Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 357 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3909. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

Үзінді:

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның  27-бабы  1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 179 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының күшін жойған кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1.  ........ .
      2.  ........ .
      3.  ........ .
      4.  ........ .
      5.  ........ .
      6.  ........ .
      7.  ........ .
      8.  ........ .
      9.  ........ .
      10. ........ .
      11. ........ .
      12. ........ .
      13. ........ .
      14. ........ .
      15. ........ .
      16. ........ .
      17. ........ .
      18. ........ .
      19. ........ .
      20. ........ .
      21. ........ .
      22. ........ .
      23. ........ .
      24. ........ .
      25. ........ .
      26. "Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 357 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3903 болып тіркелді).
      27. ........ .
      28. ........ ."
_____________________________________

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  5-бабы, 5) және 9-4) тармақшаларына сәйкес және мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну тәртібін белгілеу үшін  БҰЙЫРАМЫН:
      1.
      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну  ережесі ;
      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді жүргізілген сатып алу туралы 1-ГЗ есеп берудің  нысаны ;
      3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы есеп берудің  нысаны  бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқармасы (С.К.Ештаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шараларды қолдасын және кейіннен заңдарда белгіленген тәртіп бойынша ресми бұқаралық хабарлама құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің вице-министрі А.К.Әмринге жүктелсін.
      4. "Мемлекеттік сатып алудың мониторингі" ақпараттық жүйе бойынша мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді табыс етудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 56  бұйрығы  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2300 болып тіркелген) күші жойылған деп танылсын.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Қаржы Министрінің        
2005 жылғы 7 қазандағы     
N 357 бұйрығына 1-қосымша   

  Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша
есеп беруді жасау және ұсыну ережесі

       Ескерту: Бүкіл мәтін бойынша "әкімшілер", "әкiмшi", "әкімшінің", "әкімшіге", "әкімшімен" деген сөздер тиісінше "субъектілер", "субъекті", "субъектінің", "субъектіге", "субъектімен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы  N 202   бұйрығымен .

  1-тарау. Жалпы ережелері

      1. Осы Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларына сәйкес Иелігінде бар ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға міндетті субъектілердің (бұдан әрі - субъектілер) мемлекеттік сатып алу бойынша есеп беруді жасау және уәкілетті органға ұсыну тәртібін белгілейді.
      Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді осы тармақтың төртінші абзацында көрсетілген субъектілерді қоспағанда, субъектілер жасайды және осы Ережеде белгіленген тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйелері арқылы және қағаз тасығыштарда ұсынады.
      Субъектілер электрондық мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйелері арқылы табыс еткен және қағазға түсірілген күйінде ұсынған мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша жасаған есеп беру бірдей болу керек.
      Электрондық мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйелерін енгізбеген субъектілер осы Ережеде белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді қағаз тасығыштарда ұсынады.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы  N 202   бұйрығымен .

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланады:
      1) пайдаланушының аты - электрондық мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу үшін пайдаланушыға берілетін сандар мен нышандар жиыны;
      2) сәйкестендіру кілті - субъекті электрондық мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйесіне ұсынатын мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша жасаған есеп берудің толықтығын, дұрыстығын және авторлығын растауға арналған "Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны беретін электрондық цифрлық нышандардың жиыны. Пайдаланушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болмаған жағдайда сәйкестендіру кілтті пайдаланушымен қолданады;
      3) электрондық мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) - электрондық мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асыратын ақпараттық жүйе;
      4) мемлекеттік сатып алудың мониторингінің кіші жүйесі (бұдан әрі - мониторингтің кіші жүйесі) - мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жинауға, жасауға және ұсынуға арналған Жүйенің құрамдас және ажыратылмас бөлігі;
      5) пайдаланушы - мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасауға және ұсынуға жауапкершілікті субъектінің қызметкері;
      6) "Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) - мемлекеттік сатып алу процесін қамтамасыз ету үшін құрылатын ақпараттық жүйелер саласындағы шаруашылық жүргізуді жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі;
      7) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беру - субъектілер табыс ететін мемлекеттік сатып алу туралы есеп беру, материалдар және ақпарат;
      8) Жүйенің орталық мәліметтер жиынтығы - Жүйенің бағдарламалық құралдарымен біріккен, субъектілер ұсынған мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беру бар ақпараттық ресурстар (электрондық жүйеленген ақпарат);
      9) WEB-сайт - барлық Интернет пайдаланушылары үшін қолжетімді, Қазақстан Республикасында жүргізілетін мемлекеттік сатып алу туралы ақпараты бар уәкілетті органның WEB-сайты.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы  N 202   бұйрығымен .

  2-тарау. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша
есеп беруді жасау және Жүйе арқылы ұсыну

  &1. Жүйе жұмысының істеуі тәртібі және сатып алудың
мониторингінің кіші жүйесінде жұмыс істеу тәртібі

      4. Субъектінің мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасауы және ұсынуы пайдаланушының Орталық берген пайдаланушының атын, парольді, сәйкестендіру кілтті (электрондық цифрлық қолтаңбасы бар пайдаланушы) міндетті түрде пайдалана отырып, мониторингтің кіші жүйесінің бағдарламалық құралдардың тиісті экрандық нысанын толтыруы арқылы жүзеге асырылады.
      Белгіленген тәртіппен толтырылған мониторингтің кіші жүйесінің бағдарламалық құралдардың экрандық нысандарды пайдаланушы Жүйенің орталық мәліметтер жиынтығына жібереді.

      5. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беру ұсынылған болып саналады, егер пайдаланушы белгіленген тәртіппен толтырылған мониторингтің кіші жүйесінің бағдарламалық құралдардың экрандық нысандарын Жүйенің орталық мәліметтер жиынтығына жіберсе және сол пайдаланушы тиісті хабарламаны алса.

      6. Астана қаласының уақыты Жүйенің жұмыс уақыты болып танылады.

      7. Пайдаланушының атын, паролді, сәйкестендіру кілтті алу үшін субъекті:
      1) Ереженің  1-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың мониторингінің кіші жүйесінде тіркеу үшін WEB-сайтта өтінішті толтырады;
      2) өз тарапынан қол қойылған және мөрмен расталған мемлекеттік сатып алудың мониторингінің кіші жүйесінде тіркеу үшін өтінішті немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде Орталыққа береді.

      8. Сатып алудың жылдық жоспарын бекітетін тапсырыс берушінің бірінші басшысында (ол уәкілдік берген тұлғада) немесе басқа пайдаланушыларда электрондық цифрлық қолтаңбалардың ашық кілттері бар жағдайда субъекті оларды Орталыққа ұсынуды қамтамасыз етеді.

      9. Субъекті осы Ереженің 7-тармағында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырған күннен бастап, Орталық бес жұмыс күні ішінде:
      1) осы Ереженің 7-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың мониторингінің кіші жүйесінде тіркеу үшін өтініште субъекті көрсеткен мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын тексереді;
      2) осы Ереженің  2-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну кезінде электрондық цифрлық қолтаңбалары жоқ субъектінің пайдаланушыларымен сәйкестендіру кілттерді пайдалану және таныту туралы келісім жасайды (бұдан әрі - Келісім);
      3) субъектіге сол субъектімен жасалған Келісімде көрсетілген санға сәйкес мониторингтің кіші жүйесінде жұмыс істеу үшін пайдаланушының атын, парольді, сәйкестендіру кілттерді береді.

      10. Субъекті өз шешімімен жазба түрде пайдаланушыларды анықтайды және оларға пайдаланушылардың тиісті аттарын, парольдерді, сәйкестендіру кілттерді бекітеді.

      11. Пайдаланушының дұрыс аты мен парольді көрсеткен және сәйкестендіру кілтті (электрондық цифрлық қолтаңбаны) пайдалана отырып Жүйеде орындаған пайдаланушының барлық іс-әрекеттері белгіленген тәртіппен осы пайдаланушының аты, пароль және сәйкестендіру кілт берілген (үлескен) (электрондық цифрлық қолтаңбасы бар) пайдаланушының атынан жасалған болып есептеледі.

      12. Субъекті мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну жүзеге асырылатын жұмыс орнының қауіпсіздігін дербес қамтамасыз етеді және пайдаланушының аты, пароль, сәйкестендіру кілттердің (электрондық цифрлық қолтаңбалардың) құпиялылығын қорғауға шаралар қолданады.

      13. Субъекті мынадай жағдайларда:
      1) үшінші тұлғалар пайдаланушының атын және/немесе парольді және/немесе сәйкестендіру кілттерді ашқан кезде;
      2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес тіркеу куәлігін қайтарып алған кезде;
      3) Орталық берген пайдаланушының аты, пароль мен сәйкестендіру кілтті иелейтін пайдаланушы қаза тапса, жұмыстан босатылса (мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асырумен байланысты емес), басқа қызметке ауысса, iс-әрекет жасауға қабiлетсiз, iс-әрекет жасауға шектеулі қабiлетті деп танылса, хабарсыз кеткен, қайтыс болған деп танылса уәкілетті органға Орталыққа дереу хабарлайды, осы Ереженің 17-тармағына сәйкес пайдаланушының атын, паролді, сәйкестендіру кілтті қайтарып алуға бастамашылық жасайды.

      14. Осы Ереженің 7-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың мониторингінің кіші жүйесінде тіркеу үшін өтініште субъекті көрсеткен мәліметтер өзгерген жағдайда субъекті Орталыққа өзгерістер туралы дереу хабарлайды.

      15. Орталық пайдаланушының атын, парольді, сәйкестендіру кілтті қолдануды осы Ереженің 7-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың мониторингінің кіші жүйесінде тіркеу үшін өтініште субъекті көрсеткен мәліметтердің толық немесе дұрыс еместігі анықталған жағдайда тоқтатады.

      16. Орталық пайдаланушының атын, парольді және сәйкестендіру кілтті қолдануды осы Ереженің 15-тармағында көзделген жағдайда, ұсынылған мәліметтердің толық немесе дұрыс еместігін субъекті жойған жағдайда жаңартады.

      17. Орталық Ережеге сәйкес пайдаланушының атын, парольді, сәйкестендіру кілтті қолдануды қайтарып алу, тоқтату немесе жаңарту туралы шешім қабылданған жұмыс күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей пайдаланушының атын, парольді, сәйкестендіру кілтті қолдануды қайтарып алуды, тоқтата тұруды немесе жаңартуды жүзеге асырады.
      Пайдаланушының аты, паролі, сәйкестендіру кілті қайтарып алынған жағдайда өз қолданысын тоқтатады.

  &2. Жоспарланған мемлекеттік сатып алу
туралы ақпаратты табыс ету

      18. Жоспарланған мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты табыс ету тапсырыс берушінің белгіленген тәртіп бойынша уәкілетті органға мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту, өзгерістер және/немесе толықтыруларды енгізу және ұсыну процесі болып табылады.

      19. Субъекті жоспарланған мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты ұсынуды мониторингтің кіші жүйесі арқылы келесідей тәртіппен жүзеге асырады:
      1) пайдаланушы тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің жоспарланған мемлекеттік сатып алу туралы мониторингтің кіші жүйесіне ақпаратты енгізу арқылы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының жобасын құрастырады;
      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы (ол уәкілдік берген тұлға) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітеді.
       Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы  N 202   бұйрығымен .

      20. Пайдаланушы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоспарланып отырған номенклатурасы мен көлемдері туралы ақпаратты тауардың, жұмыс және көрсетілетін қызметтің әрбір жеке атауы бойынша, мынадай атрибуттерді көрсете отырып:
      1) тауардың, жұмыс және көрсетілетін қызметтің атауы;
      2) тауардың, жұмыс және көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі;
      3) Қазақстан Республикасының бюджеттік шығыстарының экономикалық топтастыруының ерекшелігін;
      4) тауардың, жұмыс және көрсетілетін қызметтің тобы;
      5) сатып алу өткізілетін айы;
      6) тауардың, жұмыс және көрсетілетін қызмет қажеттілігінің көлемі;
      7) тауардың, жұмыс және көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген сомасы;
      8) сатып алудың жоспарланып отырған тәсілі;
      9) тапсырыс берушінің (конкурсты ұйымдастырушының) салық төлеуші тіркеу нөмірі;
      10) сатып алуды қаржыландыру көзін мониторингтің кіші жүйесінің бағдарламалық құралдардың экрандық нысанын толтыру арқылы енгізуді жүзеге асырады.

      21. Тапсырыс берушінің бірінші басшысы (ол уәкілдік берген тұлға) оған бекітілген пайдаланушының атын, парольді, сәйкестендіру кілтті міндетті түрде пайдалана отырып мониторингтің кіші жүйесі арқылы Заңның  9-бабы , 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітеді және пайдаланушы оны Жүйенің орталық мәліметтер жиынтығына жібереді.

      22. Белгіленген тәртіп бойынша бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және/немесе толықтыруларды енгізу, мемлекеттік сатып алудың өзгерген жылдық жоспарын уәкілетті органға табыс ету осы Ереженің 20-22-тармақтарында белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
      Белгіленген тәртіп бойынша бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілгеннен кейін мемлекеттік сатып алудың өзгерген жылдық жоспары Жүйенің орталық мәліметтер жиынтығына енгізілгенге дейін субъектінің мониторингтің кіші жүйесіндегі жұмысы өздігінен жойылады.

      23. Ықтимал өнім берушілер мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуды жоспарлау үшін Жүйе осы Ереженің 21-тармағы, 4), 7)-тармақшаларымен белгіленген атрибуттардан басқа мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының өзге де ақпаратты WEB-сайтта өздігінен орналастырады.
       Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы  N 202   бұйрығымен .

  &3. Ашық және жабық конкурстары тәсілдерімен
мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты табыс ету

       Ескерту: 3-параграфтің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы  N 202   бұйрығымен .

      24. Алдағы конкурс туралы хабарландыруды орналастыру (хабарламаларды жіберу) Конкурстық құжаттаманы дайындау барысында пайдаланушы мониторингтің кіші жүйесінің бағдарламалық құралдарының тиісті экрандық нысанында мынадай атрибуттерді көрсете отырып:
      1) конкурстың атауы;
      2) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілі (ашық конкурс, жабық конкурс, екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланылатын ашық конкурс, екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланылатын жабық конкурс);
      3) конкурстың болуы туралы хабарландыруды мерзімді баспасөзде (Мемлекеттік сатып алу бюллетеньде) жариялау күні немесе жабық конкурстың болуы (қорытындылары) туралы хабарламаны жіберу;
      4) конкурстық құжаттаманы алған (қабылдаған) күні, мекен-жайы (орны), уақыты;
      5) қосымша ақпарат: конкурсты ұйымдастырушының телефоны, факсы;
      6) конкурстың кезеңінің қайталануы;
      7) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты, конкурсты өткізуді жоспарлайды;
      8) қосымша ақпарат: конкурсты ұйымдастырушының телефоны, факсі;
      9) қайта өткізуі, конкурстың кезеңі;
      10) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
       Ескерту: 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы  N 202   бұйрығымен .

      25. Пайдаланушы мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспары негізінде мониторингтің кіші жүйесінің бағдарламалық құралдарының тиісті экрандық нысанында сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты мынадай атрибуттерді көрсете отырып:
      1) берілген лот үшін тапсырыс берушінің атауы;
      2) бюджеттік ұйымдар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын бағдарламаның/кіші бағдарламаның нөмірі және атауы;
      3) жоспарланатын сатып алудың жылы және айы;
      4) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тобының коды және атауы;
      5) сатып алудың сипаттауы мен өлшем бірлігі, саны және бюджеттік ұйымдар бюджет шығыстарының экономикалық топтастыру ерекшелігі көрсетілген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің әрбір позициясының атауы;
      6) қаржыландыру көлемі;
      7) тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің мерзімі және орны әр тапсырыс беруші үшін жеке енгізеді.

      26. Атрибуттер осы Ереженің 24 және 25-тармақтарында көрсетілген жағдайларда өзгеретін болса пайдаланушы мониторингтің кіші жүйесінің бағдарламалық құралдарының тиісті экрандық нысанына тиісті өзгерістерді дереу енгізеді.

      27. Осы Ереженің 24-тармағында көзделген хабарландырылған конкурс туралы ақпарат Жүйемен WEB-сайтына өздігінен орналастырылады.

      28. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы Заңмен белгіленген тәртіп бойынша жасалғаннан кейін пайдаланушы конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына нөмірін және қол қойылған күнін мониторингтің кіші жүйесінің бағдарламалық құралдарының тиісті экрандық нысанында бір жұмыс күні ішінде көрсетеді.
       Ескерту: 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы  N 202   бұйрығымен .

      29. Конкурстың қорытындылары  Заңмен  белгіленген тәртіп бойынша жасалғаннан кейін пайдаланушы әр лот бойынша конкурстың жеңімпаздары (конкурс өткізілмеген болып танылсын) туралы ақпаратты, конкурстың қорытындылары туралы хаттамасының нөмірін және күнін мониторингтің кіші жүйесінің бағдарламалық құралдарының тиісті экрандық нысанында бір жұмыс күні ішінде көрсетеді.
       Ескерту: 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы  N 202   бұйрығымен .

  &4. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды
жасау және орындау туралы ақпаратты табыс ету

      30. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Заңмен белгіленген тәртіп бойынша жасалғаннан кейін пайдаланушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нөмірін және жасалған күнін мониторингтің кіші жүйесінің бағдарламалық құралдарының тиісті экрандық нысанында бір жұмыс күні ішінде көрсетеді.
       Ескерту: 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы  N 202   бұйрығымен .

      31. Ықтимал өнім беруші тауарды нақты жеткізгеннен, жұмыстарды орындағаннан, қызметтерді көрсеткен немесе тауарды жеткізу күні, жұмыстың орындалу, қызметтердің көрсету күні келгеннен кейін пайдаланушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нөмірін, жасалған және орындалған күнін көрсете отырып мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуы туралы ақпаратты мониторингтің кіші жүйесінің бағдарламалық құралдарының тиісті экрандық нысанында  он жұмыс күні ішінде көрсетеді.
       Ескерту: 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы  N 202   бұйрығымен .

  3-тарау. Мемлекеттік сатып алу мәселелері
бойынша есеп беруді жасау және қағазға түсірілген
күйінде ұсыну

  &1. Мемлекеттік сатып алудың жылдық
жоспарын табыс ету

      32. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары Ереженің  3-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша жасалады.

      33. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары тапсырыс берушінің бірінші басшысымен (ол уәкілдік берген тұлғамен) бекітіледі және ұйымның мөрімен куәландырылады.

      34. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген кезде тапсырысшы мемлекеттік сатып алудың өзгертілген жылдық жоспары белгіленген тәртіп бойынша бекітілгеннен кейін оны жеті жұмыс күн ішінде уәкілетті органға табыс етеді.

  &2. Есеп беруді қағазға түсірілген
      күйінде табыс ету

      35. Қарамағындағы барлық ұйымдарды ескере отырып республикалық және жергілікті (облыстық) бюджеттік бағдарламалардың субъектілері, сонымен қатар еншілес кәсіпорындарын ескере отырып республикалық мемлекеттік кәсіпорындары (соның ішінде қазыналық) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін  1-ГЗ  есептілігін құрады және берілген айдың 17-не дейін "Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 357 бұйрығына қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға табыс етеді.

      36. Акцияларының (жарналарының) елу және елуден артық пайызы немесе акциялық бақылау пакеті мемлекеттің меншігінде болатын заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген тұлғалар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 17-не дейін уәкілетті органға "Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 357 бұйрығына қосымшаға сәйкес нысан бойынша  1-ГЗ есеп  беруді ұсынады.

      37. Жылына екі рет есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 3-іне дейін субъектілер уәкілетті органға "Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 357 бұйрығына қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерден тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп беруді табыс етеді.
       Ескерту: 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы  N 202   бұйрығымен .

      38. Тапсырыс берушінің бірінші басшысының (ол уәкілдік берген тұлғамен) қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған 1-ГЗ есеп беруді және шағын кәсіпкерлік субъектілерден тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты субъектілер ұлғаю нәтижесімен Ереженің 35-37-тармақтарында көрсетілген мерзімде табыс етеді.
       Ескерту: 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы  N 202   бұйрығымен .

                                           Мемлекеттік сатып алу
                                          мәселелері бойынша есеп
                                          беруді жасау және ұсыну
                                          туралы ережеге 1-қосымша

           Мемлекеттік сатып алудың мониторингінің
              кіші жүйесіне тіркеу үшін өтініш

Осымен ____________________________________________________________
                                 (ұйымның атауы)

Заңды мекен-жайы: ________________________________________________,
_____ ж. "___"_____________ N ___________ мемлекеттік тіркеу туралы
куәлігі ___________________________________________________________
негізінде әрекет ететін ___________________________________________
____________________________________________________________ атынан
_________________________________________________________ берілді,
мемлекеттік сатып алудың мониторингінің кіші жүйесінде:

      __ - тапсырысшы; 
___________________________________________________________________
(өтініш беруші ұйымдастырушы болып табылатын заңды тұлғаның (заңды
тұлғалардың) толық атауы және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН).

      __ - үшін ұйымдастырушы ретінде тіркеуді және өтініште
көрсетілген мәліметтерге сәйкес пайдаланушылардың (саны цифрмен
және жазумен көрсетілсін) аттары мен парольдерін және сәйкестендіру
кілттерін беруге сұрайды.
      Сәйкестендіру мәліметтері:
      Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) ________________________
      Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу туралы
заңнамасына сәйкес Иелігінде бар ақша есебінен тауарларды,
жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға міндетті
субъектілердің мемлекеттік тізілімінде тапсырыс беруші
(ұйымдастырушы) тіркелген күні ____________________________________
      электрондық пошта ___________________________________________
                               (электрондық поштаның адресі)
      байланыс телефоны __________________________________________
      Электрондық цифрлық қолтаңбалардың ашық кілттері:
      _______________________    _________________________________
          (ашық кілттер)         (иесінің тегі, аты-жөні, қызметі)

      Мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі (мәліметтер жиынтығындағы)
және (немесе) банктік және/немесе салық құпиясы бар _______________
                                                    (ұйымның атауы)

__________________ туралы қосымша мәліметтерді алуға қарсы емеспін.

      Тапсырысшының (ұйымдастырушының) бірінші басшысының немесе
оның міндетін атқарушы адамның тегі, аты-жөні және қолы, ұйымның
мөрі. 

      200__ж. "____" _______________

Мемлекеттік сатып алу    
мәселелері бойынша есеп   
беруді жасау және ұсыну   
туралы ережеге 2-қосымша  

Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп
беруді жасау және ұсыну кезінде сәйкестендіру
кілттерді пайдалану және тану туралы
КЕЛІСІМ

N_______

      ___________ қ.                         200__ ж. "___"________

      Бұдан әрi Тіркеуші деп аталатын, ___________ негiзiнде әрекет ететiн _______________________ директоры атынан _______________ және бұдан әрi Клиент деп аталатын, ____________ негiзiнде әрекет ететiн _______________ директоры атынан, ________________________ бiрлесiп Тараптар деп аталатындар, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну кезінде сәйкестендіру кілттерді пайдалану және тану туралы Келісім жасасты (бұдан әрі - Келісім) және төмендегiлер туралы келiстi:

1. Келісімнің мәні

      1. Тараптар Тіркеуші Келісімнің шарттарына сәйкес беретін сәйкестендіру кілтті (сәйкестендіру кілттерді) Клиент мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - Жүйе) енгізген (ұсынған) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша жасаған есеп берудің (құжаттардың, материалдардың және ақпараттың) толықтығын, дұрыстығын және авторлығын растау үшін жеткілікті деп таниды.
      2. Тараптар Клиенттің Жүйеге енгізген құжаттарын, материалдарын, есеп беруді және ақпаратты Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес рәсімделген қағазға түсірілген күйінде немесе басқа да түріндегі жазбаша құжаттарға, материалдарға, есеп беруге және ақпаратқа тең деп және бірдей заңды күші бар деп таниды.

2. Тараптардың міндеттері

      3. Клиент:
      1) уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекіткен мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну тәртібін сақтауға;
      2) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, Жүйе арқылы және пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес Тіркеуші ұсынған бағдарламалық құралдарды ғана пайдалана отырып жасауға және ұсынуға;
      3) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну үшін қажетті аппараттық-бағдарламалық жиынтығымен дербес қамтамасыз етуге;
      4) Жүйе арқылы мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беру жасалатын және ұсынылатын жұмыс орнының қауіпсіздігін және жұмысқа қабілеттілігін дербес қамтамасыз етеді, сонымен қатар Тіркеушіден алған пайдаланушының атының, парольдің, сәйкестендіру кілттің сақталуын, жарияланбауын, құпиялылығын қорғауды қамтамасыз етуге;
      5) Тіркеуші берген сәйкестендіру кілтті (сәйкестендіру кілттерді) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну үшін ғана пайдалануға;
      6) сәйкестендіру кілттерге санкциясыз қол жеткізу күдік болса, сонымен қатар сәйкестендіру кілттердің жоғалуы туралы Тіркеушіні дереу хабарландыруға;
      7) сәйкестендіру кілттердің компрометациясы немесе жоғалуы жағдайында оны ауыстыруға міндетті.
      4. Тіркеуші:
      1) Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну үшін Клиентке (тікелей қатысуыменен) пайдаланушының атын, парольді, сәйкестендіру кілтті беруге;
      2) Клиенттің Жүйеде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
      3) Жүйе жұмысының уақытша тоқтатылуынан туған техникалық және басқа да саналы себептерге қатысты пайда болған техникалық олқылықтарды өз бетімен және өз есебінен жоюға міндетті.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      5. Осы Келісімді орындамаған немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіп бойынша жауап береді.
      6. Жүйеге енгізілген мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп берудің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілік Клиентке жүктеледі.
      7. Жүйеде сәйкестендіру кілтті пайдалана отырып пайдаланушының дұрыс аты мен парольді атаған пайдаланушының барлық іс-әрекеттері сол аты, паролі және сәйкестендіру кілті берілген Клиенттің атынан жасалған болып саналады. Өз қызметкерлерінің Жүйеде жасаған іс-әрекеттері үшін барлық жауапкершілік Клиентке жүктеледі.
      8. Клиенттің келесі себептерге қатысты зарар тартқаны, жоғалтуы және басқа шығындары үшін Тіркеуші жауапты емес, егер:
      1) Клиентте Жүйе арқылы мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну үшін қажетті аппараттық-бағдарламалық жиынтығы болмаса;
      2) Клиент немесе оның қызметкерлері уәкілетті органмен белгіленген мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну тәртібін орындамаса;
      3) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну үшін қажетті пайдаланушының атын, парольді, сәйкестендіру кілтті жоғалтса, бұзса немесе санкциясыз пайдаланса;
      4) Жүйе жұмысының уақытша тоқтатылуынан туған техникалық және басқа да саналы себептерге қатысты Жүйе жұмысы тоқтатылса.

4. Басқа шарттар

      9. Келісім Тараптардың қолы қойылғаннан кейін күшіне енеді және белгіленбеген мерзімге күші бар болып саналады.
      10. Келісім Тараптарға бір бірден арнайы екі түпнұсқалық данада жасалған және бірыңғай заңды күші бар болып саналады.
      11. Жүйе жұмысы Тіркеушіге байланысты емес техникалық немесе басқа да саналы себептерге қатысты уақытша тоқтатылуы мүмкін. Жүйе жұмысының тоқтау мерзімін Тіркеуші анықтайды.
      Бұл орайда Клиенттің көрсетілген себептер бойынша Жүйе жұмысының тоқтауына байланысты Тіркеушіге айып тағуға құқығы жоқ.

5. Тараптардың реквизиттері

           Тіркеуші                             Клиент
___________________________          ______________________________
       (толық атауы)                           (толық атауы)
___________________________          ______________________________
       (мекен-жайы)                             (мекен-жайы)
___________________________          ______________________________
      (телефоны, факсі)                       (телефоны, факсі)
________ __________________          ________ _____________________
 (қолы)   (тегі, аты-жөні)            (қолы)     (тегі, аты-жөні)

        ұйымның мөрі                           ұйымның мөрі
200__ж. "____"_____________          200__ж. "____" _______________

                                           Мемлекеттік сатып алу
                                          мәселелері бойынша есеп
                                          беруді жасау және ұсыну
                                          туралы ережеге 3-қосымша

           Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары _____________________________
 (Тапсырысшының толық атауы)

______________________________
       (бекітілген күні)

N
п/п

та-
уар-
дың,
жұмыс
және
көр-
сеті-
летін
қыз-
мет-
тің
атауы 

та-
уар-
дың,
жұмыс
және
көр-
сеті-
летін
қыз-
мет-
тің
өлшем
бір-
лігі

тауар-
дың,
жұмыс
және
көр-
сеті-
летін
қызмет
қажет-
тілі-
гінің
көлемі

тауар-
дың,
жұмыс
және
көр-
сеті-
летін
қыз-
метті
сатып
алу
үшін
бөлін-
ген
сомасы

са-
тып
алу-
дың
жос-
пар-
ла-
нып
оты-
рған
тә-
сілі

са-
тып
алу
өт-
кі-
зі-
ле-
тін
айы

тапсы-
рысшы-
салық
тө-
леу-
шінің
тіркеу
нөмірі 

са-
тып
алу-
ды
қар-
жы-
лан-
дыру
көзі

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
бюд-
жеттік
шығыс-
тарының
эконо-
микалық
топтас-
тыруы-
ның ерекші-
лігі*

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Орындаушының тегі, аты-жөні, телефоны және қолы
      Тапсырысшының (ұйымдастырушының) бірінші басшысының немесе
оның міндетін атқарушы адамның тегі, аты-жөні және қолы, ұйымның
мөрі.

      * Ескертпе: "Қазақстан Республикасының бюджеттік шығыстарының
экономикалық топтастыруының ерекшілігі" бағанын мемлекеттік
мекемелері толтырады

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Қаржы Министрінің
                                         2005 жылғы 7 қазандағы
                                        N 357 бұйрығына 2-қосымша

        _________________ жылдары жүргізілген тауарларды,
       жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік
            сатып алу туралы 1-ГЗ есеп берудің нысаны

___________________________________________________________________
                          (тапсырысшының атауы)

Сатып алудың тәсілі

Жол-
дың
коды

Саны

Са-
тып
алу
үшін
бө-
лін-
ген
со-
масы
(мың
тең-
ге)

Сатып
алу-
дың
жалпы
кө-
лемі
(мың
тең-
ге)

соның
ішін-
де
шетел
өнім
беру-
ші-
лер-
ден

Жүргі-
зілген
сатып
алудан
түскен
шартты
үнемі
(мың
теңге)

жүр-
гі-
зі-
лген
са-
тып
алу-
дың

же-
ңім-
паз-
өнім
бе-
ру-
ші-
лер-
дің

Соның
ішін-
де
шетел
өнім
беру-
ші-
лер-
дің

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

Конкурс тәсілі-
мен жүргізілген
мемлекеттік
сатып алу.
Барлығы

01

 

 

 

 

  

 

 

 ашық конкурс
 тәсілімен
 жүргізілген
 мемлекеттік
 сатып алу, 

02

 

 

 

 

  

 

 

  соның ішінде
  екi кезеңдiк
  рәсiмдер пай-
  даланылатын

03

 

 

 

 

  

 

 

 жабық конкурс
 тәсілімен
 жүргізілген
 мемлекеттік
 сатып алу 

04

 

 

 

 

  

 

 

  соның ішінде
  екi кезеңдiк
  рәсiмдер пай-
  даланылатын

05

 

 

 

 

  

 

 

Өнім берушіні
баға ұсыныстары
сұранымын пай-
далана отырып
жүргізілген
мемлекеттік
сатып алу

06

 

  

 

 

  

 

 

Көздердің бірі-
нен жүргізілген
мемлекеттік
сатып алу.
Барлығы

07

 

 

 

 

  

 

 

 соның ішінде
 табиғи моно-
 полия субъек-
 тілеріне жат-
 пайтын өнім
 берушілерден

08

 

 

 

 

  

 

 

Ашық тауар
биржасы арқылы
жүргізілген
мемлекеттік
сатып алу 

09

 

 

 

 

  

 

 

Жүргізілген
сатып алудың
барлығы: 

10

 

 

 

 

 

 

 

      Орындаушының тегі, аты-жөні, телефоны және қолы
      Тапсырысшының (ұйымдастырушының) бірінші басшысының немесе
оның міндетін атқарушы адамның тегі, аты-жөні және қолы, ұйымның
мөрі.

                                         Қазақстан Республикасы
                                           Қаржы Министрінің
                                         2005 жылғы 7 қазандағы
                                        N 357 бұйрығына 3-қосымша

         _________________ жылдары шағын кәсіпкерлік
    субъектілерден тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін
           қызметтерді сатып алудың есеп беру нысаны

         Ескерту: 3-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы  N 202   бұйрығымен .

___________________________________________________________________
                         (тапсырысшының атауы)

N
п.п.

 

Бар-
лығы
(мың теңге)

Оның ішінде

Та-
уар-
лар,
бар-
лығы

соның
ішін-
де
им-
порт
бо-
йынша

Жұ-
мыс-
тар,
бар-
лығы

оның ішінде бейрезиденттер орындайтын жұмыстар

Қызметтер, барлығы

оның ішінде
 ҚР бейрезиденттері көрсететін қызметтер

 

1

2

3

4

5

6

7

8

01

Тауарларды,
жұмыс және
көрсетілетін
қызметтерді
сатып алудың
жалпы көлемі 

  

 

 

 

  

  

  

02

соның ішінде
шағын кәсіп-
керлік субъ-
ектілерінен

  

  

  

  

  

  

  

      Орындаушының тегі, аты-жөні, телефоны және қолы
      Тапсырысшының (ұйымдастырушының) бірінші басшысының немесе
оның міндетін атқарушы адамның тегі, аты-жөні және қолы, ұйымның
мөрі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады