Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 250 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 102 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3616. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Кредиттік бюролардың кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жөніндегі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 250 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3113 тіркелген, 2004 жылы N 10(10)/2) Қаржы хабаршысы журналында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жеке тұлғаның не заңды тұлғаның - кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беру жөніндегі келісімі осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ресімделеді және оны ақпаратты жеткізуші сақтайды.";

      1-қосымшада:

       бірінші абзацта "____________________________________________

      (кредиттік бюроның атауы, почта мекен-жайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі)" деген сөздер "кредиттік бюроларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

       үшінші абзац алып тасталсын;

       алтыншы абзацта "не ақпаратты жеткізушінің немесе оның орынбасарының функцияларын жеке дара атқарушы тұлғаның қолы" деген сөздерден кейін ", мөрі" деген сөзбен толықтырылсын;

       2-қосымшада:

       бірінші абзацта "____________________________________________

      (кредиттік бюроның атауы, почта мекен-жайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі)" деген сөздер "кредиттік бюроларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

       үшінші абзац алып тасталсын;

       бесінші абзацта "не ақпаратты жеткізушінің немесе оның орынбасарының функцияларын жеке дара атқарушы тұлғаның қолы" деген сөздерден кейін ", мөрі" деген сөзбен толықтырылсын;

       3-қосымшада:

       бірінші абзацта:

       "кредиттік есеп беруге" деген сөздердің алдында "кредиттік бюродан" деген сөздермен толықтырылсын;

       "____________________________________________________________

       (кредиттік есепті алушының атауы, почта мекен-жайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі)

       ___________________________________________________________

       (кредиттік бюроның атауы, почта мекен-жайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі)" деген сөздер алып тасталсын;

       екінші абзац алып тасталсын;

       бесінші абзацта "не ақпаратты жеткізушінің немесе оның орынбасарының функцияларын жеке дара атқарушы тұлғаның қолы" деген сөздерден кейін ", мөрі" деген сөзбен толықтырылсын;

       4-қосымшада:

       бірінші абзацта:

       "кредиттік есеп беруге" деген сөздердің алдында "кредиттік бюродан" деген сөздермен толықтырылсын;

       "____________________________________________________________

       (кредиттік есепті алушының атауы, почта мекен-жайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі)

       _____________________________________________________________

       (кредиттік бюроның атауы, почта мекен-жайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі)" деген сөздер алып тасталсын;

       екінші абзац алып тасталсын;

       төртінші абзацта "не ақпаратты жеткізушінің немесе оның орынбасарының функцияларын жеке дара атқарушы тұлғаның қолы" деген сөздер "не ақпаратты жеткізушінің немесе оның орынбасарының функцияларын жеке дара атқарушы тұлғаның қолы, мөрі" деген сөздермен ауыстырылсын;

       5-қосымшада:

       "олар туралы" деген сөздер "олар туралы кредиттік бюроларға немесе кредиттік бюролардан кредиттік есепті беруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

       "____________________________________________________________

       (кредиттік есепті алушының атауы, почта мекен-жайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі) олар туралы ақпаратты беруге немесе

       _____________________________________________________________

       (кредиттік есепті алушының атауы, почта мекен-жайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі) кредиттік есепті беруге

       _____________________________________________________________

       (кредиттік бюроның атауы, почта мекен-жайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі)" деген сөздер алып тасталсын;

       екінші абзац алып тасталсын;

       төртінші абзацта "не ақпаратты жеткізушінің немесе оның орынбасарының функцияларын жеке дара атқарушы тұлғаның қолы" деген сөздерден кейін ", мөрі" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, кредиттік бюроларға және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

Төраға



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады