Этил спиртін оны техникалық мақсатта немесе алкогольді емес өнімдерді өндіруде пайдаланатын ұйымдарға акциз төлеу арқылы сату ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 қаңтардағы N 11 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3450. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 439 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.09.25 № 439 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын орындау үшін  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін оны техникалық мақсатта немесе алкогольді емес өнімдерді өндіруде пайдаланатын ұйымдарға акциз төлеу арқылы сату ережелерін бекітілсін.
     2. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері этил спиртін этил спиртін оны техникалық мақсатта немесе алкогольді емес өнімдерді өндіруде пайдаланатын ұйымдарға акциз төлеу арқылы сатуға Рұқсат беруді жүзеге асырсын.
     3. "Этил спиртін акциз төлеу арқылы сату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылғы 29 қазан N 957 болып тіркелген) Алкоголь өнімдерін өндіру мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеттің Төрағасы  бұйрығының күші жойылсын деп танылсын.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

     Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы министрлігі Салық комитеті 
Төрағасының           
2005 жылғы 18 қаңтардағы N 11   
бұйрығымен бекітілген        

  Этил спиртін акциз төлеу арқылы оны техникалық
мақсатта немесе алкогольді емес өнімдерді өндіруде пайдаланатын ұйымдарға сату
Ережесі 1. Жалпы ережелер

     1. Осы Ережелер техникалық мақсатта немесе алкогольді емес өнімдерді өндіруде пайдаланылатын этил спиртінің қозғалысына бақылауды жүзеге асыру үшін "Этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.

     2. 1-қосымшаға сәйкес этил спиртін өндіруші (бұдан әрі - Жеткізуші) этил спиртін этил спиртін техникалық мақсатта немесе алкогольді емес өнімдерді өндіруде пайдаланатын ұйымдарға жіберуге облыстық, Астана және Алматы қалаларының салық комитеттерінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) Рұқсаты (бұдан әрі - Рұқсат) негізінде сата алады.
     Осы Ережедегі Рұқсат деп Жеткізушіге этил спиртін одан кейін техникалық мақсатқа немесе алкогольді емес өнімдерді өндіруде пайдалану үшін ұйымдарға сатуға құқық берілетін акті танылады.

     3. Жеткізуші этил спиртін Рұқсатта көрсетілген заңды тұлғаға (бұдан әрі - өтініш беруші).

     4. Рұқсат бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

     5. Жеткізушіден этил спиртін сатып алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:
     1) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
     2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
     3) өтініш иесінің негізгі қызметін жүзеге асыратын саланың тиісті уәкілетті органының өтініш иесінің белгілі бір мерзімге (бір жылдан аспайтын) және белгілі көлемге есептелген спирттің мұқтаждығын дәлелдейтін қорытындысы;
     4) егер өтініш иесі екінші рет өтініш беретін болса, бұрын тұтынылған этил спиртінің көлемі туралы есеп.

     6. Анықталған өтініш иесіне Рұқсат беру туралы шешімді Уәкілетті органның комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) қабылдайды. Комиссия құру және оның сандық құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен айқындалады

     7. Осы ережелердің 5-тармағымен қарастырылған барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап бір айдан, ал шағын бизнес субъектілері үшін он бес күннен кешіктірмей Рұқсат беріледі.

     8. Комиссия шешімі Комиссияның Төрағасы мен мүшелерімен қол қойылатын хаттамамен ресімделеді. Комиссияның оң қорытындысы Рұқсатпен ресімделеді.

     9. Рұқсат Комиссия Төрағасымен қол қойылады.

     10. Рұқсат тұлғаны жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен бірінші басшыға немесе нотариуспен расталған сенімхатты көрсеткенде өтініш берушінің өкіліне беріледі.

  2. Этил спиртін техникалық мақсатта немесе алкогольді
емес өнімдерді өндіру үшін сатып алуға өтініш иесіне
Рұқсат беруден бас тарту

     11. Рұқсат беруден бас тартуға мүмкін, егер:
     1) осы ережелердің 5-бабында қарастырылған барлық құжаттар өткізілмесе;
     2) өтініш иесі жөнінде соттан оған этил спиртін сатып алған қызмет түрімен айналысуға тиым салынатын шешім болса.
     Көрсетілген жетіспеушіліктерді Өтінуші жойғанда өтініш жалпы негізде қарастырылады.

     12. Этил спиртін сатуға рұқсат беруден бас тартқанда өтініш иесіне өтініш бергеннен бастап бір ай мерзім ішінде, ал шағын бизнес субъектілері үшін он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде дәлелденген жауап береді.

  3. Рұқсаттың әрекетін тоқтату немесе айыру

     13. Рұқсаттың күші мынадай жағдайларда тоқтатылады:
     1) Рұқсаттың берілген мерзімі біткенде;
     2) Рұқсатқа сәйкес сатып алынған спиртті толық көлемде пайдалануы;
     3) заңды тұлғаның бір түрінен басқа заңды тұлға түрінде (ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі) қайта құрылуын қоспағанда, қызметін тоқтатуы, қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.

     14. Рұқсаттан айыру Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
     1) уәкілеттік органымен этил спиртін мақсатсыз пайдаланудың анықталуы;
     2) Өтініш берушінің Рұқсат алу кезінде көрнеу жалған ақпарат беруі.

  4. Этил спиртін техникалық мақсатта немесе алкогольді
емес өнімдерді өндіруде этил спиртін мақсатты
тұтынуға бақылау жасау

     15. Уәкілеттік органның рұқсатымен сатып алынған этил спиртін техникалық мақсатта немесе алкогольді емес өнімдерді өндіруде пайдаланатын ұйымдар рұқсат етілген көлемде этил спиртін пайдаланғаннан кейін немесе осы көлемде этил спиртін мақсатты пайдаланғаны туралы Рұқсат берілген мерзім өткеннен кейін он күн ішінде уәкілетті органға есеп береді.

     16. Уәкілеттік орган тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетіне берілген Рұқсат және өтініш берушілердің этил спиртін мақсатты пайдалануы туралы ақпарат жөнінде есеп береді.

                                 Этил спиртін акциз төлеу арқылы
                                  оны техникалық мақсатта немесе
                                алкогольді емес өнімдерді өндіруде
                                     пайдаланатын ұйымдарға
                                    сату Ережесіне 1-қосымша

             ____________ бойынша салық комитеті

                          Рұқсат

___________________________________________________________________
                 (спирт өндірушінің атауы)
Акциз төлеу арқылы _________________________көлемдегі спиртті сатуға
___________________________________________________________________
            (сусыз спирттің литріндегі - көлемі)
кімге______________________________________________________________
                   (заңды тұлғаның атауы)
_________________________________________ негізінде қолданылатын
(заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі)
___________________________________________________________________

Спирт
_______________________________________________________пайдаланылады
             (қандай мақсатта)
Рұқсат_____________________________________________ жарамды
     (анықталған көлемнің анықталған көлеміне дейін)
___________________________________________________________________

Комиссия Төрағасы                 ____________________
                                     (Аты-жөні)
М.П.

                                 Этил спиртін акциз төлеу арқылы
                                  оны техникалық мақсатта немесе
                                алкогольді емес өнімдерді өндіруде
                                     пайдаланатын ұйымдарға
                                    сату Ережесіне 2-қосымша

             ____________ бойынша салық комитеті
_______________________________________________________-дан (-ден)
                   (заңды тұлғаның атауы)

                         Өтініш

___________________________________________________________________
             (спирт сатып алынатын өндірушінің атауы)
______ -ған __________________________________________________үшін
                 (спирт не мақсатта сатып алынады)
___________________________________________________________ көлемде
Рұқсат беруіңізді өтінемін.
Өтініш иесі туралы мәлімет:
1. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі
___________________________________________________________________
2. Мекен-жайы ___________________________________________________
                       (заңды тұлғаның тұрғылықты жері)
3. Қоса берілген құжаттар
___________________________________________________________________
Басшы
_______________________
       (қолы)
              ______________________________
                       (аты-жөні)

Мөр орны
"___" _____________ 200__ ж.
Өтініш "___" _______ 200__ ж. қарауға қабылданды.
___________________________________________________________________
     (уәкілетті органның жауапты тұлғасының қолы, аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады