Малдардың жұқпалы ауруларының алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 36 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3437. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
     1.  Қоса берілгендер бекітілсін:
     1) мүйізді ірі қараның тейлериозының алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелері;
     2) жылқының нутталиозының алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелері.
     2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді.

     Министр

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы Министрінің 
2005 жылғы 17 қаңтардағы  
N 36 бұйрығымен бекітілді  

  Жылқының нутталлиозының
алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық
ережелері

     Осы Жылқының нутталлиозының алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелері (кейін - Ветеринариялық ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

     1. Нутталлиоз - қарапайым қоздыратын қызбамен, қанның азаюымен, сарғаюмен, қан құйылумен, орталық жүйке, жүрек қан тамырлары және ас қорыту жүйелерінің зақымдануымен ерекшеленетін, жіті және жітілеу өтетін трансмиссивтік ауру.
     Аурудың қоздырушысы - Theileriidae туыстығының Nuttallia equi  қарапайымы, сопақша, ұзынша, алмұрт, нүкте тәріздес түрлері болады. 
     Нутталлиоз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының орталық және оңтүстік аудандарында кездеседі. Солтүстік және орталық белдеулерде сирек кездеседі.
     Орталық Азия республикалары мен Қазақстанда нуталлиоз мамыр айында бой көтеріп, ал ауырған малдар жаз бойы кездеседі. Аурудың қоздырушысы Hyalomma plumbeum, Dermacentor marginatus, Dermacentor pictus кенелерімен тасымалданады.
     Жылқылар және басқа да тақ тұяқты (есек, мул, қашыр) жануарлар ауырады.
     Негізгі жұғу жолы трансмиссивтік жол болып табылады. Құлындарға жатыр арқылы жұғуы мүмкін.

     2. Жылқының нутталлиозына диагноз індеттанулық деректердің клиникалылық белгілерінің, патологоанатомиялық өзгерістердің және зертханалық зерттеулердің негізінде қойылады.
     Комплементі байланыстыру реакциясы және иммунофлуоресценция реакциясы негізгі серологиялық әдістер болып табылады.
     Жылқының нутталлиозына түпкілікті диагноз қаннан және сөл бездерінен, көк бауырдан немесе бауырдан алынған пунктаттардан дайындалған Романовский-Гимза әдісімен боялған жағындыларды зерттеу арқылы қойылады.

  2. Ветеринариялық санитарлық таза аумақтағы жылқының
нутталлиозының алдын алу үшін жүргізілетін шаралар

     3. Меншігінде жылқылары бар жеке және заңды тұлғалар, нутталлиоздың алдын алу мақсатында, Ауыл шаруашылығы министрінің "Жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық шараларының  ережесі " 2002 жылғы 14 қарашадағы N 367 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 18 желтоқсан 2002 жылғы N 2088 тіркелген ережелерге сәйкес мынадай шаралар жүргізеді:
     1) ветеринариялық мамандарға жануарларды ветеринариялық профилактикалық тексеруден өткізу үшін ұсынады;
     2) жануарларды құнды жем шөппен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
     3) құлындарды сақа жылқылардан бөлек ұстайды;
     4) жануарларды (жылқыларды, есектерді, қашарларды) әкелу және жем шөпті сатып алу тек аурудан таза шаруашылық субъектілерінен жүзеге асырылады;
     5) барлық жаңадан сатып алынған жануарларды (жылқыларды, есектерді, қашарларды) 30 күндік профилактикалық карантинде ұстайды;
     6) қораларда, аулаларда және мал тұратын жерлерде профилактикалық дезакаризация жүргізеді;
     7) жүйелі түрде жануарлардың терісіндегі кенелермен күрес жүргізеді.

  3. Жылқы нутталлиозының індет ошағында және одан
таза емес пункттерде жүргізілетін шаралар

     4. Шаруашылық субъектісінде жылқының нутталлиозбен ауырғаны байқалғанда, шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін ветеринариялық маман тез арада ол туралы әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлайды.

     5. Әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы жылқылардың нутталлиозбен ауырғаны туралы хабарды алысымен, аурудың диагнозын анықтауға тез арада сол жерге келеді, ауырған малдардан патологиялық материалдар алып оларды ветеринариялық зертханаға жібереді.

     6. Нутталлиозға диагноз анықталған жағдайда, ауру жануарларды оқшаулайды және емдеу үшін келесі препараттарды қолданады.

     7. Апта сайын жануарларды акарацид препараттарымен домдайды.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы Министрінің 
2005 жылғы 17 қаңтардағы   
N 36 бұйрығымен бекітілді  

  Мүйізді ірі қараның
тейлериозының алдын-алу және жою бойынша
ветеринариялық ережелері

     Осы Мүйізді ірі қараның тейлериозының алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелері (кейін - Ветеринариялық ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ереже

     1. Тейлериоз - пигментсіз қан паразиттерімен шақырылатын және жіті түрде өтетін қанда паразитарлық тіршілік ететін мүйізді ірі қара малының ауруы. Қатты жүдеумен және жоғары өліммен сиппатталады.
     Тейлериоз қоздырушысының тасымалдаушысы жайылымдарда, мал қораларында жүретін кенелер болып табылады. Белгілі бір кезеңдерде кенелер малдардың үстінде паразиттік өмір сүреді.

     2. Эпизоотологиялық мәліметтерді, клиникалық белгілерді, патологоанатомиялық өзгерістерді және лабораториялық зерттеулерді ескере отырып диагноз қояды. Тірі кезінде тейлериозға диагноз қою үшін аурудың алғашқы күндерінде гранатты денелерді анықтау үшін лимфа түйіндерінің пунктаталарынан алынған жұғындыларды зерттеу ұсынылады. Дене қызуының көтерілуінің 3-4 күндерінде және содан кейін қаннан жұғынды дайындайды және эритроциттерде тейлерийлардың бар-жоғын тексереді. Ауруды ерте балау үшін қанның сары суына серологиялық зерттеу жүргізеді.

  2. Аурудың алдын-алу шаралары

     3. Мүйізді ірі қараның тейлериозбен ауруының алдын-алу мақсатында ұйымдастыру-шаруашылық және емдік-алдын алу шараларының кешенін жүргізу қажет.

     4. Шаруашылық субъектілерінің басшылары аурудың тасымалдаушылары - кенелермен жанасуын болдырмайтын жағдайда малдарды ұстау қажет, ол үшін:
     1) ауруға бейім малдарды кенелерден таза қораларда ұсталуын қамтамасыз етеді;
     2) тейлериоздан қолайсыз пунктте немесе шаруашылық субъектісінде бейім малдарды қорада және қорада-лагерьде күтіп-бағуды немесе жоғары таулы жайылымдарда жаюды ұйымдастырады.

     5. Сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы келесіні жүзеге асырады:
     1) тейлериоздан қолайсыз пунктте немесе шаруашылық субъектісінде сол жердің эпизоотиялық жағдайын ескере отырып, кенелерге қарсы және тейлериозға қарсы кешенді шаралар жоспарын жасайды;
     2) сол жерде мекендейтін тасымалдаушы-кенелердің түрлерін анықтайды;
     3) кенелердің таралу картасын олардың малдарды шағу мерзімін ескере отырып жасайды.

  3. Ауруды жою шаралары

     6. Тейлериоз анықталған қолайсыз пунктте немесе шаруашылық субъектісінде сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатынсыз малдарды қайта топтастыруға және енгізуге болмайды.

     7. Мал қоралары мен малдарды кенелерге қарсы өңдеу үшін, сондай-ақ тейлериоздың алын-алу мен оны емдеу үшін Қазақстан Республикасы Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік реестрінде тіркелген ветеринариялық препараттарды, қолдану нұсқауларына сәйкес қолданады.

     8. Малдарды кенелерге қарсы өңдеуді жергілікті жердің температуралық шарттарына және кенелердің белсенділігіне байланысты жетісіне бір рет наурыз-қыркүйек айларында, екі жетіде бір рет қазан-қараша айларында және айына бір рет желтоқсан-ақпан айларында жүргізеді.

     9. Наурыз-қыркүйек айларында малдарды өңдеу үшін дымқыл әдісті қолданады, шашу немесе ванналарда тоғыту.

     10. Кенелерге қарсы мүйізді ірі қара, жылқы және түйелер өңделеді.

     11. Тейлериозбен ауру малдарды емдейді, байлауда ұстайды және азықтандыруды жақсартады. Рационға жаңа шабылған шөпті немесе жақсы пішенді (қажетінше) және жеңіл қорытылатын концентрацияланған жемді (кебек, комбикорм) қосады. Малдарды тәулігіне үш реттен кем емес суару қажет. Малдың дене қызуының жоғарылауымен өтетін аурудың ауырлауы кезеңінде рационнан концентрацияланған жемдерді алып тастау қажет. Емдеудің алғашқы күнінен бастап симптоматикалық және патогенетикалық заттар қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады