Облыстың елдi мекендерiн санитарлық тазарту және көркейту жөнiндегi үшайлықты өткiзу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 62 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 12 мамырда N 1244 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      "Халықтың денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153  жарлығына , "Қазақстан Республикасы тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 361 Заңы  8 бабы 3 тармақшасына,  18 бабы 2 тармағы 3 тармақшасына,
19 бабы 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес облыс әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2004 жылдың 15 сәуiрiнен 15 шiлдесiне дейiн облыстың елдi мекендерiн санитарлық тазарту және көркейту жөнiндегi үшайлық өткiзiлсiн.
      2. Қосымшалар бекiтiлсiн:
      Облыстың елдi мекендерiн санитарлық тазарту және көркейту жөнiндегi үшайлықтың қорытындыларын шығару бойынша облыстық комиссияның құрамы;
      Облыстың елдi мекендерiн санитарлық тазарту және көркейту жөнiндегi үшайлықты өткiзу туралы iс шаралар жоспары;
      Облыстың елдi мекендерiн санитарлық тазарту және көркейту жөнiндегi үшайлықтың қорытындыларын шығару ережелерi.
      3. Петропавл қ. және аудандардың, ауылдың округтердiң әкiмдерi үшайлықты өткiзу жөнiндегi тиiстi iс-шараларды әзiрлесiн.
      4. Бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына баспасөзде, радио және теледидар бойынша үшайлықтың өткiзу барысын жүйелi түрде жариялап отыру ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.В.Развинге жүктелсiн.

  Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің
2004 жылғы 15 сәуірдегі N 62
"Облыстың елдi мекендерiн
санитарлық тазарту және көркейту
жөнiндегi үшайлықты өткiзу туралы"
қаулысына Қосымша

  Облыстың елді мекендерін санитарлық
тазарту және көркейту жөніндегі үшайлықтың
қорытындысын шығару жөніндегі облыстық
комиссияның құрамы

Развин Сергей Владимирович

- облыс әкімінің орынбасары,
комиссияның төрағасы

Комиссия мүшелері:

Дмитрик Николай Иванович

- "Северводхоз"
Республикалық мемлекеттік
кәсіпорынның директоры
(келісім бойынша)

Сыздықов Қайыргелді Садықұлы

- облыс әкімі көлік және
коммуникация департаментінің
бастығы

Исенеев Қайырғали Қапезұлы 

- облыс әкімі мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаменті
бастығының міндетін атқарушы

Кенжегозин Біржан Балғожаұлы 

- қоршаған ортаны қорғау
облыстық аумақтық
басқармасының бастығы
(келісім бойынша)

Мұсабаев Марат Шамшәріпұлы 

- төтенше жағдайлар
жөніндегі облыстық
басқарманың бастығы (келісім
бойынша)

Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлы 

- Петропавл Қаласы әкімінің
бірінші орынбасары

Назмутдинов Мәлік Ягофарұлы 

- облыс әкімінің сәулет,
құрылыс және әлеуметтік
инфрақұрылым департаментінің
бастығы

Перепечина Ольга Валентиновна 

- облыс әкімінің қаржы
департаментінің бастығы

Сюникаев Рәшид Абдоллаұлы 

- облыс әкімінің ауыл
шаруашылығы және жер
қатынастары департаментінің
бастығы

Тәженов Бисембі Ыдырысұлы 

- облыс әкімінің индустрия
және сауда департаментінің
бастығы

Облыс әкімдігінің 2004 жылғы
15»сәуірдегі 62 қаулысымен
бекітілді
"Облыстың елді мекендерін
санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі
үшайлықты өткізу туралы"

  Облыстың елді  мекендерін санитарлық
тазарту және көркейту бойынша үшайлықты
өткізу жөніндегі іс-шаралардың
жоспары

      1. Елді мекендердің көшелерін, тұрғын үйлердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың жанындағы және орамындағы жерлерін, қыстан қалған қалдықтарын тазалау бойынша жұмысты ±ұйымдастырсын.
                     Петропавл қаласы, аудандардың, ауылдың
                     округтардың әкімі.
                     3 ай бойы
      2. Үй құрылыстарының қоғамдық, өндірістік үйлердің қасбеттерін, тұрғын үйлердің, кәсіпорындар және ұйымдардың қоршаулары мен аулаларын тәртіпке келтіру үшін қажетті шаралар қабылдансын.
                     Петропавл қаласы, аудандардың, ауылдық
                     округтардың әкімі.
                     3 ай бойы
      3. Сумен қамтамасыз ету және суды бөлу объектілерінің санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізсін, оларды тиісті жағдайға жеткізсін (су құбыры мен канализациялардың тазарту ғимараттары, насостық станциялар, су қорының резервуарлары, суарын мұнаралары, жерасты су алатын жерлер, құдықтар, су бөлетін колонкалар).
                     Петропавл қаласы, аудандардың, ауылдық
                     округтардың әкімі.
                     "Есіл су"»Республикалық мемлекеттік
                     кәсіпорынның
                     (келісім бойынша)
                     3 ай бойы
      4. Коммуналдық меншікте тұрған, келешекте пайдалану үшін жарамсыз апаттық және бос үйлерді бұзылуын, одан кейін бөлінген орынға шығарылуын қамтамасыз етсін. Коммуналдық меншікте тұрған, аяқталмаған құрылыс объектілерін аумақтардан шығару бойынша жұмысты жүргізсін.
                     Петропавл қаласы, аудандардың, ауылдық
                     округтардың әкімі.
                     3 ай бойы
      5. Тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін жерлерді, қиқоймаларды, малқабірлерін тиісті санитарлық жағдайға келтірсін. Жасырын жиналған қоқыс орындарын жойсын. Төгетін жерлерге бірінші және екінші сыныпты қауіпті қалдықтарды шығаруға рұқсат етпесін.
                     Петропавл қаласы, аудандардың, ауылдық
                     округтардың әкімі.
                     3 ай бойы
      6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
                     Петропавл қаласы, аудандардың, ауылдың
                     округтардың әкімі.
                     Тұрақты
      7. Елді мекендерді көгалдандыру, ағаш алаңдарын, гүл алаңдарын, гүлзарларды бөлу, демалыс орындарын жайластыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын. Облыс аумағындағы қоғамдық пайдалану орындарындағы ескі жасыл егінділер учаскелерін ұлғайту бойынша іс-шараларды белсендірсін.
                     Петропавл қаласы, аудандардың, ауылдық
                     округтардың әкімі.
                     3 ай бойы
      8. Аудандардың, қалалардың және ауылдық округтардың шекараларын, елді мекендерге кірер жолдарды ресімдесін, жанасып жатқан аумақтарды жайластырсын.
                     Петропавл қаласы, аудандардың, ауылдық
                     округтардың әкімі.
                     Жазғы құрылыс маусымы бойы
      9. Мал фермаларын, шеберханаларды, қырмандарды, дәрілеу алаңдарын, минералдық тыңайтқыштар мен улыхимикаттар қоймаларын, қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, автотұрақтарды, автомобильге құю станциясы, техникалық қызмет көрсету станциясы, шинақұрастыру шеберханаларын, шағын базарларды, тамақ өнеркәсіп кәсіпорындарын, сауда, қоғамдық тамақтану орындарын тиісті санитарлық жағдайға келтіру жөніндегі жұмысты жүргізсін.
                     Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің
                     мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
                     қадағалау департаменті
                     Қоршаған ортаны қорғау басқармасы
                     (келісім бойынша)
                     Петропавл қаласы, аудандардың, ауылдық
                     округтардың әкімі
                     Тұрақты

Облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы
15»сәуiрдегi 62 қаулысымен
бекiтiлдi
"Облыстық елдi мекендерiн
санитарлық тазарту және
көркейту жөнiндегi үшайлықты
өткiзу туралы"

  Облыстың елдi мекендерiн санитарлық
тазарту және көркейту жөнiндегi үшайлықтың
қорытындысын шығару
ережелерi

      Үшайлықтың қорытындысы аудандық комиссиялармен әрбiр елдi мекендер және жалпы аудан бойынша ай сайын шығарылады.
      Облыстық комиссия ай сайын, атқарылған жұмыс туралы қалалық және аудандық комиссиялар ұсынған есептi қарайды, ішiнара тексерулердi ұйымдастырады және елдi мекендердi санитарлық тазарту мен көркейту жөнiндегi үшайлықты өткiзудiң ақырғы қорытындысын ұйымдастырады.
      Бағалау 5 баллдық жүйе бойынша, келесi көрсеткiштерден орта балл шығарыла отырылып жүргiзiледi:
      1. Аудандардың, қалалардың және ауылдық округтардың шекараларын, елдi мекендерге кiру жолдарын (елдi мекен немесе кiру белгiсi көрсеткiшiнiң барлығы, жанасқан аумақтардың жайластырылуы) ресiмдеу.
      2. Жеке үй құрылыстарының жағдайы (қасбеттер, иелiктегi үй аумағының қоршауы мен санитарлық жағдайы, ең жақсы аулаларға, үйлерге байқаулар өткiзiле ме).
      3. Қоғамдық үйлердiң, әлеуметтiк сала және сауда объектiлерiнiң, спорттық ғимараттардың (қасбеттерi, қоршауы, көгалдандырылуы, жанасқан аумақтардың санитарлық жағдайы, шағын базарлардың, автомобильге құю станциясы, автобус аялдамаларының, жарнама жазуларының) жағдайы.
      4. Өндiрiстiк сектордың: мал фермалары, қырмандар, дәрiлеу алаңдары, минералды тыңайтқыштар мен улыхимикаттардың қоймалары (қасбеттерi, қоршаулары, көгалдандырылуы, жанасқан аумақтардың санитарлық жағдайлары) жағдайы.
      5. Жолдар мен тротуарлардың, жаяу жолдардың, елдi мекендердегi су өткiзудiң ұсталуы.
      6. Коммуналдық меншiктегi бiтпеген құрылыс объектiлерiнiң бұзылудан сақталуы және қираған ғимараттарды бұзып алу.
      7. Естелiк жерлердi, ескерткiштер мен қоғамдық жерлеу орындарын жөндеу және ұстау.
      8. Стадиондарды, сәулет ескерткiштерiн жөндеу.
      9. Сумен жабдықтау (су арын мұнарасының санитарлық-гигиеналық жағдайы, сутарату колонкаларының түзеулiгi, олардың айналасының көтерiңкi болуы, құдықтардың санитарлық-техникалық жағдайы, олардың жаңа құрылысы).
      10. Елдi мекен тұрғындарының бұлақтарды, арналарды, өзен мен көлдердiң жағаларын, ормандарды, ағаш көшiндiлердi, ауыл маңындағы тоғайларды тазалауға қатысулары.
      11. Тұрмыстық қатты қалдықтар төгетiн жерлердiң, қиқоймаларының жағдайы.
      12. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң тамақ өнеркәсiп нысаналарының, қоғамдық тағам кәсiпорындарының, сауданың көктемгi жазғы кезеңiндегi жұмысқа дайындығына оң қорытындысы. Облыстық комиссия ауданды аудандық орталық, ауылдық округтар және елдi мекендер бойынша жинаған балл есебiмен бағалайды.
      Баллды үстеп санау әрбiр бағыт бойынша орындалған жұмыстың көлемi мен сапасына байланысты жүзеге асырылады:
      - 100% орындалған жұмыс көлемi үшiн - 5 балл
      - 75%-тен 99%-ке дейiн - 4 балл
      - 50%-тен 74%-ке дейiн - 3 балл
      - 25%-тен 49%-ке дейiн - 2 балл
      - 25%-ке дейiн - 1 балл
      Жамбыл және Уәлиханов аудандары үшiн қорытынды шығарғанда алған балға көгалдандыру, сумен жабдықтау объектiлерiнiң дайындығы бағыттары бойынша 1,02 коэффициентi қолданылсын.
      Жеңiмпаз әрбiр айдың қорытындысы бойынша анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады