"Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы N 02-01-02/80 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3694. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 № 06-7/32 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялау күнінен бастап, бірақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 1550  Жарлығын орындау үшін  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202  бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 986 тіркелген (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2000 жылғы 18 қаңтардағы  N 02-1-7/3 - N 1043 тіркелген; 2000 жылғы 25 ақпандағы  N 02-1-7/16 - N 1066 тіркелген; 2000 жылғы 16 маусымдағы  N 02-1-7/60 - N 1173 тіркелген; 2000 жылғы 3 қарашадағы  N 02-1-7/154 - N 1281; 2001 жылғы 6 маусымдағы  N 02-2-4/98 - N 1544 тіркелген, 2001 жылғы 23 маусымда N 149-150 "Казахстанская правда" газетінде жарияланған; 2003 жылғы 10 сәуірдегі  N 02-01-02/44 - N 2268 тіркелген, 2003 жылғы 23 мамырда N 123-124 "Егемен Қазақстан", 2003 жылғы 23 мамырда N 150-151 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің қағидасында:
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін конкурс комиссиясының құрамына мемлекеттік органның әр түрлі бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ мемлекеттік орган басшысының шешімімен өзге де адамдар енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 23-2 тармақпен толықтырылсын:
      "23-2. Конкурс комиссиясы әр жарияланған бос мемлекеттік әкімшілік лауазым үшін сол лауазымға талаптанған үміткерлерге міндетті тәртіпте және бірдей көлемде қойылатын сұрақтардың тізбесін бекітеді.";

      42-1 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Хаттаманың толықтығын қамтамасыз ету үшін конкурс комиссиясы және үміткер техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Бұл ретте техникалық жазба құралдарын қолдану конкурс комиссиясы отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс. Хаттамада бұл құралдардың қолданылғаны туралы белгі жасалады.";

      мынадай мазмұндағы 52-1 тармақпен толықтырылсын:
      "52-1. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң шешімін алған үміткерлердің тізімі конкурс өткізілгеннен кейін 7 жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетіндей жерлерге ілінеді.";

      56-тармақта:
      "ұсына алады" деген сөздер "ұсынады" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "толық немесе жартылай" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасында:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сіз мынадай:
      1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;
      2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысты лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немересі, жұбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба ______________________________________".

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады