Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәнi және есеп айырысу әдiстемесi туралы нұсқаулығын бекiту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 223 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3773. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).
____________________________

      Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәнi және есеп айырысу әдiстемесi туралы нұсқаулығын бекiту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1902 тiркелген, 2002 жылғы 1-14 шiлдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 26 қарашадағы  N 467  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2098 тiркелген), 2003 жылғы 21 наурыздағы  N 97  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2251 тiркелген) 2003 жылғы 7 мамырдағы  N 151  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2362 тiркелген) қаулыларымен және Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы  N 36  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2776 тiркелген), 2004 жылғы 26 мамырдағы  N 149  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2930 тiркелген), 2004 жылғы 27 желтоқсандағы  N 390  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3399 тiркелген) қаулыларымен енгiзiлген өзгерiстерi мен толықтырулары бар) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәнi және есеп айырысу әдiстемесi туралы нұсқаулықта:

      7-тармақтың үшiншi абзацындағы "арнайы резервтер (провизиялар)" деген сөздер алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Активтердi, шартты және ықтимал мiндеттемелердi өлшеу мақсатында тәуекел дәрежесi бойынша активтер, шартты және ықтимал мiндеттемелер олар бойынша құрылған арнайы резервтер (провизиялар) сомасына азайтылады.";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) жылжымайтын мүлiктi салу жобасының тапсырыс берушiсiн, салынып жатқан объектiнiң құрылысы жөнiндегi үлесi бар қатысушыларды және үлесi бар қатысушылардың гаранттарын қоса алғанда, заемшылар жылжымайтын мүлiктi салу жобасының қатысушылары болып табылады. Бұл ретте осы тармақшада аталған заемшылар тобы құрған бiр заемшыға тәуекелдiң мөлшерi салынып жатқан объектiнiң құрылысы бойынша жеке тұлғалардың - үлестiк қатысушылардың және/немесе үлестiк қатысушылар гаранттарының қатысуымен құрылған топ үшiн осы тармақтың 1-10, 11 тармақшаларына сәйкес бiр заемшыға тәуекел мөлшерiнiң жиынтық есебiне қабылданбауы тиiс;";

      1-қосымшада:
      Банктiң салымдар тәуекелiнiң дәрежелерi бойынша активтерiнiң кестесiнде:
      "Баптар атауы" бағанында:
      24, 27, 29 жолдарда "не "АА-"-дан төмен емес борыштық рейтингi ұйымдардың мiндеттемелерiнiң толық сомасына кепiлдiк берген" деген сөздер алып тасталсын;
      42, 46, 47 жолдарда "не "А+"-ден "А-"-ге дейiнгi борыштық рейтингi бар тұлғалардың мiндеттемелерiнiң толық сомасына кепiлдiк берген" деген сөздер алып тасталсын;

      43 жол мынадай редакцияда жазылсын:

43

Қамтамасыз етудiң құны жетi мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын ипотекалық тұрғын үй заемдары

50%

      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 43-1 болатын жолмен толықтырылсын:

43-1

Қамтамасыз етудiң құны жетi мың айлық есептiк
көрсеткiштен асатын ипотекалық тұрғын үй заемдары

75%

      Салым тәуекелiнiң дәрежесi бойынша өлшенген банк активтерiнiң есебiне түсiнiктемелерде:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесi бар және банкпен не қарсы агентпен ерекше қарым-қатынастармен байланысты емес ұйымдар кепiлдiгiн берген (сақтандырған) салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, заемдар тәуекел дәрежесi бойынша (кепiлдiк берiлген (сақтандырылған) салым, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, заемдар сомасын шегере отырып), борышкердiң тәуекел дәрежесi бойынша өлшенген активтердiң есебiне қосылуы мүмкiн.
      Кепiлдiк берiлген (сақтандырылған) салым, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, заемдар сомасы тиiстi гаранттың (сақтандырушының) дебиторлық берешегiнiң тәуекел дәрежесi бойынша өлшенедi.";

      мынадай мазмұндағы төртiншi тармақпен толықтырылсын:
      "4. Тұруға арналған мынадай талаптарға жауап беретiн тұрғын үйдi салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында жеке тұлғаларға берiлген ипотекалық тұрғын үй заемы:
      1) ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша ай сайынғы төлем сомаларының (негiзгi борыш бойынша ай сайынғы төлемдi және ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша сыйақыны төлеудi қоса алғанда) заемшының ай сайынғы жиынтық кiрiс сомаларына ара қатынасы (жеке табыс салығын және зейнетақы жарналарын шегергенде) оның ай сайынғы жиынтық кiрiсiнiң 35%-тен (жеке табыс салығын және зейнетақы жарналарын шегергенде) аспайды. Жекелеген жағдайларда, егер осы көрсеткiшке сәйкес ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша төлемдi төлеген кезде заемшы отбасының әрбiр мүшесiне Астана және Алматы қалаларында кiрiстiң 15 000 теңгеден кем емес, басқа аймақтарда 10 000 теңгеден кем емес, 15 жастан жас балаларға көрсетiлген сомалардың жартысынан кем емес келу талабымен, коэффициент 45%-ке дейiн түзетiлуi мүмкiн;
      2) ай сайынғы мiндеттемелердiң жалпы сомасының (заем, мүлiкке салынатын салықтар бойынша ай сайынғы төлемдердi, жылжымайтын мүлiктi сақтандыру, жеке сақтандыру және құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру, шарттармен және заңдармен көзделген басқа да тұрақты мiндеттi төлемдердi қоса алғанда) заемшының ай сайынғы жиынтық кiрiсiнiң сомасына ара қатынасы (жеке табыс салығын және зейнетақы жарналарын шегергенде) оның ай сайынғы жиынтық кiрiсiнiң 40%-тен (жеке табыс салығын және зейнетақы жарналарын шегергенде) аспайды. Жекелеген жағдайларда, егер осы көрсеткiшке сәйкес барлық мiндеттемелер бойынша төлемдi төлеген кезде заемшы отбасының әрбiр мүшесiне Астана және Алматы қалаларында кiрiстiң 15 000 теңгеден кем емес, басқа аймақтарда 10 000 теңгеден кем емес, 15 жастан жас балаларға көрсетiлген сомалардың жартысынан кем емес келу талабымен, коэффициент 50%-ке дейiн түзетiлуi мүмкiн;
      3) берiлетiн ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының кепiл құнына ара қатынасы мына төменде келтiрiлген мәндердiң бiреуiнен аспайды:
      кепiл құнының 70%,
      кепiл құнының 85% және олар бойынша кредит тәуекелiн кредитор болып табылатын банкпен ерекше қатынастармен байланысты емес сақтандыру ұйымы ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының 70%-тен қамтамасыз ету құнына ара қатынасының асып түсу мөлшерiнде сақтандырған,
      кепiл құнының 90% және олар бойынша кредит тәуекелiн "Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры" акционерлiк қоғамы ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының 70%-тен қамтамасыз ету құнына ара қатынасының асып түсу мөлшерiнде не ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының 85%-тен қамтамасыз ету құнына ара қатынасының асып түсу мөлшерiнде кепiлдiгiн берген және олар бойынша кредит тәуекелiн кредитор болып табылатын банкпен ерекше қатынастармен байланысты емес сақтандыру ұйымы ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының 70%-тен қамтамасыз ету құнына ара қатынасының асып түсу мөлшерiнде сақтандырған.
      Ортақ заемшы тартылған жағдайда осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген коэффициенттер заемшының және ортақ заемшының жиынтық кiрiстерi мен шығыстарынан есептеледi. Заемшының күйеуi немесе әйелi және оның жақын туысқандары: ұлы, қызы, шешесi, әкесi, туған ағалары мен қарындастары ортақ заемшылар бола алады.
      Қамтамасыз ету (кепiл) құны екi шаманың ең азы ретiнде айқындалады: жылжымайтын мүлiктi сату бағасы немесе "Қазақстан Республикасында бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109-II  Заңына  сәйкес айқындалатын осы мүлiктiң бағалау құны.".

      2. 2005 жылдың 1 шiлдесiнен бастап қолданысқа енетiн 1-тармақтың үшiншi, төртiншi, бесiншi, оныншы, он екiншi, он сегiзiншi, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енедi.

      3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екiншi деңгейдегi банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсiн.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады