Міндетті түрде лоцмандық алып өтуге жататын ішкі су жолдары учаскелерінің, кемелер түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 32-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 21 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3452

     "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған Міндетті түрде лоцмандық алып өтуге жататын ішкі су жолдары учаскелерінің, кемелер түрлері мен көлемдерінің тізбесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.К.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Т.Б.Әбілғазинге жүктелсін.
     4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы Көлік 
және коммуникация министрінің
2005 жылғы 17 қаңтардағы   
N 32-І бұйрығымен      
бекітілген         

  Міндетті түрде лоцмандық алып өтуге жататын
ішкі су жолдары учаскелерінің, кемелер
түрлері мен көлемдерінің
тізбесі

     Ұзындығы 277 шақырым Горы кентінен Атырау қаласына дейінгі Орал өзеніндегі учаске және ұзындығы 56 шақырым Орал-Каспий каналы.
     Шөгуі 2,5 метрден жоғары және ұзындығы 50 метрден артық "өзен-теңіз" жүзу кемелері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады