Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 355 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3919. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 200703.30. N 73 қаулысымен

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.03.30.  N 73  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдары туралы"   Заңына  нормативтік құқықтық актілерін сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63  қаулысына  (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2803 тіркелген, 2004 жылы N 4-5(5) "Қаржы хабаршысы" журналында жарияланған), (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 3122 тіркелген, 2004 жылы N 11(11) "Қаржы хабаршысы" журналында жарияланған) Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы  N 246  қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3330 тіркелген, 2005 жылы N 2(14) "Қаржы хабаршысы" журналында жарияланған) 2004 жылғы 27 қарашадағы  N 336  қаулысымен, (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 3569 тіркелген, 2005 жылы N 5(17) "Қаржы хабаршысы" журналында жарияланған) 2005 жылғы 26 наурыздағы N 106  қаулысымен , (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 3697 тіркелген, 2005 жылы N 7(19) "Қаржы хабаршысы" журналында жарияланған) 2005 жылғы 28 мамырдағы N 163  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтың 8-1)-тармақшасында және 4-тармақтың 4-1) тармақшасында "эмитенттің ішкі құжаттарында сақтау қажеттілігі көзделеді" деген сөздер "ережелері бар корпоративтік басқару кодексінің заңнамамен белгіленген тәртіппен акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген эмитенттің болуы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Листинг компаниялары 2006 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде өз ішкі құжаттарын осы қаулының талабына сәйкес келтірсін.
      Қор биржасы осы қаулыны алған күннен бастап он төрт күн ішінде өз ішкі құжаттарын осы қаулының талабына сәйкес келтірсін.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қор биржасына және "Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлесітігіне жіберсін.

      5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға  жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады