Ауыл шаруашылығы жануарлары мен балықтардың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 31 тамыздағы N 518 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3858. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 26-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) үй қояндарының вирустық геморрагиялық ауруының алдын алу және жою жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесi;
      2) ет қоректi жануарлардың оба ауруының алдын-алу және жою жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесi;
      3) балықтардың жүзу жарғағы қабынуының алдын алу және жою жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесi бекiтiлсiн.
      2. Ветеринария департаментi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық басқармаларымен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен, осы бұйрықтан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларына жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің   
2005 жылғы 31 тамыздағы     
N 518 бұйрығымен бекітілген   

  Үй қояндарының вирустық геморрагиялық ауруларының
алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге
асырудың ветеринариялық ережесі

      Осы үй қояндарының вирустық геморрагиялық ауруларының алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Үй қояндарының вирустық геморрагиялық ауруы (бұдан әрі - ҮҚВГА) ("некрозды гепатит", "геморрагиялық пневмония") - қояндардың жіті өтетін аса жұғымтал ауру, барлық органдарда әсіресе бауыр мен өкпеде геморрагиялық диатез кенеттен пайда болу құбылысымен сипатталып ауыр жағдайда, жылдам өтеді және ірі қояндардың арасында өлім-жітім 70-90 процентке жетеді. Табиғи жағдайда 1,5 айлық жастан асқан үй қояндары, (тұқымдастығы әр түрлі) көбінесе ауруға бейімдірек келеді. Аурудың таралуы 70-80 процентке, ал өлімі 90 процентке дейін жетеді.

      2. Үй қояндарының вирустық геморрагиялық ауруына диагноз клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, зертханалық тексерістердің нәтижелеріне және індеттанулық деректерді ескеру арқылы қойылады. Егер тексеру нәтижесіз болса, онда ветеринариялық органдардың рұқсаты бойынша, биосынама қойылады.

      3. Ауру және ауырып жазылған қояндар ауру қоздырғышының таратушылары болып саналады. Тексеру бойынша анықталды: эксперимент үшін ауру жұқтырылған қояндар инекциядан кейін 2-3 күнде, ал сонымен бірге болған клиникалық сау қояндар 5-6 күнде өледі. Індет қоздырғышының берілу факторлері ластанған азық, төсеніш, топырақ, су арқылы және ҚВГА-нан қолайсыз аймақтағы шаруашылықтан келіп түскен ауру жануарлардың түбіті мен терілері және теріден істелген шикізаттары арқылы беріледі.

      4. ҮҚВГА-ның эпизоотологиясының өзіне тән ерекшелігі бар. Ауру қоздырғышына - салмағы 3,0-3,5 килограмм тартатын ересек қояндар, тұқымына, жынысына қарамастан ерекше бейімдірек келеді.

      5. ҮҚВГА-на диагноз қойғанда, мына аурулардан ажырату керек: пастереллез, сальмонеллез, колибактериоз, оспа, миксоматоз, эймериоз, улану, күн өту және ыстық өту.

      6. ҮҚВГА-на диагнозды нақтырақ анықтап қою үшін, патологиялық материалдардың сынамасын таңдай білу керек: өлген қоянның паринхиматозды органдарынан, сойылғанына небәрі 2-3 сағат өтпеген, бауырды алған дұрыс осыдан кейін диагноз қою міндетін атқаратын, рұқсаты бар мемлекеттік ветеринариялық зертханаға тексеруге жібереді.

      7. Зертханада тексеру кезінде мынадай серологиялық реакциялар қояды: гемагглютинация реакциясы, гемагглютинацияны тежеу реакциясы, комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы, иммуноферменттік анализ реакциясы және электрондық микроскопия.

  2. Үй қояндарының вирустық геморрагиялық
ауруларының алдын алу жөніндегі іс-шаралар

      8. Үй қоянын өсіретін шаруашылықтардың басшылары мен ветеринариялық мамандары, қояндарды тасымалдау, қабылдау және оның шикізат өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының басшылары аурудың алдын алу үшін, жалпы ветеринариялық-санитариялық сақтық шараларын қатаң сақтауға міндетті.

      9. Үй қоянын өсіретін шаруашылықтардың, басқа шаруашылық субъектілерінің ветеринариялық мамандары, қоян өсіруші-әуесқойлар, елді мекендерде, шаруашылық субъектілерінде мемлекеттік ветеринариялық қызмет көрсететін мамандар, ветеринариялық арнаулы шаралардың жоспарында көрсетілгеніндей (профилактикалық егулер, диагностикалық зерттеулер) жүргізуге керек, қояндардың геморрагиялық вирустық ауруының алдын алу, сақтандырудың жағдайын жасайды және қояндарды үнемі бақылауды қамтамасыз етеді.

      10. ҮҚВГА-на қарсы жоспарлы профилактикалық егу жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар дайындау мекемелерінің, қоймалардың, базалардың және терісі бағалы аңдардың тері-шикізаттарын сақтайтын тоңазытқыштарына және өңдейтін мекемелердегі қояндардың иммунизациялық егу жұмыстарына көңіл аударады.

      11. Үй қояндарының шикізаттарымен жұмыс істегенде, ветеринариялық және санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтайды, өндіріс орнынан шаруашылықтың залалсыздандырмаған қалдықтарының шығуына жол берілмейді.

      12. Азықтар мен тері шикізаттарының бір қоймада сақталуына болмайды.

      13. Үй қояндарының және оның шикізаттарын тасымалдағаннан кейін, автокөлікті міндетті түрде тазалап жуып және оған дезинфекция жасалынады.

  3. Үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруына
күдік туғанда атқарылуға тиісті іс-шаралар

      14. Үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруына күдік туғанда шаруашылық субъектілерінің басшылары, ветеринариялық мамандар:
      1) ҮҚВГА-на күдік туғанда аудандық (қалалық) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторға хабарлауға;
      2) қояндардың және оның өнімдерін сатып таратуды, тоқтата тұрудың шарасын жасауға;
      3) жануарларды бағып күтуші адамдардың және көліктің кіріп-шығуына шектеу қоюға;
      4) қояндарды шаруашылықта топтастыруға, және жаңадан сырттан әкелуге, тасымалдауға болмайды;
      5) және басқа да ауруды таратпаудың тиісті шараларын қарастыруы керек.

      15. Жануарлардың иелері ҮҚВГА-на күдік туғанда жақын бөлімшедегі ветеринариялық инспекторға хабарлауға міндетті.

      16. Аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектор немесе бөлімшенің ветеринариялық маманының ҮҚВГА-на күдік туғаны жөнінде хабарды алғаннан кейінге міндетті:
      1) күдікті жерге келіп эпизоотиялық жағдаймен танысады және ауруды анықтаудың, ауруға диагноз қоюдың шараларын қарастырады;
      2) ауруға тиісті патматериал, сынама алып, оны ветеринариялық зертханаға немесе ғылыми зерттеу институтының лабораториясына тексеруге жіберуді ұйымдастырады;
      3) ауру тарату көзін және оның жұғу жолдарын анықтайды;
      4) қолайсыз пункттің және қауіпті аймақтың шекарасын анықтайды, сонымен қатар ауруды таратпаудың нақты шараларын белгілейді;
      5) ҮҚВГА-на күдік туғандығы және қолданылып жатқан шаралар жөнінде аудандық (қалалық) әкімшілікке және өзінен жоғары мемлекеттік ветеринариялық органдарға хабарлайды.

  4. Карантиндік шаралар

      17. ҮҚВГА жөнінде мәліметтер алынғаннан кейін, шаруашылық субъектілеріне "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 1-бабының 27-тармағына сәйкес шектеу қойылады.

  5. Үй қояндардың вирустық геморрагиялық
ауруын жою шаралары

      18. Шектеудің шарты бойынша қолайсыз пунктте:
      1) қояндарды және оның өнімдерін: тері, түбіт, мүлік және қоянның азықтарын кіргізуге және шығаруға;
      2) үй қояндарын қайтадан топтастыруға;
      3) үй қояндарының шоғырлануына байланысты жүргізілетін көрмелер және басқа шаралар ұйымдастыруға;
      4) қояндарды және оның сойылған өнімдерімен сауда саттық жасауға;
      5) қоян өсірушілердің жануарларды айырбастауына;
      6) қояндарды шағылыстыратын пункттердің жұмыс істеуіне;
      7) ауру қояндар орналасқан және оның өлексесі жатқан жерден азықтық жем-шөп дайындауға және олармен қояндарды азықтандыруға;
      8) қояндарды базарлардан, қоғамдық тамақтандыру орындарынан, елді мекендерден алынған залалсыздандырылмаған тағам, өсімдік қалдықтарымен азықтандыруға;
      9) қоян өсірушілердің жиналыстарын, кеңестерін өткізуге тыйым салынады.

      19. Қолайсыз шаруашылықта, бекетте атқарылуға тиісті жұмыстар:
      1) барлық қояндардың толық есебін жүргізеді;
      2) ауру жануарларды айырып алу үшін, мұқият клиникалық тексеру жүргізеді;
      3) ауру және ауруға күдікті жануарларды қан шығармай сою әдісімен сол тұрған жерінде өлтіреді және өлексені утильге жібереді;
      4) аурудың алдын алу және емдік мақсатта, барлық қояндарды арнайы дайындалған иммундық сарысумен тиісті нұсқамаға сәйкес егеді;
      5) қалған шартты сау жануарларға вакцинация жүргізіледі;
      6) вакцина болмаған жағдайда, ауруды таратпау мақсатында, қолайсыз бекетте қояндарды сою керектігі жөнінде сұрақты шешеді, ауру қояндарды және туғанына 2-ай болмаған қояндарды қан шығармай сою әдісімен өлтіріп терісімен қоса утильге жібереді, ересек дені сау қояндарды қолайсыз пункттің өзінде шаруашылықта етке сойылады, аурудың таралмауы қамтамасыз етіліп, ветеринариялық-санитариялық шаралардың ережелері сақталады және аудандық (шаруашылықтың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының бақылауымен жүргізіледі, қояндардың ұшаларын, етін қайнатқан соң қолайсыз әкімшілік аймағының аумағында шексіз пайдалануға болады, және басы, аяқтары, ішкі ағзаларын, қан және басқа өнімдерін күні бұрын дайындалған дезинфекциялық заттармен өңделіп утильдейді, өртейді немесе 1,5-2 метр тереңдікте қазып көмеді;
      7) серуендеу алаңдарына, жабдықтарға, сою пункттеріне және жануарлар орналасқан шаруашылық субъектілері мен қоян ұстайтын азаматтардың қора-жайларына мұқият механикалық тазарту және дезинфекция жүргізіледі;
      8) елді мекенді, азаматтарға қауіпті аурудың таралуы және шектеу қойылғандығы жөнінде хабардар етеді;
      9) ҮҚВГА-ын таратпау жөнінде, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
      10) базарларда, ет комбинаттарында, қояндарды союдан шыққан өнімдерді өңдеу және дайындау кәсіпорындарында ветеринарлық-санитарлық қадағалауды күшейтеді;
      11) үй қоянына арналған қораларға күнделікті дезинсекция жүргізеді (шыбындарды, масаларды және басқа насекомдарды жояды).

      20. Қолайсыз пунктте дайындалған қояндардың терілерін екі қабат тығыз залалсыздандырылған матамен орап қаттағаннан кейін, қоймалар мен тоңазытқыштарда ұстамастан тікелей ветеринариялық куәлік толтырып, залалсыздандыру және өңдеу үшін өңдеу кәсіпорындарына жібереді.

      21. ҮҚВГА-нан қолайсыз пункттен "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабының 3-тармағына сәйкес шектеу алынады.

  6. Қауіпті аймақтағы шаралар

      22. Қауіпті аймақта қоян өсіретін және қоян мен қоян өнімдерін сататын шаруашылық субъектілерінің басшылары, ветеринариялық мамандар, қоян өсіруші-әуесқой адамдар және мемлекеттік ветеринариялық қызметтің мамандары төмендегіні сақтау керек:
      1) аурудың алдын алу үшін, елді мекендегі шаруашылық аймағында ҮҚВГА-на, ауру қоздырғышын жою мақсатында, жалпы ветеринариялық-санитариялық сақтық шараларының іске асыру жоспарын жасайды;
      2) ҮҚВГА-нан қолайсыз елді мекендермен, шаруашылықтармен шаруашылық байланыстарын шектейді;
      3) қояндардың ветеринариялық-санитариялық режимін қатаң сақтап, қояндардың денсаулығын үнемі қатаң бақылап отырады.
      Қояндарды күту үшін, күтуші тұрақты адамдар бекітіліп, олар күнделікті жұмыс киімдерімен және аяқ киімдерімен және жеке басының тазалық гигиеналық құралдармен (сүлгі, сабын, дезинфекциялық ерітінділермен) қамтамасыз етіледі.

      23. Қауіпті аймақтың аумағында жәндіктердің, эктопаразиттердің және кеміргіштердің ошақтарын тауып, оларды жоюдың шараларын жүргізуді ұйымдастырады.

      24. Шаруашылықта, (оның меншік нысанына қарамастан) барлық қояндардың есебін жүргізеді, шаруашылық субъектілерінің басшыларына, қоян өсіруші-әуесқойларға жазбаша түрде шаруашылықтан қояндарды кіргізуді, шығаруды және шаруашылық ішінде орын ауыстыруды, базарларда қояндар, қоян етімен және басқа өнімдерімен сауда ұйымдастыруды тоқтату туралы ескерту жасалынады.

      25. ҮҚВГА-нан қатерлі аймақта, барлық қояндарды ҮҚВГА-на қарсы вакцинамен, оның тиісті қолдану туралы нұсқамасына сәйкес егу жұмыстары жүргізіледі.

      26. Мемлекеттік ветеринариялық қызметтің мекемелері мен ұйымдары базарларда, ет комбинаттарында, атылған жабайы қояндардан алынған сою өнімдерін және тері шикізаттарын өңдеу кәсіпорындарында ветеринарлық-санитарлық қадағалауды күшейтуге міндетті.

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің   
2005 жылғы 31 тамыздағы     
N 518 бұйрығымен бекітілген   

  Ет қоректі жануарлардың оба ауруының алдын алу
және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың
ветеринариялық ережесі

      Осы Ет қоректі жануарлардың оба ауруының алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Ет қоректілердің обасы - фильтрленетін вирус тудыратын өте жұғымтал ауру. Обаға бейім жануарлар қарсақ, сусар, құндыз, жанат, кәмшат, иттер және басқа етқоректілер болып саналады. Оба қызбамен, тыныс және ас қорыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық нерв жүйесінің зақымдануымен сипатталады. Көп жерге таралған, ет қоректілердің аса қауіпті індетіне жатады.
      Аурудың өту түріне қарай ішек, өкпе, тері және жүйке түрлеріне бөлінеді. Инкубациялық кезең бірнеше күннен 3 аптаға дейін созылады.

      2. Ауырған немесе ауырып жазылған жануарлар инфекцияның көзі болып табылады. Ауадағы тамшы түрімен вирустың жұғуы басым келеді. Инфекцияны күтуші адамдар әкелуі мүмкін, қоздырғыштың таралуына құстар мен кеміргіштер ықпал жасайды. Жануарлардың барлық жастағылары ауырады, көбінесе 2-3 айлық күшіктер бейім келеді. Аң өсіретін шаруашылықтарда ауру жануарлардың бір түрінен басталып, 1-2 айдан кейін аңдардың басқа түрі ауруы мүмкін.

      3. Обаға қарсы шаралар ұйымдастырғанда қолайсыз пункт, эпизоотиялық ошақ және қатерлі аймақты айыру керек.

      4. Жануарлардың ет қоректілер обасы ауруынан алдын ала сақтандыру үшін, аңдарды, иттерді және басқа ет қоректілерді өсірумен және күтумен айналысатын шаруашылық субъектісінің басшылары және ветеринариялық мамандар әрбір аң өсіретін фермаларда және әрбір ит асырайтын питомниктерде ветеринариялық-санитариялық режимдік талаптарды қатаң түрде сақтау керек.

      5. Ет қоректілердің обасымен күресте аң өсіретін фермаларды, ит өсіретін питомниктер мен елді мекендерді ауру жануарлармен және аурудың тарауынан қорғау, алдын ала егу, ал ауру басталса міндетті түрде диагноз қою секілді кешенді шаралар жүргізу керек.

  2. Қолайсыз пункттегі обаны жою жөніндегі іс-шаралар

      6. Жануарлардың ет қоректілер обасы ауруы шыққан жағдайда немесе оған сезік туғанда аң өсіретін фермалардың, ит асырайтын питомниктердің басшылары, жануарлардың иелері меншік түріне қарамастан жедел ветеринариялық маманға немесе сәйкес аумақтың ветеринариялық инспекторына хабарлауы керек. Ветеринариялық мамандар келгенше жануарлардың иелері меншік түріне қарамастан:
      1) ауырған, ауруға күдікті жануарларды оқшаулап, жеке күтуші адамдарды бекітеді. Басқа жануарларды күтетін адамдармен жанасуды тоқтатады. Қалған жануарларды тұрған орындарынан басқа орындарға ауыстырмауға;
      2) аң фермасына (ит питомнигіне) бөгде адамдардың және жануарлар мен жүктердің ферма аумағына кіруіне қатаң бақылау жасауға;
      3) қаңғыбас иттер мен жабайы ет қоректі жануарлардың аң шаруашылығының (ит питомниктерінің) аумағына кіруіне тосқауыл қою шараларын қолға алуға;
      4) күшіктеуіне 2 жеті қалғанда үйшіктерді, бөлімдерді, астауларды, су құйғыштарды, су астауларына, жұмыс құралдарына арнайы дезинфекция жасайды және күтушілердің барлық арнайы жұмыс киімдерін залалсыздандырады, қораларды және басқа құрал жабдықтарды айына кемінде бір рет дезинфекциялауға;
      5) иттер мен терісі бағалы аңдарды және басқа ет қоректі жануарларды күнделікті бақылап отырады, егер ауру табылған жағдайда дер кезінде оқшаулауға;
      6) шаруашылыққа жаңадан келген терісі бағалы аңдарды 30 күн, қызмет жасайтын иттерді 21 күн жеке ұстайды және оларды шаруашылықтың ветеринария дәрігерінің арнайы рұқсаты бойынша шаруашылыққа енгізеді;
      7) шаруашылықтың, ферманың, қораның кіре берісінде, шыға берісінде дезинфекциялық барьер, дезинфекциялық төсеніш орналастырылады. Дезинфекциялау үшін 2 % күйдіргіш натрий ерітіндісін қолдануға;
      8) шаруашылыққа жануарлар азығын дайындауды және сатып алуды аң фермалары мен питомниктер үшін ет қоректілер обасынан таза шаруашылықтардан рұқсат етіледі және сатып алынатын жануарларды обадан таза, қолайлы шаруашылықтардан дайындауы керек.

      7. Жеке меншігінде ет қоректі жануарлар ұстайтын азаматтар аумақтық ветеринариялық қызметтің мамандарына ет қоректі жануарларды алғаны жайлы хабардар етіп отыруы керек, олар ауырса немесе өлсе ветеринария мамандарының жасаған ұсыныстарын мүлтіксіз орындап отыруы керек.

      8. Аңдарды, иттерді және басқа ет қоректілерді өсірумен және күтумен айналысатын шаруашылықтар, олардың басшылары және ветеринариялық мамандар әрбір аң өсіретін фермаларда және әрбір ит асырайтын питомниктерде, жануарлардың иелері меншік түріне қарамастан, ветеринариялық мемлекеттік мекемелердің мамандары және жергілікті ветеринариялық инспекторлардың бақылауы бойынша тиісті ережеге сәйкес алдын-ала обаға қарсы егу жұмыстарын жүргізеді.

      9. Шаруашылықтан барлық асыл тұқымды ет қоректі жануарларды шығарудан 15-30 күн бұрын, олардың бұрын осы ауруға қарсы егілгеніне қарамастан, обаға қарсы егу жұмыстарын жүргізеді.

      10. Жануарлардың ет қоректілер обасы ауруы шығуы болған жағдайда немесе оған күдікті жағдайда (асқа тәбетінің нашарлауы, қызба, тыныс және асқорыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық жүйке жүйесінің зақымдануы байқалса) аурудың алдын алу сақтандыру үшін, аңдарды, иттерді және басқа ет қоректілерді өсірумен және күтумен айналысатын шаруашылық басшылары және ветеринариялық мамандар әрбір аң өсіретін фермаларда және әрбір ит асырайтын питомниктерде, жануарлардың иелері меншік түріне қарамастан, ветеринариялық маманға және жергілікті ветеринариялық инспекторға хабарлайды. Ветеринариялық мамандар келгенше аң фермасына (аулаға, питомникке) бөгде адамдардың кіруіне, іштегілердің сыртқа шығарылуына, жануарлардың орындарынан ауыстыруға (жедел оқшаулаудан басқа) тыйым салынады.

      11. Ет қоректілер обасына диагнозды клиникалық-эпизоотиялық деректерді талдау мен патологоанатомиялық және лабораториялық зерттеулер негізінде, керекті жағдайда биосынама қою арқылы қояды.

  3. Карантиндік шаралар

      12. Ет қоректілердің оба ауруына диагноз қоюға мәліметтер алғаннан кейін, шаруашылық субъектілеріне "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабының 1-тармағына сәйкес карантин қойылады.

      13. Ет қоректілердің обасынан қолайсыз аң өсіретін шаруашылықтарда (ит питомниктерінде) мынадай жою шаралары жүргізіледі:
      1) барлық ауырған және оба ауруына күдікті жануарларды жедел оқшаулайды және симптоматикалық емдеу жүргізеді, ал қалған жануарларды (терісі бағалы аңдар мен иттер) ережеге сәйкес вакцинамен егеді;
      2) аң шаруашылықтарында және ит питомниктерінде барлық күтушілерді қосымша киімдермен - халаттар, фартуктер және резина аяқ киімдерімен қамтамасыз етеді;
      3) күтуші адамдардың киімдері күнделікті залалсыздандырылып отырылады;
      4) әрбір ауру жануар бөлініп оқшауланған сайын торлар, үйшіктер, тордың астындағы топырақ және жәшіктер залалсыздандырылады. Оқшаулағышқа күнделікті дезинфекция жүргізіледі. Дезинфекция жасау үшін мынадай ерітінділердің біреуі қолданылады: 2 % күйдіргіш натрий, ағартылған хлорлы известь құрамында 2 % белсенді хлоры бар;
      5) көңді арнаулы бөлінген аумаққа жинап биотермиялық залалсыздандыру үшін 3 ай бойы жауып тастайды.

      14. Өлген аңдардың немесе лажсыздан сойылған жануарлардың терісін тек оқшаулағышта сыпырады. Обадан өлген аңның өлексесін, ұшаларын және құнсыз терілерін жағып жібереді.
      Шаруашылықта аңдарды терісін алу үшін сойып жатқанда ауру шығатын болса, ауырған және ауруға күдікті аңдарды оқшаулағыштың ішінде өлтіреді, ал ұшаларын жоғарыда көрсетілгендей жояды.

      15. Ауру және ауырған жануарлардан алынған терілерді 25-33 градуста температурада 3 тәулік бойы кептіреді және 18-20 градус температурада 10 тәулік бойы ұстайды.

      16. Қауіпті аймақтың елді мекендерінде мемлекеттік ветеринариялық органдардың инспекторлары және шаруашылық субъектісінің ветеринария мамандары шаруашылықтарда оба ауруының таралмауын қамтамасыз ету үшін, мына шараларды жүргізуге міндетті:
      Осы мақсатта мынадай шараларды іске асырады:
      1) елді мекендерде, аң шаруашылықтарында, ит бағатын питомниктерінде ветеринариялық- санитариялық жағдайдың сақталуына бақылау жасау және осы нұсқауда көрсетілгендей ветеринариялық іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету болып табылады;
      2) обаға бейім барлық ет қоректі жануарларды қатаң есепке алады және айына екі рет ветеринариялық байқаудан өткізеді. Терісі бағалы аңдарды және иттерді ет қоректілердің оба ауруына қарсы вакцинасының ережесіне сәйкес, вакцина егу жұмыстарын жүргізеді;
      3) елді мекендерде оба ауруының алдын алу және оны жою шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

  4. Карантинді алу және шектеуді тоқтату

      17. Ет қоректілердің оба ауруынан қолайсыз пункттен карантинді "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына сәйкес алады.

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің   
2005 жылғы 31 тамыздағы     
N 518 бұйрығымен бекітілген   

  Балықтардың жүзу жарғағы қабуынуының ауруының
алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге
асырудың ветеринариялық ережесі

      Осы балықтың жүзу жарғағы қабуынуының алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Жүзу жарғағының қабынуы - балықтың жүзу жарғағының қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Барлық жастағы балықтар ауырады.

      2. Жүзу жарғағының қабынуы ауруын балау індеттанулық деректердің, клиникалық белгілерінің, ең бастысы патологоанатомиялық өзгерістер негізінде жүргізіледі.

      3. Балық өсіретін шаруашылықтарда және табиғи балық шаруашылық су айдындарында тұқы балықтың жүзу жарғағының қабынуы пайда болған жағдайда қолайсыз танылып "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабының 1-тармағына сәйкес шектеу қойылады, оның шарты бойынша мыналарға тыйым салынады:
      1) балықтың барлық түрлерін, уылдырықты көбейту, қалыптасу мақсатында және балық қорегіне пайдаланылатын омыртқасыздарды, су өсімдіктерін әкелуге, әкетуге;
      2) балық өсіретін шаруашылықтарда немесе тоғандарда тұқы балықпен бірге суда жүзетін құстарды асырауға;
      3) балық аулайтын құрал, сайман, жабдықтарды, киім кешектерді, қамыс шабатын құралдарды, тірі балықтарды салып қоятын тоған ыдыстарды қолайсыз шаруашылықтан сау шаруашылық субъектілерінде пайдалануға;
      4) жаз айларында ұрғашы және еркек балықтарды бірге өсіруге;
      5) табиғи балық шаруашылық су айдындарында, шаруашылықтың басқа тоғандарынан әр түрлі жастағы балықтарды араластыруға және ауру балықпен сау балықтарды ауыстырып салуға.

      4. Кейбір жағдайларда ветеринариялық органдар:
      1) қолайсыз тоғандарға, аурудан таза қолайлы тоғандардан өсімдік қоректі балықтарды (ақ және ала дөңмаңдай балығын, ақ амур балығын) әкелуге;
      2) егер тоғандар қолайсыз шаруашылық субъектісінің тоғандарымен байланысты болмаса, қолайсыз шаруашылықтың қолайлы тоғандарынан балықтарды шығаруға рұқсат етеді.

      5. Өсірілген тірі тауарлы балықтарды тірі балық сақтайтын арнаулы орынға ұстамай, тек тікелей сауда орындарына тасуға рұқсат беріледі. Қолайсыз шаруашылықтардағы балықтарды тасуға пайдаланылған суларды хлорлаудан өткізгеннен кейін барып, соңынан жалпы өзектік арнаға төгіп тастайды, ал ауылдық жерлерде далаға су айдынынан 500 метрден кем емес қашықтық аралығында төгіп, ыдысты тиісті өңдеуден өткізеді. Жүзу жарғағының қабынуынан қолайсыз тоғандарға балық аулайтын құрал, сайман, жабдықтары бар, киім-кешектермен, қамыс шабатын құралдармен, тірі балықтарды салып қоятын тоған ыдыстармен қамтамасыз етілген арнайы жұмыс бригадасы бекітіледі.

      6. Инкубация цехтарын сумен қамтамасыз ету жұқпалы аурулардың қоздырғыштарынан таза су көздерінен іске асырылады.

      7. Балықтарды азықтандыру үшін, таза сапасы жоғары азық түрлерімен аминокислот және белоктық құрамы мол азықтармен, және микроэлементтермен, витаминдермен байытылған концентратты азықтармен азықтандырылады.

  2. Су қоймаларын сауықтыру шаралары

      8. Барлық тоғандардың суын ағызып жіберіп кемінде бір жыл сусыз ұстайды. Ауланған балықтарды сауда орындарына сатуға жібереді. Бүйірі үлкейген балықтарды және судың бетінде жүзген балықтарды пісірілген күйінде жануарларды азықтандырады немесе жояды. Суды ағызып жіберіп сауықтандыру әдісінің тиімділігі тоғанның, сумен жабдықтау жүйесінің эпизоотиялық жағдайымен анықталады және тоғандардың тегістігі, оның ауданының көлемі, экономикалық мүмкіншілігі тағы басқа жағдайларды ескереді. Суын ағызып жіберген тоғандарға дезинфекциялайды, құрғатады, қатырғаннан кейін ауылшаруашылық өсімдіктерін өсіреді.

      9. Тоғандардың суын ағызып жіберуге мүмкіндік болмағанда сауықтырудың кешенді әдісін жүргізеді. Мұнда уылдырықты инкубациялау әдісімен алынған балықтарды өсіріп, сау үйір құрады немесе осы ауруға бейім балықтарды бейім емес немесе бейімділігі төмен балықтармен ауыстырады. Тоғандарға, аулау құралдарына және мүліктерге залалсыздандыру жүргізеді.

      10. Тоғандарда балықтарды кешенді әдіспен сауықтырғанда алдын ала емдеу жұмыстарын жүргізеді.

      11. Осы аурудан қолайсыз пункттердегі тоғандарды кешенді әдіс бойынша сауықтырғанда шектеу алынар алдында ветеринарлық қадағалаудың бақылауымен биологиялық сынама жүргізеді. Тоғандарға жергілікті тұқы балықтарын (бір жылға дейінгі, бір жылдық немесе бас көбейтетін) осы аурудан, басқа да аурудан таза шаруашылықтан әкелінген балықтарды жібереді. Балықтарды 15 градустан төмен емес температурада 3 ай бойы ұстайды және қолданылатын балық өсірудің тығыздығын анықтайды. Егер судың температурасы 15 градустан төмен болса, онда биосынаманың мерзімін ұзартады онда ортатәуліктік температура 3 ай бойы 15 градустан төмен болмауы керек. Осы аталған уақытта балықтың ауруының болмауы шектеуді алуға негіз болады.

      12. Жүзу жарғағының ауруы толық тоқтағаннан 1 жыл өткеннен кейін кешенді ветеринарлық-санитарлық және балық өсіру-суландыру шаралары жүргізілгеннен соң, кешенді әдіспен сауықтырғанда теріс биосынама алынса "Ветеринария туралы" Заңның  27-бабының 3-тармағына сәйкес балық өсірілетін шаруашылықтан шектеу алынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады