"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 149 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3559. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.12.19.  N 638  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  жүзеге асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 1118 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2000 жылы N 6 жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 1514 тіркелген 2001 жылғы 18 мамырдағы  N 366 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 1859 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2002 жылы тамызда N 30 жарияланған, 2002 жылғы 17 мамырдағы  N 366 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 2211 тіркелген 2003 жылғы 22 ақпандағы  N 116-1 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 2808 тіркелген, 2004 жылғы 23 наурыздағы  N 241  Білім және ғылым министрінің бұйрықтарына сәйкес енгізілген өзгерістерімен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесінде:
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 464 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоғары оқу орындарында студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа моделі туралы" қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы N 315 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 464 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысын" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің" деген сөздердің алдында "Білім туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  30-бабының 14-тармақшасын" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелерінде:

      бүкіл мәтін бойынша "аймақтық" деген сөз тиісінше "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бүкіл мәтін бойынша "немесе мемлекеттік білім несиесін" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-тармақта "және мемлекеттік білім несиесі" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақта:
      бірінші абзацтағы "сәйкес" деген сөзден кейін "азаматтардың өтініштері бойынша конкурстық негізде" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацта "сондай-ақ оқу орындарын" деген сөздердің алдында "республикалық музыка мектеп-интернаттарының түлектері, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6.1. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.";

      7-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "немесе несиесін" деген сөздер алынып тасталсын;
      "3х4 көлеміндегі 2 фотосурет" деген сөздерден кейін "086-У нысанындағы медициналық анықтаманы" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Төртінші пән сәйкес келген жағдайда, талапкер төрт мамандықты көрсетуге құқығы бар.";
      үшінші абзац алынып тасталсын;
      алтыншы абзацта "Бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдар" деген сөздерден кейін "мүгедек балалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Білім беру гранттарын алуға басым құқығы бар тұлғалар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына осы құқықты растайтын құжатты және мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтінішті осы Үлгі ережеде бекітілген мерзімде тапсырады.";
      сегізінші абзацта "20 маусымнан 10 шілдеге" деген сөздер "22 шілдеден 31 шілдеге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақтың екінші абзацында "20 шілдеден 25 шілдеге" деген сөздер "18 шілдеден 22 шілдеге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлімнің атауында:
      "мен мемлекеттік білім несиесін" деген сөздер алынып тасталсын;
      "гранты" деген сөз "грантын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22-тармақта үшінші сөйлем алынып тасталсын;

      23-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      "23. Білім беру гранттарын алуға мемлекеттік сертификат баллдарына сәйкес конкурс өткізілген кезде:
      1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған оқушылардың;
      2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың ағымдағы жылғы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандығының олар жеңімпазы болып табылатын олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда басым құқығы болады. Халықаралық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың, орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың пәндеріне сәйкес келетін мамандықтар тізбесін Министрлік бекітеді.";

      24-тармақ алынып тасталсын;

      25-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Білім беру гранттары осы Үлгі ереженің 23-тармағына сәйкес басым құқығы бар азаматтарға бірінші кезекте беріледі.";
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұдан әрі мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау талапкерлер өтініш білдірген тіл бөлімдері, жоғары оқу орындары және мамандықтардың реті бойынша мемлекеттік сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.";
      үшінші абзац алынып тасталсын;
      төртінші абзац алынып тасталсын;
      алтыншы абзацта:
      "мен мемлекеттік білім несиелерін беруден" деген сөздер алынып тасталсын;
      "тағайындау" деген сөз "тағайындаудан" деген сөзбен ауыстырылсын; 

      26-тармақта:
      "бала кезінен мүгедектерге" деген сөздерден кейін "мүгедек балаларға," деген сөздермен толықтырылсын;
      "үздік аттестаттары не кәсіптік бастауыш және орта білімді үздік дипломдары" деген сөздер "білімі туралы үздік құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "немесе мемлекеттік білім несиелерін беру" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
      "26-1. "Алтын белгі" белгісінің иегерлері кез келген мамандыққа тестілеудің төртінші пәніне қарамастан мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысады.";

      27-тармақта "немесе мемлекеттік білім несиесі" деген сөздер алынып тасталсын;

      28-тармақта "немесе несиелерін", "немесе мемлекеттік несие алу құқығына ие болғандығы" деген сөздер алынып тасталсын;

      29-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтар жоғары оқу орындардың қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта, кәсіптік бастауыш немесе кәсіптік орта білімі туралы құжатын (түпнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 суретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, мемлекеттік сертификатты, сондай-ақ мемлекеттік білім гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда) қоса береді.";

      30-тармақта:
      бірінші абзацта екінші сөйлем алынып тасталсын;
      екінші абзацта "немесе мемлекеттік білім несиелерін алуға құқық беру" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
      "31-1. "Алтын белгі" белгісінің иегерлерін жоғары оқу орындарына қабылдау кез келген мамандыққа тестілеудің төртінші пәніне қарамастан жүргізіледі.";

      33-тармақта "мен мемлекеттік білім несиелері" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Нұрғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады