Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылғы 09 қаңтардағы N 1/11 "Алматы қалалық Тәртiптiк Кеңесi туралы” қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 26 тамыздағы N 3/712 қаулысы. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте N 619 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 7 наурыздағы N 1/200 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерiнiң кейбiр мәселелерi туралы" N 1311 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" N 556  қаулысын , Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылғы 09 қаңтардағы "Алматы қалалық Тәртiптiк Кеңесi туралы" N 1/11  қаулысын  орындау үшiн және Алматы қалалық Тәртiптiк кеңесiнiң рөлiн арттыру, әрi оның жұмысын үйлестiру мақсатында Алматы қаласының Әкiмшiлiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң Алматы қалалық Әдiлет басқармасында 2003 жылғы 22 қаңтарда 510-болып тiркелген, "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерiнде 2003 жылғы 29 қаңтарда NN 12,13 жарияланған "Алматы қалалық Тәртiптiк Кеңесi туралы" N 1/11  қаулысына  өзгерiстер енгiзiлсiн:
      - Алматы қалалық Тәртiптiк Кеңесi туралы Ереже жаңа редакцияда берiлсiн (1 қосымша).
      2. Докторантураға түсуiне байланысты Алматы қалалық Тәртiптiк кеңесiнiң дербес құрамынан шығарылсын:

      Тiлеуқабыл Мусинұлы
      Абайдiлдинов          - Әл-Фараби атындағы Қазақ
                               Ұлттық университетi еңбек
                               құқығы мен азаматтық iс
                               кафедрасының меңгерушiсi,
                               доцент, заң ғылымдарының
                               кандидаты

      3. Алматы қалалық Тәртiптiк кеңесiнiң дербес құрамына енгiзiлсiн:

      Қалимолла Халықұлы
      Халықов                - Әл-Фараби атындағы Қазақ
                               Ұлттық университетi сот
                               қылмыстық iстi жүргiзу
                               кафедрасының меңгерушiсi,
                               профессор, заң
                               ғылымдарының докторы,
                               Алматы қаласы Мәслихаты
                               жергiлiктi мемлекеттiк
                               басқару және өзiн-өзi
                               басқарудағы заң, құқық
                               қорғау мәселелерi бойынша
                               тұрақты комиссиясының
                               мүшесi

      4. Қаулының орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

 

       Алматы қаласының Әкiмi

      Әкiмшiлiк хатшысы

 

1 қосымша

Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2004 жылғы "26" тамыздағы
N 3/712 қаулысымен
бекiтiлдi

Алматы қаласының Тәртiптiк Кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Алматы қаласы Тәртiптiк Кеңесiнiң мәртебесiн, өкiлеттiгiн және қызмет тәртiбiн анықтайды.

1. Жалпы ережелер

       1. Алматы қаласының Тәртiптiк Кеңесi (бұдан әрi-Кеңес) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады, оның қызметiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк iстер жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi Агенттiк) үйлестiредi, Агенттiк мемлекеттiк тәртiптi нығайту мәселесiн, Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамаларының орындалуын қарайды, оның iшiнде Қазақстан Республикасының " Мемлекеттiк  қызмет туралы", " Жемқорлықпен  күрес туралы" және " Мемлекеттiк  қызметшiлердiң қызметтiк әдептiлiгiнiң Ережесi туралы" Заңдарының орындалуын қадағалайды.
      2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне, өзге нормалық-құқықтық актiлерiне және осы Ережеге сай жүзеге асырады және заңдылық, әдiлеттiлiк қағидаларын басшылыққа алады. 

2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi

      1. Алматы қаласы Әкiмiнiң, Алматы қаласындағы аудандардың әкiмдерiнiң, құқық қорғау органдары мен басқа аумақтық мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың (бұдан әрi мемлекеттiк органдар) қарауына осы Ереженiң 3 тарауының 5 тармағында көрсетiлген тәртiптiк жауапкершiлiкке лауазымды тұлғаларды тартуға ұсынымдама бередi, қызметтiк сыпайылық ереженi бұзғаны үшiн немесе жемқорлық құқық бұзушылыққа барғаны үшiн, тәртiптiк жауапқа тартуға ұсынымдама бередi.
      2. Қала Әкiмiне және мемлекеттiк органдардың басшыларына тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде мемлекеттiк тәртiптi нығайтуға ұсынымдама мен ұсыныстар беру, осы Ереженiң 3-тарауының 5-тармағында көрсетiлген тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың, қызметтiк әдептiлiк Ережесiнiң талаптарын сақтауы.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Комиссияның жемқорлықпен күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдептiлiктi сақтауы жөнiндегi тапсырмаларын, азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттарын, сондай-ақ өзге көздерден алынған сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамасының, қызметтiк әдептiлiк туралы Ереженiң талаптарының бұзылу фактiлерi туралы мәлiметтердi қарайды.
      4. Агенттiктiң қарауына жемқорлықпен күрестi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн көтеруге бағытталған ұсыныстарды беру, осы Ереженiң 3 тарауының 5 тармағында аталған тұлғалардың қызметтiк әдептiлiк Ережесiн сақтауы.

  3. Алматы қаласының Тәртiптiк Кеңесi
мен өкiлеттiгi

      1. Кеңестi Алматы қаласының Әкiмшiлiгi құрады және Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнен тұрады, олар Мәслихаттың депутаттары, жұртшылықтың өкiлдерi және аумақтық мемлекеттiк органдардың басшылары болып табылады. Кеңес мүшелерiнiң саны тақ және 7 адамнан кем болмауы тиiс.
      2. Алматы қаласының Әкiмi Кеңестiң төрағасын Агенттiк Төрағасының келiсiмiмен қызметке тағайындайды және бо сатады, оның қызметi Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары қызметiне теңестiрiледi.
      3. Кеңес мүшелерi өз қызметтерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады және мәжiлiстерге тек өзi ғана қатысады.
      4. Кеңес өз құзыретi шегiнде мыналарға құқылы:
      1) өз мәжiлiстерiнде мемлекеттiк органдардың, олардың бөлiмшелерi мен мәслихат аппаратының басшылары мен лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
      2) жергiлiктi атқарушы, құқық қорғау және аумақтық мемлекеттiк органдардан, мәслихат аппаратынан, өзге ұйымдардан олардың алдында тұрған мiндеттерiн орындауға қажеттi құжаттарды, материалдарды және ақпараттарды алғызуға;
      3) Осы Ереженiң 3 тарауының 5 тармағында аталған тұлғалардан ауызша және жазбаша түсiнiктеме алуға;
      4) мемлекеттiк органдардың басшыларына Осы Ереженiң 3 тарауының 5 тармағында аталған және Қызметтiк әдептiлiк Ережесiне сай тәртiп бұзушылыққа байланысты тексерулер мен қызметтiк тексерулердi жүргiзуге ұсыныс беруге;
      5) сарапшылар мен мамандарды, мемлекеттiк органдардың, ғылыми және мамандандырылған мекемелердiң қызметкерлерiн қорытындылар беруге, тексерулердi ұйымдастыруға тартуға;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi Агенттiгiмен жемқорлық мәселелерi бойынша аумақтық органдарымен өзара бiрлесiп қызмет атқаруға.
      5. Кеңес қаланың аудан әкiмдерiне, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және жергiлiктi соттардың кеңселерiнiң, мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiнiң (басшылардан және олардың орынбасарларынан басқа) "Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдептiлiгiн ұстану Ережесiн бұзушыларға, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi орындауға өкiлеттiгi бар тұлғалар мен оларға теңестiрiлгендерге, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi басқару органдарының және мемлекеттiк ұйымдарда немесе ұйымдарда, олардың жарғылық капиталында мемлекеттiк меншiк үлесi отыз пайыз құраса, аумақтық құқық қорғау органдарының жемқорлыққа тартылған лауазымды адамдарының, оларды тәртiпке шақыруға қатысты олардың тәртiптiк iстерiн қарайды. Кеңес прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, Президенттiң Күзет қызметi және Республикалық ұланның қызметкерлерiне қатысты iстердi қарамайды.
      6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Комиссияның, Агенттiктiң жемқорлықпен күрес, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдептiлiктi сақтауы мәселелерi бойынша тапсырмаларды, азаматтардың өтiнiштерiн және заңды тұлғалардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өтiнiштерi бойынша Кеңес өкiлеттi органға немесе лауазымды тұлғаға тексеру жүргiзуге өтiнiм бере алады.
      7. Тәртiптiк кеңес төрағасы қозғаған тәртiптiк iстi Кеңес келiп түскеннен кейiн екi аптаның iшiнде қарайды.
      Тәртiптiк iс қозғалып, мәжiлiсте қаралғанға дейiн Кеңес алдын- ала бiр ай бұрын оған қатысты iстермен мұқият танысып шығады, жауапкершiлiкке тартылғандардан жазбаша түсiнiктеме алады, ал оның iсi Тәртiптiк Кеңесте оның қатысуымен өтедi.
      8. Тәртiптiк iстi қарау нәтижесiнде Кеңес мынадай шешiм қабылдай алады:
      1) Әкiмге, жергiлiктi атқарушы, құқық қорғау және аумақтық мемлекеттiк органдардың, мәслихат аппараттарының басшыларына осы Ереженiң 3 тарауының 5-тармағында көрсетiлген адамдарға тәртiптiк жауапкершiлiк жүктеуге ұсынымдама бередi.
      2) тәртiптiк iстердiң материалдарын құзыреттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды тұлғаға қарауға нақты шешiм қабылдауға жiбередi;
      3) тәртiптiк iстi тоқтатуға ұсынымдама бередi.
      9. Осы Ереженiң 3 тарауында 5 тармағында аталған қылмыстық iс көрiнiс тапқанда, Кеңес тиiстi құжаттарды құқық қорғау органдарына белгiленген заң тәртiбiнде қылмыстық iс қозғауға жiбередi. Бұл жайында Кеңес Агенттiкке хабар бередi.
      10. Осы Ереженiң 3 тарауында 5 тармағында аталған шешiмдермен келiспеген мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге тұлғалар ол бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сотқа шағымдануға құқылы.

  4. Кеңес төрағасы

      1. Алматы қаласы Әкiмiнiң қарауына Кеңестiң жеке құрамын қарауға ұсынады.
      2. Кеңестiң қызметiн ұйымдастырып оған басшылық етедi.
      3. Кеңес мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн анықтайды.
      4. Мәжiлiс шақырып, оған төрағалық етедi.
      5. Кеңес мүшесi құрамынан Кеңес мәжiлiсiнде қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны анықтайды.
      6. Тоқсан сайын Агенттiк алдында Кеңестiң жұмысы жайлы есеп бередi, оның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлер жiберген жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қабылданған шешiмдер жайлы да есеп бередi.
      7. Тоқсан сайын Әкiмге Кеңестiң жұмысы жайлы мәлiмет бередi.
      8. Қазақстан Республикасы заңнамаларында оған берiлген өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      9. Кеңес төрағасы және Хатшылықтың қызметкерлерi мемлекеттiк қызметшiлер болып табылады.

5. Кеңес мәжiлiсi

      1. Егер оған Кеңес мүшелерiнiң үштен екi бөлiгi қатысса құқықты болып есептеледi.
      2. Қажеттiлiгiне қарай айына бiр рет өткiзiледi.
      3. Ашық өткiзiледi, қажет болған жағдайда егер мемлекеттiк құпиялылықты немесе басқа мүдденi көздеген жағдайда Кеңес төрағасының ұйғарымымен, Агенттiкпен келiсiлiп, жабық өткiзiледi.
      4. Кеңес шешiмi Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болғанда төрағаның даусы шешушi болады. Төраға болмаған жағдайда оның тапсырысы бойынша мәжiлiстi Кеңес мүшелерiнiң бiрi басқарады.

6. Тәртiптiк Кеңестiң Хатшылығы

      1. Кеңестiң жұмысшы органы оның Хатшылығы болып табылады, ол Әкiм аппаратының жалпы құрамынан белгiленедi. Хатшылықтың құрамын Агенттiк төрағасының ұсынысы бойынша Әкiм тағайындайды.
      2. Кеңес хатшысы Кеңес Хатшылығының меңгерушiсi болып табылады., ол Алматы қаласы Әкiмi аппаратының бөлiм меңгерушiсiнiң қызметiне теңестiрiледi.
      3. Хатшылық қызметкерлерi мемлекеттiк қызмет туралы заңға сәйкес қызметке тағайындалып, одан босатылады.
      4. Кеңестiң жұмыс органы Кеңес Төрағасының өкiмiмен өз құзыретi шеңберiнде тексерулер жүргiзедi, осы Ереженiң 3 тарауының 5-тармағында көрсетiлген адамдар бойынша тәртiптiк iстердi қарау үшiн материалдар дайындайды және Кеңес қызметiн қамтамасыз ету үшiн басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      5. Кеңестiң және Хатшылықтың материалдық-техникалық, ұйымдық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етiлуi Алматы қаласы Әкiмiнiң аппараты атқарушы органдарды ұстауға арналған бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      
       Әкiмшiлiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады