Арнаулы бiлiм беру ұйымдары туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 42 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3510. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 17.09.2013 № 375 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса берiлiп отырған Арнаулы бiлiм беру ұйымдары туралы ереже бекiтiлсiн.      
     2. Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментi (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
     3. Осы бұйрық жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгiзiледi.
     4. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының бiлiм департаменттерi (басқармалары) аталған бұйрықты аудандық, қалалық бөлiмдерiне және бiлiм беру ұйымдарына жеткiзсiн.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін.

     Министрдің
     міндетін атқарушы

     "Келісілді"                 
     Қазақстан Республикасы      
     Ішкі істер министрі        
     2005 жылғы 25 наурыздағы    

     "Келісілді"
     Қазақстан Республикасы
     Денсаулық сақтау министрі
     2005 жылғы 19 ақпандағы

Қазақстан Республикасы      
Білім және ғылым министрінің  
міндетін атқарушының      
2005 жылғы 27 қаңтардағы     
N 42 бұйрығымен бекітілген   

  Арнаулы білім беру ұйымдарын құру туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

     1. Арнаулы білім беру ұйымдары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі  Заңының  13-бабының 11-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
     Арнаулы білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие беру мекемелері болып табылады және құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын, әкімшілік жазалау шараларына әкеп соғатын, отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан үнемі өз бетімен кетіп қалатын, өзге де қоғамға жат іс-әрекеттер жасайтын он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету үшін құрылады.

     2. Арнаулы білім беру ұйымдары қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына , " Білім туралы ", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен  балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Қазақстан Республикасындағы  бала құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Ережеге және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

     3. Арнаулы білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері:
     1) тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімденуі мен оңалуы;
     2) кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың және қоғамға жат қылықтардың алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды табу;
     3) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
     4) кәмелетке толмағандардың заңға бағыну мінез-құлықтарын қалыптастыру;
     5) оқу мен тәрбие процесінің үздіксіздігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету.

  2. Арнаулы білім беру ұйымдарын құру тәртібі

     4. Арнаулы білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар арасындағы қыз балалар мен ұл балаларды бөлек орналастыруды қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады. Тәрбиеленушілердің қыз балалар мен ұл балалар ұйықтау корпустарының, сондай-ақ тәрбиеленушілердің 11-14 жастағыларын 15-17 жастағылардан оқшау орналастыру міндетті шарт болып табылады.

     5. Арнаулы білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ететін үй-жайлар мен ғимараттар: тәрбиеленушілерге арналған белгіленген нормативтер бойынша жарақталған оқу және тұрғын үйлер, тағам блогі, изоляторымен қоса оқшау бөлмесі бар медициналық пунктке арналған үй-жай, клуб, спорт қалашығы, оқу-өндірістік шеберханалар, ауылдық оқу-тәжірибе, бау-бақша немесе өзге шаруашылығы болады.

     6. Изоляторымен қоса медициналық пункттің қызметін арнаулы білім беру ұйымының және денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті мемлекеттік органының басшысы реттейді. Қажет болған жағдайда арнаулы білім беру ұйымы денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті мемлекеттік органдарының бейінді медициналық мекемелерінің көмегін пайдаланады.

     7. Кәмелетке толмағандарға басшылық жасау жұмысын ұйымдастыру және оларды оқытуда, тәрбиелеуде, ұстауда және еңбекке баулу мен өндірістік оқытуда көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін арнаулы білім беру ұйымдарында мемлекеттік органдардың және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің басқа басшылық жасайтын ұйымдардың өкілдерінен қоғамдық кеңестер құрылуы мүмкін. Қоғамдық кеңестің құрамына сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымының директоры немесе оның орынбасары, оқытушылар, тәрбиеленушілердің ата-аналары кіреді.

     8. Арнаулы білім беру ұйымы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өзінің атауы бар елтаңбалы мөрі, мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.

  3. Арнаулы білім беру ұйымын басқару

     9. Арнаулы білім беру ұйымдарын басқару дара басшылық және алқалылық принциптерінде жүзеге асырылады. Арнаулы білім беру ұйымының білім беру процесіне және ағымдағы қызметіне тікелей басшылықты директор жүзеге асырады, оны облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының білім беру басқармалары (департаменттері) жұмысқа тағайындайды және босатады.

     10. Арнаулы білім беру ұйымын жалпы басқаруды қоғамдық кеңес жүзеге асырады, оның құрамына педагог қызметкерлер, 5-11 сынып тәрбиеленушілері, ата-аналар немесе оларды ауыстыратын тұлғалар және жұртшылық өкілдері кіреді. Кеңесті сайлау тәртібі және оның жұмысы ұйымның жарғысымен айқындалады.

     11. Режим бойынша директорының көмекшісін, режим бойынша аға кезекші мен режим бойынша кезекшіні педагогикалық немесе заң білімі бар және балалармен жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар арасынан арнаулы ұйымның директоры тағайындайды.
     Аға кезекшілер мен режим бойынша кезекшілердің саны оқушылар санының 10 пайызы есебінен анықталады.

     12. Аға тәрбиешіні әрбір төрт сыныпқа (тәрбиелеу топтарына) балалар ұжымының іскер басшысы деп өзін ұсынымдаған жоғары педагогикалық білімі бар тұлғалар арасынан арнаулы білім беру ұйымының директоры тағайындайды.

     13. Еңбек шеберінің немесе өндірістік оқыту шеберінің жоғары немесе кәсіптік орта білімі, жоғары өндірістік білікті және тиісті кәсібі бойынша жұмыс тәжірибесі болуы қажет.

     14. Арнаулы білім беру ұйымының медициналық пунктінің меңгерушісін және медициналық қызметкерін штаттық кестеге сәйкес ауданның, қаланың денсаулық сақтау органымен келісімімен мекеменің директоры тағайындайды.

     15. Психологты жоғары білімі бар, балалардың жастық және педагогикалық психология, психодиагностика және психотүзеу бойынша арнайы дайындық алған адамдар арасынан арнаулы білім беру ұйымының директоры тағайындайды.

     16. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы білім беру ұйымы өзінің жарғысын әзірлейді, онда кеңестің өкілеттілігі, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін және оның қызметін жүзеге асыруға қажетті өзге де мәселелер айқындалады.

  4. Арнаулы білім беру ұйымдарына тәрбиеленушілерді
қабылдау, оқуын бітірту тәртібі

     17. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына орналастыруға қажетті құжаттарды жинауды кәмелетке толмағандарды іздеп табуды және оларды есепке алуды мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді:
     1) жүйелі түрде құқық бұзатын, әкімшілік жазалау шараларына әкеп соғатын, отбасынан жүйелі түрде өз бетімен кетіп қалатын, өзге де қоғамға жат іс-әрекеттер жасайтын кәмелетке толмағандарға қатысты - ішкі істер органдары;
     2) орта білім алудан бас тартатын, балалардың оқу-тәрбиелеу (интернаттық) ұйымдарынан жүйелі түрде өз бетімен кетіп қалатын кәмелетке толмағандарға қатысты - білім беруді басқару органдары;
     3) спирт ішімдіктерін, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланатын кәмелетке толмағандарға қатысты - ішкі істер және денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті мемлекеттік органдары қамтамасыз етеді.

     18. Кәмелетке толмаған бала арнаулы білім беру ұйымына бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін.

     19. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жағдайының ерекшеліктері және арнаулы білім беру ұйымындағы педагогикалық режим мыналармен:
     1) тәрбиеленушілердің жеке бастарының қауіпсіздігін және оларды теріс қылықтардан барынша қорғауды қосатын көрсетілген мекеменің аумағын қорғаумен;
     2) күн тәртібімен, оқу, тәрбие жұмысының жүйесімен және тәрбиеленушілердің пайдалы жұмыспен, олардың өндірістік еңбекке кірісуін қамтамасыз ететін бос уақытын ұйымдастырумен;
     3) тәулік бойы, оның ішінде ұйқыға бөлінген уақытта педагогикалық бақылаумен және олардың заттары мен тынығатын бөлмелерін тексеріп қарауды қоса тәбиеленушілердің мінез-құлқына бақылау жасаумен;
     4) мекеменің аумағына бөтен адамдардың келуіне шектеу жасаумен және одан тәрбиеленушілердің өз бетімен кетуін болдырмаумен анықталады.

     20. Арнаулы білім беру ұйымдарында оларды бағып-күтуге және оқытуға кедергі болатын аурулары бар кәмелетке толмағандар көрсетілген мекемелерге орналастырылмайды.

     21. Арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандардың жеке істерін ресімдеу арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандардың жеке істерін ресімдеу үшін құжаттар тізбесіне (осы Ереженің 1-қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.

     22. Арнаулы білім беру ұйымдарына қабылдауды бірінші басшы немесе олардың міндетін атқарушы лауазым иелері жүргізеді.

     23. Кәмелетке толмағандарды арнаулы ұйымдарға жеткізу белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарының қарамағындағы Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

     24. Жұқпалы аурулардың барлығына тексеріс жүргізудің қажеттілігі болған кезде арнаулы білім беру ұйымдарына түсетін кәмелетке толмағандарды карантиндік бөлімшеге медициналық қызметкерлердің бақылауымен 7 күндік мерзімге орналастыруға болады.
     Кәмелетке толмағандар оқитын сыныпты анықтау бар білімі туралы құжаттардың негізінде, ал олар жоқ болған жағдайда немесе даулы жағдайларда олардың білімін тестілеу нәтижесі бойынша жүргізіледі. Оқуға қабылдау арнаулы білім беру ұйымының бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы лауазымды тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.

     25. Арнаулы білім беру ұйымының әкімшілігі кәмелетке толмағандарды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде осы туралы ата-анасын немесе оларды ауыстыратын тұлғаларды жазбаша түрде хабардар етіп, өзінің заңды мекен-жайын хабарлауы қажет.

     26. Тәрбиеленушілердің арнаулы білім беру ұйымының аумағынан өз бетімен кетіп қалған жағдайда мекеменің әкімшілігі осы туралы жергілікті білім беруді басқару мен ішкі істер органдарын жедел түрде хабардар етеді және олармен бірлесіп тәрбиеленушіні іздеу және қайтару жөнінде шара қабылдайды.

     27. Арнаулы білім беру ұйымының әкімшілігі аталған мекеменің орналасқан жеріндегі және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерлеріндегі ішкі істер органдарын олардың өз бетімен кетіп қалу фактілері туралы хабардар етеді және оларды іздеу және қайтару жөнінде шара қабылдайды.

     28. Тәрбиеленушіні арнаулы білім беру ұйымынан оқытып шығарту сот белгілеген мерзім аяқталғаннан кейін мекеменің бірінші басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады. Кәмелетке толмағанның арнаулы білім беру ұйымында болуы оның кәмелетке толғанына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін, сондай-ақ мекеме әкімшілігінің немесе кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссияның ұсынысы негізінде сот аталған шараны қолдануда кәмелетке толмағандар түзеу мекемесінде болуға мұқтаж емес деген ұйғарымға келеді.

     29. Тәрбиеленушінің сот айқындаған арнаулы білім беру ұйымдарында болу мерзімі арнаулы білім беру ұйымы әкімшілігінің дәлелді өтініші бойынша мынадай жағдайларда ғана:
     1) кәмелетке толмағандарға жалпы білім беретін немесе кәсіби даярлықты аяқтау қажет болғанда, бірақ кәмелетке толғанға дейін ғана;
     2) ықпал ету әкімшілік шараларына соқтыратын, жүйелі түрде құқық бұзатын орта білім алудан бас тартатын, арнаулы білім беру ұйымдарынан өз бетімен кетіп қалатын, өзге де қоғамға жат қылықтар жасайтындар үшін ұзартылуы мүмкін.

     30. Ереженің 28-тармағында көрсетілген жағдайлар кезінде арнаулы білім беру ұйымының әкімшілігі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссиясына тиісті өтініш жасайды, оған тәрбиеленушінің жеке басын және соттық тәртіппен мәселені одан әрі шешу үшін аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болу мерзімін ұзартудың қажеттілігін негіздейтін оның әлеуметтік оңалу процесін сипаттайтын материалдар қоса беріледі.

     31. Арнаулы білім беру ұйымының тәрбиеленушісі қылмыстық нышандағы қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына жеткенге дейін оның "Құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңның 14-бабында белгіленген тәртіппен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілуі мүмкін. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарынан ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына ауыстырудың орындылығы туралы шешімді кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның немесе ішкі істер органдарының ұсынысы бойынша сот қабылдайды.

     32. Тәрбиеленушілерді арнаулы білім беру ұйымдарында тәрбиелеу, оқыту және ұстау жағдайлары туралы мәселені тоқсанына кемінде бір рет кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында тексеріс материалдарын кейін қараумен қоса кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссия зерделейді.

     33. Кәмелетке толмағандарды бір арнаулы білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыру ерекше жағдайларда тәрбиеленушілердің жеке бастарының қауіпсіздіктерін, құқық бұзушылықтан сақтандыруды қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар топтарының заңсыз немесе қоғамға жат бағыт ұстап бөлектенуін болдырмау мақсатында білім беруді басқару органының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

     34. Қамқорлықсыз қалған тәрбиеленушілерге қатысты арнаулы білім беру ұйымының әкімшілігі тәрбиеленушіні күтілген бітіртіп шығаруға дейін кешіктірмей бір ай бұрын тәрбиеленушінің тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға оның көрсетілген мекемені бітіріп шыққаны туралы хабарламаны, сондай-ақ кәмелетке толмағанға мінездеме және онымен одан әрі жеке алдын алу жұмыстарын жүргізудің және оның еңбекпен қамтылуына және тұрмыстық жағдайына жәрдем көрсету қажеттілігі туралы ұсыныс жібереді.

     35. Арнаулы білім беру ұйымдарынан мерзімінен бұрын немесе сот белгілеген мерзімнің аяқталуына байланысты кететін кәмелетке толмағандар ата-анасының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың алып жүруімен одан әрі орналасу жеріне жіберіледі, ал олар келе алмаған жағдайда - ұйым қаражаттары есебінен арнаулы білім беру ұйымының қызметкері алып жүреді.

     36. Кәмелетке толмағандығына байланысты арнаулы білім беру ұйымдарынан кететін кәмелетке толмағандар тұрақты тұратын жеріне өз бетімен ұйымның қаражаты есебінен жіберіледі.

     37. Жетім бітірушілер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жастарына қарамастан арнаулы білім беру ұйымының қызметкерінің алып жүруімен ары қарай орналасатын жеріне жүреді.

     38. Кетудің барлық жағдайларында арнаулы білім беру ұйымдарының әкімдігі бірітушілерге аталған мекемеде болған кезеңде олар бұрын пайдаланған маусымдық киімдер мен аяқ-киімдердің комплектісін тегін береді және оларға тапқан ақшаларын береді.
     Жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан бітірушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес материалдық көмек көрсетіледі.

     39. Арнаулы білім беру ұйымын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бітірген кезде оларды алып жүретін адамдарға: іссапар шығыстарына және оның тұратын жеріне жетуге дейінгі уақыттағы тағам өнімдеріне жұмсалатын қаражат, жасөспірімге тиесілі заттарын, ақша, жеке құжаттарын, білімі және еңбек даярлығы туралы куәлік немесе анықтама, мінездеме, егілген егілімдері туралы және эпидемиологиялық ортасы туралы мәліметтері бар міндетті медициналық картасынан көшірме беріледі.
     Арнаулы білім беру ұйымы қызметкерінің кәмлетке толмағандарды алып жүруіне іссапар шығыстары төленеді және баратын жеріне дейінгі уақытта тамақтануы үшін азық-түлік беріледі.

     40. Арнаулы білім беру ұйымының әкімшілігі кәмелетке толмағанның тұратын жеріндегі ішкі істер органдарынан жыл бойы болғандығының фактісі туралы жазбаша қуаттауды сұратады және бұрынғы тәрбиешінің ары қарайғы өмір сүру жағдайы және мінез-құлқы туралы олармен және білім берудің жергілікті органдарымен хат алысуды жүргізеді.

  5. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

     41. Арнаулы білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының негізінде әзірленген арнаулы білім беру бағдарламаларын игеру арқылы жүзеге асырылады.
     Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, оқу режимдері жалпы білім беру стандарттарының, оқу жоспарларының және денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдарының негізінде дайындалған арнаулы білім беру ұйымдары бекіткен ережелермен айқындалады.

     42. Арнаулы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін оқыту және тәрбиелеу сараланып олардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, міндетті әртүрлі бейінді өндірістік және қоғамға пайдалы еңбекпен көп және әртүрлі үйірмелер желісі арқылы жүргізіледі.

     43. Оқи алмайтын проблемалары бар тәрбиеленушілер үшін арнаулы ұйымның педагогикалық кеңесі бекіткен білімін теңестіру бағдарламасы қолданылады.

     44. Өз бетінше даярлық сабақтары педагогтардың басшылығымен күн тәртібінде арнаулы бөлінген сағатта жүргізіледі.

     45. Оқу-тәрбие процесімен және әлеуметтік оңалтумен байланысты емес іс-шараларға тәрбиеленушілерді тартуға тиым салынады.

     46. Арнаулы білім беру ұйымдарындағы еңбекке баулу мен тәрбиелеу балалар мен жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу құралдарының бірі болып табылады. Олар оқу-өндірістік шеберханаларында және оқу-тәжірибелік ауыл шаруашылығында балалардың жастары мен физикалық дамуын ескере отырып, күніне екі сағаттан төрт сағатқа дейінгі шекте жүзеге асырылады.

     47. Өндірістік оқыту процесінде тәрбиеленушілер оқу бағдарламаларының талаптарына жауап беретін өндірістік тапсырыстар орындауларына болады.

     48. Арнаулы білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің өндірістік практикасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жалпы білім беретін және кәсіби мектептер оқушыларының өндірістік практикасы туралы ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
     Тәрбиеленушілер кәсіби практиканы арнаулы білім беру ұйымдарының оқу-өндірістік шеберханаларында өтеді.

     49. Өндірістік оқыту процесінде жасөспірімдер дайындаған өнім үшін, сондай-ақ өндірістік практикасы кезеңінде орындалған жұмыс үшін кәмелетке толмағандарға тәрбиеленушілердің жеке есеп шотына ақшалай сома аударылады және белгіленген тәртіппен қажеттілігіне қарай беріледі.

     50. Бітіру емтихандарын тапсырған тәрбиеленушілерге біліктілік
беріледі және белгіленген үлгідегі құжат беріледі.

     51. Жалпы негізгі немесе жалпы орта мектепті бітірген арнаулы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері жеке іс қағаздарында сақталатын білімі туралы тиісті куәлік немесе аттестат алады және арнаулы ұйымдарын бітірген кезде қолхат жаздырып оларға қолдарына береді. Қалған тәрбиеленушілерге бітірген кезде барлық пәндер бойынша бағалары көрсетілген табель беріледі.

     52. Арнаулы білім беру ұйымдарында көтермелеудің мынадай шаралары белгіленеді:
     1) ауызша алғыс айту немесе тәрбиеленушінің жеке ісіне тігілетін бұйрық шығару;
     2) бұрын қолданылған шараны уақытынан бұрын алып тастау;
     3) грамотамен, сыйлықпен, сыйақымен наградтау;
     4) құрмет тақтасына енгізу;
     5) тәрбиеленушінің жақсы мінез-құлқы және оның оқудағы және еңбектегі жетістіктері туралы ата-анасына немесе бұрынғы оқыған жеріне хабарлау;
     6) үздік сыныпқа немесе топқа грамота немесе бағалы сыйлық беру;
     7) "Кәсібі бойынша үздік" атағын беру.
     Педагогикалық кеңестің, қоғамдық кеңестің және өзін-өзі басқару активінің шешімі бойынша үздік тәрбиеленушілер мен топтар туған өлке, ел бойынша туристік жол жүрулермен, театрларға барумен және басқалармен көтермеленуі мүмкін.

     53. Режимді және жүріп-тұру ережелерін бұзғаны үшін кәмелетке толмағандарға мынадай жаза қолданылуы мүмкін:
     1) ескерту;
     2) тәрбиеленушілерді қатарға тұрғызып қойып, ауызша сөгіс немесе арнаулы ұйым директорының бұйрығы жарияланады;
     3) арнаулы ұйымның педагогикалық кеңесінде кәмелетке толмағандардың жалпы жиналысында топтарды немесе сыныпты талқылау;
     4) ұйықтағанға дейін (бір сағаттан аспауы қажет) оқудан бос уақытта арнайы ұйымның үй-жайы мен аумағын (қоғамдық пайдалану жерінен басқа) жинауға кезектен тыс кезекшілікке қою.
     Осы Ережеде көзделмеген жаза шарасын қолдануға болмайды.

     54. Ереженің 52, 53-тармақтарда санамаланған көтермелеу мен жаза қолданудың құқығы директорға немесе оның орынбасарына беріледі. Мұғалімдер мен тәрбиеленушілерге ауызша алғыс айту, ескерту немесе ауызша сөгіс жариялау түрінде шара қолдану және көтермелеу шараларын қолдана алады.

     55. Арнаулы білім беру ұйымдарының әкімшілігі ата-аналары немесе оларды ауыстыратын адамдар, жақын туыстары қайтыс болған, ауыр науқас жағдайында тәрбиеленушілерге 7 тәулікке дейінгі мерзімде (жолда жүрген уақытын санамағанда) қысқа мерзімді демалыс беруге құқылы. Демалыс өткізу жеріне дейін кәмелетке толмағанды ата-анасы, оның заңды өкілдері немесе арнаулы білім беру ұйымының қызметкерлері алып жүруді жүзеге асырады.

     56. Арнаулы білім беру ұйымының директоры, оның орынбасарлары,
мұғалімдер, тәрбиешілер кәмелетке толмағандардың ата-анасымен немесе оларды ауыстыратын адамдармен хат алмасу, жеке әңгімелесу, ата-аналар жиналысын өткізу жолымен жүйелі байланыста болады.

     57. Тәрбиеленушілерге белгіленген тәртіппен хат алмасу, беріп жіберген затты алу, сәлемдеме бандерольдер (рұқсат етілген заттар мен өнімдердің тізбесін сақтай отырып), ақшалай аударылымдар рұқсат етіледі.
     Оқушыларға ақша қаражаттарын жұмсау арнаулы ұйым тәрбиешісінің
рұқсаты бойынша және оның бақылауымен жүргізіледі.

     58. Сақтауға болмайтын заттардың тұрған жері туралы мәлімет бар болғанда ұйымның әкімшілігі оқушылардың заттарын, келіп түсетін сәлемдемелерді, бандеролдерді, сәлем-сауқатты тексеруге құқылы.

     59. Арнаулы білім беру ұйымдарының аумағындағы  сенбіліктер, аумақты басты жинау, өз-өзіне қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар кезеңінде оқушыларды тәрбиеленушілердің денсаулығына қауіпті жерлерді, қоғамдық пайдалану жерлерін жинауға пайдалануға тиым салынады.

  6. Материалдық-техникалық база

     60. Педагогикалық қызметкерлер, тәрбиешілер үй-жайлар мен ғимараттардың, оқу жабдықтарының, мүкәммал және мектептің басқа да мүлкін қиратқаны үшін материалдық жауапты болады.

     61. Арнаулы білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасы бекіткен нысандар бойынша өз қызметінің нәтижелері туралы статистикалық есеп береді.

     62. Арнаулы білім беру ұйымының құжаттамасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Арнаулы білім беру ұйымдары   
туралы ережеге 1-қосымша    

Арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке
толмағандардың жеке істерін қалыптастыруға арналған
құжаттардың тізбесі

     1. Келу мерзімін көрсете отырып, арнаулы білім беру ұйымына кәмелетке толмағанды жіберу туралы соттың шешімі.
     2. 16 жасқа толмаған тұлғалардың тууы туралы куәлігі немесе жеке басының куәлігі (көшірме).
     3. Тіркелу куәлігі (әскерге шақыру жасындағы тұлға үшін).
     4. Жалпы білім беретін мектептің, мектеп-интернаттың, балалар үйінің, кәсіптік мектептің оқушыларының жеке істері.
     5. Кәмелетке толмағанның арнаулы білім беру ұйымына баратын болып белгіленген сәттен бастап, соңғы оқыған жерінен оған берілетін мінездеме.
     6. Тұрғылықты жерінен, тұрып жатқан тұрғын алаңы және отбасы құрамы туралы анықтама, ата-анасының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың жұмыс орнынан анықтама.
     7. * Баланың медициналық картасы - N 026/У нысаны және амбулаториялық аурудың медициналық картасына қоса салынатын парақ - N 025-1/У нысаны.
     8. Алдын алу екпелердің картасы - N 063/У нысаны және арнаулы білім беру ұйымдарына жіберуден кемінде бір ай бұрынғы зертханалық анализдердің мәліметтері.
     9. Дәрігер-психоневрологтің (қыз балалар мен ұл балалар үшін), дәрігер-гинекологтің (қыз балалар үшін), дәрігер-дермато-венерологтің (ұл балалар мен 14 жастан жоғары қыз балалар үшін) анықтамасы.
     10. Жұқпалы аурулардың жоқтығы туралы дәрігердің анықтамасы, егер арнаулы білім беру ұйымына жіберілуге жататын жасөспірім ЦВИАРН-де ұсталатын болса. Арнаулы білім беру ұйымына бекітілуге қарама-қайшы келмейтін аталған жасөспірімде ауру табылған жағдайда ол емделіп болғанға дейін кідіреді.
     11. Арнаулы білім беру ұйымына кәмелетке толмағанды ұстаудың мүмкіндігі туралы дәрігердің тұжырымы медициналық куәландыру және 9, 10-тармақтарда санамаланған тізбеленген құжаттарды зерделеу негізінде шығарылады.

     *  Ескерту : баланың медициналық картасы баланың денсаулық паспортымен ауыстырылады (N 02/у-3 есепке алу нысаны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады