"Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мемлекеттік мекемесінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3768. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 22 шілдедегі N 128 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2008.07.22. N 128 Бұйрығымен.

      "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 8-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1456 тіркелді, "Юридическая газетада" 2001 жылғы 30 сәуірде N 21, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде", 2001 ж., N 23, 410-құжат, жарияланды (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 25 сәуірдегі N 24 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар, Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1861 тіркелді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 11 мамырдағы N 40 бұйрығымен толықтырулар, Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2868 тіркелді, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 37 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3584 тіркелді)" бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелерінің:

      8-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Тендерлерді әзірлеу және өткізу, оның жеңімпазын анықтау үшін уәкілетті орган тендерлік комиссия құрады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1 тармақпен толықтырылсын:
      "16-1. Кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғаны тауарларды шығару жөніндегі тендерге қатысушы ретінде тіркеу үшін үміткер мынадай құжаттарды табыстайды:
      1) белгіленген нысан бойынша тендерге қатысуға өтінім;
      2) жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) Қазақстан Республикасы салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі.
      Келесі тендерлерде тіркелген кезде қатысушы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тапсырмайды. Егер күнтізбелік жыл ішінде тұрақты қатысушының осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарында өзгерістер пайда болса, онда ол өзін әрі қарай қатысушы ретінде тіркеу үшін тендерді ұйымдастырушыға сол өзгерістерін тапсыруға міндетті.";
      Материалдық құндылықтарды (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерге қатысушыларға арналған нұсқаулықта:

      4-тармақта:
      "тендерлік комиссия" деген сөздер "тендерлік комиссиялар" деген сөздермен алмастырылсын;
      екінші сөйлем алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғаны тауарларды шығару жөніндегі тендерге қатысушы ретінде тіркеу үшін үміткер мынадай құжаттарды табыстайды:
      1) белгіленген нысан бойынша тендерге қатысуға өтінім;
      2) жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) Қазақстан Республикасы салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі.
      Келесі тендерлерде тіркелген кезде қатысушы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тапсырмайды. Егер күнтізбелік жыл ішінде тұрақты қатысушының осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарында өзгерістер пайда болса, онда ол өзін әрі қарай қатысушы ретінде тіркеуі үшін тендерді ұйымдастырушыға сол өзгерістерін тапсыруға міндетті.";

      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Әкімшілік жұмыстар басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады