Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi жөнiнде тексеру ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 13 маусымдағы N 229 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 113 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3901. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 3 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 3 (2007 жылғы 2 ақпанда N 17 "Заң газеті" газетінде жарияланған) қаулысымен.
      
--------------Қаулыдан үзінді----------------
 
      "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы 51-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мына қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
      ...
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде тексеру ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 13 маусымдағы N 229 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 113 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3901 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2005 жылғы 1-15 тамызда жарияланған)...
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағысы
------------------------------

      Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi бойынша тексеру ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн реттейтiн жекелеген нормаларды нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi жөнiнде тексеру ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 13 маусымдағы N 229  қаулысына  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1922 тiркелген, "Казахстанская правда" газетiнiң 2002 жылғы 27 шiлдедегi 162-163-нөмiрлерiнде және "Егемен Қазақстан" газетiнiң 2002 жылғы 30 шiлдедегі 171-нөмiрiнде жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегi N 134  қаулысымен  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3147 тiркелген) бекiтiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi жөнiнде тексеру ұйымдастыру және жүргiзу ережесiнде:
      кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереже " Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы ", "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi  туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi.
      Ереже уәкiлеттi банктердiң, уәкiлеттi ұйымдардың, басқа заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың (бұдан әрi - өзге тұлғалар) қызметтерiнiң Қазақстан Республикасының валюта заңнамасы талаптарына сәйкестiгiн айқындау жөнiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) тексерулердi ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.";

      1-тармақта "Қазақстан Республикасының" деген сөздер және "(бұдан әрi - Ұлттық Банк)" деген сөздер алынып тасталсын;

      4-тармақта:
      1) тармақшасында:
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiн мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) уәкiлеттi банктердi, уәкiлеттi ұйымдарды және қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге Ұлттық Банктiң лицензиясы бар тұлғаларды (бұдан әрi - бөлшек сауданы жүзеге асыратын тұлғалар) осы Ереженiң 2-тарауының талаптарына сәйкес жасалған және бекiтiлген жарты жылдық тексеру жоспарына сәйкес жүргiзiлетiн жоспарлы тексерулердi;";
      2) тармақшада:
      жетiншi абзацта "Уәкiлеттi банктерге және өзге тұлғаларға" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Тексеру жоспары әрбiр филиал бойынша екiншi деңгейдегi банктер бойынша бөлек, "Қазпошта" Акционерлiк қоғамы бойынша бөлек, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар кредиттiк серiктестiктер бойынша бөлек, уәкiлеттi ұйымдар бойынша бөлек және бөлшек сауданы жүзеге асыратын тұлғалар бойынша бөлек жарты жылға жасалады.";

      6-тармақта:
      "жарты жылдығы" деген сөздер "тоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-тармақта:
      "жарты жылда" деген сөздер "тоқсанда" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "1 маусымнан (ағымдағы жылдың екiншi жарты жылдығына" деген сөздер "1 наурыздың, 1 маусымның, 1 қыркүйектiң (екiншi, үшiншi, төртiншi тоқсанына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бекiтiлген тексеру жоспарлары байланыстың қорғалған арналары бойынша филиалдарға жiберiледi.";

      10-тармақта:
      "жоспарларына" деген сөзден кейiн "қажет болған кезде" деген сөздер алынып тасталсын;
      "хатпен" деген сөзден кейiн ", не байланыстың қорғалған арнасы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      18-тармақта:
      3) тармақшада:
      "жасалады" деген сөзден кейiнгi "." деген тыныс белгiсi ";"
деген тыныс белгiсiмен ауыстырылсын;
      екiншi абзацта мәтiн өзгермейдi;
      "табылады" деген сөзден кейiнгi "." деген тыныс белгiсi ";"
      деген тыныс белгісiмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) уәкiлеттi бөлiмше Ұлттық Банк Төрағасының жетекшiлiк ететiн орынбасарына құқық бұзушыларға қатысты шараларды қолдану жөнiндегi ұсыныстармен бiрге уәкiлеттi бөлiмшенiң қызметкерлерi жүргiзген тексеру барысында анықталған жөнсiздiктер туралы қорытынды дайындайды.";

      21-тармақта бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Тексеру барысында қолданылып жүрген валюта заңнамасын бұзу фактiлерi анықталған жағдайларда Ұлттық Банк не оның филиалы уәкiлеттi банкке, уәкiлеттi ұйымға анықталған жөнсiздiктерге байланысты заң актiлерiне сәйкес оларға және өзге тұлғаларға ықпал етудiң шектелген шараларын қолдануға, оның iшiнде уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi ұйымның анықталған кемшiлiктердi жою мерзiмдерiн белгiлеуге, сондай-ақ санкция қолдануға құқылы.".

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енедi.

      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаментi (Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап жетi күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады