Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын тапсыру ережесін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аттестациялық комиссиясының сот сарапшыларын аттестациялау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2005 жылғы 5 тамыздағы N 214 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3784. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 82 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрлінің 2010.03.12 № 82 Бұйрығымен.

      "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы N 1021  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін іске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:
      Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын тапсыру ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аттестациялық комиссиясының сот сарапшыларын аттестациялау ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2005 жылғы 5 тамыздағы  
N 214 бұйрығына     
1-қосымша        

Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін
біліктілік емтиханын тапсыру ережесі

      1. Осы Ереже "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  15-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы N 1021 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесінің  12-тармағына сәйкес әзірленді. Z100240

      2. Біліктілік емтиханын тапсыру мақсаты сот сараптамасын жүргізуді іс жүргізу заңнамасының талаптарына және сот сараптамасы саласындағы қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге сәйкес жоғары кәсіптік деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.
      Сот сарапшысы біліктілігінің болуы аттестациядан өту және сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін міндетті негіздеме болып табылады.

      3. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі біліктілік комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:
      өтініш;
      жоғары білімі туралы дипломның нотариус растаған көшірмесі (ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болса, диплом мен аттестаттың көшірмелері).

      4. Біліктілік емтиханы сот сараптамасының белгілі бір түрі саласындағы және мынадай білім салаларындағы мәселелерді:  қылмыстық ,  қылмыстық іс жүргізу ,  азаматтық ,  азаматтық іс жүргізу заңнамасының, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы  заңнаманың негізгі қағидаларын; криминалистиканы, сот сараптамасының құқықтық, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздерін; сот-сараптама қызметін ақпараттандыру негіздерін қамтиды.
      Біліктілік емтиханы емтихан билетінің үш сұрағына ізденушінің ауызша жауаптары нысанында жүргізіледі.
      Ізденушінің жауаптары "дұрыс" және "қате" болып бағаланады, ол туралы Комиссия отырысының хаттамасында (бұдан әрі - Хаттама) көрсетіледі.

      5. Хаттама Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 28 шілдедегі N 199 бұйрығымен бекітілген Әділет министрлігі біліктілік және аттестациялық комиссияларының қызметі ережесінің 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді.

      6. Сот сарапшысы біліктілігі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 44  бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 861 тіркелген) Біліктілік дәрежесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітетін сарапшылық мамандықтар тізбесіне сәйкес сарапшылық мамандықтар бойынша беріледі.

      7. Теріс шешім қабылданған жағдайда, біліктілік беру туралы мәселені қайта қарауға тек үш ай өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі.

      8. Комиссияның материалдары тұрақты сақтауға жататын құжаттар санатына жатады.

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2005 жылғы 5 тамыздағы  
N 214 бұйрығына     
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
аттестациялық комиссиясының сот сарапшыларын
аттестациялау ережесі

      1. Осы Ереже "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  16-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы N 1021 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесінің  12-тармағына сәйкес әзірленді. Z100240

      2. Аттестациялаудың мақсаты сот сарапшыларының кәсіптік даярлығы деңгейін анықтау болып табылады. 

      3. "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  10-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларының талаптарын қанағаттандыратын адамдар аттестациядан өтуге жатады. Z100240

      4. Аттестацияны әр бес жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестациялық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) өткізеді.

      5. Комиссияға мынадай құжаттарды қамтитын аттестациялық іс тапсырылады:
      аттестациядан өтуге тиіс адамға ұсыным;
      жұмыс орны бойынша расталған, кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
      өмірбаян;
      кәсіптік даярлығының деңгейін, іскерлік және адамгершілік сипатын көрсететін мінездеме;
      жоғары білімі туралы дипломның нотариус растаған көшірмесі (ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болса, диплом мен аттестаттың көшірмелері);
      сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық берілгені туралы біліктілік куәлігінің (оған қосымшалардың) нотариус куәландырған көшірмесі;
      сараптама қорытындылары туралы пікір;
      соңғы екі жыл ішіндегі көтермелеу (тәртіптік жазалау) туралы бұйрықтардың көшірмелері.

      6. Аттестация ұсынылған материалдар бойынша әңгімелесу нысанында өткізіледі.
      Аттестация нәтижелері бойынша Қорытынды рәсімделеді.

      7. Комиссияның теріс қорытындысына хаттама көшірмесін алған күннен бастап 10 күннің ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне шағым жасалуы мүмкін.
      Шағым қанағаттандырылған жағдайда, материалдар аттестациялау комиссиясына жіберіледі.

      8. Комиссияның теріс қорытындысы сот сарапшысына біліктілік беру туралы куәлікті кері қайтару үшін негіз болып табылады.

      9. Қайта аттестациялау кезінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аттестациялық комиссиясы оң шешім қабылдаған жағдайда  сот сарапшысы біліктілігін беру туралы куәлік сот сарапшысына кері қайтаруға жатады.

      10. Комиссия материалдары тұрақты сақтауға жататын құжаттар санатына жатады.

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2005 жылғы 5 тамыздағы  
N 214 бұйрығына     
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
кейбір күші жойылған нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесі

      1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 507 тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 16 наурыздағы N 181  бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы сот сарапшыларын аттестациялау туралы" ереже.

      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 508 тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 16 наурыздағы N 181  бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Сот сараптамасы орталығында сот сарапшысы біліктілігін берудің тәртібі туралы" ереже.

      3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1838 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 29, 630-құжат, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 16 наурыздағы N 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 185  бұйрығы .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады