"Табиғи монополия субъектілерін қайта ұйымдастыруды немесе таратуды уәкілетті органмен келісу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 ақпандағы N 49-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 10 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3878. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 430 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.06.2015 № 430 бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 18-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополия субъектілерін қайта ұйымдастыруды немесе таратуды уәкілетті органмен келісу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 ақпандағы N 49-НҚ  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2214 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" N 20, 2003 жылғы 17 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесін бекіту туралы";

      1-тармақта "Қоса беріліп отырған табиғи монополия субъектілерін қайта ұйымдастыруды немесе таратуды уәкілетті органмен келісу жөніндегі Нұсқаулық" деген сөздер "Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи монополия субъектілерін қайта ұйымдастыруды немесе таратуды уәкілетті органмен келісу жөніндегі Нұсқаулықта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесі";

      барлық мәтін бойынша:
      "қызмет (тауарлар, жұмыстар) көрсету", "Субъект көрсетілетін қызмет (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздер тиісінше "реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының)", "Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстарын)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Осы Нұсқаулықтың", "Осы Нұсқаулықта" деген сөздер тиісінше "Осы Ереженің", "Осы Ережеде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесі Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне , " Табиғи монополиялар туралы ", " Банкроттық туралы ", " Акционерлік қоғамдар туралы ", " Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершіліктерге ие серіктестіктер туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар субъектілерін (бұдан әрі - Субъект) қайта құру және тарату рәсімдерін уәкілетті органмен келісу талаптарын нақтылайды";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Ереженің мақсаттары тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауды болдырмау, Субъектілер ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкасының) немесе олардың шекті деңгейлерінің негізсіз көтерілуінен заңды және жеке тұлғаларды қорғау болып табылады.";

      2-тармақта:
      "Осы Нұсқаулықта" деген сөздер "Осы Ережеде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе белгіленген құзырет шегінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган";
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия субъектісі саласында табиғи монополия субъектісі ұсынатын және белгілі бір тауарды тұтынушыға беру түрінде қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларды қоса, уәкілетті органмен мемлекеттік реттеуге жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар).";

      5-тармақта:
      бірінші абзацтағы "қызмет көрсету (тауар өндіру, жұмыстар)" деген сөздер "реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "Субъект көрсетілетін қызмет (тауарлар, жұмыстар) тарифтерінің (баға, алым ставкалары) деген сөздер "Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Уәкілетті орган тағайындалатын оңалту басқарушысының кандидатурасын және табиғи монополия субъектісінің оңалту жоспарын келіседі.";

      8-тармақтағы "Субъектіні қайта құру немесе таратуды Қазақстан Республикасының әділет органдарында тиісінше тіркелмегенге (қызметін тоқтатуды тіркеу)" деген сөздер "Субъекті қызметінің тоқталуын Қазақстан Республикасының әділет органдарында тиісінше тіркегенге (қайта тіркеу)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) анықтама-негіздеме, сондай-ақ Субъектіні қайта құру немесе тарату қажеттілігінің экономикалық негіздемесі (қайта құрылғаннан кейін Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болжанып отырған жобасымен);";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Уәкілетті орган, егер Субъекті осы Ереженің 11, 13-тармақтарында көзделген талаптарды сақтамаса, өтінішті қараусыз қалдырады.";

      19-тармақта "Қазақстан Республикасының заңдарында қаралған жауапкершілікке алып келеді" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ өтінішті қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады." деген сөздермен толықтырылсын;

      25-тармақта:
      2) тармақшада "Субъекті өндіретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) тарифінің (бағалар, алым ставкалары)" деген сөздер "Субъекті ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшада "Субъектінің тауарларды (жұмыстарды) өндіру, қызмет көрсету" деген сөздер "Субъекті ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "Субъектінің тауарларды үздіксіз (жұмыстарды) өндіруін, қызмет көрсетуін" деген сөздер "Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) үздіксіз ұсынуын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
      "26-1. Уәкілетті органның келісімінсіз жүзеге асырылған субъектінің қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы заңнамада белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында оның жариялануын қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.С.Орымбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады