Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 46 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 16 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3643. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 258 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2062 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 18 қараша - 1 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесінде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Банкноттардың, металл ақшаның және құндылықтардың инкассациясын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың инкассация бойынша операциялармен байланысты емес өзге қызметпен айналысуына тыйым салынады.";

      13, 15-тармақтарда "6" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады