Байланыс формасы

"Ғылыми дәрежелер беру ережелелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 234 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3590. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 Бұйрығымен.

     Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 127 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы"  Заңының 1 бабының 18 тармағындағы 13) тармақшасына сәйкес және жоғары білікті кадрларды аттестаттау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

     1. (N 2141 тіркелген нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы  N 535 , 2004 жылғы 1 наурыздағы  N 159 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 15, 842-б.) "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16  бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

     аталған бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережелерінде:
     2 тармақта "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті (бұдан әрі - ЖАК)" сөздері "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (бұдан әрі - Комитет)." сөздерімен ауыстырылсын;

     барлық мәтіндегі "ЖАК" сөзі тиісті септікте "Комитет" сөзімен ауыстырылсын;

     3 тармақтың:
     үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Диссертациялық кеңес туралы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітіледі. Комитеттің Төралқасы, Алқасы, сараптау кеңесі туралы ережелер Комитетпен бекітіледі.";

     4 тармақ:
     бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Ғылым докторы ғылыми дәрежесін ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар ізденушінің көпшілік алдында диссертация қорғауының нәтижесі бойынша қабылданған диссертациялық кеңесінің өтінішінің, Комитеттің тиісті сараптау кеңесінің қорытындысы және Комитет Төралқасының шешімінің негізінде Комитет береді.";
     екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі жоғары кәсіптік білімді біліктілігі бар маманның немесе магистр академиялық дәрежесі бар ізденушінің көпшілік алдында диссертация қорғауының нәтижесі бойынша, Комитеттің тиісті сараптау кеңесінің қорытындысы және Комитеттің Алқасы немесе Төралқасы шешімінің негізінде беріледі. Бакалавр академиялық дәрежесі бар тұлғалар кандидаттық диссертация қорғауға жіберілмейді.";

     32 тармақтағы "аудио жазбасы (бейне жазбасы)" сөздері алынып тасталсын.

     2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.С. Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге тапсырсын.

     3. Осы бұйрық ресми жарық көрген күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.

     Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады