Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық Өскемен қалалық комиссиясы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 14 қаңтардағы N 3051 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының әділет Департаментінде 2004 жылғы 26 қаңтарда N 1608 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 2188 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.06.16 N 2188 қаулысымен.

      2003 жылдың 21 қазанындағы Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң N 223 "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық облыстық комиссия туралы" қаулысын орындау үшiн төтенше жағдайлардың алдын алу мен олар орын алғанда әрекет етудiң қалалық жүйесiн одан әрi жетiлдiру, тұрғындар мен аумақты апаттардан, опаттар мен тiлсiз қияпаттардан, жұқпалы ауру iндеттерi мен адамдардың жаппай улануынан, малдар эпизоотиясы мен өсiмдiктердiң ауруларынан, шекаралар мен облыс аумағын аса қауiптi және карантиндiк инфекциялардың әкелiнуi мен таратылуынан санитарлық қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесiнде жергiлiктi атқарушы органдарының, қалалық аймақтардың және меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң әрекеттерiн үйлестiру жөнiндегi ұсыныстар жасау мақсатында, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5-шiлдедегi N 19 Заңының 13 бабы және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес Өскемен қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
       1. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық Өскемен қаласының комиссиясы" құрылсын (әрi қарай-Комиссия).
       2. "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық Өскемен қаласының комиссиясы туралы Ереже" бекiтiлсiн (қосымша).
       3. "Өскемен қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (А.Н. Иманбеков) комиссияның арнайы құрамы туралы ұсыныстарды қалалық мәслихатта бекiту үшiн қала әкiмiне дайындап ұсынсын.
      4. "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi ведомствоаралық Өскемен қаласының комиссиясы туралы" 2002 жылдың 25 шiлдесiндегi N 1426 қаулысының (тiркеу N 887) күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары А. Ширшовқа жүктелсiн.
      6. Осы қаулы мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.

      Өскемен қаласының әкiмi

Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 14 қаңтардағы
N 3051 қаулысына
қосымша

Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 14 қаңтардағы
N 3051 қаулысымен
бекiтiлдi

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi
ведомствоаралық Өскемен қаласының комиссиясы туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық Өскемен қаласының комиссиясы (әрi қарай-Комиссия) консультативтiк-кеңес берушi орган болып табылады және жою саласында бiртұтас мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзу жөнiндегi ұсыныстарды жасау үшiн, және апаттардан, опаттар мен тiлсiз және басқа қияпаттардан, жұқпалы ауру iндеттерi мен адамдардың жаппай улануынан, малдар эпизоотиясы мен өсiмдiктердiң ауруларынан шекаралар мен қала аумағын аса қауiптi және карантиндiк инфекциялардың әкелiнуi мен таратылуынан санитарлық қорғау мақсатында құрылған (әрi қарай-төтенше жағдайлар).
      2. Комиссия өзiнiң өкiлеттiлiгiн жергiлiктi атқарушы органдармен, Өскемен қаласының меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындармен, мекемелермен, ұйымдарымен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып жүзеге асырады.
       3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi келесi ұсыныстарды өңдеу болып табылады:
      1) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi бiртұтас мемлекеттiк саясатты жүргiзу және жергiлiктi атқарушы органдарының, меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алуына, шектеуге және жоюға бағытталған қызметiн үйлестiру;
      2) тұрғындардың, қала аумағының қауiпсiздiгi мен төтенше жағдайлардан қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және басқа жүйесiн қалыптастыру;
      3) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштерi мен құралдарын құру, дамыту саласында бiртұтас техникалық саясат жүргiзу;
      4) төтенше жағдайлардың алдын алу мен әрекет етудiң қалалық жүйесiн жетiлдiру және одан әрi дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау;
      5) төтенше жағдайлардың алдын алуға, қала тұрғындары мен аумағының төтенше жағдайлардан қорғалуына, осы бағдарламаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiруге бағытталған мақсатты және ғылыми-техникалық қалалық бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
      6) төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтiк экономикалық, құқықтық қорғау, медициналық сауықтыру мәселелерi бойынша облыстық басқармалардың, комитеттердiң, департаменттердiң, жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiру.
       4. Көрсетiлген мiндеттi орындау мақсатында комиссияға келесi функциялар жүктеледi:
      1) төтенше жағдайлардан келетiн зиянның алдын алу мен азайтуға бағытталған шешiмдер дайындау;
      2) заңды тұлғалар мен жеке азаматтардың төтенше жағдайлардың алдын алумен жоюға бағытталған қызметiне әдiстемелiк басшылық жасау және үйлестiру;
      3) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi iс-шараларды орындау үшiн заңды тұлғалардың күштерi мен құралдарын тартуды ұйымдастыру;
      4) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою iс-шараларының орындалу барысы туралы жауапты адамдардың баяндамаларын мерзiмдi тыңдау, тыңдау қорытындылары бойынша ұйымдық және практикалық шешiмдер қабылдау;
      5) төтенше жағдайлардың зардаптарын азайту мен жою үшiн төтенше жағдай аймақтарына күш пен құралдарды жiберу жөнiндегi қалалық басқару органдарының iс-қимылын үйлестiру;
      6) орын алуы мүмкiн немесе орын алған төтенше жағдай туралы тұрғындарды құлақтандыру үшiн бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану жөнiндегi қалалық басқару органдарының iс-қимылын үйлестiру;
      7) қала аумағында төтенше жағдайдың алдын алу мен жою жөнiндегi жағдай туралы ақпараттың жиналуы мен талдануына бақылау жасау;
      8) аурулар ошағынан немесе төтенше жағдайлар ошағынан тыс жерлерге адамдардың және малдардың шығуына, жүктердiң тасылуына енгiзiлген шектеулердiң сақталуына, басқа да карантиндiк iс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
      9) Өскемен қаласы әкiмдiгiн қаладағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi жағдай туралы хабардар ету.
       5. Комиссия құқылы:
      1) комиссияның құзырына жататын қажеттi нормативтiк-құқықтық және заңнамалық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
      2) комиссияның құзырына жататын мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдарының, қалалық басқармалардың, департаменттердiң, комитеттердiң және шаруашылық жүргiзушi құрылымдардың лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
      3) қалалық басқармадан, департаменттерден, комитеттерден және меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi құрылымдардан комиссияға жүктелген қызметтердi жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпараттарды сұрауға;
      4) меншiк нысанына қарамастан қалалық ұйымдар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мамандарын (келiсiмдерi бойынша) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелерiн талдау, сараптау және басқа жұмыстарды орындауға тартуға;
      5) олардың кiнәсiнен төтенше жағдай пайда болған лауазымды тұлғаларды жұмыстан босату, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
      6) төтенше жағдайлардың алдын алумен және жоюмен байланысты мәселелердi Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң қарауына шығаруға құқылы.

2. Жұмысты ұйымдастыру

      6. Комиссияның төрағасы қала әкiмiнiң орынбасары болып табылады, оны қала әкiмi тағайындайды.
      7. Комиссия өз қызметiн оның төрағасы бекiткен жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырады.
      8. Комиссияның мәжiлiстерi қажетiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсан сайын бiр рет өткiзiледi.
      9. Комиссия өз қызметiн оның төрағасы бекiткен жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырады, онда мынадай ағымдағы және перспективалық сұрақтарды шешу көзделедi:
      1) төтенше жағдайлардың пайда болуының алдын алу;
      2) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi Қазақстан Республикасының Заңын, Президенттiң Жарлықтарын және Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң қаулыларын, сондай-ақ Комиссия шешiмдерiн жүзеге асыру жөнiндегi iс-шараларды заңды тұлғалардың орындауы.
      10. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру "Өскемен қаласы төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы"»мемлекеттiк мекемесiне жүктеледi.
      11. Өз құзырына сәйкес комиссия хаттама түрiнде қабылдайтын шешiмдер ұсыныстық сипатқа ие. Хаттамаға мәжiлiске төрағалық еткен тұлға және жауапты хатшы қол қояды.
      12. Комиссия өзi қараған және шешкен неғұрлым маңызды мәселелер бойынша жүйелi түрде қала әкiмiн хабарландырып отырады.

      Өскемен қаласы әкiмiнiң
      аппарат басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады