Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы

Күшін жойған

Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі N 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 17 тамызда N 1327 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 18.01.2016 N 6 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 28.10.2015 N 2 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Барлық мәтiн бойынша "Басқарма", "Басқарма арқылы" сөздерi "Бөлiм", "Бөлiм арқылы" сөздерiмен ауыстырылған - Петропавл қалалық мәслихатының 14.07.2005 N 3 Шешімімен (әдiлет органдарында тiркелгеннен кейiн күшiне енедi).
      "Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының N 477-І ҚРЗ Заңының негізінде Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 28.10.2015 N 2 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды деп танылсын: шешімдер:
      1) "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2003 жылғы 25 тамыздағы XXVIII сессиясының N 3 шешімі (тіркеу N 1020, 18.09. 2003 ж. "Добрый вечер" 26.09.2003 ж. N 39);
      2) "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2003 жылғы 25 тамыздағы XXVIII сессиясының N 3 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 20 сәуірдегі V сессиясының N 7-2 шешімі (тіркеу N 1274, 04.06.2004 ж. "Добрый вечер" 11.06.2004 ж. N 24).
      3. Осы шешім облыстық әділет департаментінде тіркеуден өткеннен кейін 2004 жылдың 1 қазанынан күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.

  "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді
ұстауға және коммуналдық қызметтерді
төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі
туралы" Петропавл қалалық мәслихатының
2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс
7 сессиясының N 6 шешімімен
бекітілген

Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Петропавл қалалық мәслихатының 28.10.2015 N 2 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ереже.

      1. Осы қағида пәтер үй көмегін тағайындау тәртібі мен жағдайын анықтайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 28.10.2015 N 2 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тұрғын үй көмегі пәтер үйді ұстауға кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығындарды орнына толтыру.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қпазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 07.04.2010 N 5 Шешімімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).
      2-1. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Ескерту. 2-тармақ 2-1-тамрақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 07.04.2010 N 5 Шешімімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).

2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы.

      3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Петропавл қаласында тұрақты тұратын меншiк иесi, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспана жалдаушы болып табылатын, тұрақты тұруға рұқсаты бар оралмандар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, егер отбасының бюджетiндегi жәрдемақылық шаралар мен коммуналдық қызметтердi тұтыну мөлшерi шегiндегi тұрғын үйдi ұстау кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға және коммуналдық қызметтердi тұтыну төлемiне шығындар осы мақсатқа шектi рұқсат етiлетiн шығыстар үлесiнен артық болса, тұрғын үй көмегiне құқығы бар. Тұрғын үйдi ұстау кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтердi (сумен қамтамасыз ету, канализация, жылумен, электр жарығымен, газбен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, лифт қызметi) тұтыну және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемнiң артуы бөлiгiнде байланыс қызметiне төлемдерге шектi рұқсат етiлген шығындар үлесi жиынтық кiрiсiнiң 10% - мөлшерiнде Петропавл қаласының, 10 % - мөлшерiнде Былғары зауыты мен Заречный кенттерiнiң тұрғындары үшiн белгiленедi.
      Егер тұрғын үйдi ұстауға (тұрғын үйдi пайдалануға) және коммуналдық қызметке төлем мөлшерi (тарифi) заңмен белгiленген тәртiппен белгiленбесе, онда шығындарды өтеу нақты шығындар бойынша жүргiзiледi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы мәслихатының 2005.07.14 N 3; 2007.10.11 N 7, 2008.03.27 N 3, 2008.06.19 N 5, 2008.12.20 N 6; 07.04.2010 N 5 Шешімдерімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).
      3-1. Осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар отбасылар (тұлғалар), кондоминиумның жалпы мүліктеріне күрделі жөндеуге жұмсалған шығындарға өтем ақы алуға құқығы бар.
      Ескерту. 3-тармақ 3-1-тармақпен толықтырылды - Петропавл қаласы мәслихатының 2008.06.19 N 5; өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2008.12.20 N 6; 2010.04.07 N 5 Шешімдерімен; жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 28.10.2015 N 2 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. "Тұрғын үй көмегi мынадай отбасыларына тағайындалмайды:
      1) жеке меншiгiнде (үлесiнде) бiреуден артық тұрғын үйi (жеке үйi, пәтерi) болса;
      2) тұрғын үйдi жалға тапсырғандарға (қайта жалға бергендерге);
      3) отбасыларында мүгедектерден және бiр айдан артық стационарлық емделуде болған адамдардан, туберкулезбен ауратындар, емделу мекемелерiнде тұрақты есепте тұратын және уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы дәрiгерлiк-кеңес комиссиясының қорытындысы бар онкологиялық және психикалық аурулары бар азаматтардан, күндiзгi оқу нысанындағы оқушылар мен студенттерден, тыңдаушылар мен курсанттардан, магистратура мен аспирантураны қоса, сондай-ақ І-шi және ІІ-шi топтағы мүгедектердi,он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды күтумен айналысатын азаматтардан басқа жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздары барларға.
      Меншік иесі немесе тұрғын үй меншік иелерінің бірі қайтқан жағдайда пәтерде (үйде) үнемі бірге тұрған отбасы мүшелеріне мұрагерлік құқығын алғанға дейін, тұрғын үй көлемі нормасы шегінде және коммуналдық қызмет тұтыну нормативтері меншік иесінің қайтқан күнінен бастап 6 ай мезгілінде белгіленеді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді- Петропавл қаласы мәслихатының 2005.07.14 N 3; 07.04.2010 N 5 Шешімдерімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).

3. Тұрғын үй көмегін белгілеу жөнінде өтініш жасау.

      5. Адам (бұдан былай өтініш беруші) өз атынан немесе отбасы атынан Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі (одан әрі Бөлім) белгіленген үлгідегі өтiнiш берушiнiң және оның табыс етумен өтінішпен тұрғын үй көмегін тағайындауды өтінеді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Петропавл қаласы мәслихатының 15.12.2007 N 5 Шешімімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбе өткен соң күшіне енеді).
      6. Өтінішке қоса мынадай құжаттар қоса берілсін:
      1) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (жылына 1 рет);
      2) алдағы жүгіну тоқсаны үшін өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет;
      3) соңғы жүгіну тоқсаны үшін жұмсалған шығындар және коммуналдық шығындар үшін нақты төлем туралы мәліметтер.
      4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жылына 1 рет);
      Ескерту 6-тармақ 4) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 07.04.2010 N 5 Шешімімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).
      5) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі (жылына 1 рет);
      Ескерту 6-тармақ 5) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 07.04.2010 N 5 Шешімімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).
      6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі (жылына 1 рет);
      Ескерту 6-тармақ 6) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 07.04.2010 N 5 Шешімімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).
      7) алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 12.05.2011 N 2 Шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен соң он күнтізбелік күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту 6-тармақ 7) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 07.04.2010 N 5 Шешімімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).
      8) алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2011.05.12 N 2 Шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен соң он күнтізбелік күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту 6-тармақ 8) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2010.04.07 N 5 Шешімімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      Ескерту 6-тармақ 9) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 07.04.2010 N 5 Шешімімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).
      10) кондоминиум объектісінің құқықты орнату мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      Ескерту 6-тармақ 10) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 07.04.2010 N 5 Шешімімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).
      11) меншік иелерінің (пәтерлердің) жеке тұлғалар үшін басқару органы кондоминиум объектісін сайлау туралы жиналыс хаттамасының көшірмесі;
      Ескерту 6-тармақ 11) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 07.04.2010 N 5 Шешімімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).
      заң тұлғалары үшін – заң тұлғаларының мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      кондоминиум объектісінің үшінші (бөгде) тұлғалар болған жағдайда - кондоминиум объектісін басқару шартының көшірмесі.
      Қабылдауда өзімен бірге мына құжаттар болуы керек:
      1) өтініш берушінің және оның барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (оның ішінде балалардың тууы туралы куәліктер);
      2) пәтердің техникалық паспорты, келісімшарт (жекешелендіру, сату-сатып алу, ауысу, сыйлау) және мұрагерлік құқығы туралы куәлік, тіркеу куәлігі, пәтер ордері;
      3) зейнеткерлер мен мүгедектерге зейнеткерлік куәлігі және жинақ кітапшасы;
      4) азаматтарды тіркеу кітабы;
      5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (жылына 1 рет);
      6) некесі бұзылған тұлғалар неке бұзылғаны туралы куәлік (жылына 1 рет);
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петроп авл қалалық мәслихатының 2010.04.07 N 5; 2011.05.12 N 2 Шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен соң он күнтізбелік күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі).
      6-1. Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға құқығы бар отбасыларға (азаматтарға) осы Ереженің 6 тармағында көзделген құжаттардан басқа ұсынады:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу қажеттігі көрсетілген тұрғын үй инспекциясының қорытындысының көшірмесі және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу жекелеген түрлерін жүргізуге арналған келісілген шығыстар сметасының кондоминиум объектісін басқару органында болуы;
      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      3) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот.
      Ескерту. 6-1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2010.04.07 N 5; 2011.05.12 N 2 Шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен соң он күнтізбелік күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі).

4. Тұрғын үй көмегін белгілеу тәртібі.

      7. Тұрғын үй көмегін белгілеу жергілікті бюджетпен қарастырылған сома шегінде Бөліммен жүзеге асырылады.
      8. Бөлім өтінішті қоса берілген құжаттармен қабылдайды, оларды он бес күн мерзімде қарастырады және тұрғын үй көмегін белгілеу немесе оларды қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
      9. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Көмек тағайындауға қажетті құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-ші жұлдызына дейін қабылданады, алдында өткен тоқсанның табыстары есепке алынады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу ресімдеудің алғашқы ресімімен ұқсас.
      10. Жайлы секторда тұратын адамдарға тұрғын үй ұстауға жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратындар немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатындарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға көмегі пәтер жалдаушыға (иесіне) пәтерді ұстауға және коммуналдық қызметке есептелген сомамен салыстырғанда төлемді кеміту түрінде, қолма-қолсыз есеп нысанында өтініштері бойынша қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына аударылады. Жеке тұрғын үй секторында тұратын тұлғаларға тұрғын үй коммуналдық қызметтерді қолданғандары үшін ақшалай төлем түрінде белгіленеді.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2011.05.12 N 2 Шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен соң он күнтізбелік күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі).
      11. Табыс етілген құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізілген Бөлім мен өтініш берушінің арасында екі жақ келісім шарты жасалады. Келісім шарт 2 данада құрастырылады, біреуі тұрғын үй иесінде сақталады. Осы келісім шарт тұрғын үй көмегін белгілеу негізі болып табылады.
      12. Бөлім берілген тұрғын үй көмегінің сомаларын көрсетіп, пәтерлерді меншік иелерінің (жалға алушылардың) тізімін жасап, оны ай сайын қызмет көрсетушілерге береді. Телефон үшiн абоненттiк төлем тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы қызмет көрсетушiнiң есеп шотына немесе өтiнiш берушiнiң жеке шотына аударылады. Бөлім жеке тұрғын үйлердің меншік иелері жөнінде алушылар тізімін жасайды және есептелінген тиісті сомаларды жеке өтініш білдірушілердің есеп шотына аудару үшін "арқылы қызмет көрсетуге заңмен белгiленген тәртiппен шарт жасалған екiншi деңгейдегi банктер арқылы - ға береді.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы мәслихатының 2005.07.14 N 3, 2008.06.19 N 5 Шешімдерімен
      12-1. Күрделі жөндеу үшін төлемдер өтініш берушінің өтініші негізінде кондоминиум объектісін басқарушы тіркелген органның есеп шотына тиісті соманы аудару жолымен жүргізіледі.
      Ескерту. 12-тармақ 12-1-тармақпен толықтырылды - Петропавл қаласы мәслихатының 2008.06.19 N 5; жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 07.04.2010 N 5 Шешімдерімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).
      13. Бөлім тиісті органдардан меншігінде тұрғын болуын растайтын мәліметтер сұратады (екі жылда 1 рет).
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Петропавл қаласы мәслихатының 2007.12.15 N 5 Шешімімен.
      14. Тұрғын үй көмегін алушы он күн мерзімде тұрғын үй көмегінің мөлшерін өзгерту және оны алу құқығы үшін негіз бола алатын, жағдайлар туралы Бөлімін хабарландыруға міндетті.
      15. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Бөлім тұрмыс үй көмегін төлеуді белгілеу мен ұйымдастырылуының дұрыстығына жауапты.

5. Тұрғын үй мөлшерін анықтау.

      16. "Тұрғын үй көмегiн тағайындағанда мынадай мөлшерлер ескерiледi:
      тұрғын үйдiң алаңы:
      жеке басты азаматтар үшiн - 30 шаршы метр;
      екi адамнан тұратын отбасы үшiн - 48 шаршы метр;
      үш және одан да көп адамнан тұратын отбасы үшiн -әр адамға 18 шаршы метрден;
      айына бiр адамға газ пайдалану:
      газ плитасы бар және орталықтан ыстық сумен қамтамасыз етiлген жағдайда - 4,8 килограмм;
      газ плитасы, газбен су жылытқышы бар, орталықтан ыстық сумен қамтамасыз етiлмеген жағдайда - 13,7 килограмм;
      Газ плитасы бар орталықтан ыстық сумен қамтамасыз етiлмеген, газбен су жылытқышы жоқ болған жағдайда - 8,2 килограмм;
      айына электр қуаты:
      бiр бөлмелi пәтер - 100 Квт;
      екi бөлмелi пәтер - 120 Квт;
      үш бөлмелi пәтер - 150 Квт;
      тәулiгiне бiр адамға су:
      суды көшелердегi колонкалардан алу - 40 литр;
      су құбыры бар, бiрақ канализациясы жоқ тұрғын үйлерде - 75 литр;
      су құбыры мен канализациясы бар, бiрақ ваннасы жоқ тұрғын үйлерде - 120 литр;
      су құбыры, канализациясы және қатты отынмен жұмыс iстейтiн су жылытқышымен ванналары бар тұрғын үйлерде -180 литр;
      су құбыры, канализациясы және газбен су жылытқышымен ваннасы бар тұрғын үйлерде - 225 литр;
      қол жуғыштары, жуғыштары, душтары, ұзындығы 1500-1700 сантиметр ванналармен жабдықталған, ыстық сумен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үйлерде - 260 литр.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы мәслихатының 2005.07.14 N 3; 07.04.2010 N 5 Шешімдерімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).
      17. Тұрғын үй жәрдемақысын аудару үшін қабылданатын отбасы жиынтық табысын есептеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, бала туғанда және қайтыс болғандағы біржолғы жәрдемақыдан басқа барлық табыстар ескеріледі.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 07.04.2010 N 5 Шешімімен (алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).
      18. Тұрғын үй ұстауға жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратындар немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатындарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға көмегінің көлемі тұрғын үй мен коммуналдық қызметтер үшін нақты есептелген сомадан артық болуы мүмкін емес.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 12.05.2011 N 2 Шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен соң он күнтізбелік күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі).
      19. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет төлеміне отбасының мүмкін шығындарының ең жоғарғы шектеулі үлесі, отбасының құрамы мен кірісі және тарифтер мен нақты шығындар өзгерген жағдайда белгіленген тұрғын үй көмегі қайта есептелінеді. Артық төленген сома ерікті түрде қайтарылуы керек, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен.

6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі.

      20. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасы заңнамаларының актілеріне сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады