Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 273 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3831. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 408 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 408   қаулысымен .
_________________________________

      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының  1-қосымшасына  сай қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының  2-қосымшасында  көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.
      5. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие жинақтаушы зейнетақы қорлары 2006 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының         
2005 жылғы 30 шілдедегі    
N 273 қаулысына N 1 қосымша 

  Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару
жөніндегі қызметті жүзеге асыру
ЕРЕЖЕСІ

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  51-бабына  сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

  2-тарау. Инвестиция объектілері

      2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі ұйым (бұдан әрі - Ұйым) және/немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - Қор) әрбір жеке Қордың инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерін осы Ереженің  1-қосымшасында  көрсетілген зейнетақы активтерінің жалпы көлеміндегі мөлшерде (мәміле жасалған күнге инвестицияның ағымдағы көлемін және Қордың кастодианының инвестициялық шоттарындағы ақша қалдығын қосқанда) қаржы құралдарына дербес орналастырады.

  3-тарау. Инвестициялау шарттары және тәртібі

      3. Зейнетақы активтері есебінен жасалатын мәмілелерді Ұйым (Қор) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы орган қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасайды.
      Ұйымның (Қордың) мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін бастапқы ұйымдаспаған рынокта (оларды орналастыру кезінде) Ұйым (Қор) дербес жасайды.
      Ұйымның (Қордың) мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін Ұйым (Қор) қайталама рынокта осы тармақтың төртінші абзацында белгіленген жағдайдан басқа жағдайда тек қана бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасайды.
      Ұйым (Қор) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  27-бабына  сәйкес эмитенттің инвестициялық портфеліндегі бар акциялары үшін төлем талап етуіне болады.

      4. Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті, сондай-ақ клиенттер шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда Қор тек онда басқаруда болған зейнетақы активтеріне және дербес активтерге қатысты брокерлік, дилерлік қызмет көрсетеді.

      5. Зейнетақы активтерінің қатысуымен ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалуы тиіс. Зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын "кері репо" мәмілелері 30 күннен аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

      6. Ұйымның (Қордың) бір эмитентінің екінші деңгейдегі банктердің біріндегі салымдарға салған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарының инвестиция мөлшері Ұйым (Қор) үшін белгіленген пруденциалдық нормативтердегі белгіленген нормативтерге сәйкес келуі тиіс. Ұйым (Қор) осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты сауда-саттық ұйымдастырушы бастапқы рынокта (оларды орналастыру кезінде) уақытша тоқтатқан жағдайда сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып ала алмайды.

      7. Ұйымның (Қордың) жеке активтері және Қордың зейнетақы активтері орналастырылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердің біріндегі салымдар бойынша алынған сыйақының жылдық ставкасы салымның осыған ұқсас мерзімімен инвестицияланған кезеңдегі ұлттық немесе шетел валютасымен номинирленген (салым жөніндегі ставка тәуелді валютаға қатысты) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша көрсетілген аппроксимирленген кірістілік ставкасынан төмен болмауы тиіс. Аталған аппроксимирленген кірістілікті қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен сауда-саттық өткізген сауда-саттықты ұйымдастырушының қалыптасқан сауда-саттық нәтижесіне байланысты логарифмдік аппроксимация әдісімен былайша белгілейді:
      1) зейнетақылық немесе меншікті активтердің салымға орналастырылған күнінің алдындағы бір апта ішіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютаға номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздарына қатыстылығын;
      2) зейнетақылық немесе меншікті активтердің салымға орналастырылған күнінің алдындағы бір ай ішіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютаға номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздарына қатыстылығын.
      Апроксимирленген кірістілік мынадай формула бойынша есептеледі:

      I = a*ln(x) + b, мұнда x - салым мерзімі,

     

      мұнда
      I i(t)  - зерттелетін кезеңдегі белгілі мәндер бойынша процентпен кірістілік;
      t - өтелгенге дейінгі күн саны;
      n - теңестіру коэффициентін анықтаған кезде пайдаланылған кірістілік мәнінің саны.

      8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша номиналы ұлттық немесе шетел валютасымен белгіленген осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген жуықтатылған кірістілікті уәкілетті орган апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні алматы уақытымен 18.00 және 21.00 сағат аралығында "кiрiстiлiктiң қисық сызығы" түрiнде Интернет желiсiнің уәкілетті органның web-cайтындағы "Активтердi бағалау" бөлiмiнде жариялайды және жаңартады.
      Ұйымның (Қордың) меншікті активтерін және Қордың зейнетақы активтерін Ұлттық Банкте немесе екінші деңгейдегі банкте салымға орналастыру мерзімі отыз алты айдан аспайды. Осы мерзім өткенге дейін салым сомасы және ол бойынша сыйақы сомасы Қордың инвестициялық шотына есептелуі тиіс.

      9. Қордың кастодиан банктегі инвестициялық шотына, осы Қордың шетелдік кастодиандық банктердегі кастодиан банктің корреспонденттік шотына және халықаралық депозитарий-есеп айырысу жүйесіне қатысушы - шетелдік ұйымдардағы кастодиан банктің шотына түсетін зейнетақы активтері жеті жұмыс күні ішінде ағымдағы шегерімдерді шығарып тастағанда толық көлемде Ұйымның (Қордың) инвестициялауы тиіс.
      Қордың аталған шотындағы ақша қалдығы осы ереженің 10-тармағымен белгіленген шектен төмен болған жағдайдан басқа жағдайда осы тармақтың бірінші абзацымен белгіленген талаптар бұзылған кезде, Ұйым (Қор) тәртіп бұзылған күннен кейінгі бір күн ішінде уәкілетті органға осы тәртіп бұзуды жоюдың іс-шаралар жоспарын қоса беріп, осы тәртіп бұзу фактісі және себептері туралы ақпарат жібереді.
      Ұйым (Қор) осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттарды бұзған жағдайда ережені бұзған күннен бастап бір күннің ішінде уәкілетті органға осы ережені бұзу фактісі мен себептері туралы ақпарат береді.

      10. Қордың инвестициялауға арналған ақша қалдығы Қордың жиынтық ақшасын қосқандағы: кастодиан банктегі инвестициялық шоттардағы; осы Қордың шетелдік кастодиан банктеріндегі кастодиан банктің корреспонденттік шоттарындағы; осы Ереженің 9-тармағының бірінші абзацының талаптарын бұзу фактілері мен себептері туралы уәкілетті органға ақпаратты тәртіп бұзылған күннен бастап бір күн ішінде Ұйымнан (Қордан) талап етілмейтін шетелдік ұйымдардың - халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйесіне қатысушылардың кастодиан банкінің шоттарындағы барынша жоғары мөлшері бір миллиард және одан көп болғанда - зейнетақы активтерінің 1,5% мөлшерін құрайды.
      Осы Ереженің 9-тармағының екінші абзацында көрсетілген ақпаратты уәкілетті орган осы Ереженің 9-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес айқындалған мерзім аяқталғанға дейін алуға тиісті. Егер осы мерзім аяқталғанға дейін екі жұмыс күнінен аз қалса, өтініште оны кешіктіріп ұсыну себептері түсіндірілуі тиіс.

      11. Ұйым (Қор) зейнетақы активтері инвестициялық басқаруға қабылданған Қор салымшыларының мүдделері үшін ғана әрекет жасайды.
      Сонымен қатар Ұйым (Қор) бірдей ұлттық бірегейлендіру номері бар бағалы қағаздарды Ұйымның (Қордың) инвестициялық басқаруындағы меншікті активтері есебінен және зейнетақы активтері есебінен сатып алу (сату) туралы бір күнде инвестициялық шешім қабылдауға құқылы емес.

      12. Егер қандай да болмасын жағдайдың нәтижесінде Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы  Ереженің  2 және  6-тармақтарында  белгіленген жағдайларға сәйкес келмегенде, Ұйым (Қор) мұндай сәйкессіздікті тереңдететін инвестициялық қызметті дереу тоқтатады және бір күннің ішінде уәкілетті органға осы сәйкессіздік фактісі және себептерін оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының қосымшасын қоса ұсыну арқылы хабарлайды.

      13. Ұйым (Қор) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметін мыналарды (оның ішінде) айқындайтын мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:
      зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібін;
      зейнетақы активтерінің қатысуымен мәміле жасау және оларды аяқтауды жүзеге асыру тәртібін;
      деректер мен құпия ақпараттың тұтастығын қамтамасыз етуге ішкі бақылау жасау тәртібін.

      14. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін берілетін ұсынымдар (бұдан әрі - ұсынымдар) негізінде қабылданады.

      15. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібінде мыналар болуы тиіс:
      1) мыналарды көздейтін ұсынымдарды беру үшін ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәртібі болуы тиіс:
      ұсынымдарды беретін уәкілетті лауазымды тұлғалардың тізбесі;
      зейнетақы активтері портфелінің жай-күйін талдау;
      инвестиция жасау болжалданып отырған қаржы құралдарына талдаудың болуы, сұрату және кірістілік талаптары;
      инвестиция жасау болжалданып отырған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерді талдау;
      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген түрлендіру нормаларын сақтауды талдау;
      ұсынымдарды беру кезіндегі өзге де маңызды факторларды талдау;
      2) соларды негізге алып қабылданған ұсынымдар мен инвестициялық шешімдердің бірегей тіркеу журналында тіркелу тәртібі;
      3) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы органға кіретін лауазымды тұлғалардың тізбесі;
      4) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы органның инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі.

      16. Ұсынымда мыналар болуы тиіс:
      1) берілген күні және ұсыным нөмірі;
      2) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаттамасы);
      3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижесі;
      4) инвестициялық шешімнің ұсынылып отырған нұсқалары;
      5) ұсынымды берген тұлғалардың қолдары.

      17. Инвестициялық шешімде мыналар болуы тиіс:
      1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;
      2) негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;
      3) аяқталуы тиіс мәміленің түрі;
      4) мәміле аяқталуы тиіс қаржы құралын бірегейлендіргіш;
      5) аяқталуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің диапазоны, бағалар және сомалар);
      6) мәміленің аяқталу мерзімі;
      7) мәміленің аяқталуы болжалданатын рыноктың типін (бастапқы немесе қайталама) көрсету;
      8) мәміленің (осындай болған жағдайда) аяқталуы оның көмегі арқылы болжалданатын делдалдың (брокердің) атауы;
      9) мәміленің аяқталуы зейнетақы активтері есебінен болжалданып отырған қордың атауы;
      10) инвестициялық шешім қабылдаған тұлғалардың қолы.

      18. Зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасау және олардың аяқталуына бақылау жасау тәртібінде мыналар болуы тиіс:
      1) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле (осындай болған жағдайда) жасау көмегі арқылы болжалданып отырған делдалмен (брокермен) қарым-қатынас жасау тәртібі;
      2) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауды аяқтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі;
      3) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауды аяқтауға бақылау жасау тәртібі;
      4) кастодиан банктермен және қорлармен салыстыруды жүзеге асыру тәртібі;
      5) ішкі аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауын аяқтау дұрыстығын тексеру және кастодиан банктермен және қорлармен мәміле жасау дұрыстығын тексеру тәртібі және мерзімділігі;
      6) ішкі есеп және құжат айналымын енгізу тәртібі.

      19. Зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауға бақылауды жүзеге асыру үшін мыналарды толтыруы тиіс:
      мәміле жасауға қажетті тапсырыстарды есепке алу журналы;
      орындалған және орындалмаған мәмілелерді есепке алу журналы;
      банк салымының шарттарын есепке алу журналы;
      кастодиан банктердің бұйрықтарын тіркеу журналы;
      кастодиан банктермен және қорлармен салыстыру актілерін тіркеу журналы.
      Осы аталған журналдардан басқа Ұйым (Қор) басқа да қосымша есепке алу журналдарын жүргізуі мүмкін.

      20. Деректер мен құпия ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі ішкі бақылау тәртібінде мыналар болуы тиіс:
      1) құпия санатқа жататын ақпараттар тізбесі;
      2) құпия ақпарат болып табылатын құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібі;
      3) лауазымды қызметі бойынша құпия ақпаратқа рұқсат берілген тұлғалар көрсетілген құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібі;
      4) деректердің электронды массивінің сақталуын қамтамасыз ету тәртібі.

      21. Ұйым (Қор) осы Ереженің  2-қосымшасында  көрсетілген хеджирлеу құралдарын пайдалануы мүмкін. Хеджирлеу құралын пайдалану шегі осы Ереженің  1-қосымшасымен  белгіленген хеджирлеу объектісіне (базалық актив) салынған инвестиция мөлшерінің мәні осы Ереженің 22-тармағымен белгіленген талаптарды ескере отырып, осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген мәннен аспауы тиіс. 
      Осы Ереже мақсаттары үшін хеджирлеу құралы деп осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын қаржы құралдарын түсінуге болады.
      Хеджирлеу объектісі (базалық актив) деп осы Ереже белгілеген мөлшердегі зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарын түсінуге болады.
      Хеджирлеу деп жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінде бар немесе осыған байланысты бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес анықталған ақшаның түсуін хеджирлеу объектісі әділ құнының өзгеруінің ішінара немесе толық өтемақысын хеджирлеудің бір немесе бірнеше құралдарын пайдалануды түсінуге болады. 
      Хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру туралы шешімді инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы орган қабылдайды. Осы шешімде мынадай ақпарат болуы тиіс:
      1) шешім нөмірі, қабылданған күні;
      2) негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;
      3) хеджирлеу құралының түрі, оның жасалу мерзімі, көлемі, құны (сыйақылар), хеджирлеу операцияларын жасау жоспарланып отырған рынок көрсетілген хеджирлеу құралының жан-жақты сипаттамасы және осы құралдың басқа да сипаттамалары (талаптары);
      4) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтіліп отырған нәтижелер;
      5) хеджирлеу объектісінің түрін (проценттік, бағалық, валюталық және басқа), сондай-ақ оны бағалау әдістемесін көрсетіп, хеджирлеу объектісінің тәуекеліне (базистік актив) баға беру;
      6) қажетті деректемелері көрсетілген (ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы), сондай-ақ осы хеджирлеу объектісін зейнетақы активтері есебінен сатып алған қордың атауы көрсетілген хеджирлеу объектісі;
      7) хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдау үшін пайдаланылған ақпаратты талдау қорытындылары;
      8) инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қолы.

      22. Егер бір хеджирлеу объектісін хеджирлеу үшін хеджирлеудің бірнеше құралдарын қолдану жоспарланған болса, онда қабылданған шешімде хеджирлеу құралының әрбір түрі көрсетіледі. Хеджирлеудің бірнеше құралдарын қолдану кезінде оларды пайдаланудың жиынтық шегі әрбір хеджирлеу құралына қатысты белгіленген хеджирлеу объектісіндегі инвестиция мөлшерінің мәнінен аспауы тиіс.

      23. Хеджирлеу операциялары бойынша қабылданған барлық шешімдер Ұйымда (Қорда) инвестициялық шешімдерді есепке алу журналында көрсету жолымен сақталады.

      24. Хеджирлеу операциялары аяқталған соң тиісті шешіммен оның аяқталғандығы туралы белгі қойылады және осы хеджирлеу құралының түрін пайдаланудың нақты нәтижесі көрсетіледі.

      25. Хеджирлеу операциялары процесі жағдайында хеджирлеу құралының түрін, мерзімін және басқа сипаттамаларын өзгерту қажеттігі туған жағдайда, осы шаралар осы Ереженің 21-тармағының 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді келтіре отырып, хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру туралы тиісті шешімде көрсетіледі.

      26. Хеджирлеу операцияларын, сондай-ақ ол бойынша кірісті және шығынды Ұйымның (Қордың) қаржылық есеп беруінде есепке алу және көрсету қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      27. Осы операцияның хеджирлеу операциясына қатысты екенін растау мақсатында Ұйым (Қор) хеджирлеу операцияларын жүзеге асыратын әр шешімге осы жасалған операциялардың хеджирлеу объектісі бойынша болуы мүмкін шығынның (ала алмаған кіріс) мөлшерін түсіруге алып келетінін растайтын тиісті есеп жасайды.

                                            Зейнетақы активтерін
                                            инвестициялық басқару
                                             жөніндегі қызметті
                                            жүзеге асыру ережесінің
                                                 1-қосымшасы

      1. Ұйым (Қор) қаржы құралдарының тізбесіне әрбір
жеке Қордың инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерін
зейнетақы активтерінің және оларға қойылатын талаптардың жалпы
көлемінен орналастыра алады.

Қаржы құралдарының атауы

Инвестицияның мөлшері

1

Қазақстан Республикасының жергілік-
ті атқарушы органдары шығарған
бағалы қағаздарды қоспағанда,
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бағалы қағаздары
(басқа мелекеттердің заңдарына
сәйкес эмиссияланғандарды
қосқанда), сондай-ақ мемлекеттің
кепілдігіне шығарылған бағалы
қағаздар және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкіндегі
салымдар

 25%-тен кем
емес

2

Осы бағалы қағаздар сауда-саттықты
ұйымдастырушының сауда жүйелерінде 
айналысқа жіберілгендігі және
уәкілетті органға зейнетақы
активтерінің есебінен сатып алуға
рұқсат еткендігі туралы талабымен,
жергілікті атқарушы органдар
шығарған Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бағалы қағаздары (оның
ішінде басқа мемлекеттердің
заңдарына сәйкес эмиссияланғандар)

 5%-тен астам
емес

3

Осы Қосымшаның 3-тармағына сәйкес
айқындалған екінші деңгейдегі
банктердегі салымдарға, (Ереженің 6
және 7 тармақтары белгіленген
шектеулермен қоса)

20%-тен астам
емес

4

осы Қосымшаның 4-тармағының
талаптарына сәйкес келетін шет
мелекеттердің бағалы қағаздары, осы
Қосымшаның 5-тармағының талаптарына
сәйкес келетін шетел эмитенттерінің
мемлекеттік емес бағалы қағаздары, 
осы Қосымшаның 2-тармағымен
айқындалған халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары, оның
ішінде  көрсетілген инвестициялық
қорлардың пайлары:

40% -тен
астам емес,
оның ішінде:

1)

Осы Қосымшаның 4-тармағының 1)
тармақшасының талаптарына сәйкес
келетін шет мемлекеттердің бағалы
қағаздары, осы Қосымшаның
4-тармағының 1)-2) тармақшаларының
талаптарына сәйкес келетін шетел
эмитенттерінің мемлекеттік емес
бағалы қағаздары;

40%-тен
астам емес

2)

Осы Қосымшаның 4-тармағының 2)
тармақшасының талаптарына сәйкес
келетін шет мемлекеттердің бағалы
қағаздары, осы Қосымшаның
5-тармағының 3)-4) тармақшаларының
талаптарына сәйкес келетін шетел
эмитенттерінің мемлекеттік емес
бағалы қағаздары;  

30%-тен астам
емес

3)

Осы Қосымшаның 4-тармағының 3)
тармақшасының талаптарына сәйкес
келетін шет мемлекеттердің бағалы
қағаздары, Осы Қосымшаның
5-тармағының 5)-6) тармақшаларының
талаптарына сәйкес келетін шетел
эмитенттерінің мемлекеттік емес
бағалы қағаздары;

20%-тен
астам емес

4)

Осы Қосымшаның 4-тармағының 4)
тармақшасының талаптарына сәйкес
келетін шет мемлекеттердің бағалы
қағаздары, Осы Қосымшаның
5-тармағының 7)-8) тармақшаларының
талаптарына сәйкес келетін шетел
эмитенттерінің мемлекеттік емес
бағалы қағаздары;

10%-тен
астам емес

5)

Morningstar "***" төмен емес
рейтингтік бағасы бар немесе
"Standard & Poor's Fund Awards"
"***" ("Standard & Poor's
Ranking") төмен емес рейтингтік
бағасы бар шетелдік инвестициялық
қорлардың пайлары

5%-тен астам емес

5

Сауда-саттықты ұйымдастырушының
ресми тізіміне енгізілген Қазақстан
Республикасы ұйымдарының ипотекалық
облигациялары

20%-тен
астам емес

6

Қазақстан Республикасының және
басқа мемлекеттердің заңдарына
сәйкес шығарылған Қазақстан
Республикасы ұйымдарының мемлекет-
тік емес эмиссиялық бағалы
қағаздары, ипотекалық облигациядан
басқа, "А" санаты бойынша
сауда-саттықты ұйымдастырушының
ресми тізіміне енгізілгендер; "ВВ"
("Standard & Poor's" және "Fitch"
рейтинг агенттіктерінің жіктелімі
бойынша) немесе "Ва2" төмен емес
("Moody's Investors Service"
рейтинг агенттігінің жіктелімі
бойынша) рейтингтік бағасы бар
немесе Standard & Poor's ұлттық
шәкілі бойынша "kzА" рейтингтік
бағасы бар шет мемлекеттердің
немесе Қазақстан Республикасының
ұйымдастырылған рыноктарында
айналыста болатын Қазақстан
Республикасының эмитент-резидент-
терінің акциялары; "ВВ" ("Standard
& Poor's" және "Fitch" рейтинг
агенттіктерінің жіктелімі бойынша)
немесе "Ва2" ("Moody's Investors
Service" рейтинг агенттігінің
жіктелімі бойынша) төмен емес
рейтингтік бағасы бар немесе
Standard & Poor's ұлттық шәкілі
бойынша "kzА" рейтингтік бағасы бар
шет мемлекеттердің немесе Қазақстан
Республикасының ұйымдастырылған
рыноктарында айналыста болатын
Қазақстан Республикасының
эмитент-резиденттерінің борыштық
бағалы қағаздары

50%-тен астам
емес

7

"Казақстан Даму Банкі" АҚ
кепілдігімен шығарылған "Қазақстан
Даму Банкі" АҚ облигациялары және
бағалы қағаздары

15%-тен астам емес

8

Лондонның қымбат металдар рыногы
қауымдастығының (London bullion
market association) қабылдаған
халықаралық сапа стандартына сәйкес
келетін тазартылған қымбат металдар
және "Лондондық сапалы жеткізу"
стандарты ретінде ("London good
delivery") осы қауымдастықтың
құжаттарында белгіленген.

5%-тен астам емес

9

Қазақстан Республикасы ұйымдарының
инфроқұрылымдық облигациялары

15%-тен астам емес

10

Қазақстан Республикасының және
басқа мемлекеттердің заңдарына
сәйкес шығарылып, "В" санаты
бойынша сауда-саттықты
ұйымдастырушының ресми тізіміне
енгізілген Қазақстан Республикасы
ұйымдарының борыштық бағалы
қағаздары, осндай-ақ "А" және "В"
санаттары бойынша сауда-саттықты
ұйымдастырушының ресми тізіміне
енгізілген аралық инвестициялық
қорлардың пайлары, басқарушы
компаниясы Қазақстан Республикасы-
ның резиденті болып табылады.

5%-тен астам емес

      2. Мынадай халықаралық қаржы ұйымдарымен эмиссияланған бағалы
қағаздар:
      1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      2) Еуропа қайта құру және даму банкі;
      3) Америка аралық даму банкі;
      4) Халықаралық есеп-айырысу банкі;
      5) Азия даму банкі;
      6) Африка даму банкі;
      7) Халықаралық қаржы корпорациясы (The International Finance
Corporation);
      8) Ислам даму банкі;
      9) Еуропа инвестициялық банкі.
      3. "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) санаттарынан төмен емес ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және дербес рейтингі бар резидент емес бас банк, "А" санаты бойынша немесе еншілес резидент банкпен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне бағалы қағаздары енгізілген орналасу күнінде банк болуы керек, банктегі салымдарға.
      4. Осы Қосымшаның 1-тармағымен белгіленген шектеулерді ескере отырып шет мемлекеттердің бағалы қағаздары:
      1) шетел валютасында халықаралық кредиттік рейтинг шәкілі бойынша "ААА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ааа" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтинг бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;
      2) шетел валютасында халықаралық кредиттік рейтинг шәкілі бойынша "АА"("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Аа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтинг бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;
      3) шетел валютасында халықаралық кредиттік рейтинг шәкілі бойынша "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтинг бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;
      4) шетел валютасында халықаралық кредиттік рейтинг шәкілі бойынша "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтинг бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары.
      5. Осы Қосымшаның 1-тармағымен белгіленген шектеулерді ескере отырып шет мемлекеттердің бағалы қағаздары:
      1) "ААА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) немесе "Ааа" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;
      2) "ААА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) немесе "Ааа" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
      3) "АА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Аа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздары;
      4) "АА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Аа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
      5) "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;
      6) "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
      7) "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ( "Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздары;
      8) "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар эмитенттердің акциялары.

                                            Зейнетақы активтерін
                                            инвестициялық басқару
                                             жөніндегі қызметті
                                            жүзеге асыру ережесінің
                                                  2-қосымшасы

Р/сN 

Хеджірлеу құралының атаулары 

Пайдалану шегі

1.

Фьючерс

50%-тен астам емес

2.

Опцион

50%-тен астам емес

3.

Своп

50%-тен астам емес

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының         
2005 жылғы 30 шілдедегі    
N 273 қаулысына N 2 қосымша  

Күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2484 тіркелген, 2003 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Вестник Национального Банка Казахстана" N 19 басылымында жарияланған);
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 488  қаулысы , Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2484 тіркелген", (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 31 желтоқсанда N 2665 тіркелген, 2004 жылғы 28 қаңтарда "Казахстанская правда" N 16(24326) баспасөз басылымында жарияланған);
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі N 202  қаулысы , Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2484 тіркелген", (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 18 тамызда N 3020 тіркелген, 2004 жылы "Финансовый вестник" N 9(9) баспасөз басылымында жарияланған);
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 382  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3402 тіркелген, 2005 жылы "Финансовый вестник" N 2(14) баспасөз басылымында жарияланған);
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 134  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3637 тіркелген, 2005 жылы "Финансовый вестник" N 6(18) баспасөз басылымында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады