардың туу қатерi және тууы туралы хабар беру мәселесi жолға қойылған, ол кабелдiк теледидардың 50 каналын, 5 теле және 7 радио коммерциялық компания, қалалық радиоландыру орталығының 3 бағдарламасы, сол сияқты хабарламаның жылжымалы құралдары арқылы жүзеге асырылмақ.
      Қолда бар С-40 250 электр-дабылына қосымша қала хабары қамтымайтын орындарға 30 электр-дабылы орнатылған.
      Алайда, Алматы қаласы Азаматтық қорғанысы қазiргi заманғы талаптарға толық сай емес. Азаматтық қорғаныстың қолда бар байланыс жүйесi соғыс уақытындағы жағдайда жұмысты ойдағыдай жүргiзудi қамтамасыз ете алмайды. Ерекше жағдайға арналған байланыс желiсi ескiрген. Қазiргi заманғы байланыс түрiне ауыстырудың тек бiрiншi қадамы ғана жасалған сондықтан цифрлық телефон станциясы орнатылған, оптоталшықтық Азаматтық қорғаныстың басқару пунктi опто-талшықтық желiсiне қосылған.
      Қазiргi қолда бар, халыққа хабар беру жүйесi талапқа сай емес, ол мына себептерге байланысты түбегейлi қайта құруды қажет етедi:
      1) электрондық хабар беру жүйесiнде пайдаланып келген С-40 аппараты ескiрген, оның бiразы жұмыс iстемейтiн шаруашылық нысандарына орнатылған;
      2) халыққа теле-радио каналы арқылы хабар беру мәселесiн ұйымдық-техникалық жағынан шешу тек төменгi тұрақтылығымен ғана ерекшеленедi (аппарат тек бiр жерде Көктөбенiң теле-мұнарасында орнатылған), барлық теле-радио хабары бағдарламасы сондықтан да кабелдiк теледидардың, соның iшiнде әртүрлi меншiк түрлерi мақсатқа сай емес.
      Қорғану құрылысы жүргiзiлмейдi. Көптеген қорғану ғимараттарында техникалық қызмет көрсету, тiршiлiк қамсыздандыру жүйесiн жөндеу қызметi жүргiзiлмейдi, сондықтан олардың бiразы қорғанушыларды қабылдай алмайды. Жеке қорғаныс құралдары және дозиметрлiк бақылау приборларының қоры төмендеп кеттi, өйткенi оларды белгiленген нормаға жеткiзуге қаржы тапшылығы қолбайлау болып отыр.
      Азаматтық қорғаныс құрамаларының дайындықтары төменгi дәрежеде болып отыр.
      Қала шаруашылықтарының және халықтың соғыс кезiндегi тiршiлiктерiн қамтамасыз ететiн кәсiпорындары мен нысандарының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн шаралар өте төмен дәрежеде жүргiзiлуде.
      Азаматтық қорғаныстың басқару органдары, өзара бiрлесiп әрекет жасайтын күш құрылымдары топографиялық карталармен қамтамасыз етiлмеген. Бiртұтас кодировка жасау, жұмысшы карталарының бiртұтас масштабтары жоқ.
      Жарық және жасырынудың басқа да түрлерi бойынша шаралар жүргiзу жұмыстары өте баяу жүргiзiлуде, соғыс қимылдары салдарынан зардап шеккен халықтың тiршiлiктерiн қамтамасыз ететiн шараларда ойдағыдай жүргiзiлмейдi.
      Жедел шешудi қажет ететiн мәселелер:
      1) Азаматтық қорғаныстың және нақты жаңадан қалыптасқан жағдай проблемаларын шешудегi көне көзқарас қайшылықтары (қарулы күштердi қолданудың сипаттарына, тәсiлi мен масштабына, жаңадан пайда болған қару мен қару жүйелерiне, қалыптасқан әскери-экономикалық мүмкiндiктерге, Алматы қаласы халқын көшiруге жоспарланған кейбiр облыстардың құзырларына деген көзқарасты түбегейлi өзгерту);
      2) iрi көлемдi соғыс қимылдары, соның iшiнде жаппай қырып-жоятын қару қолдана отырып, жүргiзiлген жағдайда, халықты, экономика нысандарын қорғау жөнiндегi декларация жасау және нақты мүмкiндiктер арасындағы айырмашылықтар;
      3) Азаматтық қорғаныстың бейбiт уақыттағы төтенше жағдайларды жою жұмысына қатысуға толық дайын еместiгi;
      4) Азаматтық қорғанысты жоспарлау және кейбiр шараларды шешудегi формализм;
      5) қала халқының Азаматтық қорғаныстың шараларына қатысу деңгейiнiң төмендеуi, қоғамда немқұрайдылық, скептицизм, Азаматтық қорғаныс шараларының тиiмдiлiгiне сенiмсiздiкпен қарау.
      Қазiргi кезде Азаматтық қорғаныс дамуының төменгi дәрежесiне жеттi десек, қателеспеймiз, сондықтан оның қызметiнiң принципiн, түрi мен тәсiлiн түбегейлi өзгертудi талап етедi, оның шараларын жоспарлауда және жүзеге асыруда жаңа көзқараспен қарауды талап етедi.

  2. Алматы қаласы Азаматтық қорғанысын
дамытудың басым бағыты

      Алматы қаласы Азаматтық қорғанысы дамуының басым бағыты мемлекеттiң Азаматтық қорғаныс жөнiндегi саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етедi, ол XXI ғасырдың басында төмендегiдей ерекшелiктермен айқындалады:
      1) Азаматтық қорғаныстың шараларын жоспарлау және жүргiзуде мемлекет пен қаланың рөлiн күшейту;
      2) Азаматтық қорғаныстың шараларын орындауда экономикалық факторлардың және ынталандырудың рөлiн күшейту;
      3) Азаматтық қорғаныстың гуманитарлық саласындағы қызметi шеңберiн кеңейту;
      4) Азаматтық қорғанысты жетiлдiру мен дамытудың негiзгi базасы ретiнде қалалық төтенше жағдайларды ескерту және жою жөнiндегi жүйенi одан әрi жетiлдiру.

  2.1. Халықты оқыту, Азаматтық қорғанысты басқару
органдарының басшылары мен мамандарын даярлау
жүйесiн дамытудың тиiмдiлiгiн арттыру

      Халықты оқыту, басқару органдарының басшы құрамы мен мамандарын, Азаматтық қорғаныс құрамаларын даярлау "Басшы құрамды, Азаматтық қорғаныс құрамаларын даярлау және халықты төтенше жағдайлардың әрекеттерiне оқыту жүйесi" Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiтетiн шеңберiнде жүзеге асырылады және жүргiзiледi. Басшы құрамды және басқару органдары мамандарын, Азаматтық қорғаныстың жеке құрамын даярлауда барлық қолда бар тәсiлдер мен даярлау әдiстемелерi пайдаланылады, соның өзiнде олардың басым бағыты командалық-штабтық және Азаматтық қорғаныстың кешендi жаттығулары, штабтық және нысандық жаттығулары, сондай-ақ Азаматтық қорғаныстың құрамаларымен жүргiзiлетiн тактикалық арнайы жаттығулары болып табылады.
      Оқушы жастарды даярлау тiршiлiк қауiпсiздiгi бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылады.
      Өндiрiс және қызмет көрсету саласында iстемейтiн халықты даярлау жалпы ақпарат құралдарының көмегiмен ақпараттық оқыту есебiнен, сонымен бiрге өздiгiнен оқыту арқылы жүзеге асырылады.
      Азаматтық қорғаныс жөнiндегi даярлық жүйесiнiң негiзгi бағыттары болып табылатындар:
      1) Азаматтық қорғаныс саласында халықты және мамандарды кешендi мақсатты бағдарламасын жасау, сондай-ақ жүзеге асыру;
      2) Алматы қаласы халқын даярлаудың құрамын және тәртiбiн анықтайтын нормативтiк, құқықтық құжат жасау және қабылдау;
      3) Азаматтық қорғаныстың командалық-штабтық және кешендi нысандық жаттығулары, сол сияқты Азаматтық қорғаныстың құрамаларымен жүргiзiлетiн тактикалық арнайы жаттығулар жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде кешендi шаралар жасау;
      4) Азаматтық қорғаныстың жаңа және қолда бар оқу-материалдық базасын жасау, жетiлдiру;
      5) Азаматтық қорғаныс саласы бойынша, Алматы қаласының регионалдық ерекшелiктерiн ескере отырып, халықтың барлық категориясын даярлаудың оқу бағдарламасын жасау және енгiзу;
      6) даярлық жүйесiне қазiргi заманғы ақпарат технологиясын компьютерлiк оқу бағдарлама, бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларға төселу жөнiндегi компьютерлiк ойындарды енгiзу;
      7) "Ұлан" түрiндегi ойын практикасын кеңейту, "Жеткiншек құтқарушылардың" арнайы жаздық лагерлерiн ұйымдастыру, кадет корпусын құру т.б.;
      8) Алматы қаласында Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша оқу-консультативтiк пункттердiң жүйесiн құру;
      9) бейбiт және соғыс уақытындағы тiршiлiк қауiпсiздiгi, сондай-ақ төтенше жағдайлардан қорғану жөнiнде қазiргi заманғы оқу-әдiстемелiк және әдеби, көрнекi құралдар жасау және басып шығару;
      10) қоғамдық және ұйымдар қозғалысын жасау, дамыту, олар өз қызметiн бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардан қорғану, кеңiнен тарату, насихаттау арқылы жүзеге асырады;
      11) бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардан қорғану жөнiндегi бiлiмдерiн, насихатын теле-радио хабарларын ұйымдастыру;
      12) авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар технологиясын практикалық пысықтау үшiн полигондар жасау;
      13) Қазiргi заманғы құтқару технологиясы тәсiлдерiн игерудiң компьютерлiк оқыту және жаттығу бағдарламасын құру.

  2.2. Азаматтық қорғаныстың хабарландыру
жүйесiн жетiлдiру

      Хабарлама жүйесiн жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары:
      1) Дағдарыс орталығын құру;
      2) халыққа электрондық-дабылдық жүйенi жаңарту;
      3) қаланың бiртұтас кезекшiлiк-диспетчерлiк қызметiн кеңейту;
      4) геохабарламалық жүйенi енгiзу;
      5) байланыстың сандық желiсiмен, телерадиоканалында, соның iшiнде кабельдiк теледидар каналы бойынша жұмыс iстейтiн хабарламаның қазiргi заманғы аппаратын жасау және енгiзу;
      6) қауiптi аймақтарда орналасқан нысандар халқына хабар берудiң локалдық жүйесiн кеңейту, олардың бiртұтас кезекшiлiк-диспетчерлiк қызметi қоса болуы тиiс;
      7) радиотрансляциялық желiсi каналы бойынша жұмыс iстейтiн халыққа хабар беретiн жүйенi жаңарту;
      8) халыққа хабар беретiн, дыбыс жазатын құралдардың жаңа түрiн енгiзу;
      9) энергияға тәуелдi емес базалық стационарлық және мобилдiк түрлерiнiң халыққа хабар беретiн дыбыс жазу құралдарының жаңа түрлерiн енгiзу.

  2.3. Эвакуациялық шараларды жетiлдiру

      Қазiргi заманғы соғыстарда және қарулы қақтығыстарда халықты қауiптi аудандардан эвакуациялау қорғаудың iс-әрекеттiк тәсiлдерiнiң бiрi болып табылады. Эвакуациялық шараларды ұйымдастыру мен жүргiзу Алматы қаласының сыртқы факторларын және ерекшелiктерiн есепке ала отырып, айтарлықтай қайта құруды қажет етедi. Сыртқы факторларға жататындар:
      1) облыстың мәртебесi өзгеруiне байланысты Алматы қаласынан көшiрiлетiндердi орналастыратын базаның қысқартылуы;
      2) Әкiмшiлiк басқару әдiсiнен экономикалық басқаруға ауысу;
      3) Мемлекеттiк мекемелердiң үлесiн бiрден қысқарту арқылы экономикада жаңа ұйымдық-құқықтық құрылым құру;
      4) қаржыландыру және эвакуациялауға дайындық шараларын алдын ала жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк-құқықтық құжаттардың жоқтығы.
      Эвакуациялау жұмыстарын жүргiзу және ұйымдастыруға әсер ететiн мегаполистiң ерекшелiктерi:
      1) қала сыртындағы меншiктiк аймақтың болмауы;
      2) Республикалық нысандардың, сонымен бiрге шетелдiк капиталдың қатысуымен акционерлiк мекемелердiң көп болуы;
      3) Алматы қаласында аккредитацияланған халықаралық мекемелердiң, елшiлiктердiң дипломатиялық миссиялардың көптiгi;
      4) эвакуациялауға жататын материалдар және қаржы-қаражаттың, мәдени байлықтардың бiрталай көлемде болуы;
      5) уақытша тұрғындардың (уақытша жұмысшылар, iссапарға келгендер) және транзиттiк жолаушылардың көп болуы.
      Эвакуациялау шараларын жүргiзудi жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары:
      1) Алматы қаласы деңгейiнде, сондай-ақ Алматыдан эвакуацияланатындарды қабылдайтын облыстар деңгейiнде эвакуациялау шараларын жүргiзу мен дайындық жұмыстар саласындағы қатынастарды белгiлейтiн (сонымен iшiнде  қаржылай) нормативтiк-құқықтық және әдiстемелiк құжаттардың топтамасын әзiрлеу және қабылдау;
      2) қабылдайтын облыстардың нақты мүмкiншiлiктерiн есепке ала отырып, халықты және материалдық құнды заттарды қала, қала ауданы деңгейiнде эвакуациялауды жоспарлау құжаттарын қайта өңдеу.

  2.4. Халықты инженерлiк қорғауды жетiлдiру

      Инженерлiк шаралар саласында бiрiншi кезектегi мәселе жұмылдыру және соғыс кезiнде өз қызметтерiн жалғастыратын мекемелердiң көпшiлiк жұмыс iстеушi сменаларына арналған қорғаныс ғимараттарының қорын көбейту болып табылады (мекемелердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi):
      1) жұмыс iстеушi сменадағы жұмысшылар тiршiлiктi қамтамасыз ету нысандарындағы кезекшi құрам;
      2) тасымалдауға жарамайтын аурулар мен оларға қызмет көрсететiн медқұрам;
      3) жұмысқа жарамды тұрғындар.
      Қалған халық үшiн төменде орналасқан ғимараттарды, жер асты өткелдерi және басқа да қалалық жер асты нысандарын бейiмдеу шаралары жүргiзiледi.
      Инженерлiк қорғаудың негiзгi бағыттарын жетiлдiру:
      1) қорғаныс ғимараттарының (соның iшiнде жалға берiлген) жағдайы, оларды өңдеу және қазiргi заманның талабына сай қайта жабдықтау мониторингiн тұрақты түрде ұйымдастыру;
      2) Азаматтық қорғаныстың жаңа талаптарын және қаланың ерекшелiгiн есепке ала отырып, қала құрылысы нормасын қайта жасау;
      3) жер асты нысандарын бейiмдеу және пайдалану саласында қала саясатын анықтайтын нормативтiк-құқықтық құжаттар топтамасын қабылдау;
      4) жұмысқа жарамды халық үшiн тұрғын үй құрылысы мен нысандарда қорғаныс ғимараттары құрылысын ұйымдастыру;
      5) қорғаныс ғимараттарында тiршiлiктi қамтамасыз етудiң қазiргi заманғы құралдарын әзiрлеудi ұйымдастыру;
      6) қорғаныс ғимараттарын қосымша салу, сондай-ақ бейбiт уақытта және қауiп төнген кезеңде салынатын бiр үлгiдегi қорғаныс ғимараттарының бiрыңғай жобасын жасауды ұйымдастыру;
      7) соғыс кезiнде жылдам салынатын бекiнiс орналастыруды және құрылысын жоспарлау.

  2.5. Өртке қарсы қорғанысты жетiлдiру

      Әскери күш қолданылғанда немесе оның салдарынан туындайтын өртке қарсы күрестi ұйымдастыру Азаматтық қорғаныстың негiзгi мәселелерiнiң бiрi болып табылады. Оның тиiмдi орындалуы өртке қарсы күрестiң ұйымдық-техникалық кешендi шараларын алдын ала жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етiледi.
      Өрттен қорғануды жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары:
      1) өрттен қорғану күштерiн ұнтақ және көмiр қышқылмен сөндiретiн өрт автокөлiктерiмен, көлемi 20 тоннадан артық өртавтоцистерналарымен қамтамасыз ету;
      2) 30 рет шақыруға шығатын, 3 км шеңберiнде қызмет көрсететiн 6 өрт депосын салу;
      3) қаланың негiзгi магистралдарында өрт автокөлiктерiне пирстар, көлемi 3 мың  куб/м, 45 су қоймасын салу;
      4) өрттен қорғанудың нысандық күштерiн құру және тұрақты дайындықта ұстау;
      5) Алматы қаласының құрылысы саясатын қалыптастыруда өрттен қорғану қауiпсiздiгi шараларын жүзеге асыруды қадағалау тиiмдiлiгiн арттыру;
      6) Алматы қаласында жаңа құрылыс, ғимараттарды қайта жаңарту кезiнде өртке қарсы төзiмдiлiгi күштi құрылыс материалдарын пайдалану;
      7) мемлекеттiк өрттен қорғау бас басқармасының жеке құрамын кәсiби даярлау мектебiнiң негiзiнде спорттық-жаттығу мұнарасымен, психологиялық дайындық өткiзу, компьютер класымен жабдықталған оқу-жаттығу орталығын құру;
      8) Алматы қаласының нысандарында және сауықтыру аймақтарында өртке қарсы қауiпсiздiк шараларының тұрақты мониторингiн ұйымдастыру.

  2.6. Радиациялық, химиялық, биологиялық
қорғанудың тиiмдiлiгiн арттыру

      Қалада өндiрiстiк қауiптi заттарды пайдаланатын нысандардың көп болуы, лаңкестiк актiлер қауiпiнiң азаймауы, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғауға аса көңiл бөлудi талап етедi. Оның негiзгi бағыттарын жетiлдiру:
      1) Алматы қаласының қауiптi өндiрiс нысандарына декларация енгiзу бойынша жұмыстарды жандандыру;
      2) мониторинг жүйесiнiң бiр элементi ретiнде қадағалау және лабораториялық бақылауды дамыту;
      3) әскери күш қолдану мен лаңкестiк актiлердiң салдарынан зақымдану мүмкiндiгiн есепке ала отырып, радиациялық, химиялық, биологиялық нысандарды паспорттандыру;
      4) қауiптi нысандарда бақылау және хабарлау жүйесiн құру;
      5) қалалық нысандарды газсыздандыру және дезактивизациялау жұмыстарын жүргiзуге бейiмдеу үшiн бiрыңғай жобалық шешiмдер дайындау;
      6) санитарлық өңдеуге дезактивизациялау және газсыздандыруға бейiмделетiн нысандарды түгендеу;
      7) жеке қорғаныс құралдарының дезактивизациялау және санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргiзуге арналған құралдарды талапқа сай деңгейге жеткiзу.

  2.7. Медициналық қорғауды жетiлдiру

      Медициналық қорғауға, Азаматтық қорғаныстың шараларын жүргiзу аймағында жүргiзiлетiн санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларын кешендi ұйымдастыру жұмыстары жатады және ол халықты қорғау жүйесiнiң маңызды бөлiгi болып табылады.
      Медициналық қорғау жүйесiн жетiлдiрудің негiзгi бағыттары:
      1) мегаполистiң ерекшелiгiн есепке ала отырып, халықты медициналық-санитарлық қорғау жұмыстарын жүргiзу және ұйымдастыру принциптерiн жасау;
      2) меншiк түрiне және идаралық бағыныстылығына қарамастан медициналық мекемелердi түгендеу және медициналық қорғаудың қажеттi және жеткiлiктi күштерiн топтастыру;
      3) экономикалық нысандарда санитарлық жасақтар құру және оларды керектi құралдармен жабдықтау;
      4) қаланың медициналық қызметi мен құрамаларын санитарлық-шаруашылық және басқа да арнайы құралдармен жабдықтау, оның негiзiнде медициналық және басқа да ресурстардың резервiн құру;
      5) "Қалалық медициналық апат орталығын" құру;
      6) ТЖ ескерту және жою шараларына қатысатын қызметкерлер мен азаматтар үшiн "Қалалық медициналық сауықтыру орталығын" құру;
      7) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық зардабын жою үшiн жылжымалы дала госпиталдарын ұйымдастыру;
      8) ғимараттарды медициналық мекемелерге бейiмдеудiң бiрыңғай шешiмiн табатын нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды жасау және қабылдау;
      9) бiрыңғай санитариялық құралдармен монтаждау үшiн автобус паркiн жабдықтау;
      10) соғыс уақытында халықты жаппай иммунизациялау және жедел йодтық профилактикалық жұмыстарын жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн кешендi нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды жасау және қабылдау;
      11) медициналық қорғаныстың қажеттi резервiн құру.

  2.8 Әскери күш қолданылған жағдайда немесе
оның салдарынан зардап шеккен халықтың
тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз ету
дайындығын күшейту

      Әскери күш қолданылған жағдайда немесе оның салдарынан зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз ету, өз шешiмiн табу үшiн көп күш пен қаражат жұмсауды, әр түрлi мамандандырылған мекемелердiң қатысуын, алдын ала жоспарлауды және соғыс кезiнде осы процестi басқару жүйесiн жұмыспен өтеудi талап ететiн, Азаматтық қорғаныс аясындағы жан-жақты, көлемдi басым бағыттардың бiрi болып табылады.
      Зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз етуге дайындық жұмыстарының негiзгi бағыттары:
      1) зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз ету саласында, сонымен бiрге қаражат көлемi төмендемейтiн бiрiншi кезектегi тiршiлiктi қамтамасыз ету бойынша қала саясатын анықтаушы нормативтiк-құқықтық құжаттарды әзiрлеу және қабылдау;
      2) тiршiлiктi бiрiншi кезекте қамтамасыз етушi қала нысандарының тiзбесiн жасау және оларды паспорттандыру;
      3) қала аумағында халықтың тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз ету нысандарын орналастырудың бас сызбасын әзiрлеу, оны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бақылау ұйымдастыру;
      4) тiршiлiктi бiрiншi кезекте қамтамсыз етуге бейiмделген нысандарды жаңарту бойынша жобалық шешiмдердi әзiрлеу;
      5) тiршiлiктi бiрiншi кезекте қамтамсыз ету үшiн керек жарақтардың қорын жасау;
      6) мекемелердегi азық-түлiк, бiрiншi кезектегi қажеттi тауарларды сақтау, оларды химиялық және радиациялық зақымданған аймақта қалдырмау үшiн өз уақытында басқа базаға  көшiру бойынша кешендi ұйымдық-техникалық шараларды жүзеге асыру.

  2.9. Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл
жұмыстарды жүргiзуге дайындықты күшейту

 
      Азаматтық қорғаныстың тиiмдiлiгi көбiнесе күштер мен құралдардың әскери күш қолдану немесе оның салдарынан пайда болған зақымдану аймағында авариялық құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге дайындығы арқылы анықталады.
      Авариялық құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге дайындықты күшейтудiң негiзгi бағыттары:
      1) қаланың тығыз құрылысы жағдайында зақымдану аймағын және авариялық құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу көлемiн есепке ала отырып Алматы қаласының, қала аудандарының Азаматтық қорғаныс күштерi топтарын құру;
      2) инженерлiк қорғанудың арнайы техникамен және құралдармен жабдықталған мобильдiк отрядтарын құру;
      3) соғыс кезiнде туындауы мүмкiн болған жағдайларды есепке ала отырып, Қорғаныс Министрлiгiнiң күштерiмен өзара iс-қимыл жасау жоспарларын пысықтау;
      4) Оқу және жаттығу барысында Азаматтық қорғаныстың нысандық және аумақтық күштерiнiң өзара iс-қимыл жүйесiн тәжірибе жүзiнде жұмыспен өтеу;
      5) Азаматтық қорғаныстың аумақтық және нысандық құрамаларын техникамен және мүлiктермен қамтамасыз ету қарастырылған штаттық тiзбеге сәйкес, мекемелердегi өндiрiстiк қызметтi қамтамасыз ететiн арнайы техника және мүлiк есебiнен жабдықтау;
      6) Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Агенттiгiнiң белгiленген нормативке сәйкес Азаматтық қорғаныс құрамаларын техникамен және мүлiкпен қамтамасыз ету (жеке қорғаныс құралдары, дозиметрлiк аппаратура, радиациялық барлау құралдары, байланыс құралдары, жеке медициналық қорғану құралдары);
      7) Азаматтық қорғаныс күштерiн техникамен жабдықтаудың тиiмдi жүйесiн дамыту;
      8) Азаматтық қорғаныс күштерiнiң техникалық құралдарына қызмет көрсету және жөндеу жүйесiн құру;
      9) Авариялық құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн техникалық құралдар мен жанар-жағар май материалдары резервiн (қалалық, аудандық және нысандық) құру;
      10) тығыз қала құрылысы жағдайында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудiң жаңа технологиясын енгiзу.

  2.10. Азаматтық қорғанысты басқару және
байланыс жүйесiн жетiлдiру

      Азаматтық қорғанысқа жүктелген мәселелердi орындау үшiн жаңа техникалық құралдармен жабдықталған, қажет болған жағдайда қысқа уақыт iшiнде бейбiт кезеңнен соғыс кезеңге өтетiн сенiмдi, тұрақты жұмыс iстейтiн басқару жүйесi қажет. Осындай жүйенiң негiзi басқару пунктi, байланыс және хабарлау тораптары болып табылады.
      Азаматтық қорғанысты басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi бағыттары:
      1) қала аудандары мен нысандарға дейiн Азаматтық қорғаныс шараларын жоспарлау жүйесiн жетiлдiру;
      2) Азаматтық қорғаныстың басқару жүйесiнiң орнықтылығын арттыру бойынша (басқару пункттерiнiң қызмет ету тұрақтылығы, кешендi автоматтандырылған құралдардың болуы және деректердi беру т.б.) кешендi ұйымдық-техникалық шешiмдердi әзiрлеу және оны жүзеге асыру;
      3) Азаматтық қорғаныстың Қазақстан Республикасы Қарулы күштерi, Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен құрамаларының қатарында запаста жүрген басшы қызметкерлерге арнап қызмет орындарын ұстап отыруды қамтамасыз ету;
      4) Запастағы басқару пункттерiнiң жағдайын түгендеу және оларды модернизациялау бойынша бiрыңғай техникалық шешiмдердi әзiрлеу;
      5) қаланың маңызды нысандарын сақтандыру қорының құжаттарын жасау, азаматтық қорғаныстың басқару органдарын техникалық ақпаратты микрографикалық  тасымалдау жұмыс құралдарымен жабдықтау;
      6) Басқарудың барлық деңгейiнде Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмдерiн ақпараттық қолдаудың кешендi бағдарламасын жасау және енгiзу;
      7) Азаматтық қорғаныстың мобильдiк басқару пунктiн спутниктiк байланыс құралдарымен және қарулы күштердiң байланыс торабы мен ведомстволық байланыс желiсiне қосылатын құралдармен жабдықтау;
      8) Соғыс уақытына арналған Алматы қаласының бiртұтас байланыс жүйесiн құру;
      9) Бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайларға шұғыл мән беру үшiн Алматы қаласының басқару органдарының мобильдiк байланыс жүйесiн құру;
      10) Азаматтық қорғаныстың құрамаларында пайдаланылып жүрген, сондай-ақ ұзақ мерзiмдегi сақтау қоймаларындағы ескi байланыс құралдарын әскери және жалпы қолданылатын жаңа байланыс құралдарына ауыстыру.

  2.11. Қала аумағындағы жағдайдың мониторингтiк
тиiмдi жүйесiн қалыптастыру (радиациялық,
химиялық, биологиялық,инженерлiк, өрт,
гидродинамикалық)

      Қазiргi кезеңде барлық күштер мен құралдарды ұйымдастыру және қызмет етуде Алматының барлық аумағындағы жағдайды тиiмдi бақылауды қамтамасыз ететiн, мониторингтiк жүйеге бiрiктiру қажеттiлiгi туындады.
      Мониторинг жүйесiн құру мен дамытудың негiзгi бағыттары:
      1) Алматы қаласында орналасқан мониторинг мәселелерiн шешетiн барлық мекемелердi (меншiк түрiне, және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) түгендеу;
      2) бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда қаланың мониторингтiк жүйесiн құру және оның қызмет ету (сонымен бiрге қаржылай қамтамасыз ету) тәртiбiн анықтайтын нормативтiк құқықтық құжаттардың топтамасын жасау және қабылдау;
      3) қаланың орталық мониторингтiк жүйесiнiң құрамдас бөлiгi ретiнде қалалық мониторингтiк және ТЖ болжау орталығын құру;
      4) мониторингтiң радиациялық, химиялық, биологиялық, инженерлiк, өрт, гидродинамикалық жағдайы, сонымен бiрге азық-түлiк және қоршаған ортаны радиактивтiк, химиялық және биологиялық зақымдану дәрежесiн анықтау тәсiлдерi мен техникалық құралдарын жетiлдiру;
      5) Алматы қаласының ерекшелiгiн есепке ала отырып, зақымдану аймағындағы жағдайды болжау тәсiлдерiнiң бағдарламасын әзiрлеу және қамтамасыз ету;
      6) мониторингтiң бастапқы желiлерiнiң дәрежесiн, жағдайды бақылауда қажеттi және жеткiлiктi нақты бағалауға дейiн жеткiзу;
      7) ғарыштық мониторингтiң мәлiметтерiн пайдалана отырып, Алматы қаласының сейсмикалық қаупiн бағалау технологиясын жасау;
      8) Алматы қаласының сейсмикалық қауiпi мен микросейсмикалық аудандастыру картасын жасау;
      9) гидрогеологиялық, сәулеттiк, сейсмологиялық және санитарлық сипатын есепке ала отырып, Алматы қаласы мен оның төңiрегiндегi аумақтардың жер асты суларының тоғысу аймағын кешендi зерттеудi жүзеге асыру;
      10) құралдарды сынақтан өткiзетiн қалалық зерттеу орталығын және автокөлiктiң зиянды әсерiнен қоршаған ортаны қорғайтын технология құру;
      11) жер асты және су бетi мониторингi мемлекеттiк жүйесiн қалпына келтiру;
      12) көшкiн процесi мониторингiн ұйымдастыру.
      

  2.12. Қалалық нысандардың соғыс уақытында
тұрақты жұмыс iстеуiне дайындық деңгейiн арттыру

      Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi қаланың ең маңызды нысандары соғыс кезiнде тұрақты жұмыс iстеуiнiң қажеттi деңгейiне жету болып табылады, яғни қала қажетiнiң мүмкiн болған мөлшерiмен берiлген номенклатурада және қажеттiк көлемiнде өнiм өндiру есебiнен қамтамасыз ету болып табылады. Мұның өзi ұйымдық, экономикалық және техникалық шаралар кешенiн оңтайлы уақытта жүргiзу арқылы қол жеткiзiледi, олар неге бағытталады:
      1) қазiргi заманғы зақымдау құралын қолдану нәтижесiнде мүмкiн болатын шығындар мен талқандау деңгейiн соның iшiнде жасыру құралдарын пайдалану есебiнен төмендетуге;
      2) қала нысандарын ресурспен қамтамасыз етудiң тиiмдiлiгiн арттыру соның iшiнде сумен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету бар;
      3) өндiрiстiк қуаттылықтарды қалпына келтiру өнеркәсiптiң бүлiнген нысандарын, тiршiлiк жүйелерiн, қамтамасыз ету жүйелерiн мейлiнше қысқа мерзiмде қалпына келтiру жағдайын жасау;
      Соғыс уақытында қызметiн жалғастыратын нысандардың тiзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Қала нысандарының соғыс уақытында тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудiң басты бағыты:
      1) соғыс уақытында қызметiн жалғастыратын нысандардың тiзiмiн жасау және бекiту;
      2) Алматы қаласының ерекшелiктерiн есепке ала отырып, қала нысандарының жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру жөнiндегi талаптарды жария ететiн нормативтiк құжаттар тiзiмiн жасау және қабылдау;
      3) өнеркәсiп нысандары мен тiршiлiктi қамтамасыз ететiн жүйелердiң тұрақты жұмыс iстеуiне бағытталған жобалау ұйымдық-техникалық шаралар жөнiндегi қалалық нормативтiк, құқықтық құжаттар жасау және қабылдау;
      4) қалалық нысандардың әшкереленуiн төмендететiн қазiргi заманғы тәсiлдердi пысықтау жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмысты жүргiзу, оларды ең маңызды деген нысандарға енгiзу;
      5) құрылыс кешенi кәсiпорындарының мүмкiндiктерiн есептеу, оларды бүлiнген нысандарды қалпына келтiруге әзiрлеу;
      6) ең маңызды нысандарды қалпына келтiру үшiн сақтық қорын жасау жөнiндегi жұмысты өрiстету;
      7) Алматы қаласын дамытудың бас жоспарын, қала аумағының қала құрылысы жоспарын, сонымен бiрге соғыс уақытында қала экономикасының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды жүзеге асыру жөнiндегi инвестициялық бағдарламаны анықтау;
      8) қаланы дамытудың перспективалық негiзгi бағытын жасау, ондағы мақсат соғыс уақытында автономды жұмыс iстеуi мүмкiндiктерiн барынша пайдалану;
      9) соғыс уақытында қала нысандарының тұрақты жұмыс iстеуге әзiрлiктерi жағдайына бақылау жасау үшiн қала әкiмшiлiгi жанынан арнайы комиссия құру жолымен ұйымдастыру.

  2.13. Материалдық және мәдени құндылықтарды
қорғау жүйесiн құру

      Материалдық және мәдени құндылықтарды қорғаудың негiзгi тәсiлдерi, оларды арнайы сақтықтағы жасыру және қауiпсiз аумақтарға көшiру. Оларға иелiк еткен ведомстволармен ұйымдардың күшiмен жүзеге асырылады. Материалдық және мәдени құндылықтарды қорғаудың негiзгi бағыттары:
      1) қала әкiмшiлiгiнiң иелiгiндегi және Азаматтық қорғаныс шаралары шеңберiнде қорғауға жататын материалдық, мәдени құндылықтардың тiзiмдерi мен критериясын жасау;
      2) материалдық және мәдени құндылықтарды эвакуациялау, қауiпсiз аудандарға эвакуациялау үшiн арнайы сақтық орнын белгiлеу және келiсу;
      3) ведомстволық, аумақтық звенолардағы материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлау жөнiнде ұсыныс жасау;
      4) материалдық және мәдени құндылықтарды сақтайтын, оларды эвакуациялау үшiн ыдыстардың запасын жасау;
      5) материалдық және мәдени құндылықтарды эвакуациялау аумағы мен орынды әзiрлеу және белгiлеу;
      6) арнайы сақтық орнының желiсiн арттыру;
      7) материалдық және мәдени құндылықтарды эвакуациялау үшiн арнайы көлiк құралдарын дайындау.

  2.14. Соғыс қимылдары болғанда зардап шеккен
аудандарды қалпына келтiру және оларда тәртiп
орнату, қаза болғандарды жерлеу жөнiндегi
тапсырмаларды шешуге дайындықты арттыру

      Бұл сала қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      1) қоғамдық тәртiптi қалпына келтiру және қолдау жөнiнде күш топтарын құру;
      2) қоғамдық тәртiптi сақтау қызметi шеңберiнде қаза болған халықты есепке алатын құрама құру;
      3) Азаматтық қорғаныстың салттық қызметiне қаза болғандарды жерлеуге тасымалдау үшiн арнайы техниканы есептеу және бекiтiп беру;
      4) зақымданған аудандардағы қоғамдық тәртiптi сақтайтын күзет қызметi үшiн жеке қорғану құралдарының запасын жасау;
      5) қаза тапқандарды ыңғайлау және оларды жерлеу тәсiлiн тәртiптi белгiлейтiн нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттар жасау (бауырластар зиратын кремациялау, жекелей жерлеу);
      6) қаза болғандарды жаппай жерлеу үшiн арнайы құралдар запасын жасау;
      7) қаза болғандармен жұмыс iстеу үшiн арнайы киiм-кешек жасау және жетiлдiру;
      8) Алматы қаласында тiркелген халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiмен және дипломатиялық миссияларымен аймақтарды қалпына келтiру және тәртiп сақтау жөнiнде келiсiм жасау, келiсу.

  3. Азаматтық қорғанысты қаржымен қамтамасыз ету

      Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргiзу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру үшiн қаржымен қамтамасыз етудiң ықпалды жүйесiн жасау керек.
      Алматы қаласы Азаматтық қорғанысын қаржыландыру:
      1) Республикалық бюджет қаражаты есебiнен;
      2) Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен;
      3) Шаруашылық нысандары қаражатының есебiнен Азаматтық қорғаныс жөнiндегi шараларды әзiрлеу және жүргiзу барысында қала мен ұйымдар шығыны осы мақсаттарға қарастырылған Республикалық бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.
      Азаматтық қорғаныс жөнiндегi шараларды әзiрлеу және жүргiзу оларға берiлген өкiлеттiлiкке сәйкес жүзеге асырылатын шығын жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады:
      1) Азаматтық қорғаныс жоспарларын және қаланың Азаматтық қорғаныс мәселесi жөнiндегi, сондай-ақ төтенше жағдайларды ескерту және жою жоспарларды жүзеге асыру;
      2) Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын және оның күштерiн үнемi дайындықта ұстауды қолдау;
      3) қатерi жоғары нысандарды, тiршiлiктi қамтамасыз ету және адамдар көп жиналатын нысандардың құжаттық сақтық қорын жасау;
      4) Азаматтық қорғаныс құрамаларын әзiрлеу және соғыс қимылдарын жүргiзу барысында туындаған қатерден халықты сақтану тәсiлiне үйрету;
      5) техникалық басқару жүйесiн және Азаматтық қорғаныс нысандарын үнемi дайындық жағдайында құру және қолдану;
      6) халықты, материалдық, мәдени құндылықтарды қауiпсiз аумақтарға эвакуациялауға, оларды орналастыруға, зардап шеккен халықты қамтамасыз етуге қажеттi емдеу және басқа да мекемелердi жайғастыру жөнiнде шаралар жүргiзу;
      7) ұйымдардың соғыс уақытында тұрақты жұмыс iстеулерiн қолдау жөнiнде шаралар жүргiзу;
      8) Азаматтық қорғаныс мақсатына материалдық-техникалық, азық-түлiктiк, медициналық және басқа да құралдар запасын жасау және қолдау;
      9) Азаматтық қорғанысты басқару iсiн жүзеге асыратын Азаматтық қорғаныс құрамын ұстау;
      Азаматтық қорғаныс шараларын әзiрлеу және жүргiзу ұйымдарға берiлген өкiлеттiлiкке сәйкес жүзеге асыратын ұйымдардың қаражаты есебiнен қаржыландырылады:
      1) Азаматтық қорғаныстың жоспарларын, Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мәселесi жөнiндегi негiзгi шаралары және төтенше жағдайларды ескерту және жою жоспарларын жасау, жүзеге асыру;
      2) Азаматтық қорғаныстың құрамаларын құру, оларды үнемi дайындықта ұстау;
      3) соғыс уақытында өзiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн қолдау жөнiнде шаралар жүргiзу;
      4) соғыс қимылдары барысында туындаған қауiптен қорғануға өз қызметшiлерiн оқыту жұмысын жүзеге асыру;
      5) хабарландырудың локалдық жүйесiн тұрақты пайдалануға жасау және қолдану;
      6) Азаматтық қорғаныс мақсатында материалдық-техникалық, азық-түлiктiк, медициналық және басқа да қажеттi заттардың қорын жасау, оларды сақтау;
      7) сақтық қоры құжаттарын жасауға құжаттар әзiрлеу.
      Азаматтық қорғанысты қаржылай қолдаудың бағыттарын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары:
      1) Азаматтық қорғаныс шараларын аумақтық және нысандық деңгейде жоспарлаудың бiртұтас қалалық тәртiбiн насихаттайтын нормативтiк-құқықтық құжаттар жасау және қабылдау.

  4. Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргiзудi
ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету

      Соңғы ондаған жылдарда Қазақстан Республикасы өмiрiнде болған экономикалық және саяси өзгерiстер, соғыс қимылдарын жүргiзудiң қазiргi заманғы тәсiлдерiнiң дамуы, сол сияқты Алматы қаласының ерекшелiгi Азаматтық қорғаныс шараларын ғылыми қамтамасыз етудi қажет етедi.
      Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргiзудi ғылыми тұрғыда қамтамасыз етудi дамытудың негiзгi бағыттары:
      1) әр түрлi көлемдегi және сипаттағы соғыс қимылы бола қалған жағдайда халықты, қала нысандарын зақымдау көлемiнiң көрiнiсiн базалық негiздеу және жасау;
      2) қаланы және қала сыртындағы аймақты дамытудың қазiргi заманғы инфрақұрылымы жағдайында эвакуациялық шаралар жасау және жүргiзу;
      3) Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарын жұмылдыру жүйесiн жетiлдiру, басқару органдарының, экономиканың, Қарулы күштер мен Азаматтық қорғаныстың жұмылдыру шараларын байланыстыру;
      4) Алматы қаласы аумағын санаттау әдiстемесiн жасау, Алматы қаласы Азаматтық қорғаныс күшi мен құрылымын оптимизациялау;
      5) соғыс уақытында экономиканың тұрақты жұмыс iстеуi және халықтың өмiр сүруi үшiн қажеттi болатын экономика нысандарын, құралдарын сақтау және оптимизациялау тәсiлдерiнiң негiзiн жасау;
      6) Алматы қаласының соғыс уақытындағы жағдайын болжау мониторинг жүйесiн жасау және жетiлдiру;
      7) Азаматтық қорғаныс бойынша оқу-әдiстемелiк негiз жасау және жетiлдiру, ол оқытудың қазiргi заманғы тәсiлдерi мен техникалық құралдарды пайдалануға негiзделуi тиiс;
      8) авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды қаланың тығыз құрылыс жағдайында жүргiзудiң тиiмдi технологиясын жасау;
      9) қала халқын қорғаудың тиiмдi тәсiлдерi мен құралдарын жасау;
      10) қалалық ақпарат ресурстарын тиiмдi пайдалану негiзiнде, Азаматтық қорғанысты басқару жүйесiн жетiлдiру.
      

  5. Алматы қаласы Азаматтық қорғанысының негiзгi
даму бағытын жүзеге асыру

      Алматы қаласы Азаматтық қорғанысының негiзгi даму бағыты атқарушы өкiмет органдарымен, мына жолмен iске асады:
      1) Азаматтық қорғаныс бойынша iс-шараларды iске асыру қорын, ұйымдардың шығыс сметаларында, қалалық бюджетке жыл сайынғы жоспарлауда;
      2) Азаматтық қорғаныстың мақсатты бағдарламасын жасау, iске асыру, төтенше жағдайдан аумақты және халықты қорғау;
      3) бейбiт және соғыс кезiнде төтенше жағдайдан қорғану заттарын және тәсiлдерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша iс жүзiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi нақтылау және жаңаларын жасау;
      4) Азаматтық қорғаныстың керектi және жеткiлiктi iс-шараларын есепке ала отырып (орнықтылық, емдеу-эвакуациялық мәселелер), Алматы, Жамбыл, Талдықорған облыстарының атқарушы органдарымен бiрлесiп, Оңтүстiк аймақтың дамуының кешендi жоспарын жасау.
      Азаматтық қорғаныс саласындағы қалалық саясат, Азаматтық қорғаныс қызметi арқылы iске асады;
      Соғыс уақытында халықты қорғау саласындағы жұмыстар, Алматы қаласы және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайымен санаса отырып, кезең бойынша жүзеге асырылады.
      Олардың iшiнде алғашқы кезектегiлер:
      1) бiрiншi кезекте 2005 жылға дейiн  халықты қорғау саласында, оларға жаңа талаптар мен жағдайларды есепке ала отырып, нормативтiк құқықтық базасын құру, қолда бар ұжымдық және жеке қорғаныс керек жарақтары дайындықта ұстау және сақтау, қауiптi экономика нысандарында iстейтiн құрамды, Азаматтық қорғаныстың азаматтық ұйымдарындағы жеке құрамды, халыққа хабар беру жүйесiн (жаңарту) жасау;
      2) екiншi кезекте  2010 жылға дейiн Оңтүстiк Астананың басқа халықтарын қорғау үшiн қаражат жинау, қалалық, аудандық және нысандық деңгейде зардап шеккен халықты бiрiншi кезекте қамтамасыз ету үшiн материалдық-техникалық, азық-түлiктiк, медициналық, басқа да керек-жарақтардың, авариялық-құтқару, сол сияқты шұғыл жұмыстардың запасын жасау.
      Азаматтық қорғаныстың шараларын дер кезiнде жүзеге асыру  ведомстволарды дамыту жоспарының шеңберiнде (қалалық ұйым), сондай-ақ қалалық мақсатты бағдарламаны орындау барысында жүзеге асырылады.
      Азаматтық қорғаныс шараларының дер кезiнде орындалуының нәтижесi туралы есеп жұмысы, қалалық аудандар әкiмiнiң жылдық есептерiнде арнайы бөлiм ретiнде, сонымен бiрге Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың қала әкiмiне беретiн баяндамасында көрсетiледi.

       Әкiмшiлiк хатшысы

Алматы қаласы әкiмiнiң
2004 жылғы "22" ақпандағы
N 10 шешiмiне
N 1 Қосымша

       

Алматы қаласының Азаматтық қорғанысын
2010 жылғы кезеңге дейiн материалдық-техникалық
қамтамасыз ету жоспары

Рет N 

Материалдық-техникалық қажетiнiң аты

Норматив
тiк-құқық
тық негiзi

Сомасы
мың теңге

Қаржылан
дыру көзi

Қажеттiлiктi негiздеу

1. 

"Алматы қаласының Құтқару Қызметi" мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорнын ұстау

"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушы
лардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республи
касы Заңының 5 бабы 

2004 жылға-
207607

2005 жылға-
167230

2006 жылға-
177264

2007 жылға-
187900

2008 жылға-
199174

2009 жылға-
211125

2010 жылға-
223792

Барлығы:  13 7 40 92

Жергiлiк-
тi бюджет

Штаттық, аумақтық авариялық-құтқару құрамала
рын төтенше жағдайға жедел мән беруге тұрақты дайындығын қамтамасыз ету

2.

Әмбебап құтқару керек-
жарақтары (контейнер
лер)

"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  5 бабы, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы

2004 жылға-
81000

2005 жылға-
27000

2006 жылға-
29000

2007 жылға-
31000

Барлығы:  168 000

Жергiлiк
тi бюджет

Әмбебап авариялық-құтқару контейнер
лерi саны 20 адамға дейiнгi авариялық-құтқару құрамала
рын қажеттi авариялық-құтқару саймандары және жабдықтар
мен қамтамасыз етуге арналған. 1
контейнер 20 адамдық. Негiзгi уақытта сол күйiнде сақталып тұрады. Табиғи және техноген
дiк сипаттағы төтенше жағдай туындаған жағдайда тiкелей төтенше жағдай орнына жеткiзi
ледi 

3.

Медициналық
жабдықталған далалық
госпиталдар(жалпы саны 2010 жылға 1800 адамға арналған)

Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 26 бабы

2005 жылға- 75000

Барлығы:   75000

Жергiлiк
тi бюджет

Жергiлiктi
немесе регионалдық сипаттағы төтенше жағдайлар
да бiлiктi
медицина
лық жәрдем
берудi қамтамасыз ету

4.

Палаталық лагерлер (2010 жылға
42 мың адамға арналған)

Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 26 бабы

2004 жылға-
135000

2005 жылға-
140000

2006 жылға-
145000

2007 жылға-0

2008 жылға-0

2009 жылға-0

2010 жылға-0

Барлығы: 420000

Жергiлiк
тi бюджет

Жалпы сипаттағы төтенше жағдайда баспанасыз қалған халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету

5.

Лагерлерге қызмет көрсететiн автотехника

Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 26 бабы

2004 жылға- 0

2005 жылға- 7000

2006 жылға-  0

2007 жылға- 9000

2008 жылға- 0

2009 жылға- 11000

2010 жылға- 0

Барлығы: 27   0 00

Жергiлiк
тi бюджет

Палаталық лагерлер
дiң тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тасымалдау жұмысымен қамтамасыз ету

6.

Суда құтқару қызметiн қамтамасыз ету және ұстау

"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушы
лардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республи
касы Заңының 5 бабы 

2004 жылға- 7303

2005 жылға- 8904

2006 жылға- 9438

2007 жылға- 10004

2008 жылға- 10604

2009 жылға- 11241

2010 жылға- 11915

Барлығы:   69409

Жергiлiк
тi бюджет

Штаттық аумақтық авариялық-құтқару құрамаларының төтенше жағдайлар
ға жедел мән беру үшiн тұрақты дайындығын қамтамасыз ету 

7.

Алматы қаласын инженерлiк қорғау мобильдiк отрядiн ұстау және дамыту

"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының    5 бабы, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының   7 бабы 

2004 жылға- 20300

2005 жылға- 79000

2006 жылға- 81000

2007 жылға- 83000

2008 жылға-
14500

2009 жылға- 15370

2010 жылға- 16292

Барлығы: 3 09462

Жергiлiк
тi бюджет

Штаттық аумақтық авариялық-құтқару құрамаларының төтенше жағдайлар
ға жедел мән беру үшiн тұрақты дайындығын қамтамасыз ету

8.

Кiшi және үлкен Алматы шатқалында инженерлiк қорғау мобильдiк отрядтары үшiн станциялар салу 

"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушы
лардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының  7 бабы 

2004 жылға- 0

2005 жылға- 22000

2006 жылға- 22000

2007 жылға- 2100

2008 жылға-2300

2009 жылға- 2500

2010 жылға- 2700

Барлығы: 53 600

Жергiлiк
тi бюджет

Штаттық аумақтық авариялық-құтқару құрамаларының төтенше жағдайлар
ға жедел мән беру үшiн тұрақты дайындығын және тiршiлiгiн қамтамасыз ету

 9.

Алматы қалалық дағдарыс жағдайын басқару орталығын ұстау және дамыту

"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушы
лардың мәртебесi туралың Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы, Алматы қаласы Маслихаты
ның 2000 жылғы 2 маусымда II шақырыл
ған V сессиясы
ның шешiмiн жүзеге асыру

2004 жылға- 62944

2005 жылға- 32000

2006 жылға- 35000

2007 жылға- 38000

2008 жылға-
42000

2009 жылға- 47000

2010 жылға- 52000

Барлығы: 308944

Жергiлiк
тi бюджет

Қала басшылығын және басқару органдарын табиғи, техноген
дiк сипаттағы төтенше жағдайда, ерекше кезеңде күштер мен құралдарды басқару, сондай-ақ төтенше жағдайлар
ды жою мәселелерi жөнiнде басқа елдермен бiрлесiп қимыл жасау
бойынша жұмысты кешендi автономия
лы түрде қамтамасыз ету

10.

Орталық шақыру жүйесiн (ОШЖ) жаңарту

Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 3 бабы

2004 жылға- 13050

2005 жылға- 0

2006 жылға- 15000

2007 жылға- 0

2008 жылға-0

2009 жылға- 17000

2010 жылға- 0

Барлығы: 45   05 0

Жергiлiк
тi бюджет

Қазiргi заманғы талапқа сай келмейтiн техникалық ескiрген аппараттық тiрегiнiң бөлiгiн алмастыру

11.

Дабыл қағу жүйесiн жаңарту

Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 3 бабы

2004 жылға- 0

2005 жылға- 1500

2006 жылға- 0

2007 жылға- 0

2008 жылға-0

2009 жылға- 2500

2010 жылға- 0

Барлығы:   4   0 00

Жергiлiк
тi бюджет

Жергiлiктi
немесе регионалдық сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған
да халыққа
хабар берудi қамтамасыз ету, радиомен басқарыла
тын дабыл қағу

12.

Республика
лық және халықаралық ақпарат құралдары
ның каналдарына шығу үшiн Алматы қаласы радио және теледидар
ларынан тарату жүйесiн жаңарту

Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 3 бабы

2004 жылға- 5000

2005 жылға- 0

2006 жылға- 3000

2007 жылға- 0

2008 жылға-0

2009 жылға- 1200

2010 жылға- 0

Барлығы:   9 200

Жергiлiк
тi бюджет

051 Бiртұтас кезекшi-диспетчерлiк қызметi және Алматы қаласы Дағдарыс орталығы
мен бiрлiкте табиғи және техноген
дiк сипаттағы төтенше жағдайлар жөнiнде шұғыл хабар беру үшiн қолда бар телекомпа
нияларды бiртұтас желiге бiрiктiру үшiн кешендi  жұмыс жүргiзудi қамтамасыз ету 

13.

Алматы қаласы халқына дауыс зорайтқыш
пен хабар беру жүйесi
(500 нүкте)

Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 3 бабы

2004 жылға- 0

2005 жылға- 21000

2006 жылға- 21000

2007 жылға- 21000

2008 жылға- 21000

2009 жылға- 21000

2010 жылға- 21000

Барлығы: 126   0 00

Жергiлiк
тi бюджет

Халыққа хабарлау, халық көп жиналатын орындарда (парк, саябақ, көшелер және т.б.) Азаматтық қорғаныс дабылдары мен мәтiндерiн тiкелей хабарлауды қамтамасыз ету

14.

Республика
лық және халықаралық құрамалар
дан қайырымды
лық көмегiн
сұрау үшiн автономия
лық ғарыштық байланыс құралдары мен сұраныс
мәлiмет
терiн беру 

Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 22 бабы

2004 жылға- 0

2005 жылға- 1200

2006 жылға- 500

2007 жылға- 500

2008 жылға- 500

2009 жылға- 500

2010 жылға- 500

Барлығы:   3700

Жергiлiк
тi бюджет

Қала басшылығын, басқару органдары
ның жұмысын, жергiлiктi немесе регионалды сипаттағы төтенше жағдайлар
да басқа қалалармен, мемлекет
термен жұмыс
iстеу үшiн
электрон
дық және сөзхабарын
беру мақсатында автономды жер серiгi
байланысы
мен қамтамасыз ету

15.

Қалалық және қала сыртындағы басқару пункттерi
мен автономиялы радиобайла
ныс жүйесi

"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
13 бабы

2004 жылға- 0

2005 жылға- 2000

2006 жылға- 0

2007 жылға- 2500

2008 жылға-0

2009 жылға- 3000

2010 жылға- 0

Барлығы:   7   5 00

Жергiлiк
тi бюджет

Команда құрамын ерекше кезеңде қала сыртындағы басқару пунктiнен күштер мен құралдарды басқару мақсатында автономия
лы радиобайланысымен қамтамасыз ету 

16.

Ретранс
ляция мен байланыстың автономиялы жылжымалы пунктi

"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
 13 бабы

2004 жылға- 0

2005 жылға- 15000

2006 жылға- 0

2007 жылға- 16000

2008 жылға-0

2009 жылға- 17000

2010 жылға- 0

Барлығы: 48   0 00

Жергiлiк
тi бюджет

Негiзгi байланыс құралы iстен шыққан жағдайда Азаматтық Ққоғаныс пен басқару органдары арасындағы радиобайланысын қолдауды қамтамасыз ету

17.

Республика
лық және халықаралық құтқару ұйымдарымен радио байланысы

"Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
13 бабы

2004 жылға- 0

2005 жылға- 1000

2006 жылға- 0

2007 жылға- 0

2008 жылға- 1000

2009 жылға- 0

2010 жылға- 0

Барлығы:   2   0 00

Жергiлiк
тi бюджет

Басқа халықара
лық ұйымдармен құтқару жұмыстарын жүргiзген кезде радиобайланыс жұмысын қамтамасыз ету (басқа стандарт
тар мен жиiлiктер
де қолданы
латын радио құралдары)  

18.

Алматы қаласындағы 5-6 баллдан
астам жер сiлкiнiсiне мән беру жүйесiн дамыту 

Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 6 бабы

2004 жылға- 0

2005 жылға- 72000

2006 жылға- 0

2007 жылға- 77000

2008 жылға-0

2009 жылға- 83000

2010 жылға- 0

Барлығы : 23 20 00

Жергiлiк
тi бюджет

5 балдан астам жер сiлкiнiсi болғанда қуаттық шағын станцияларды автоматты шұғыл ажырату, жоғары қысымдығы газ құбырлары
ның бұрамала
рын  бекiту, 5 6 балдан жоғары жер сiлкiнiсiнде сейсмостанцияны керектi аппаратурамен жабдықтау 

19.

Барлығы  жоспар
бойынша  2010 жылғы
кезеңге  дей iн           -    3 282957 мың теңге
соның iшiнде 2004  жылға  -   532204 мың теңге
             2005  жылға  -   671834 мың теңге
             2006  жылға  -   538202 мың теңге
             2007  жылға  -   478004 мың теңге
             2008  жылға  -   291078 мың теңге
             2009  жылға  -   443436 мың теңге
             2010  жылға  -   328199 мың теңге 

      Әкiмшiлiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады