Монополиялық табысты айқындау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі N 302 Бқйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3836. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрiнiң 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 245 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрiнiң 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 245 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және сауда министрiнiң
2006 жылғы 26 қыркүйектегі  
N 245 бұйрығына       
қосымша            

Қазақстан Республикасы индустрия және сауда
министрiнiң күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының
тiзбесi

      ...
       2. "Монополиялық табысты айқындау жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Индустрия және сауда министрiнiң 2005 жылғы 14 қыркүйектегi N 302 бұйрығы ("Юридическая газета" газетiнде жарияланған, 2005 ж., N 193 (927) Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3836 нөмiрiмен тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жаршысында басылған, 2005 ж., N 19, 169-құжат)...
-----------------------------       

      "Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003-2006 жылға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 5 қыркүйегіндегі N 903  қаулысына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Монополиялық табысты айқындау ережесі бекітілсін.
      2. Аппарат - Әкімшілік-құқықтық жұмыстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші вице-министр И.Кравченкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      Орынбасары - Министр

Қазақстан Республикасы       
Премьер-Министрінің Орынбасары - 
Индустрия және сауда Министрінің  
2005 жылғы 14 қыркүйектегі     
N 302 бұйрығымен бекітілген     

  Монополиялық табысты айқындау ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Монополиялық табысты айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) " Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы ", " Жосықсыз бәсеке туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеге сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереженің мақсаты монополиялық табысты есептеу тәртібін  айқындау болып табылады.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      монополистік қызмет - рынок субъектілерінің, мемлекеттік органдардың бәсекелестікке жол бермеуге, оны шектеуге немесе жоюға бағытталған және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделерін кемсітетін осы Заңға қайшы іс-әрекет (әрекетсіздік);
      монополистік табыс - рынок субъектісінің монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған табысы;
      келісілген баға - деңгейі заңнамада белгіленген тәртіпте уәкілетті органмен келісілген белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған бағасы (тариф, алым ставкасы);
      негізделген баға - құрамына экономикалық негізделген пайданы не салалар бойынша қалыптасқан орташа пайданы ескере отырып, монополиялы өндірілетін (жеткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) байланысты рынок субъектісінің шығындары, кезеңдік шығыстар, салықтар, сондай-ақ бюджетке өзге де міндетті алымдар мен төлемдер кіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнына енгізілетін нақты шығындардан қалыптасқан баға (тариф, алым ставкасы);
      тіркелген баға - тиісті уәкілетті органның шешімі бойынша ғана өзгеруі мүмкін бағаға мемлекеттік реттеу жүргізу тәртібінде белгілі бір деңгейде уәкілетті орган белгілеген белгілі бір тауар рыногындағы үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған бағасы;
      баға (тариф) - рынок субъектілері тауарларының (жұмыстарының, қызметтерінің) құнының ақшалай көрінісі;
      өткізу бағасы - монополияға қарсы заңнаманың бұзылған сәтінен бастап тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізген, соның ішінде белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектісінің тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағасы;
      Монополияға қарсы орган - бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік орган.

  2. Баға белгілеу тәртібін бұзу нәтижесінде алынған
монополиялық табысты айқындау

      4. Келісілген бағадан (тіркелген бағадан) монополиялы өндірілетін (жеткізілетін) тауарларды сату бағасы асып кеткен жағдайда, белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектілері алған монополиялық табыс монополиялы өндірілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бағасы заңнаманы бұза отырып, өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ақшалай көрініс көлеміне көбейтілген келісілген баға (тіркелген баға) арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

      5. Монополияға қарсы органдармен келісілмеген бағадан монополиялы өндірілетін (жеткізілетін) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бағасы асып кеткен жағдайда монополиялық табыс өткізу бағасы мен алдағы тұрған бағаның жоғарлауына дейін қолданыста болатын мемлекеттік тізілімге енгізілген сәттегі баға арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
      Монополиялық табыс сату бағасы мен монополияға қарсы заңнама талаптарына сәйкес ай сайын белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілері ұсынатын ақпаратта көрсетілген баға арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

  3. Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық)
жағдайға ие рынок субъектісі монополиялы жоғары
және монополиялы төмен бағаны белгілеу нәтижесінде
алынған монополиялық табысты айқындау

      6. Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектісі осы рынок субъектісінің монополиялы жоғары бағаны белгілеу нәтижесінде алынған монополиялық табыс монополиялы жоғары бағаны қолдану кезінде алынған табыс пен негізделген бағаны қолдану кезінде алынған табыс арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

      7. Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектісі осы рынок субъектісінің монополиялы төмен бағаны белгілеу нәтижесінде алынған монополиялық табыс белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектісі негізделген бағаны қолдану кезінде алынған табыс пен осы рынок субъектісінің монополиялы төмен бағаны қолдану нәтижесінде алынған табысы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
      Егер монополиялы төмен бағаны қолдану нәтижесінде белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектісінен шығын шыққан жағдайда монополиялық табыс осы рынок субъектісінің негізделген бағаны қолдану кезінде алынуы мүмкін табысы ретінде есептеледі.

  4. Өзге де жағдайларда рынок субъектілерімен алынған
монополиялы табысты айқындау

      8. Монополиялық табыс алынуы мүмкін өзге де құқыққа қарсы әрекеттер жағдайлар мыналар:
      1) рынок субъектісінің өзге рынок субъектілерімен келісімге қол жеткізуі (көлденең немесе тік, конгломераттық келісімдер);
      2) рынок субъектісінің мемлекеттік органдармен келісім жасасуы (бір мемлекеттік органмен);
      3) рынок субъектісінің бір мемлекеттік органның екінші мемлекеттік органмен келісім жасасу нәтижесінде алған қандай да бір жеңілдіктері мен артықшылықтары немесе мемлекеттік органдардың бәсекелестікті жою немесе шектеуге бағытталған актілерді қабылдауы;
      3-1) "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  17-бабының  4-тармағын және  18-бабын бұзғанда рынок субъектілері (тұлғалар тобы) белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінен негізгі өндірістік құрал-жабдықтарын немесе материалдық емес активтерін, акцияларын (үлестерін, пайларын) алады, нәтижесінде рынок субъектісінің (тұлғалар тобының) аталған іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) бәсекелестікке жол бермеуге, оны шектеуге немесе жоюға және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым жасауға, сондай-ақ рынок субъектісінің (тұлғалар тобының) үстем (монополиялық) жағдайының күшеюіне не пайда болуына әкелді;
      4) рынок субъектісінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру, сату, сатып алу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және (немесе) жеке тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бәсекелестікті (жосықсыз бәсекелестік) жою немесе шектеуге бағытталған кез келген іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасау нәтижесінде негізсіз артықшылықтарын алуы болып табылады.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 104   бұйрығымен

      9. Осы Ереженің 8-тармағының 1)-3-1) тармақшаларында аталған іс-әрекеттері нәтижесінде алынған монополиялық табыс қандай да бір шығынды шегермей (жоғарыда аталған бұзушылықтар) құқыққа қайшы қызметтерді жүзеге асыру сәтінен бастап табыс көлемі ретінде айқындалады.
      Осы Ереженің 8-тармағы 4) тармақшаларында аталған құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде алынған монополиялық табысты есептеу мүмкін болмаған жағдайда монополиялық табыс осындай іс-әрекеттер соңғы есеп беру жылында айқындалған құқыққа қарсы іс-әрекеттері кезеңінде алынған табыс ретінде есептеледі.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 104   бұйрығымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады