Байланыс формасы

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3832. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен.

      Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы ұсынылып отырған Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту жөніндегі ереже бекітілсін.

      2. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 25.03.2006 N 73 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналар өзінің күшін жойды деп танылсын:
      1) "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N  217 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2443 тіркелген, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысы" басылымында жарияланған, 17);

      2) "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2443 тіркелген "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 141 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2924 тіркелген, 2004 жылы "Қаржы Хабаршысы" журналында жарияланған, N 7(7)).

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      5. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      6. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
      реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының          
2005 жылғы 30 шілдедегі     
N 268 қаулысымен бекітілген  

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу,
акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті
бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесі

      Осы Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы (бұдан әрі – Заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) акционерлiк қоғамның (бұдан әрi - қоғам) жарияланған акциялары шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялары шығарылымын жою тәртiбiн айқындайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

1. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркiн нысанда жасалған өтiнiштi;
      2) қоғамның құрылтай жиналысының (бiр құрылтайшының шешiмi) немесе акционерлерiнiң жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционердiң шешiмi) жарияланған акциялар шығару туралы шешiммен бiрге хаттама көшiрмесiн;
      3) Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен;
      4) жарғының көшiрмесiн;
      5) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада берілген акциялар шығарылымының мыналар қоса тігілген проспектісі:
      қоғам ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесін;
      қоғамның таза кірісті бөлу тәртібі;
      эмитенттің соңғы екі қаржы жылындағы, аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері, сондай-ақ эмитенттің аудиторлық есептерінің және есеп саясатының көшірмелері. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда аудиторлық есеппен расталған шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Осы абзацтың талаптары жаңадан құрылған эмитенттердің акциялар шығарылымына қолданылмайды;
      акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмелері. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар құжаттарды ұсыну алдындағы тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күніне дейін ұсынылған жағдайда акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмесі (еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі) ұсынылады;
      акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшыларының жалпы жиналысы не жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларация (акционерлік инвестициялық қорлар үшін).
      Осы тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге тігілген акциялар шығарылымының проспектісі, оған енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын қағаз пломбамен бекітіледі және қоғам мөрінің таңбасы қойылады.
      Акциялар шығарылымының проспектісіндегі мәліметтер акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын акциялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін, қоғамның қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты (осы Ереженің 1-қосымшасының 4 және 5-тарауларында көрсетілетін) қоспағанда, құжаттарды уәкілетті органға тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы күніне келтіріледі.
      Ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі болмаған жағдайда қоғам уәкілетті органға соңғы аяқталған жылдың алдындағы екі жыл үшін аудит жасалған қаржылық есептілігін және көрсетілген кезең үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебін ұсынады. Аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есепті және қаржылық есептілікті қоғам «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап бір айдың ішінде ұсынады.
      6) қаржылық есептіліксіз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдаушта акциялар шығаралымының проспектiсi (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде);
      7) құрылтайшылардың акцияларды жарғылық капиталдың (акцияларды алғашқы рет шығарған жаңадан құрылған қоғамдар үшiн) ең аз мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде алдын ала төлегенін растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
      8) басқарушы компаниясымен (бар болған кезде), кастодианмен және тіркеушісімен (акционерлік инвестициялық қордың акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) акционерлік инвестициялық қоры шарттарының жобалары.
      Тұрақтандыру банкі жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін, осы тармақтың 2), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынады. Осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген акциялар шығарылымының проспектiсi акциялардың құнын анықтау әдiстемесi, қаржылық есептiлiгi, есеп саясаты қосылмай берiледi.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Қоғамды қайта ұйымдастыру жолымен құрған кезде осы Ереженің 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында санамаланған құжаттардан басқа қоғам мыналарды ұсынады:
      1) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – тиісті лицензияға ие бағалаушы дайындаған, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың мүлкін (меншікті капитал мөлшерін көрсете отырып) бағалау туралы есептің, өткізу актісінің, біріктіру туралы шарттың көшірмелері;
      2) қосу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – тиісті лицензияға ие бағалаушы дайындаған, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған қосылатын қоғамның мүлкін (меншікті капитал мөлшерін көрсете отырып) бағалау туралы есептің, қосу жүзеге асырылатын қоғамның аудиторлық есеппен расталған қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдау алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілігінің, өткізу актісінің, қосу туралы шарттың көшірмелері;
      3) бөлу және бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – тиісті лицензияға ие бағалаушы дайындаған, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған бөлу не бөлініп шығу нәтижесінде туындайтын қоғамдардың жарияланған акцияларын төлеуге берілетін мүлікті бағалау туралы есептің, бөлу балансының көшірмелері;
      4) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – тиісті лицензияға ие бағалаушы дайындаған, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкіндегі қатысушының (қатысушылардың) үлесін (үлестерін) бағалау туралы есептің, шешім қабылдау күніндегі қаржылық есептіліктің, өткізу актісінің көшірмелері;
      5) мемлекеттік кәсіпорыннан қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – тиісті лицензияға ие бағалаушы дайындаған, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін (меншікті капитал мөлшерін көрсете отырып) бағалау туралы есептің, шешім қабылдау күніндегі қаржылық есептіліктің және өткізу актісінің көшірмелері.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Уәкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге ұсынған құжаттарды олар алынған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:
      1) осы Ереженің 1-1-қосымшасына сай нысан бойынша қоғамға жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді;
      2) акциялар шығарылымы проспектісінің уәкілетті органның тіркелгені туралы белгісі қойылған бір данасын қоғамға қайтарады.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

2. Акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      5. Қоғам уәкiлеттi органға «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 4-1), 4-2), 8), 9), 10), 10-1), 11) және 11-1) тармақшаларында және 2-2-тармағының 1) тармақшасында және 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген мәліметтер өзгерген, олар пайда болған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде (қоғамның тиiстi органдары шешiм қабылдаса) акциялар шығарылымының проспектiсiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу үшiн ұсынады.
      Қоғам акциялар шығарылымының проспектiсiнде көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда уәкiлеттi органға акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды ұсына алады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тіркеу үшін қоғам уәкiлеттi органға мыналарды ұсынады:
      1) еркiн нысанда жасалған өтiнiш;
      2) бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған және қоғамның мөр бедерімен расталған қазақ және орыс тiлдерiнде қағаз тасымалдауыштағы екi дана акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтырулар. Екi дананың әрқайсысында акциялар шығарылымының проспектiсiне қазақ және орыс тiлдерiндегі өзгерiстер мен толықтырулар қамтылады;
      3) қаржылық есептілік қоса берілмей-ақ, Acrobat Reader форматындағы электрондық тасымалдағышта енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар (қазақ және орыс тiлдерiнде) қамтылатын акциялар шығаралымының проспектiсi;
      4) қоғамның органының негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген шешімінің көшірмесі.
      Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген шешімінің үзінді-көшірмесін ұсынған жағдайда, осы үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
      акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;
      акционерлердің жалпы жиналысында ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының саны туралы мәліметтер;
      акционерлердің жалпы жиналысының кворумы;
      акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
      акционерлердің жалпы жиналысында негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін мәселе бойынша дауыс беру тәртібі;
      акционерлердің жалпы жиналысы төрағасының (президиум мүшелерінің) және хатшысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты;
      акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібінің дауыс беруге қойылған, негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін әрбір мәселе бойынша акционерлер дауыстарының жалпы саны;
      негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін мәселе бойынша қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешім;
      акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер.
      Акционерлердің жалпы жиналысының шешімінен үзінді-көшірме жиналыс хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және қоғам мөрінің бедерімен куәландырылады.
      Жалпы жиналыста қоғамның директорлар кеңесін сайлау (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау) туралы мәселе қаралған жағдайда, қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының хаттамасынан үзінді көшірмеде директорлар кеңесінің сайланған мүшесі қай акционердің өкілі болып табылатыны және (немесе) директорлар кеңесінің сайланған мүшелерінің қайсысы тәуелсіз директор болып табылатыны көрсетіледі.
      Егер қоғамның негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген шешімі қоғамның директорлар кеңесінің не атқарушы органының шешімінен үзінді-көшірме нысанында ұсынылған болса, осы үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
      отырысты өткізу күні, уақыты және орны (қатысу тәртібімен өткен отырыс болған жағдайда);
      отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;
      отырыс кворумы;
      отырыс күн тәртібінің шешімдері акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге әкеп соққан мәселелері;
      отырыс күн тәртібінің дауыс беруге қойылған, негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер енгізілетін әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;
      мәселе бойынша қабылданған, негізінде акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін шешім.
      Директорлар кеңесінің отырысы шешімінен үзінді-көшірме директорлар кеңесі хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және қоғам мөрінің бедерімен расталады.
      Атқарушы органның отырысы шешімінен үзінді-көшірме қоғамның бірінші басшысының (не оның орнындағы адамның) қолымен және қоғам мөрінің бедерімен расталады.
      5) әділет органның не уәкілетті органның (қоғамның атауы, орналасқан жері, қызметінің түрі және эмитент органдарының құрылымы өзгерген жағдайда) белгiсi қойылған барлық енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге жарғының көшірмесі (не жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттың көшiрмесi);
      6) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы (қоғамның атауы, оның орналасқан жері, акциялардың саны және (немесе) түрі өзгерген жағдайда);
      7) жарияланған акциялардың санын және (немесе) олардың түрiн өзгерту туралы шешiм қабылданған күнгі жағдай бойынша ірі акционерлер туралы тiркеушi берген анықтаманың көшiрмесi;
      8) iрi акционерлер туралы мәлiметтердiң өзгеру күнiнен кейiнгі күнгі жағдай бойынша акционерлiк қоғамның iрi акционерлерi туралы тiркеушi берген анықтаманың көшiрмесi (iрi акционерлер туралы мәлiметтер өзгерген жағдайда);
      9) қоғамның жарияланған акциялары болмаған жағдайда немесе мерзiмi өткен берешектi өтеуге олар жеткiлiксiз болғанда, оларды кейіннен орналастыра отырып, қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару арқылы қоғамның мерзiмi өткен салық берешегiн өтеу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      7. Уәкiлеттi орган акциялар шығарылымының проспектiсiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды оларды алған күнінен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7-1. Уәкілетті орган банктің жарияланған орналастырылмаған немесе сатып алынған акциялары болмаған не " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңы ның (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) 17-2-бабында көзделген жағдайларда олардың саны жетпеген кезде, банктің жарияланған акцияларды сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде осы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
      1) акциялар шығарылымы проспектісіндегі банктің жарияланған акциялар санының және олардың түрлерінің өсіру бөлігіне өзгерістер енгізеді (мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 (екі) данада);
      2) акциялар шығарылымы проспектісіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың бір данасын және акциялар санын, түрлерін (мемлекеттік және орыс тілдерінде) көрсете отырып, оларды мемлекеттік тіркеу куәлігінің бір данасын банкке береді;
      3) акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін
қоса беріп, жарияланған акциялар санын өсіру туралы тіркеушіні және орталық депозитарийді хабардар етеді.
       Банк акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы осының алдында берілген куәліктің
түпнұсқасын қайтарады және қоғамның қаржы есебінсіз Acrobat Reader форматындағы электрондық тасымалдағыштағы оған енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар акциялар шығарылымы проспектісін (мемлекеттік және орыс тілдерінде) береді.
       Ескерту. 7-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.10.29. N 161 қаулысымен.

      8. Акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган қоғамға акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың оларды тіркеу туралы белгі қойылған бір данасын береді.
      Заңды тұлға атауының, оның орналасқан жерінің, акциялар саны мен түрінің өзгеруі негіздері бойынша акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда уәкілетті орган акциялар шығарылымының проспектісіне өзгеріс пен толықтырулар данасынан басқа ауыстыру себептерін көрсете отырып бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

      9. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 25.03.2006 N 73 қаулысымен.

      10. Жарғылық капиталы акциялар шығарылымы мемлекеттік тіркелімсіз жасалған, кемінде елу мың еселенген ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде төленген жарғылық капиталы бар қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ұлттық бірегейлендіру нөмірін беру туралы куәлігімен ауыстыру үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жасалған өтінішті;
      2) акционерлік қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесімен, сондай-ақ соңғы екі қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есеп берумен, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттар ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша есептілік саясаты мен қаржылық есеп беру туралы ақпарат бірге тігілген осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада берілген акциялар шығарылымының проспектісі. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында акционерлік қоғам сатып алған кездегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі акциялар шығарылымы проспектісі және акциялар құнын анықтау әдістемесі бар;
      3) қоғамның қаржы есебінсіз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдаушыда оған енгізілетін өзгерістермен және толықтырулармен бірге акциялар шығаралымының проспектісін (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
      4) ұлттық бірегейлендіру нөмірін (бұдан әрі - ҰБН) беру туралы куәліктің (куәліктердің) түпнұсқасын (түпнұсқаларын);
      5) акциялар шығарылымы проспектісіне соның негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қоғам органы шешімінің көшірмесін;
      6) әділет органының белгiсi қойылған барлық енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге жарғының көшірмесі.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 181, ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      11-12. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 25.03.2006 N 73 қаулысымен.

3. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      13. Қоғам акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 24-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде ұсынады.
      Орналастырудың есепті кезеңі алты ай болады.
      Акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні орналастырудың бірінші есепті кезеңінің басталу күні болып табылады.
      Алдыңғы есепті кезеңнің аяқталу күнінен кейінгі күн келесі есепті кезеңнің басталу күні болып табылады.
      Акцияларды түпкілікті орналастыру күні жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін қоғамның жеке шотынан қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына немесе номиналдық ұстау есеп жүйесіне барлық жарияланған акцияларды есептен шығару бойынша соңғы операцияны жүргізу күні болып табылады.
      Қоғам акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті орналастырудың есепті кезеңі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде, сондай-ақ акциялар толық орналастырылғаннан кейінгі ай ішінде ұсынады.
      Бір мезгілде тіркеушіге уәкілетті органға есептің ұсынылғаны туралы хабарлама жіберіледі.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13-1. Тұрақтандыру банкі акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті ұсынбайды.
      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      14. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту үшін қоғам уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жасалған өтініш;
      2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған, есепті кезеңді аяқтайтын айдың соңындағы жағдай бойынша не акцияларды орналастыру аяқталған күннен кейінгі күнгі қаржылық есептілікпен, есепті кезеңде акциялардың төленгенін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесімен (көшірмелерімен) және акцияларды орналастыру аяқталған күннен кейінгі күнгі ірі акционерлер туралы тiркеушi анықтамасының көшірмесімен бірге тігілген қағаз тасымалдағыштағы екі данада акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында акцияларды орналастыру қорытындылары туралы қазақ және орыс тілдеріндегі есеп қамтылады;
      3) қоғамның қаржылық есептілігінсіз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдағыштағы акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп (қоғамды тарату және қайта құру жағдайларын қоспағанда).
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Қоғамның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту үшін ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган:
      1) есепті бекітеді және қоғамды есептің бекітілгені туралы жазбаша хабардар етеді;
      2) есептің бекітілгендігі туралы уәкілетті органның белгісі қойылған есептің бір данасын қоғамға қайтарады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Орналастырылған акциялар санының ұлғаюына (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде), қоғамның бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы қоғамның басқа түрдегі акцияларына айырбастауға байланысты акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер енгiзiлген жағдайда, эмитент уәкiлеттi орган бекіткен акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке енгiзiлген өзгерiстердi және акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту туралы хабарламаның түпнұсқасын (бар болса) уәкiлеттi органға ұсынады.
      Уәкілетті орган көрсетiлген өзгерiстерді назарға алады және қоғамды бұл туралы жазбаша хабардар етеді.
      Қоғам уәкілетті органға қоғамның орналастырылған акциялардың санын өсірген (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп тастағанда), қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған жағдайда акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер мен толықтыруларды орналастырылған акциялардың санын өсіру (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп тастағанда) қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау рәсімін аяқтағаннан кейін бір ай ішінде ұсынады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16-1. Орналастырылған акциялар саны ұлғайған (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде), қоғамның орналастырылған акциялары бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбасталған жағдайда қоғам уәкілетті орган бекіткен акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістерді назарда ұстау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жасалған өтініш;
      2) орналастырылған акциялар санын ұлғайту (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) және қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау аяқталған күндегі ірі акционерлер туралы тіркеуші анықтамасының көшiрмесiмен бірге тiгiлген, осы Ереженің 2-3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған қағаз тасымалдағыштағы екі данадағы акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер (орналастырылған акциялар саны ұлғайған (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде), қоғамның орналастырылған акциялары бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбасталған жағдайда ұсынылады). Екі дананың әрқайсысында акцияларды орналастыру қорытындылары туралы қазақ және орыс тiлдерiндегi есеп қамтылады;
      3) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы Acrobat Reader форматындағы электрондық тасымалдағыштағы есепке өзгерістер.
      Уәкілетті орган соңғы есепті кезеңдегі акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіткен жағдайда, қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбасталуына байланысты қоғам соңғы есепті кезеңдегі акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
      Қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған кезде қоғамның жай акцияларын сатып алатын тұлғалар Банктер туралы заңның 17-бабының 5-тармағында, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 4-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 47-бабының 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келеді.
      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      17. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17-1. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Акциялар шығарылымын жою

      19. Акциялар шығарылымының күші Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жойылады.

      20. Акциялар шығарылымын жою үшін қоғам уәкiлеттi органға:
      1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тану немесе мәжбүрлеп тарату (эмитентті қайта ұйымдастыру) туралы сот шешiмiнің көшірмесін немесе қоғамды қайта ұйымдастыруға немесе таратуға байланысты жарияланған акциялар шығарылымын жою туралы қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы хаттамасының (барлық дауыс беретін акцияларға ие акционер шешімінің) көшірмесін;
      2) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiгін, жарияланған акциялар шығарылымының проспектісін, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді және уәкілетті органның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекiту туралы хабарламаларын (хаттарын);
      3) таратылатын қоғамның тарату балансын бекіту туралы шешімінің көшірмесін ұсынады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. Сот не атқарушы өндiрiс органдары соттың жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тану немесе заңды күшiне енген қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы шешiмiн таныған жағдайда акциялар шығарылымының күші осы шешiмнiң негiзiнде жойылады.
      Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін қоғам акцияларының эмиссиясы болмай қалды деп танылған жағдайда осы эмиссия қоғам акцияларының эмиссиясы болмай қалды деп тану туралы шешiмнiң негiзiнде жойылады.
      Көрсетілген жағдайларда қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң (куәлiктердiң) және (немесе) ҰСН беру туралы куәлiктiң (куәлiктердiң), акциялар шығарылымының проспектiсiнiң түпнұсқаларын (егер осының алдында уәкiлеттi органға берiлген акциялар шығарылымы проспектiсi көзделмеген болса, онда бұл құжат ұсынылмайды) акция шығарылымының жойылғаны туралы хабарлама алған күннен бастап он күн iшiнде ұсынады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      22. Осы Ереженің 20-тармағында аталған құжаттар жоғалған жағдайда қоғам уәкiлеттi органға бұқаралық ақпарат құралдарында жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы жарияланған ақпараттың көшiрмесiн ұсынады.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      23. Акциялар шығарылымын жою үшін уәкілетті органға қоғам ұсынған құжаттар олар алынған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде қаралады.

      24. Акциялар шығарылымын жою үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган акциялар шығарылымын жояды және қоғамға осы Ереженің 2-2-қосымшасына сай нысан бойынша акциялар шығарылымы жойылғандығы туралы хабарлама жібереді.
      Акциялар шығарылымы акциялар шығарылымының жойылғаны туралы куәлікте көрсетілген күннен бастап, бірақ уәкілетті органның акциялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он күннен аспайтын мерзімде жойылады.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен , 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24-1. Уәкілетті орган тұрақтандыру банкінің акциялары шығарылымының күшін жою туралы шешімді уәкілетті органның тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату туралы шешімінің негізінде қабылдайды.
      Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      24-2. Таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы туралы мәліметтер бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде қамтылатын акционерлік қоғамдар акцияларының шығарылымдары акцияларды жою үшін қажет құжаттар ұсынылмай-ақ жойылады.
      Акциялар шығарылымының жойылуы туралы мәліметтер Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне Қазақстан Республикасының әділет органдарынан алынған ақпарат негізінде көрсетілген ақпарат алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізіледі. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне деректер енгізілген күннен бастап шығарылым жойылған болып есептеледі.
      Осы тармақтың ережелері осы акционерлік қоғамға басқа заңды тұлғаны қосу немесе осы акционерлік қоғамнан жаңа акционерлік қоғамның бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жағдайларына қолданылмайды.
      Ескерту. Ереже 24-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік
тіркеуден, акциялар шығарылымы проспектісіне жасалған
өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден және
акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      25. Уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарында белгіленген жағдайларда жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, акциялар шығарылымы проспектісіне жасалған өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тартады.

      26. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тартылған жағдайда қоғам уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тарту алған күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органға екінші рет пысықталған құжаттарды тапсырады.
      Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тартқан жағдайда эмитент уәкілетті органға пысықталған есепті бас тартуды алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қайтадан ұсынады.
      Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою үшін құжаттарды қайтадан ұсынған кезде қарау мерзімі қайтадан есептеледі.

6. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою үшін ұсынылған құжаттардың мазмұны және ресiмдеу

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      27. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне (жарияланған акциялардың саны көбейген не түрі өзгерген жағдайда) өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою үшін уәкілетті органға қоғам ұсынған (тұрақтандыру банкін қоспағанда) өтініш және құжаттар өтініште (ілеспе хат) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізілімін ұстаушының мемлекетте осы қоғам акцияларының бар (жоқ) екені туралы мөртабанының таңбасы болса, қарау үшін қабылданады.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      27-1. Қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қағаз түрінде не электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынады.
      Құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру кезінде құжаттар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес өтініштің электрондық нысанына тіркеледі.
      Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган акциялар шығарылымының проспектісін тіркеу туралы белгі қоймайды.
      Ескерту. 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      28. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      29. Қаржы ұйымдарын қоса алғанда, қоғамдар бухгалтерлiк баланстан, кiрiстер мен шығыстар туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен және меншiк капиталындағы өзгерiстер туралы есептен тұратын қаржылық есептiлікті ұсынады. Қаржылық есептілікке түсiндiрме жазба қоса беріледі.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      30. Қосымша (түзетілген) құжаттар уәкілетті органға ілеспе хатпен ұсынылады. Ілеспе хатта уәкілетті органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту туралы хаттың шығыс нөмірі мен күні, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

      31. Егер осы Ережеде көшірмелер бірінші басшының, бас бухгалтердің қолымен және қоғам мөрінің таңбасымен бекітілген ұсыну белгіленбесе, қоғам құжаттардың көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте жарғы көшірмесі нотариалды түрде куәландырылған болуы тиіс.
       Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулыcымен.

      32. Құжаттарда парақтар көп болған кезде әрбір парақ расталады не құжат тігіледі және тігістің түйініне және параққа жартылай желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Бірінші басшының, бас бухгалтердің қолдары және мөр таңбасы қағаз пломбаға жартылай, құжаттың парағына жартылай қойылуы тиіс.

      33. Құжаттарда түсініксіз түзетулер, сызып тастаулар, тазалаулар, түзетілген жерлер, қосымша жазулар (қосымша басулар) жасауға жол берілмейді. Түзету жасалған кезде сызып тасталған сөз анық оқылуы тиіс. Әрбір түзету (толықтыру) түсіндірілуі тиіс, мысалы: "түзетілген ... дұрыс", "қосымша жазылған...дұрыс", "сызып тасталған ...оқылмасын" деп берілуі тиіс, құжатқа қол қойған тұлғалар растауы және қоғамның мөрінің таңбасымен расталуы тиіс.

7. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      34. Уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, қоғамның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың тізілімін ұстаушыға осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша:
      1) жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу;
      2) акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу;
      3) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту;
      4) акциялар шығарылымын жою туралы хабарлама жібереді.

      35. Уәкілетті орган акциялар шығарылымының проспектілері, сондай-ақ өзінің ресми интернет-ресурсында оларды орналастыру қорытындылары туралы есептер шеңберінде не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша ұсынылған ақпаратты ашып көрсетеді. Осы Ережеге сәйкес қоғам уәкілетті органға электрондық және қағаз тасымалдағыштарда ұсынған құжаттардың мазмұны бірдей болуы тиіс.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою кезінде уәкілетті орган берген құжаттардың түпнұсқалары жоғалған жағдайда қоғам баспасөз басылымдарында жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы ақпарат жариялау шартымен дубликат беру үшін өтініш жасауға құқылы.

      36-1. Акциялар шығарылымы проспектісінің, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың, акцияларды орналастыру қорытындысы бойынша есептің түпнұсқалары жоғалған жағдайда қоғам аталған құжаттардың көшірмелерін беру туралы уәкілетті органға өтініш жасайды.
      Ескерту. 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Жарияланған акциялар шығарылымын 
мемлекеттік тіркеу, акцияларды  
орналастыру қорытындылары туралы 
есепті бекіту және акциялар   
шығарылымын жою ережесіне    
1-қосымша          

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Акциялар шығарылымының проспектісі

      Акциялар шығарылымының проспектісінің мәтіні акционерлік қоғамның қаржы жағдайы мен қызметі туралы ақпараттан тұрады.

      1. Акциялар шығарылымының проспектісінің бірінші бетінің парағында:
      1) құжаттың атауы: "Акциялар шығарылымының проспектісі";
      2) қоғамның толық және қысқартылған атауы;
      3) Онда: "Уәкілетті органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу проспектісінде жазылған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бір ұсынымдар ұсынуды білдіреді. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығына жауап бермейді. Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келуі үшін ғана қаралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғасы осы проспектідегі ақпараттың шынайылығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың дұрыстығын және қоғамға және оның орналастыратын акцияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды" деген жазба болады.
      Акциялар шығарылымы проспектісінің мәтіні:

1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер

      2. Акционерлік қоғамның атауы.
      Осы тармақта акционерлік қоғамның толық және қысқартылған атауы көрсетілуі қажет.
      Егер акционерлік қоғамның жарғысында оның шет тілінде толық және қысқарған атауы көзделген болса, онда осындай атауды қосымша көрсету керек.
      Акционерлік қоғамның атауы өзгерген жағдайда оның бұрынғы толық және қысқарған атаулары, сондай-ақ оның өзгерген күні көрсетіледі.
      Егер акционерлік қоғам заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдасуы нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдасқан заңды тұлға және акционерлік қоғамға қатысты құқықтық иеленушілік туралы мәлімет көрсетілуге тиіс.

      3. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.
      Осы тармақта акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі қажет.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.    
      4. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      5. Акционерлік қоғамның орналасқан жері, байланыс телефоны мен факстың нөмірі, электронды почтаның мекен-жайы туралы ақпарат.

      6. Акционерлік қоғамның банктік деректемелері.

      7. Акционерлік қоғам қызметінің түрлері.

      8. Акционерлік қоғамға немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттіктері берген рейтингтердің болуы туралы мәлімет. Қаржылық агенттің мәртебесі берілгендігі туралы мәлімет.

      9. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілеттіктерінің атауы, тіркелген күні, орналасқан жері және почталық мекен-жайлары.

      10. Акционерлік қоғамның соңғы аяқталған үш қаржы жылдың қаржылық есебіне аудитті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) аудиторлық ұйымдардың, олардың тиісті коллегияларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиістілігін көрсете отырып, толық ресми атауын көрсету (аудитордың аты-жөні, бар болса - әкесінің аты).
      Тиісті коллегияларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиістілігін көрсете отырып, соңғы аяқталған үш қаржы жыл ішінде тиісті қызмет көрсету шарттары жасалған заң және қаржы мәселелері жөніндегі консультанттардың толық ресми атауы.
      Егер жоғарыда аталған тұлғалармен шарттардың бұзылуы орын алған жағдайда, тараптардың қайсысы бастамашы болғаны жөніндегі ақпаратты көрсете отырып, шарттың бұзылу себептері туралы ақпаратты ұсыну қажет.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Қоғам корпоративтік басқару кодексін қабылдаған күні (егер оның қабылдануы қоғам жарғысында көзделген жағдайда).
      11-1. Акцияларды қоғам сатып алған кезде акциялар құнын анықтау әдістемесін акционерлердің жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекіткен күн.
       Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулыcымен.

2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлері)

      12. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі.
      Осы тармақта:
      1) қоғамның директорлар кеңесі төрағасының және мүшелерінің аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, туған жылы (тәуелсіз директорды (-ларды) көрсете отырып);
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың хронологиялық тәртіппен берілген соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні;
      3) директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі дауыс беретін акцияларының қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы;
      4) еншілес және тәуелді ұйымдардың директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесінің) жалпы санымен проценттік ара қатынасы;
      5) соңғы екі жыл ішіндегі директорлар кеңесі құрамының өзгеруі және көрсетілген өзгерістердің себептері.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

       12-1. Қоғамның директорлар кеңесінің комитеттері (болған жағдайда).
      Осы тармақта қоғамның директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауы (атаулары), оның (олардың) құзыреті көрсетілуі тиіс.
      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12-2. Тұрақтандыру банкі банкті басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын уәкілетті тұлғаны (уәкілетті тұлғаларды) көрсетеді.
      Ескерту. 12-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      12-3. Ішкі аудит қызметі (егер ол бар болса).
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамының ішкі аудит қызметі басшысының аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, туған жылы не ішкі аудит қызметі әр қызметкерлерінің аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, туған жылы;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың өкілеттіктерін көрсете отырып хронологиялық тәртіппен соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні көрсетілу тиіс.
      Ескерту. 12-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      13. Акционерлік қоғамның алқалы (жеке дара) атқарушы органы.
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамның жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөні, бар болса - әкесінің аты не акционерлік қоғамның алқалы атқару органының әрбір мүшесінің, оның ішінде басқарма төрағасының аты-жөні, бар болса - әкесінің аты;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың өкілеттіктерін көрсете отырып хронологиялық тәртіппен соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тиесілі дауыс беретін акциялардың қоғамның дауыс беретін акциялардың жалпы санына пайыздық ара қатынасы.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      14. Қоғамның осы проспектісінің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға соңғы қаржы жылында берілген және төленген сыйақы мен жалақының, сондай-ақ жеңілдіктердің жалпы сомасы.
       Егер, акционерлік қоғам акциялар шығару туралы шешім қабылданған күнге дейін үш және одан да көп айда құрылған жағдайда, сыйақының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да бір басқа нысанда) және соңғы үш айда осы Қосымшаның 12 және 13-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың (тұлғалардың тобы ретінде) акционерлік қоғамнан алған жалақысының жалпы мөлшерін көрсету қажет.

      15. Акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы.
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері;
      2) акционерлік қоғам қызметкерлерінің, оның ішінде акционерлік қоғам филиалдары мен өкілеттіктері қызметкерлерінің жалпы саны;
      3) акционерлік қоғамның акцияларын иеленетін акционерлік қоғамның қызметкерлерінің жалпы саны және олардың процентпен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы жиынтық үлесі;
      4) акционерлік қоғам бөлімшелерінің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, туған жылы);
      5) филиалдар мен өкілдіктердің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, бар болса - әкесінің аты, туған жылы).

      16. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары (акционерлері).
      Осы тармақта құрылтайшы (құрылтайшылар) алдын ала төлеген акциялар саны және түрi (түрлерi) немесе қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетiн акционерлерге тиесiлi дауыс беретiн акциялардың пайыздық ара қатынасы көрсетіледі. Егер акционер заңды тұлға болып табылған жағдайда, осы заңды тұлғаның жарғылық капиталында қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленетін ірі акционерлері не қатысушылары туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Мәліметтерде жеке тұлға - акционердің немесе құрылтайшының тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты, туған жылы және заңды тұлға - акционердің немесе құрылтайшының толық атауы, орналасқан жері, қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын иелену басталған күні болуы тиіс.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      17. Қоғам ірі акционері болып табылатын не ұйымның жарғылық капиталында он және одан да көп пайызымен үлесі бар ұйымдар туралы мәліметтер.
      Мәліметтерде заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, қоғамға, ұйымның орналастырылған акцияларының жалпы санына акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесі) пайыздық ара қатынасы, қызмет түрі, қоғамның ірі акционер бола бастаған не ұйымның жарғылық капиталында он және одан да көп пайызы үлесімен иелене бастаған күні және бірінші басшысы туралы ақпарат болуға тиіс.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      18. Қоғам қатынасатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.
      Осы тармақта көрсетілген ұйымдардың толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері көрсетілуі тиіс.

      19. Акционерлік қоғамның басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәлімет.
      Осы тармақта осы Қосымшаның 12-18-тармақтарында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылатын барлық тұлғалар туралы мәліметтерді оларды аффилиирленген тұлғаларға жатқызу үшін негіздерді көрсете отырып аффилиирленгендігі туындай бастаған күнін көрсету қажет.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006.03.25 N 73, 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      20. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын мәмілелер.
      Осы тармақта осы шешімді қабылдаған қоғамның органын көрсете отырып қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты; мәміленің жасалған күні; мәміленің тараптары болып табылатын заңды тұлғаның атауын және/немесе жеке тұлғаның аты-жөнін, бар болса - әкесінің атын; мәміле сомасын және мәнін көрсету қажет.

3. Акционерлік қоғам қызметінің сипаты

      21. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлерінің қысқаша сипаты, акционерлік қоғамдарға бәсекелес болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер.

      22. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлері бойынша сату (жұмыс, қызмет көрсету) кірістілігіне оң және теріс әсер ететін факторлар.

      23. Қоғамның қолындағы лицензиялар (патенттер) және олардың қолдану кезеңі, зерттеулер мен әзірлеуге, оның ішінде қоғам демейтін зерттеу әзірлеулеріне шығатын шығындар туралы ақпарат.

      24. Соңғы екі жыл немесе акционерлік қоғам нақты жұмыс істейтін кезең ішінде сатылған өнімдердің (орындалған жұмыстың, қызмет көрсетудің) көлемі.
      Соңғы екі жыл ішіндегі немесе акционерлік қоғамның нақты жұмыс істеп отырған кезеңі ішіндегі шығарылған өнімдерінің (орындалған жұмыс, қызмет) көлемінің өзгеруін талдау (Мысалы, соңғы екі жыл ішінде өнімдерді шығару 1 %-ке өсті, ол - 30 миллион теңге).

      25. Өз өнімдерін (жұмыстар, қызмет) сатуды ұйымдастырудағы қоғамның қызметі.
      Осы тармақта қоғамның тауарларын (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жеткізушілері мен тұтынушылары туралы мәліметтерді, олар шығаратын немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жалпы құнының бес және одан астам процентін құрайтын көлемде көрсету қажет.

      26. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:
      1) қызметтің маусымдық сипаты бар түрлері, олардың акционерлік қоғамның жалпы кірісіндегі үлесі;
      2) акционерлік қоғамға жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттағы (жұмыстардағы, қызмет көрсетулердегі) импорттың үлесі және сатылатын өнімнің жалпы көлеміндегі экспорттағы акционерлік қоғам сататын өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) үлесі;
      3) сот процестеріндегі акционерлік қоғамның қатысуы туралы мәлімет. Оның қатысуымен сот процестері мәнінің сипаттамасын ұсыну қажет, оның нәтижелері бойынша акционерлік қоғамның қызметі тоқтатылуы немесе өзгеруі, одан ақшалай және өзге міндеттемелер өндіріліп алынуы мүмкін;
      4) акционерлік қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына соңғы жыл ішінде уәкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) сот салған барлық әкімшілік жазалар туралы мәліметтер;
      5) тәуекел факторлары.
      Тәуекелдердің мынадай толық талдауын ұсыну қажет:
      бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында немесе биржадан тыс рынокта акциялардың бағасына, сондай-ақ рынокта өнім құнының өзгеруіне, қоғамның акцияларының құнына әсер ететін;
      инфляцияға, құнсыздануға және банктік проценттердің ставкасына байланысты;
      шығарылатын өнімнің бәсекелік қабілетіне байланысты;
      елдегі саяси ахуалдың өзгеруіне және заңдардың өзгеруіне байланысты;
      әлеуметтік факторларға байланысты.

4. Қоғамның қаржылық жай-күйі

      27. Инвестициялар.
      Басқа ұйымдардың капиталына ұзақ мерзімді инвестициялар, сатып алынған күнін көрсете отырып, бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы мәліметтер, басқа инвестициялар ашылып көрсетіледі.
      Қоғамның инвестициялық портфельді басқару, басқа ұйымдардың атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, олардың капиталына қатысуы жөніндегі стратегияның қысқаша сипаттамасын келтіру қажет.

      28. Дебиторлық берешек.
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамның алдында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам проценті мөлшерінде дебиторлық берешегі бар ұйымдардың атауы және олардың орналасқан жері;
      2) дебиторлық берешекті өтеу мерзімдері жөніндегі ақпарат;
      3) жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.

      29. Активтер.
      Осы тармақта құны қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам пайызын құрайтын қоғам мүлкінің сипатын көрсету қажет. Сондай-ақ эмитент міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын және де әр активтің құны және тиісті шарттардың қолданысы аяқталған күні көрсетілген сенімгерлікпен басқаруға берілген эмитент активтері туралы мәліметтер көрсетілу тиіс.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      30. Қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер.

      31. Заемдар.
      Осы тармақта қолданыстағы облигацияларды, банктік заемдарды және кредиттік желілерді шығару туралы ақпарат ашылады. Заемдар туралы ақпарат міндеттемелердің валюта бөлігінде және оларды орындау мерзімдері бойынша баяндалады. Валюта түрлері бойынша жылдық өлшемде орташа проценттік ставка, жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.

      32. Қоғамның негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешекте (жеткізушілер алдындағы берешек, алынған аванстар):
      1) қоғамның алдында қоғамның баланс активтері құнының бес және одан астам проценті мөлшерінде берешегі бар ұйымдардың атауы және орналасқан жері және берешек сомасы көрсетіледі;
      2) кредиторлық берешектерді өтеу мерзімдері бойынша; жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.

5. Қаржылық ұйымдардың қаржылық жағдайы

      33. Банкаралық заемдар (банктер толтырады).
      Осы тармақта банкаралық заемдар рыногындағы акционерлік қоғамдар позицияларының сипатын көрсету қажет.

      34. Салымдар (банктер толтырады).
      Осы тармақта депозиттік базаны сипаттау қажет, оның ішінде:
      1) заңды және жеке тұлғалардың салымдары бөлігінде және мерзімді салымдар мен талап ету бойынша салымдар бөлігіндегі салымдардың өсу динамикасы;
      2) тартылған салымдардың валюта бөлігіндегі салымдар бойынша орташа сыйақылар;
      3) заңды және жеке тұлғалардың салымдары бойынша бөлек салымдардың уақытша құрылымы (кредиторлық берешектерді өтеу мерзімдері жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі);
      4) соңғы үш жыл ішіндегі валюта түрлері бойынша салымдар бойынша бөлек дебет және кредит айналымдары.

      35. Шет мемлекет заңдарына сәйкес облигациялардың қолданылып жүрген шығарылым құрылымының сипаттамасы (орналастырылған, өтелген және сатып алынған облигациялар саны, есептелген купондар, сондай-ақ соңғы үш жылдағы (мерзімінен бұрын өтелген) облигациялар туралы мәліметтер).

      36. Акционерлік қоғам активтерінің бес процентінен асатын қолданылып жүрген халықаралық заемдарының (сомасы, өтеу кестесі, сыйақы мөлшері) шарттары туралы және соңғы үш жылдағы оның активтерінің бес процентінен асатын тартылған және орындалған халықаралық заемдар туралы мәлімет.

      37. Акционерлік қоғамдағы басқа ұйымдардан алынған, олардың атауы, мекен-жайы, кредит сомасы, сыйақы сомасы, өтелуі және мақсатты пайдаланылуы көрсетілген ашық кредиттік желілер туралы мәлімет.

      38. Қаржы нәтижелерін талдау.
      Осы тармақта соңғы екі жылдағы аса маңызды қаржы көрсеткіштеріне талдау келтіріледі: сатылған өнімдердің (көрсетілген жұмыстар, қызметтер) көлемі, таза кіріс, проценттік және процентсіз кірістер мен шығыстар. Аталған көрсеткіштердің таяудағы жылдағы орындалуы туралы болжам ұсынылады.

      39. Соңғы екі жылдағы кірістер мен шығыстардың құрылымы.

      40. Акционерлік қоғамның пікірі бойынша аса маңызды болып табылатын және қоғам қызметін сипаттайтын қаржы коэффициенттерінің есебі.

      41. Акциялар шығарылымының проспектісінің күніне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген пруденциалдық нормативтер мен орындалуы міндетті басқа нормалар мен лимиттердің маңызы.

      42. Қоғамның акция шығару туралы шешімі қабылданғанға дейінгі соңғы алты ай ішінде берілген кепілдіктердің көлемі мен саны.

      43. Бұрын берілген кепілдіктер, сот талаптары нәтижесінде пайда болуы мүмкін акционерлік қоғамның ықтимал міндеттемелеріне қатысты өзге де ақпарат.

6. Бағалы қағаздардың шығарылымдары туралы мәліметтер
(акциялар шығарылымы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы қабылданғанға дейін тіркелген қоғамдар үшін)

      Ескерту. 6-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006.03.25 N 73 қаулысымен .

      44. Барлық тіркелген бағалы қағаздар шығарылымдарына қатысты:
      1) бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының жалпы саны, түрі  және әрбір шығарылымдағы бағалы қағаздың номиналдық құны, шығарылым нысаны, сондай-ақ бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі және бағалы қағаздарды тіркеу күні. Акциялар шығарылымы жойылған жағдайда - жойылған күні және осы шешімді қабылдаудың себебі;
      2) алынып тасталды ;
      3) бағалы қағаздарды орналастыру күнінің басталуы және аяқталуы;
      4) Аукциондар немесе жазылымдар өткізу шарттары мен тәртібі туралы ішкі құжаттарды қабылдау күні;
      5) қоғамның бағалы қағаздар ұстаушыларының алдында өз міндеттемелерін орындамауы, облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеуі (төлемді кешіктіруі), жай және артықшылықты акциялар бойынша төлемеуі (төлемді кешіктіруі), орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және оларды орындаудың мерзімі өткен күні туралы ақпаратты әрбір жыл және акциялар түрі бөлігінде орындауды көрсетуді қоса алғандағы фактілер туралы мәліметтер. Дивидендтерді есептеу және төлеу бойынша берешектер болған жағдайда қоғамның аталған берешекті өтеу үшін қабылдаған шараларын көрсету;
      6) бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналысқа жіберу уақытша тоқтатылған немесе бағалы қағаздар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайларда осы шешімді қабылдаған мемлекеттік орган шешім қабылданған күнді және оның негіздемесін көрсетуі тиіс;
      7) облигациялар бойынша төлемдердің өтеу күні және жалпы мөлшері облигацияларды орналастыру нәтижесінде тартылған ақша сомасын көрсете отырып көрсетіледі;
      8) бір акцияға (жай, артықшылықты) есептелген және төленген дивидендтің сомасы және соңғы екі қаржы жылының ішіндегі әрбір жыл үшін әрбір акция түрі үшін дивидендтің жалпы сомасы;
      9) сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауын қоса алғанда, қоғамның бағалы қағаздарымен сауданы ұйымдастыратын және ұйымдастырмайтын рыноктарында орналасқан бағалы қағаздар санын көрсеткендегі бағалы қағаздармен сауда жасалатын негізгі рыноктар.
      Ескерту: 44-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 , 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

      44-1. Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста болған жағдайда, жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акциялар шығарылымының проспектісі шыққан күннен бастап соңғы алты ай үшін акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.
      Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастыру аяқталған күнге дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуы тиіс.
      Ескерту. 44-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006.03.25 N 73 , 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

7. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәлімет

      45. Акциялар туралы мәлімет:
      1) жарияланған акциялардың саны, түрлері;
      2) құрылтайшылар арасында орналастырылған (орналастырылатын) акциялардың саны, түрлері;
      3) құрылтайшылар төлейтін бір акцияның нақты құны;
      4) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері.
      Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      45-1. Тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының саны, түрлері, номиналдық құны туралы мәліметтер (тұрақтандыру банкі толтырады).
      Ескерту. 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      46. Қоғамның айырбасталатын бағалы қағаздары.
      Айырбасталатын акциялар шығарған жағдайда осындай айырбастың тәртібі мен шарты көрсетіледі.
      46-1. Орналастырылған акциялардың санын өсіру (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау.
      Орналастырылған акциялардың санын өсірген (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған жағдайда, орналастырылған акциялардың санын өсіру (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) қоғамның орналастырылған акцияларын айырбастау тәртібі мен шарттары көрсетіледі.
      Ескерту. 46-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      47. Төлем жасаушы агент туралы мәлімет.
      Төлем жасаушы агенттің атауын толық және қысқарған түрде беру, оның орналасқан жерін, байланыс телефонын, төлем жасаушы агентпен жасалған шарттың күні және нөмірін беру.

      48. Акционерлік қоғамның тіркеушісі туралы мәлімет.
      Тіркеушінің толық және қысқартылған атауы, оның орналасқан жері, байланыс телефоны, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясы (нөмірі, берілген күні, лицензияны берген орган) туралы деректерді көрсетеді.
      48-1. Акционерлік инвестициялық қор мыналарға:
      1) акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтінімді беру және орындау шарттары мен тәртібін;
      2) акционерлік инвестициялық қордың олардың мекен жайын және байланыс телефондарын (ол болған жағдайда) көрсете отырып акцияларды орналастыру және (немесе) сатып алу бойынша делдалдар тізбесін көрсетеді.
      Ескерту. 48-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

8. Қосымша ережелер

      49. <*>
       Ескерту. 49-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулысымен.

      50. Инвесторларға арналған ақпарат.
      Инвесторлардың қоғам жарғысының және акция шығару проспектісінің көшірмесімен, осы құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қоғам қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атауы туралы мәліметтермен танысуға болатын орын туралы ақпарат қоғам жарғысына сәйкес көрсетіледі.
      Ескерту. 50-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181, 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      51. Акцияларды шығару проспектісіне бірінші басшы, бас бухгалтер, қол қояды және қоғамның мөрімен куәландырылады.
      Тұрақтандыру банкінің акциялар шығарылымының  проспектісіне уәкілетті органның шешіміне сәйкес тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өкілеттік берілген тұлға қол қояды және қоғамның мөрімен расталады.
      Уәкілетті органның банктің акциялар шығарылымы проспектісіне Банктер туралы Заңның 17-2-бабы негізінде жарияланған акциялардың саны өскен жағдайларындағы енгізген өзгерістері мен толықтыруларына
уәкілетті органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қояды және ол мөрмен расталады.
       Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2008.10.29 N 161, 2011.02.28 № 17 (ҚР ӘМ мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      52. Тұрақтандыру банкі акциялар шығарылымы проспектісінің 8, 9, 10, 11-1, 12, 12-1, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 24, 25, 26, 27, 30, 38, 39, 40, 41, 42, 44, 44-1, 45, 46, 47-тармақтарын толтырмайды.
      Ескерту. 52-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

                                    Жарияланған акциялар шығарылымын
                                     мемлекеттік тіркеу, акцияларды
                                    орналастыру қорытындылары туралы
                                       есепті бекіту және акциялар
                                        шығарылымын жою ережесіне
                                                1-1-қосымша

Нысан

Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

       Ескерту. 1-1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      Алматы қаласы 20 __ жыл «____» __________ № _____
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
      ____________________________________________________________тіркелген
      (тіркеу органының атауы, тіркеу күні және нөмірі)
      ___________________________________________________________ акционерлік қоғамының
      қоғамның атауы және мекенжайы
_____________________________________________________________________
      жарияланған акцияларының шығарыламын мемлекеттік тіркеуге алды.
Шығарылым ________________________________________акцияларға бөлiнген
       (акциялардың саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрi)
_____________________________________________________________________
әрi оларға______________________________________ ұлттық сәйкестендіру нөмiрi берiлген.
      Шығарылым ________________ нөмірмен Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлдi.
      Шығарылым туралы қосымша ақпарат:
_____________________________________________________________________

      Куәлiкке қол қойған адамның тегі, аты, (бар болса) әкесiнiң аты және лауазымы, қолы, мөрi

Жарияланған акциялар шығарылымын 
мемлекеттік тіркеу, акцияларды  
орналастыру қорытындылары туралы 
есепті бекіту және акциялар   
шығарылымын жою ережесіне    
2-қосымша            

_______ бастап ________ дейінгі кезеңде
акцияларды орналастыру қорытындылары туралы
ЕСЕП

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоғамның атауы және оның орналасқан жері.
      2. Қоғамның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер.
      Осы тармақта қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі қажет.
      3. Жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркелген (жарияланған акциялар санының ұлғаюына байланысты жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің ауыстырылған) күні және шығарылымды мемлекеттік тіркеу нөмірі.
      4. Қаржылық есептің деректеріне сай қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер.
      5. Қоғам акцияларды орналастыру инвесторлардың шектеусіз аясының ортасы туралы хабарламаларды орналастырған бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және осы хабарламалар шыққан күні көрсетіледі.
      6. Қоғам өзiнiң акционерлеріне олардың қоғам акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын акцияларды сатып алу ұсынысын қоғамның жарғысында көзделген мынадай тәсiлдердiң бiрiмен жеткiзгенi туралы ақпарат:
      1) хабарламаны жіберу күнін және акционердің осы хабарламаны алған күнін көрсете отырып жеке жазбаша хабарлама жіберу арқылы;
      2) көрсетілген ұсынысты бұқаралық ақпарат құралдарының атауын және жарияланған күнін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы.
      7. Акциялар туралы мәліметтер:
      1) жарияланған акциялардың жалпы саны, оның ішінде:
      жай акциялар __________;
      артықшылықты акциялар ______;
      2) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері;
      3) егер акциялар айырбасталған болса, онда айырбастау тәртібін және айырбасталған акциялардың санын көрсету қажет.
      8. Аукциондарды немесе жазылуды өткізу талаптары мен тәртібі туралы қоғамның ішкі құжатының қабылданған және бекітілген күні туралы мәліметтер.
      9. Егер қоғамның акциялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген болса, онда олардың енгізілген күнін көрсету қажет.
      10. Акцияларды орналастыру туралы мәліметтер:
      1) есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша түрлері бойынша орналастырылған және орналастырылмаған акциялардың саны;
      2) акцияларды орналастырудың осының алдындағы әрбір есепті кезең үшін орналастыру кезеңін, орналастырылған акциялар санын және оларды жеке төлеу сомасын, сондай-ақ акцияларды орналастырмау туралы ақпаратты назарға алу күнін көрсете отырып, осының алдындағы есепті (есептерді) бекіту күні;
      3) қоғамның директорлар кеңесінің (Банктер туралы Заңның 17-2-бабы негізінде жарияланған акциялар санын ұлғайту жағдайын қоспағанда) есепті кезеңде орналастырылатын акциялардың санын және оларды орналастыру бағасын белгілеу туралы шешім қабылдаған күні;
      4) Банктер туралы Заңның 17-2-бабы негізінде банктің жарияланған акцияларын сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі қабылданған күн;
      5) түрлері бөлігінде есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны;
      6) бір жай және артықшылықты акцияны сатып алу бағасын, акцияларды сатып алу туралы шешім қабылданған күнін, сондай-ақ қоғам орналастырылған акцияларды (сатып алудың әрбір түрі бойынша жеке) сатып алуға шеккен шығыстарын көрсете отырып, қоғамның бастамасы және (немесе) акционерлердің талап етуі бойынша есепті кезеңнің аяқталу күніне сатып алынған акциялардың саны.
      Қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін акционерлердің жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекіткен күні.
      11. Акцияларды орналастырудың есептi кезеңiнде акцияларды орналастыру (сату) тәсiлдерi:
      1) акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа бағалы қағаздардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып, артықшылықпен сатып алу құқығы бойынша;
      2) жазылу арқылы (ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықтарда):
      акциялардың түрін, санын, акциялардың номиналды құнын, ақы төлеу сомасын көрсете отырып, құрылтайшылар арасында (жаңадан құрылған қоғамдар үшін);
      акциялардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып, өзге инвесторлар арасында орналастыру арқылы;
      3) аукцион арқылы:
      акциялардың түрін, санын, жалпы ақы төлеу сомасын, алғашқы және соңғы сауда-саттықтарды өткізу күнін, есепті кезеңде бір акцияны сауда-саттықта орналастырудың ең аз және ең жоғары бағасын, есепті кезеңдегі бiр жай және артықшылықты акцияның нарықтық құнын (егер ол есептелген болса) көрсете отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында;
      аукционды өткізу күнін, акциялардың түрін, санын және ақы төлеудiң жалпы сомасын көрсете отырып, ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында;
      4) айырбасталатын бағалы қағаздардың санын, бағалы қағаздарды не қоғамның өзге де ақшалай міндеттемелерін айырбастауды жүргізу күнін көрсете отырып, қоғамның акцияларына бағалы қағаздарды және (немесе) қоғамның ақшалай міндеттемелерін айырбастау арқылы не туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру арқылы (туынды бағалы қағаздардың атауын, туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы орналастырылған акциялар санын, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды орналастыру жүзеге асырылған мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында сатып алуға ұсынылған акциялар санын көрсете отырып).
      12. Акциялардың санын және ақы төлеу сомасын көрсете отырып, оларға ақы төлеу тәсiлi:
      1) ақшалай (құрылтайшылардың (инвесторлардың) акцияларды төлеуiн растайтын төлем құжатының (төлем құжаттарының) деректемелерi, төлем сомасы және төлеушiнiң атауы көрсетiлуi тиiс);
      2) бағалы қағаздармен (бағалы қағаздар эмитентiнiң атауын, оның мекен-жайын, бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмiрiн және олардың санын, бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, мәміленің тіркелу күнін көрсету қажет);
      3) зияткерлiк қызметтiң нәтижесiне құқығымен (бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, зияткерлiк меншiктi қабылдау-өткiзу актiсi туралы мәлiметтердi көрсету қажет);
      4) қоғамның ақшалай міндеттемелерін қоғамның акцияларына айырбастау арқылы (берешекті акцияларды төлеу есебіне өтеу туралы шешімді кредитордың қандай органы қабылдағанын және осындай шешімнің қабылданған күнін, берешекті салыстырып тексеру актісінің деректемелерін, талап ету құқықтарын бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалу күнін, бағалау сомасын, егер қоғам дәрменсіз борышкер болса, банкті қайта құрылымдау жоспарын немесе оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімінің күнін немесе қоғамның акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығарылымы проспектісін тіркеу нөмірін көрсету қажет);
      5) басқа да мүлiктiк құқықтармен (бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, мүлiктi қабылдау-өткiзу актiсiнің күнін көрсету қажет);
      6) өзге де тәсілмен.
      Қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда осы Ереженiң 2-тармағында көрсетілген құжаттардың деректемелері көрсетіледі.
      Акцияларды төлеу үшiн мүлiктiк құқықтар және өзге де мүлiк енгiзілген жағдайда, тиiстi лицензиясы бар бағалаушының осы мүлiктi бағалау туралы есебіне осы мүлiк акцияларды төлеуге енгiзілген күнге дейiн алты айдан кеш емес күнi қойылады.
      13. Қоғам акциялары шығарылымының андеррайтерлері (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат.
      Осы тармақта:
      1) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, андеррайтердің қызметін көрсетуге қоғам жасаған шарттың күні және нөмірі туралы, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
      2) андеррайтердің акцияларды орналастыру тәсілі туралы;
      3) андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, өкілдерге орналастырудың жалпы көлемінен пайыздық көрсетілімде және орналастырылатын әрбір акцияға төленген (төленетін) комиссиялық сыйақылар туралы, сондай-ақ шығыстар туралы басқа да мәліметтер;
      4) шығаруға, орналастыруға және листингке енгізуге шығатын шығасылардың негізгі санаттары туралы. Көрсетілген шығасыларды эмитенттің өзі төлемеген жағдайда, оларды төлейтін тұлғаны көрсету қажет;
      5) андеррайтерлерді тартпастан және орналастырудың болашақ жоспарынсыз есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны туралы ақпаратты көрсеткен жөн.
      14. Опциондарды орындау бағасы туралы мәліметтер.
      15. Акциялардың нарықтық және баланстық құнының тарихы туралы ақпарат.
      Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста болса, онда жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күнге дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.
      Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталғанға дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуға тиіс.
      Акциялардың баланстық құны мына формула бойынша есептеледі:
      АБҚ= МК/А, мұнда
      АБҚ – акциялардың баланстық құны;
      МК – қоғамның меншікті капиталының мөлшері;
      А – қоғамның орналастырылған акцияларының саны (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде).
      16. Дивидендтерді төлеу туралы мәліметтер:
      1) тиісті шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысы хаттамасының деректемелеріне сілтеме жасай отырып, төлем жүзеге асырылған аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жай және артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленген дивидендтердің жалпы сомасын (есептелген және бюджетке төленген салық сомасын) көрсете отырып, дивидендтер төленген акционерлердің санын көрсете отырып дивидендтерді соңғы төлеу күні;
      2) қоғамның хабарламаны жариялау күнін көрсете отырып, дивидендтерге төлем жасау туралы хабарламасын орналастырған бұқаралық ақпарат құралының атауы;
      3) бір жай және артықшылықты акцияға есептелген және (немесе) төленген дивидендтердің мөлшері, сондай-ақ дивидендтер есептелген және (немесе) төленген қаржы жылының қорытындылары бойынша бір жай және артықшылықты акцияға келген таза кіріс мөлшері;
      4) егер дивидендтерді уақтылы төлемеу бойынша берешек орын алған жағдайлар болса, оның пайда болу себептерін және акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніндегі берешек сомасын көрсету қажет, бұл ретте акционерлер алдында берешекті өтеу бойынша қоғам қандай шаралар қолданғанын көрсету қажет.
      17. Қоғамның тіркеушісі туралы мәліметтер:
      1) акцияларды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің атауы және орналасқан жері;
      2) қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімін жүргізу туралы шарттың күні және нөмірі.
      18. Акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күнінен кейінгі күндегі ірі акционерлер туралы мәліметтер. Осы мәліметтер тіркеуші осыған ұқсас күнге берген, есептің ажырамас бөлігі болып табылатын анықтама негізінде толтырылады:

Заңды тұлға – акционерлердің толық атауы немесе жеке тұлға – акционерлердің аты-жөні, болса әкесінің аты

Жеке тұлға - акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері немесе заңды тұлға – акционерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні және оның орналасқан жері

Акциялардың түрін көрсете отырып, акционерге тиесілі акциялардың жалпы саны

Ірі акционерге тиесілі акциялардың пайыздық арақатынасы

      19. Егер орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күнінен кейінгі күні акциялары номиналды ұстаудағы ірі акционерлер туралы мәліметтер болмаса, номиналды ұстаушылардың атауы және олардың номиналды ұстауындағы қоғам акцияларының саны туралы мәліметтер.
      20. Есепке бірінші басшы, бас бухгалтер не олардың орнындағы адамдар қол қояды және акционерлік қоғам мөрінің бедерімен куәландырылады. Есептің әрбір данасы қаржылық есептілікпен, осы қосымшаның 12-тармағына сәйкес акцияларды орналастырудың есепті кезеңінде акциялардың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерімен және тіркеуші берген анықтаманың көшірмесімен бірге тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі (есепті кезеңде акциялар орналастырылмаған жағдайда акциялардың төленгенін растайтын құжаттарды қоспағанда). Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына қойылады және бірінші басшының қолымен куәландырылады.
      Есепті кезеңде акциялар орналастырылмаған жағдайда осы қосымшаның 11, 12 және 13-тармақтары толтырылмайды.

Жарияланған акциялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу, акцияларды 
орналастыру қорытындылары туралы
есепті бекіту және акциялар   
шығарылымын жою қағидаларына  
2-1-қосымша          

Нысан

Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөніндегі хабарлама

      Ескерту. 2-1-қосымша жаңа редакцияда -  ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

20 __ жылғы «___» _____________

Алматы қаласы № _____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Бағалы қағаздар рыногы
туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
24-бабына сәйкес
____________________________________________________________________
тіркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы
немесе куәлiктi берген органның атауы,
____________________________________________________________________
               берiлген күнi, айы, жылы және нөмiрi)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға
немесе
____________________________________________________________________
         куәлікке сәйкес қоғамның атауы мен мекенжайы)
акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті.

      Шығарылым ______________ нөмірмен Эмиссиялық бағалы қағаздардың
мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
      Шығарылым ________________________________ акцияларға бөлінген
        (акциялардың саны цифрмен және жазумен, акциялар түрі)
      _______________________________________________ жағдай бойынша
      (акцияларды орналастыруды аяқтау күні, айы, жылы)
      орналастырылған акциялар__________________________________
      орналастырылмаған акциялар________________________________
Жарғылық капитал ___________________________________ теңге мөлшерінде
қалыптастырылды. (сомасы цифрмен және жазумен)
      Хабарламаға қол қойған адамның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар
болса) және лауазымы, қолы, мөрi.

                                   Жарияланған акциялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу, акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы
есепті бекіту және акциялар  
шығарылымын жою ережесіне   
2-2-қосымша           

Нысан

Акциялар шығарылымын жою туралы куәлік

       Ескерту. 2-2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

Алматы қаласы 20 __ жылғы «___» ________


№ _____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________тіркеген
      (тіркеуші органның атауы, тіркеу нөмірі мен күні)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (қоғамның атауы мен мекенжайы)
      акциялар шығарылымын жойды.
      Шығарылым ___________________ нөмірмен Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
      Шығарылым ______________________________________________________________
      (акциялардың саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрі)
      акцияларға бөлінген.
      Шығарылым _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (жою себебі)
      байланысты жойылды.
      Акциялар шығарылымы ________________________ бастап жойылды деп есептелсін.
             күні (күні,айы,жылы)
      Куәлікке қол қойған адамның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және атқарып отырған қызметі, қолы, мөрі

Жарияланған акциялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу, акцияларды 
орналастыру қорытындылары туралы
есепті бекіту және акциялар   
шығарылымын жою ережесіне    
2-3-қосымша            

      Ескерту. 2-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.      

      Нысан

Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер
(акцияларды бөлшектеген, бір түрдегі қоғамның орналастырылған
акцияларын осы қоғамның екінші түрдегі акцияларына айырбастаған
жағдайда ұсынылады)

      1. Қоғамның атауы және оның орналасқан жері.
      2. Қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.
      Осы тармақта қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі қажет.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру күні және шығарылымды мемлекеттік тіркеу күні).
      4. Акционерлердің жалпы жиналысында айырбастау талаптарын, акциялардың бөлшектеуі, бір түрдегі қоғамның орналастырылған акцияларын осы қоғамның екінші түрдегі акцияларына айырбастауы жүзеге асырылатын мерзімін көрсете отырып, акцияларды бөлшектеу, бір түрдегі қоғамның орналастырылған акцияларын осы қоғамның екінші түрдегі акцияларына айырбастау туралы шешім қабылданған күні.
      5. Акциялар туралы мәлімет:
      1) жарияланған акциялардың жалпы саны, оның ішінде:
      жай акциялар _____________;
      артықшылықты _____________;
      2) бөлшектеуге жатқызылған акциялар саны, акцияларды бөлшектеу тәртібі;
      3) айырбастауға жатқызылған акциялар саны және айырбастауға жатқызылмаған акциялар саны, орналастырылған акцияларды айырбастау тәртібі;
      6. Есепке енгізілген өзгерістерге бірінші басшы, бас бухгалтер не олардың орнындағы тұлғалар қол қояды және акционерлік қоғамының мөр бедерлемесімен расталады. Есепке енгізілген өзгерістердің бір данасы тіркеуші берген анықтаманың көшірмесімен тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөр бедерлемесі жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына түсуі және бірінші басшының қойылған қолымен куәландырылуы тиіс.

                                  Жарияланған акциялар шығарылымын
                                   мемлекеттік тіркеу, акцияларды
                                  орналастыру қорытындылары туралы
                                     есепті бекіту және акциялар
                                       шығарылымын жою ережесіне
                                                3-қосымша

      Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық
     капиталына мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың
        тізілімін ұстаушының мөртабандары таңбаларының
                          үлгілері

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН

Республикалық бөлімше

20__ жылғы "____" _______________

N ____________________

Оператор: __________________

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН

ХХ филиалы

20__ жылғы "____" _______________

N ____________________

Оператор: __________________

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ

Республикалық бөлімше

20__ жылғы "____" _______________

N ____________________

Оператор: ___________________

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ

ХХ филиалы

20__ жылғы "____" _______________

N ____________________

Оператор: __________________

                               Жарияланған акциялар шығарылымын
                                мемлекеттік тіркеу, акцияларды
                               орналастыру қорытындылары туралы
                                 есепті бекіту және акциялар
                                  шығарылымын жою ережесіне  
                                          4-қосымша

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына
Мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың тізілімін ұстаушыға
Хабарлама

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      Уәкілетті орган_____________________________________________________________
      (уәкілетті органның атауы)
      мыналар туралы (жөнінде) хабарлайды (қажеттісінің астын сызу керек):
      жарияланған акциялар шығарылымын (акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер) мемлекеттік тіркеу;
      жарияланған акциялар шығарылымын (жарияланған акциялар санының көбеюіне не түрінің өзгеруіне байланысты акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер) мемлекеттік тіркеуден бас тарту;
      акциялар шығарылымын жою;
      акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту;
      акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту;
      акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тарту;
      қоғамның _____ жылғы «____» _______________ № _____ (өтініштің Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың тізілімін ұстаушының мөртабанына сәйкес реттік нөмірі) өтініші негізінде:

Атауы:
Мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) негізгі деректері:
 Күні (күні,айы,жылы)_______

Мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) басқа да деректері
Орналасқан жері:
Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні (күні,айы,жылы)

      Акцияларды орналастыру туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (оның ішінде акциялар шығарылымын жою кезінде)

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы хат)
Күні (күні,айы,жылы) нөмірі_________ 

Жай акциялар туралы деректер____________________________________________________
(жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу _______________________________________________________________________________
туралы куәлікке, өтінішке сәйкес)
ҰСН саны сомасы (теңге)

Артықшылықты акциялар туралы деректер__________________________________________
(жарияланған акциялар шығарылымын
_______________________________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке, өтінішке сәйкес)
ҰСН саны сомасы (теңге)

Шығарылымның Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміндегі нөмірі

      Акциялар шығарылымын жою туралы мәліметтер

Акциялар шығарылымын жою туралы (акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту туралы) хат__________________________________
Күні (күні,айы,жылы) нөмірі_________

Жою негізі:


қоғамды тарату


қоғамды қайта ұйымдастыру


басқасы (көрсету керек)

Жай акциялар туралы деректер ____________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке, өтінішке сәйкес)__________________________
ҰСН саны сомасы

Артықшылықты акциялар туралы деректер__________________________________________
_______________________________________________________________________________
(жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке, өтінішке сәйкес)_________________________
ҰСН саны сомасы

Шығарылымның Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміндегі нөмірі

      Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп (бекітілген немесе бекітуден бас тартылған) жөніндегі мәліметтер

Есептің бекітілгендігі туралы (есепті бекітуден бас тарту туралы) хат
Күні (күні,айы,жылы) нөмірі

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы деректер
_______________________________________________________________________________
(жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке, өтінішке сәйкес)
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күні (жарияланған акциялар санының көбеюіне және (немесе) түрінің өзгеруіне байланысты акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер)______________________________
Шығарылымның Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміндегі нөмірі
 

Акцияларды орналастыру туралы деректер __________________________________________
_______________________________________________________________________________
(акциялар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есепке сәйкес)
Акцияларды орналастыру басталған күн (күні,айы,жылы)______________________________
_______________________________________________________________________________
Акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталған кезеңі (күні,айы,жылы)___________________
_______________________________________________________________________________
Орналастырылған акциялардың жалпы сомасы ______________________________________
Бір акцияны орналастыру бағасы __________________________________________________
Орналастырылған акциялардың саны ______________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады