Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі жанынан мемлекеттік нышандар жөнінде аудандық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Солтүстiк Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 07 маусымдағы N 77 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 18 маусымда N 1293. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі N 288 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 25.07.2014 N 288 қаулысымен

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімі жанынан мемлекеттік нышандар жөнінде облыстық комиссия құру туралы" облыс әкімдігінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 44 қаулысы негізінде және мемлекеттік нышандарды зерделеу, насихаттау және қолдану, мемлекеттік стильді қалыптастыру саясында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында аудан әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі жанынан мемлекеттік нышандар жөніндегі аудандық комиссия қосымшадағы құрамына сәйкес құрылсын.
      Комиссияның дербес құрамын бекіту үшін аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына жіберілсін.
      2. Қоса берілген, Ғабит Мүсірепов атындағы әкімі жанынан мемлекеттік нышандар жөніндегі аудандық комиссия туралы Ереже бекітілсін.
      3. Комиссия өз жұмысын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі аудандық комиссия туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Ж. Нұржановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің 2004 жылғы
"07" маусымдағы N 77
"Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімі жанындағы мемлекеттік нышандар
жөніндегі аудандық комиссия құру туралы"
қаулысына Қосымша

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі аудандық комиссияның дербес
құрамы

Жекебаев
Қырым Айкенұлы

аудан әкімі
комиссия төрағасы

Нұржанова
Жамал Рахымбекқызы

аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасының орынбасары

Маямирова
Сауле Қапарқызы

ішкі саясат бөлімінің маманы,
комиссия хатшысы


Комиссия мүшелері:

Ақылбеков
Талғат Үсенұлы

аудандық мәдениет және спорт
жөніндегі бөлімнің бастығы

Ақылбекова
Жанар Хизатқызы

ішкі саясат бөлімінің
тілдер жөніндегі маманы

Григорович
Ватислав Михайлович

аудан әкімінің құқық сұрақтары
жөніндегі кеңесшісі

Ысқақова
Балкүміс Қайырзатқызы

аудандық мәслихат хатшысы
(келісім бойынша)

Оразбаев
Қасымхан Оразбайұлы

Новоишим селолық округінің  әкімі

Слюсарь
Галина Сергеевна

ішкі саясат бөлімінің бастығы

Тайшабаева
Алтыншаш Жұлдызбекқызы

аудандық білім бөлімінің бастығы

Шамшетов
Мамырбек Бұланұлы

аудан сәулетшісі

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 07 маусымдағы N 77
қаулысымен Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімі Жанындағы нышандар жөніндегі
аудандық комиссия құру туралы" Бекітілген

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі жанындағы
мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) аудан әкімі жанындағы мемлекеттік нышандарды зерделеу, насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы" 1996 жылғы 24 қаңтардағы N 2797 Конституциялық заң күші бар Жарлығына сәйкес мемлекеттік стильді қалыптастыру және оларды қолдану практикасын қорыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Аудан әкімі лауазымы бойынша Комиссия төрағасы болып табылады. Комиссияның дербес құрамы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіледі.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) халықтың арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына құрмет, қатынастарын қалыптастыру;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану мәселелері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік стильді қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
      3) мемлекеттік бірдейлендіру нышандары мен геральдикалық, белгілерді жасау және енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолданудың нормативтік құқықтық, базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның өкілеттілігі

      5. Осы Ережемен анықталған міндеттерді іске асыру үшін Комиссия:
      1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану жөніндегі мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді;
      2) мемлекеттік бірдейлендіру нышандары мен геральдикалық белгілерді жасаудың және енгізудің әлемдік тәжірибесін зерделейді және Мемлекеттік нышандар жөніндегі облыстық комиссияға Қазақстан Республикасында оларды қолданудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      3) аудан аумағында ресми іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік нышандарды қолданудың рәсімдік ережелерін әзірлеуге қатысады;
      4) мемлекеттік нышандарды насихаттау және мемлекеттік стильді қалыптастыру жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған зерттеулерді жүргізуге бастамашылық етеді;
      5) геральдикалық белгілер жобалрын қарайды және сараптама қорытындыларын дайындауды жүзеге асырады;
      6) Комиссия құзыретіне мәселелер бойынша азаматтардың жазбаша өтініштерін қарайды.
      7) Комиссия өз өкілеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыру кезінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, басқа да мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
      6. Комиссия:
      1) өз құзыреті шеңберінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мүдделі ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан жұмысқа қажетті ақпаратты және өзгеде материалдар мен мәліметтерді сұрауға және алуға;
      2) өздерінің отырыстарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын олардың өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін орындау жөнінде жүргізген жұмыстары туралы тыңдауға.
      3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану мәселелері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін өкілетті мемлекеттік органдардың тексеру жүргізуіне бастамашылық жасауға.
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат шегінде және сол қаражат есебінен мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану мәселелері жөнінде кең ауқымды акциялар, семинарлар, "дөңгелек үстелдер", мәжілістер өткізуге;
      5) Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияға, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделі ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге Комиссия қызметінің нәтижесі болып табылатын ұсынымдық сипаттағы талдау, әдістемелік және өзге де ақпараттық материалдарды жолдауға;
      6) Комиссия құзыретіне жататын сараптамалық талдау зерттеулерін жүргізу үшін сараптама кеңесін құруға құқылы.

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
      8. Комиссия жұмысы қоғамдық негізде жүзеге асырылады.
      9. Комиссияның төрағасы:
      1) Комиссияға жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;
      2) Мемлекеттік нышандар жөніндегі облыстық комиссия төрағасын Комиссияның қызметі туралы тұрақты түрде хабардар етеді және оған мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану жөнінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      3) Комиссияның сараптама кеңесінің құрамын бекітеді;
      4) Комиссия мүшелері арасында тапсырмаларды бөледі;
      5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделі ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға Комиссия отырыстарына материалдар, өзінің атына келіп түскен ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындауды тапсырады;
      6) Комиссия отырыстарының хаттамаларына, жұмыс жоспарларына қол қояды;
      7) Комиссияның жұмысын жетілдіру және оның құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша Комиссия мүшелерінің ұсыныстарын қарайды;
      8) Комиссия отырыстарының күн тәртібін анықтайды.
      10. Комиссия төрағасының орынбасары:
      1) Төраға тапсырмаларының және Комиссия ұсынымдарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
      2) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын Комиссия төрағасына бекітуге енгізеді;
      3) Комиссия отырыстарын дайындау үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады;
      4) Комиссия төрағасының келісімімен Комиссия хатшысына немесе мүшелеріне Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдарды, азаматтардың жазбаша өтініштерін қарауға жібереді;
      5) осы Ережеге сәйкес Комиссия төрағасының өзге де тапсырмаларын орындайды.
      11. Комиссия хатшысы комиссия мәжілісіне құжаттарды даярлайды.
      12. Комиссияның мүшелері:
      1) халық арасында мемлекеттік нышандарға құрмет қатынастарын қалыптастыруға жәрдемдеседі, бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде және қаражат есебінен насихаттауға қатысады;
      2) Комиссия отырыстарына қатысады;
      Комиссия төрағасының және төраға орынбасарының тапсырмаларын орындайды;
      4) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсынымдар; сараптама қорытындыларын дайындауға қатысады;
      5) Комиссияның жұмыс органынан Комиссия отырыстарына қажетті материалдар алады;
      6) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыстарын жоспарлауға қатысады;
      7) жазбаша түрде баяндалатын және хаттамаға берілетін ерекше пікірге құқығы бар.
      13. Комиссияның жұмыс органы ішкі саясат бөлімі болып табылады:
      1) Комиссияның жұмысын жалпы ұйымдастыруды және оның мүшелерінің қалыптасатын сараптама кеңесінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік нышандарды қолдану және насихаттау мәселелері қарауына жататын селолық округтердің әкімдері аппаратының лауазымды тұлғаларына әдістемелік көмек көрсетеді;
      3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат жинауды, өңдеуді, мемлекеттік нышандарды қолдану және насихаттау практикасын талдауды, бұл саладағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсынымдар жүзеге асырады;
      4) жергілікті бюджеттің қаржыландыратын атқарушы органдарға және өзге да мүдделі ұйымдарға Комиссия ұсынымдарын түсіндіреді және жолдайды;
      5) бұқаралық ақпарат құралдарына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік нышандарды насихаттауға және қолдануға бағытталған Комиссия қызметін жариялау жөнінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      6) өз өкілеттері шегінде өтінім білдірушілерге олар енгізген ұсыныстар бойынша қорытынды жолдайды;
      7) Комиссия отырыстарына материалдарды, Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларының жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
      8) Комиссия мүшелерінің Комиссия жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын қорытады;
      9) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, лауазымды тұлғалармен және мүдделі ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізеді;
      10) Іс жүргізуге жауап береді, Комиссия материалдарын сақтауды және оларды мұрағатқа өткізуді жүзеге асырады.
      14. Комиссия отырыстарын қажеттігіне қарай, жылына кемінде екі рет Төраға шақырады.
      15. Комиссия отырысы, егер оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан болса заңды деп саналады.
      16. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады. Қажет болған жағдайда олар Комиссия Төрағасының - аудан әкімі өкімімен ресімделеді.
      17. Шешімдер оның отырысына қатысушылар санының кемінде үштен екісінің даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде, Комиссияның отырысын төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады