Ауыл шаруашылық жануарларының кейбір инфекциялық ауруларының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің Ветеринариялық ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы N 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3421. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26-бабына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса берілгендер бекітілсін:
     1) Шошқаның вирустық трансмиссивтік гастроэнтеритін алдын алу және жою бойынша іс-шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі;
     2) Шошқаның везикулярлық ауруын алдын-алу және жою бойынша іс-шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі;
     2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармалары Ветеринария департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ветеринария департаментінің директоры А.Ә.Қожамұратовқа жүктелсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

     Министр

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы Министрінің 
2005 жылғы 10 қаңтардағы   
N 8 бұйрығымен бекітілген  

  Шошқаның вирустық трансмиссивтік гастроэнтеритін
алдын алу және жою бойынша іс-шараларды жүргізудің
Ветеринариялық ережесі

     Осы Ветеринариялық ереже, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтерит ауруының алдын алу және жою шаралары туралы Ветеринариялық ереже (әрі қарай - Ветеринариялық ереже) ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ереже

     1. Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтериті (Gastrоеnterіtіs іnfectіosa suum, вирусный гастроэнтерит свиней) аса жұғымтал катарлы-геморрагиялық гастроэнтерит, құсу, іші өту, сусызданумен ерекшеленетін, әсіресе 10 күнге дейінгі торайларды көп шығынға ұшырататын ауру.
     Қоздырушысы - құрамында рибонуклеин қышқылы бар вирус, сыртқы ауаға төзімсіз, ультракүлгін сәуледе, күн сәулесінде, жоғарғы (60-80 о С) температурада жылдам өледі, сезімтал жануарлардың денесінде 45 күнге дейін сақталады.
     Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және аурудан айыққан шошқалар. Аурумен зақымдалу қоректенгенде және ауамен болады. Аурудың пайда болуына, шошқаларды үзіліссіз бір бөлмеде тудыру, аналық шошқаларды ұстайтын шошқа қораларының профилактикалық санациялауға үзілістің жоқтығы және жеке секциялардың жоқтығы себеп болады. Бұл орайда, сезімтал жануарларға қораларда әрдайым вирустың пассированиясы болады және вирус қораларда көбейеді.

     2. Вирустық трансмиссивті гастроэнтерит ауруына диагнозды клиникалық, патологияанатомиялық, эпизоотологиялық деректерге және вирусты идентификациялаған жағдайда зертханалық зерттеулер арқылы қойылады.

     3. Зертханаға, ауру шошқалардың ащы ішегін (ащы және мықын ішектерді ішіндегі құрамымен бірге) және бірінші күн ауырған торайлардың ішек бездерін жібереді. Сынамаларды зертханаға, аузы тығыз жабылған шыны құтыға салып, оны ішінде сұйық азоты бар Дьюар құтысына салып жібереді. Серологиялық зерттеулер үшін, жануарлардан қан сарысуын, арнайы мұз салынған термосқа салып зертханаға жібереді.

     4. Трансмиссивті гастроэнтериттің табындағы эпизоотологиялық жағдайына байланысты шаруашылық субъектілер мыналарға бөлінеді:
     1) шошқаның трансмиссивті гастроэнтеритіне қан сарысуын тексергенде малдардың ауруға теріс нәтиже реакция беруі, яғни табылмауы және ауру қоздырғышы жоқ;
     2) аурудан таза, тек шошқаның трансмиссивті гастроэнтеритіне қан сарысуын тексергенде оң нәтиже көрсеткен жануарлары бар;
     3) шошқаның трансмиссивті гастроэнтеритінен таза емес (клиникалық белгілері анықталған шошқалары бар).

  2. Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтерит
ауруын алдын алу іс-шаралары

     5. Қарамағында шошқалары бар шаруашылық субъектілері, шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтерит ауруының алдын алу іс-шараларын орындау мақсатында, жыл сайын жоспарлы ветеринариялық іс-шаралар өткізеді.

     6. Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритін алдын алу келесілермен негізделеді:
     1) шаруашылық субъектілердің аумағын індет қоздырғышының енуінен қорғау;
     2) шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтерит ауруын алдын алу мақсатында, барлық аналық шошқаларды, вакцинаны қолдану нұсқауына сәйкес профилактикалық вакцинация жасалынады;
     3) аналық шошқалардың тууын бөлекше орындарда ұйымдастыру;
     4) шошқалардың тууын бөлекше орындарда ұйымдастырғанда, "бос - бос емес" принципін сақтау керек;
     5) шошқалардың тууын бөлекше орындарда ұйымдастырғанда, профилактикалық уақыттар белгілеп, механикалық тазалық, күту құрал-саймандарды жуу, кептіру, дезинфекция жасау жұмыстарын жүргізеді.

     7. Трансмиссивті гастроэнтериттің табындағы эпизоотологиялық жағдайына байланысты шаруашылық субъектілерді біріктіргенде, репродукторларды белгілегенде, сатып алушылар мен тасымалдаушылар белгілейді.

     8. Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритінен сау шошқа шаруашылық субъектілерін толықтырғанда, эпизоотиялық жағдайы ұқсайтын шаруашылық субъектісінен жасақтайды, сонымен қатар 30 күндік профилактикалық карантин кезінде міндетті түрде шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритіне серологиялық тәсілмен тексеру қажет. Егер, олар серологиялық зерттеу кезінде оң нәтиже көрсетсе, онда шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритінен таза шаруашылық субъектісін жасақтауға болмайды. Ол жануарларды союға немесе эпизоотиялық жағдайы ұқсас шаруашылық субъектісіне жібереді.

     9. Егер тексеру кезінде ауруға оң реакция берген шошқалары бар шаруашылық субъектілерін топтастырғанда, осындай ауруы бар шаруашылық субъектілерінен немесе аурудан таза шаруашылықтан жасақтайды.

     10. Ауруға қолайсыз шаруашылық субъектілерінде және ауру малы бар шаруашылық субъектілерінде, тексергенде ауруға оң реакция берген шаруашылықта барлық аналық басты вакцинамен егеді.

     11. Шошқа қораларында технологиялық микроклиматты қалыпты жағдайда ұстау керек.
     Әрбір төлден жүріп өткеннен кейін, қораларды малдардан тазартады, 5-7 күн профилактикалық үзіліс беріп, құрал-жабдықтарды санитарлық өңдеуден өткізеді.

  3. Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтерит
ауруынан қолайсыз шаруашылықты сауықтыру шаралары

     12. Шаруашылық субъектісінде шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритіне диагноз қойылғаннан кейін, сол шаруашылық субъектіге қызмет көрсететін ветеринариялық маман ол туралы жедел ауылдық округтің және ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына хабарлайды.

     13. Тиісті аумақтың мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторы шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритіне диагноз қойылғаннан кейін, эпизоотиялық тексерістер жүргізу, эпизоотиялық ошақтың және қолайсыз пункттің шекарасын анықтау үшін жедел, міндетті түрде сол жерге келуі тиіс.

     14. Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтериті анықталған қойылғаннан кейін, "Ветеринария туралы" Заңының  27-бабының 1-ші тармағын басшылыққа ала отырып, сол тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуымен жергілікті атқарушы орган шешім шығарып қолайсыз пунктке, шектеу қояды.

     15. Шектеудің тәртібі бойынша шаруашылық субъектісінен алып кетуге немесе шаруашылыққа алып келуге, шошқаларды әрі бері тасымалдауға, алыс-беріс жүргізуге және қолайсыз шаруашылық субъектісіне, мал қораларына жануарларды бағып күтетін адамдардан басқаға кіріп шығуға тиым салынады.

     16. Барлық буаз аналық шошқаларды шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритіне қарсы, вакцинаны қолдану нұсқауына сәйкес вакциналайды.

     17. Мал соятын орындарға, клиникалық белгілері жоқ жануарларды союға арнайы жабдықталған тасымал көлігімен әкелуге рұқсат беріледі.

     18. Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритіне қолайсыз шаруашылық субъектілерінде шошқалар тұрған бөлімдерді, күтім құралдарын, көлік, құрал саймандарды шектеу алынғанша, күн сайын күйдіргіш натрийдің 3 проценттік ерітіндісімен немесе жаңа сөндірілген әктің 20 проценттік тұнбасымен дезинфекциялайды.

     19. Шаруашылық субъектісі және оның ветеринариялық мамандары мал бағудың технологиясынан кеткен қателіктерді болдырмау үшін шаралар қолданады.

     20. Егер бір бөлек секцияда ауру шыға қалған жағдайда, екінші бір секцияға аурудың таралуын болдырмау үшін, малдарды жақын мал соятын бекеттерде союды ұйымдастырады. Малдан босаған секцияларды механикалық санитарлық тазалағаннан кейін, 4 процентті күйдіргіш натрийдің ыстық ерітіндісімен тиісті нұсқамаға сәйкес жақсылап дезинфекциялайды.

     21. Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтерит ауруымен ауырған және ауруға күдікті сезікті және ауырған шошқалардан өндірілген ет және ішкі ағзаларды ветеринариялық-санитариялық сараптау өткізгеннен соң оларды пісіріліп жасалатын, пісіріп-қақтайтын шұжықтар немесе консерві жасауға жібереді. Шұжық жасауға мүмкіншілік болмаған кезде ет пен ішкі ағзаларды пісіру тәсілімен залалсыздандырады, оларды шикідей пайдалануға рұқсат етілмейді.

     22. Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтерит ауруына сезікті және ауырған малдардың терісін, дезинфекциялайды.
     Шошқа қылшығын 1 процентті формальдегидтің ерітіндісімен залалсыздандырады, осыдан кейін оны шектеусіз пайдалануға болады.
     Өлген жануарлардың өлексесін өртеу арқылы жояды.

     23. Егер барлық ауру немесе ауруға күдікті жануарларды сою мүмкін болмаса оларды симптоматикалық жолмен емдейді. Ауру шыққан жерден қалған аналық шошқаларды оқшаулап бағады және бордақылайды, келешек өнім өндіруге пайдаланбайды. Жануарлардан босаған мал қораларды механикалық тазартып дезинфекциялайды.

     24. Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының  27 бабының 3-ші тармағына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторының ұсынуымен жергілікті атқарушы орган шектеуді іс-шараларын алады.

     25. Осы Ветеринариялық ережеде көрсетілген сауықтыру шараларды орындағаннан соң, соңғы ауру жануар өлгеннен, сойылғаннан немесе ет комбинатына өткізілгеннен соң 21 күннен кейін шаруашылық субъектісі қолайлы деп есептеледі.

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы Министрінің 
2005 жылғы 10 қаңтардағы   
N 8 бұйрығымен бекітілген  

  Шошқаның везикулярлық ауруын алдын-алу
және жою бойынша іс-шараларды жүргізудің
Ветеринариялық ережесі

     Осы Ветеринариялық ереже, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде шошқаның везикулярлық ауруының алдын алу және жою шаралары туралы Ветеринариялық ереже (әрі қарай - Ветеринариялық ереже) ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ереже

     1. Шошқаның везикулярлық ауруы - барлық жастағы шошқалар ауыратын, аса жұғымтал ауру, жіті түрде өтуімен сипатталады, дене қызбасымен және тері қабынып танауында, тұяқтардың шашасында, тұяқтың арасында және табанында визикулалар пайда болады.

     2. Қоздырғыш - Pіcnavіrіdае тұқымдас, Enterovіrus туыстас вирус. Ауыл шаруашылығы жануарларының ішінде вирусқа тек қана шошқалар жасына қарамастан бейім келеді. Сонымен қатар жабайы шошқалар да ауырады. Емшек еметін бір күндік торайлар жиі, іштен індет жұғып шыққанда ауырады. Жекеленген адамдардың да ауырғаны байқалған.
     Аурудың бастауы, ауру шошқалар. Ауру, ауру шошқалардан алынған өнімдерден, шошқаның залалсыздандырылмаған өнімдерінің қалдықтарынан, сыртқы ластанған объектілерден (қора, күту құрал-саймандары, көлік).

     3. Ауру, аусылға қарағанда жұғымталдығы төмен және баяу, аз ғана жануарларға тарайды. Санитарлық жағдайы төмен, ауруға қолайсыз шаруашылықтарда, жануарлар 100% дейін ауырады. Соның ішінде 5-6%-нің аяқ ауруы асқынады, ол тұяқтарының түсіп қалуымен байқалады. Ауру 7-10 тәулікке созылады. Аусылға қарағанда, бұл ауру жеңілдеу өтеді. Аздаған вируспен ластанғанда ауру симптомсыз өтеді деп есептейді. Бұл ауруда вирус тасымалдаушылар әлі толығымен зерттелмеген, бірақ ауырған малдар ауру вирусын 4 айға дейін алып жүреді деп есептеледі, жұғымтал малдарға қауіпті.

     4. Шошқаның везикулярлық ауруымен табиғи жағдайда ауырып жазылған немесе эксперимент үшін жұқтырылған шошқалар ауырып жазылғаннан кейін иммунды болады. Аналық шошқаларды буаздығы 3 айлық кезінде вакцинамен егілген болса, онда уыз арқылы жаңа туған торайларға иммунитет берілетіні анықталған. Осындай жағдайда жаңа туған торайларға эксперимент ретінде ауру жұқтырса туғаннан 21 күн өткесін вирусқа төзімділігі байқалған, ал вакцина егілмеген аналықтан туған торайлар вирусқа бейім екені анықталған, онда вирусқа қарсы антидене жоқ болып шыққан.

     5. Аурудың белгілері аусылға ұқсас келеді. Инкубациялық уақыты 28 күн. Дене қызуы 41-42 о -қа дейін көтеріледі, ауызында, тілде, таңдайда, еріндерінде және бақайшақтарында, тұяқтарының арасында, табанда кейде желін ұштарында визикулярлық жаралар пайда болады. Жарақат шошқаның тұмсығында және сирақтарында визикулалар өте жиі кездеседі. Бірін-біріне қосылмаған визикулалардың көлемі 1-3 миллиметр болады және мөлдір сұйыққа толы болады. Кейбір жерлеріндегі көптеген визикулалар жарылып, жануарлар тез жазылып кетеді, екінші бір індетті жұқтырмайды, сонымен қатар басқа да жаралар болмайды.

     6. Ауру жеңіл түрде өтеді. Аяқтары жараланған жануарлар әдетте ақсайды, жекелеген жағдайларда жануардың азыққа деген тәбеті нашарлайды. Ауруға байланысты, малдың жаппай өлімге ұшырауы байқалмайды. Ауру жануарларда тышқақ, буаздарда іш тастау, сүті суалып кету, орталық нерв жүйесінің зақымдану белгілері, жүріс-тұрысы бұзылады және сал болуы байқалады.
     Ауру ауыр өткенде жануарлар жүдейді, оның бұрынғы қалпына келуі 6 айға созылады.

     7. Диагнозды, эпизоотиялық, клиникалық, паталогоанатомиялық және зертхананың зерттеулерінің нәтижесімен қояды.
     Зертханада шошқаның визикулярлық ауруын анықтау - вирусты табу және бірдейлестіру арқылы немесе патологиялық сынамада вирустық антигенді табу (комплиментті байлау реакциясы, диффузиялық прецепитация реакциясы, иммунофлюоресценциялы және бейтараптау реакциясы, электронды микроскоп) негізінде қойылады, сезімтал ұлпаның өсуінің немесе вирусқа бейім жануарларды вирусты жұқтыру арқылы және анти денені ауырып жазылған жануарлардың қан сарысуынан ретроспективтік әдіс арқылы табу арқылы негізделеді.

     8. Паталогоанатомиялық өзгерістер эпидермистің терең қабатында және эпителий клеткаларының шар тәрізді қайта түлеуімен және хорионның лейкоциттық инфильтраттауымен сипатталады. Осыған ұқсас визикулаларды және эрозиялық жараларды шошқаның тұмсығында, тілінде, желінінде, тұяқ арасында, табанда және бақайларының арасында болады.

     9. Патологиялық материалды (визикулалық қабырға) тиісті бекітілген "Визикулярлық синдром ауруын болдыратын вирустарды бірыңғайлау үшін, қолданылатын диагностикалық жиынтықтардың нұсқамасына" сәйкес қолданады. Жиынтыққа, шошқаның визикулярлық ауруын, шошқаның визикулярлық экзентемасын, визикулярлық стоматитті және аусыл ауруларын дифферентизация жасайтын, сонымен қатар осы вирустарға келетін типті сары сулар кіреді.
     Вирустық антигенді тура табу үшін, комплиментті байлау реакциясы, диффузиялық прецепитациялау реакциясы және иммунды флюроресценциялынатын реакция қолданылады.

  2. Шошқаның везикулярлық ауруының енуінің
алдын алу іс-шаралары

     10. Ветеринариялық шекаралық бақылау бекеттерінде, визикулярлық аурумен таза емес елдерден келген жолаушылардың азық-түліктерін тексереді.

     11. Қазақстан Республикасының территориясында аурудың алдын алуда ауру қоздырғышын таратпау мақсатында келесілерге тиым салынады:
     1) визикулярлық ауруға таза емес деп танылған елден шошқаның терісін, шошқа өнімдерін және шошқаларды әкелуге тиым салынады;
     2) халықаралық жолдардағы - аэропорттардан, ұшақтардан, кемелерден, пойыздардан жиналған тамақ қалдықтарын шошқаға азық ретінде беруге тиым салынады;
     3) құстардың жаппай ұшу аралығында, шаруашылық субъектілерінде, елді мекендерде шошқаларды қоршалған ашық алаңдарда, бағып күтуге болмайды.

     12. Шошқаның везикулярлық ауруының алдын алудың басты жолы, ол аурудың қоздырғышын сау шаруашылыққа ендірмеу және шаруашылық, ауылдық, аудандық, облыстық жерлердің көлемінде шошқаларды тасымалдауды қадағалау.

     13. Шошқаның везикулярлық ауруының қоздырғышының енбеуі үшін, шаруашылық субъектілері:
     1) шошқа фермаларын ұйымдастыруды тек қана шошқаның визикулалық ауруынан таза шаруашылықтардан сау шошқалармен толтыру қажет;
     2) шаруашылыққа әкелінген шошқаларды 30 күндік карантинде ұстау қажет. Карантин кезінде шошқаларды шошқаның везикулярлық ауруына серологиялық әдіспен зерттейді.

  3. Шошқаның везикулярлық ауруына күдік
туған кезде, атқарылатын іс-шаралар

     14. Шошқаның везикулярлық ауруына күдік туған кезде шаруашылық субъектісі басшысы немесе ветеринариялық маман, ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлап, ауру және ауруға күдікті шошқаларды оқшаулап, оларға арнайы малшы тағайындайды, сонымен қатар басқа сақтану шараларын жүргізеді.

     15. Тиісті әкімшілік аумақтағы ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, шошқаның визикулярлық ауруына күдікті деген хабар алғаннан соң, міндетті түрде сол жерге келіп, эпизоотиялық жағдайды анықтап, оның диагнозын анықтауға шара қолданып және аурудың әрі қарай тарап кетпеуіне жол бермеуі тиіс.
     Бұл мақсатта:
     1) аурудың қоздырғышының ену жолдарын анықтау үшін, шаруашылықта мұқият эпизоотиялық зерттеу жүргізеді;
     2) көрші шаруашылықтарда, елді мекендерде шошқаның визикулярлық ауруына және шошқаның басқа да ауруларының эпизоотиялық жағдайын анықтайды;
     3) оқшауланған шошқалардың клиникалық жағдайын анықтайды, оның ішінде шошқалардың аурудың әр сатысында болатын дене қызу реакциясына назар аударады;
     4) патологиялық сынаманы алып, зерттеуге жібереді.

  4. Шошқаның везикулярлық ауруының қоздырғышының
күдікті аумаққа енетін жерде атқарылатын іс-шаралар

     16. Қауіпті аумаққа, шошқаның везикулярлық ауруынан таза емес шаруашылықтар мен елді мекендерге шекаралас аумақтар жатады, сонымен қатар ол аумаққа соңғы 12 ай бойы таза емес аумаққа қарым-қатынасы болған, шошқаларды, жем-шөптерді әкелген немесе шығарған және басқа да қатынастары болған шаруашылықтар жатады.

     17. Қауіпті аумақта келесі іс-шаралар атқарылады:
     1) Жергілікті халықты аурудың тарау қаупі бар және оны болдырмау іс-шаралары туралы хабардар етеді шошқаларды, аурудан таза емес аумаққа шекаралас барлық шаруашылықтарда алдын алу мақсатында вакцина егіледі бұрынғы егілуін еске алып таза емес аумақтан карантин алынғаннан кейін 2 жыл бойы вакцина егеді;
     2) базарларда, ет комбинаттарында, шошқалардан өндірілген өнімдерді өңдейтін, дайындайтын кәсіпорындарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды күшейтеді;
     3) қауіпті аумақтан шошқаларды енгізуге және алып шығуға (ет комбинаттарына немесе сою пункттеріне апарудан басқа) тиым салынады. Вакцина еккен шошқаларды 21 күннен кейін ғана базарларда сатуға рұқсат беріледі;
     4) шошқаларды бағып-күтуге және азықтандыру кезіне ветеринариялық-санитариялық бақылау қойылады.

  5. Шошқаның везикулярлық ауруын жою туралы іс-шаралар

     18. Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының  27-бабының 1-ші тармағына сәйкес, шошқаның везикулярлық ауруынан диагноз қойылғаннан кейін аудан (қала) әкімшілігі, ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуымен, шаруашылық субъектісіне, ауданға, облысқа (оның жеке бір бөлігін) шошқаның визикулярлық ауруына таза емес деп шешім шығарып, оған шектеу немесе карантин қояды және ошақтағы ауруды жою және алдын алу үшін өткізілетін негізгі іс-шараларды анықтайды.

     19. Аурудан таза емес шаруашылықпен, ауру шығар алдында 18 күн бұрын жұмыс істескен шаруашылық немесе ет өңдейтін кәсіпорындарға шектеу қойылады.

     20. Карантин қойылған шаруашылықтарда, елді мекендерде келесілерге тиым салынады:
     1) карантинді аумаққа және оның сыртына шошқаларды алып кіруге, шығуға (тек жануарларды ет комбинаттарын немесе сою пункттеріне апарудан басқа);
     2) аурудан таза емес пункттерден шошқадан өндірілген өнімдерді шикідей алып шығуға, тек ет комбинаттарына немесе сою пункттеріне өңдеуге апарғаннан басқа, сонымен қатар жем-шөптерді, құрал-жабдықтарды және құрал-саймандарды да алып шығуға болмайды;
     3) ветеринария маманның рұқсатынсыз шошқаларды топтастыруға және союға;
     4) санитарлық өңдеусіз автокөліктерді карантинді аумақтан шығаруға;
     5) күтуші тұлғалардың санитариялық дауалаусыз эпизоотиялық ошақтан шығуына;
     6) шошқаларды күтуге қатысы жоқ тұлғалардың шошқа қораларына кіруіне;
     7) шошқаларды және олардан өндірілген шикі өнімдерді (ет, май, өкпе-бауыр) базарларда сатуға;
     8) жәрмеңкелер және басқада шараларды өткізуге байланысты, ауруға бейім жануарларды шоғырландыруға.

     21. Шошқаның везикулярлық ауруын жою іс-шараларын жүргізгенде шаруашылықтың өндірістік бағытын, аумағын және ауруға шалдыққан жануарлардың көлемін есепке алу керек.

     22. Егер, шошқа комплекстерінде және репродуктивті шаруашылықтарда, асыл тұқымды зауыттарда, таза емес фермаларда жануарларды сою тиімді болмаса, күнделікті клиникалық бақылау жасайды, шошқаның везикулярлық ауруымен ауырған және ауруға күдікті барлық жануарларды, сонымен қатар өсіп-дамуы төмендеген шошқаларды союға жібереді, бөлмелер дезинфекцияланады. Таза емес шаруашылық субъектілерінде және елді мекендердегі шошқаның визикулярлық ауруынан сау және қауіпті аумақтағы шошқаларға вакцина егіледі.

     23. Шошқаның везикулярлық ауруымен ауру және оған күдікті шошқаларды союды ет комбинаттардың арнайы санитариялық сою цехтарында немесе жеке ауысымда жалпы конвейерде, сонымен қатар шаруашылықтың арнайы жабдықталған сою пункттерінде (аулаларда) вирустың тарап кетпеуі туралы нұсқауын сақтап союды ұйымдастырады.
     Шаруашылық субъектілердегі шошқаларды еріксіз союды, әр жағдайда ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатымен және сол әкімшілік аумақтың ветеринариялық инспекторының бақылауымен сойылады.

     24. Шошқаларды союға немесе олардан өндірілген өнімдерді автокөлікпен тасымалдау кезінде, автокөліктердің кузовалары бүтін, сұйық ақпайтын болуы тиіс. Жолшыбай елді мекендерде тоқтауға және шошқаны ләжсізден союға тиым салынады.
     Шаруашылық субъектісінен, онымен қатар ет комбинаттың немесе сою пунктінен шығатын автокөліктер мұқият тазартылып, дезинфекцияланады. Жануарларды арту және түсіру кезінде және жануарларды тасымалдағанда жолшыбай шошқаларды қадағалайтын тұлғалардың арнайы киімдерін дезинфекциялайды.
     Шошқаларды сойғанда пайдаланған құрал жабдықтарды, жұмыс біткеннен соң дезинфекциялайды. Құндылығы төмен ағаштан жасалынған құрал саймандарды өртеп жібереді. Сою пункттерін (аулаларды), әрбір шошқа сойылғаннан кейін тазалап дезинфекциялайды.

     25. Етті, шел майды және іш-құрылыс мүшелерін пісірілген немесе пісіріліп қақталған шұжықтар немесе консерві жасауға жібереді, немесе пісіруге жібереді.
     Арық ұшаларды ішкі құрылыс мүшелерімен бірге және өлекселерді ветеринариялық мамандардың бақылауымен өртеуге немесе техникалық қайта өңдеуге жібереді.

     26. Бас, сирақтары мен құйрықтарын қарапайым технологиялық режиммен өңдеп тағамға жаратуға болады.

     27. Жануарлардың терісін алмайды, оларды ұйытады немесе ыстық сумен жидітеді. Ет комбинаттарында немесе сою пункттерінде жануарлардың терісін алып залалсыздандырады.

     28. Барлық іс-шаралар орындалғаннан соң, карантинді алар алдында екі рет қорытынды дезинфекция жасалынады.

     29. Шошқаның визикулярлық ауруын алдын алу үшін инактивацияланған вакцина қолданады.
     30. Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының  27-бабының 3-ші тармағына сәйкес шошқаның визикулярлық ауруынан таза емес шаруашылық субъектілерінен карантинді жергілікті әкімшілік, ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуымен, барлық ауырған және ауыруға күдікті, сонымен қатар өсу барысы төмен шошқаларды сойғасын, барлық ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізгеннен соң, 30 күннен кейін карантин алынады.

     31. Шаруашылық субъектісінен карантин алынғаннан кейін, 12 ай мерзім бойы шектеу қойылады, осы уақыт ішінде шошқаларды басқа шаруашылыққа апаруға, сонымен қатар ауырып жазылған шошқаларды сау шошқалармен бірге ұстауға болмайды.

     32. Шаруашылық субъектісі аумағында соңғы 2 жыл ішінде шошқаның визикулярлық ауруы анықталмаған болса, онда олар аурудан сау болып саналады.

     33. Егер, аурудан таза емес шаруашылық субъектісіндегі барлық шошқалар сойылса, онда ол шаруашылықтан карантин, онда тиісті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар орындалғаннан соң және қорытынды дезинфекция жасалынғаннан кейін алынады.
     Бұл шаруашылыққа сау шошқаларды әкелу ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатымен атқарылады.

     34. Шаруашылық субъектіден, елді мекеннен карантин алынғаннан кейін 12 ай бойына шектеу қойылады, бұл уақыт ішінде:
     1) бұрынғы шошқаның везикулярлық ауруына таза емес аумақтан шошқаларды шығаруға және сатуға, тек ет комбинаттарына шошқалардан өндірілген өнімдерді апарғаннан басқа;
     2) пошта арқылы шошқадан өндірілген өнімдер мен шикізаттарды сәлемдемемен жіберуге.

     35. Шошқаларды союды бөлек партиялармен, санитариялық сою цехында немесе ет комбинатында жеке ауысымда атқарылады. Ветеринариялық куәлікте карантин алынған айы, күні көрсетіледі.

     36. Шошқаның везикулярлық ауруымен ауырған шошқалардың өнімдерін қайта өңдейді.

     37. Шошқаның везикулярлық ауруынан сауықтырылған шаруашылық субъектілерінде, шошқаларды 2 жыл бойы, осы аурудың вакцинасын пайдалану туралы нұсқамасына сәйкес вакцина егіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады