Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы Ан-2 әуе кемелерінің жөндеу аралық ресурс шегінде жұмыс істеу мерзімін ұзарту ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 30 қарашадағы N 272 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3975. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 05 мамырдағы № 253 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.05.05 № 253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті туралы ереженің 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы Ан-2 әуе кемелерінің жөндеуаралық ресурс шегінде жұмыс істеу мерзімін ұзарту ережесі бекітілсін.
      2. Ұшу жарамдылығы нормаларын қамтамасыз ету бөлімі (Д.М.Серікбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы А.Б.Жолдыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация  
министрлігі        
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының        
2005 жылғы 30 қарашадағы   
N 272 бұйрығымен     
бекітілген         

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы
Ан-2 әуе кемелерінің жөндеу аралық ресурс шегінде
жұмыс істеу мерзімін ұзарту
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы Ан-2 әуе кемелерінің жөндеу аралық ресурс шегінде жұмыс істеу мерзімін ұзарту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы", "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 1386 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесіне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы Ан-2 әуе кемелерінің жөндеуаралық ресурс шегінде жұмыс істеу мерзімін ұзарту тәртібін белгілеу мақсатында әзірленді.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының Ан-2 әуе кемелерінің техникалық жай-күйін және жөндеу аралық ресурс шегінде жұмыс істеу мерзімін ұзарту мүмкіндігін белгілеу немесе жай-күйі бойынша оларды пайдалануды тоқтату тәртібін реттейді.

      3. Осы Ереженің күші Ан-2 әуе кемелерінің техникалық және ұшу пайдаланымын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы барлық ұйымдарының қызметіне тарайды.

      4. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
      1) ұшу жарамдылығы - азаматтық әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттарына, өлшемдері мен ұшу қасиеттеріне жауап беретін азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйі;
      2) жөндеуаралық ресурс - бірінен бірі екі жөндеу арасындағы бұйымның жұмыс істеу ұзақтығы, ол аяқталғанға дейін (жұмыс істеу мерзімі ішінде) жөндеу кәсіпорны пайдалану құжаттамасында белгіленген ережелердің сақталуында бұйымға қойылатын белгілі талаптардың орындалуына кепілдік береді және қамтамасыз етеді;
      3) жұмыс істеу ұзақтығы - ұшақтың ұшу сағатында, ұшу/қону санында немесе басқа өлшемдерде болатын ұшуда және жердегі жағдайда пайдалану ұзақтығы;
      4) азаматтық авиация ұйымы - азаматтық авиация саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      5) ресурс - пайдалану басталғаннан немесе оны жөндеуден кейін қайта пайдаланудан бастап пайдалану аяқталу немесе тоқтатылуға дейінгі жұмыс істеу мерзімі;
      6) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, азаматтық және эксперименталдық авиацияның қызметін үйлестіру мен реттеуді және әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы.

  2. Ан-2 әуе кемесінің жөндеуаралық ресурс
шегінде жұмыс істеу мерзімін ұзарту мүмкіндігін
белгілеу тәртібі

      5. Формулярдағы жазбаға сәйкес соңғы күрделі жөндеу кезінде белгіленген жөндеуаралық ресурс шегінде Ан-2 әуе кемесінің жөндеуаралық жұмыс істеу мерзімін арттыру мүмкін.

      6. Ан-2 әуе кемесінің жұмыс істеу мерзімін ұзарту жөндеуаралық ресурс шегінде кемінде бір жыл мерзімге кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

      7. Әуе кемесінің кезекті жөндеуіне дейін ұзартылған ресурстарымен агрегаттар және жинақтауыш бұйымдар ауыстыруға жатады.

      8. Қанағаттанарлық техникалық жай-күйінде қалған агрегаттар мен жинақтауыш бұйымдар Ан-2 әуе кемесін кезекті жөндеуге дейін жұмыс істеу мерзімінің ұзартылған шегінде пайдаланылады.

      9. Ан-2 әуе кемесі ұшу сағатында жөндеуаралық ресурсы қалған кезінде жұмыс істеу мерзімінің жөндеуаралық мерзімін одан әрі ұзарту үшін оның техникалық жай-күйін анықтау мақсатында бақылаулық тексеруге жатады.

      10. Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін анықтау жөніндегі бақылаулық тексеруді авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу (бұдан әрі - АТТҚЖ ұйымы) жөніндегі қызметтерге, қызмет саласына төменде тізілген:
      1) әуе кемелерiнiң жекелеген түрлерiне кезеңдi техникалық қызмет көрсету (жұмыс iстеу бойынша және күнтiзбелiк мерзiмдер бойынша), соның iшiнде авиадвигательдердi ауыстыру, авиациялық техниканы ағымдағы жөндеу, зертханалық тексерулер және агрегаттар мен жиынтық бұйымдарды қалпына келтiру;
      2) күрделi жөндеусiз пайдаланатын әуе кемелерiнiң планерiнде, авиадвигательдер мен авиациялық техниканың жиынтық бұйымдарындағы бақылау-қалпына келтiру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары);
      3) әуе кемелерiн, авиадвигательдер мен жиынтық бұйымдарды (агрегаттарды) оларға жаңа ресурстарды орната отырып (қызмет мерзiмдерiн) күрделi жөндеу жұмыстарының бірі кіретін, қолданыстағы сертификаттары бар азаматтық авиация ұйымдары жүргізеді.

      11. Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін және жұмыс істеу мерзімін ұзарту мүмкіндігін анықтау жөніндегі бақылаулық тексеруді жүргізу үшін пайдаланушының (меншік иесінің) өтініші бойынша уәкілетті органмен келісім бойынша АТТҚЖ ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының түрлері бойынша рұқсаттары бар, құрамында кемінде үш маманнан тұратын комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
      Қажет болған жағдайда Комиссия құрамына уәкілетті органның ұсынымы бойынша авиажөндеу зауыттарының және АТТҚЖ басқа ұйымдарының өкілдері енгізілуі мүмкін.

      12. Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін анықтау жөнінде бақылаулық тексеруді жүргізу алдында мыналарды:
      1) әуе кемесінің пайдаланудан бастап жұмыс істеу ұзақтығын;
      2) жөндеу мен техникалық қызмет көрсетулер түрінің санын;
      3) пайдалану барысында анықталған ақаулықтар мен кемшіліктерді және оларды жою тәсілдерін;
      4) техникалық қызмет көрсету орындалуының жай-күйін;
      5) пайдалану жағдайларын;
      6) әуе кемесінің болуы мүмкін дұрыс емес қонуларға, сынуларға, зақымдану мен қалпына келтіру жөндеулерге байланысты ерекшеліктерін анықтау мақсатында пайдаланымдық құжаттама зерттеледі.

      13. Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін анықтау жөнінде бақылаулық тексеруді жүргізу кезінде Комиссия  1-қосымшаға сәйкес техникалық қызмет көрсету көлемінде тексеру жұмыстарын жүргізеді.

      14. Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін анықтау жөнінде бақылаулық тексерудің нәтижелері бойынша комиссия қосымша жұмыстар тізбесінің көлемін белгілейді.

      15. Қажет болғанда, анағұрлым терең зерттеу үшін, Комиссия жекелеген тораптар мен бөлшектерге дефектілеу жүргізу (бұзбай бақылау әдістерін қолданып) мүмкін.

      16. Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін анықтау жөнінде бақылаулық тексерудің нәтижелері бойынша Комиссия әуе кемесін тексеру барысында анықталған ақаулықтар ведомосін жасайды және оларды жою әдістерін белгілейді ( 2-қосымша ).

      17. Анықталған ақаулықтар жойылғаннан кейін Комиссия жұмыс істеу мерзімін ұзартумен оны одан әрі пайдалануға жіберу туралы немесе жай-күйі бойынша оның одан әрі пайдалануын тоқтату туралы қорытындылармен үш данада Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін бағалау актісі ( 3-қосымша ) жасайды.

  3. Ан-2 әуе кемесінің жөндеуаралық ресурс шегінде
жұмыс істеу мерзімін ұзарту тәртібі

      18. Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін бағалау актісінің негізінде АТТҚЖ ұйымы Ан-2 әуе кемесінің жөндеуаралық ресурс шегінде жұмыс істеу мерзімін ұзарту туралы қорытындысын ( 4-қосымша ) үш данада жасайды, АТТҚЖ осы ұйымының бірінші басшысымен бекітіледі және құжаттарды қоса беріп (АТТҚЖ ұйымының бірінші басшысымен бекітілген бұйрық, Техникалық жай-күйді бағалау актісі, ақаулықтар ведомостары, ақаулықтарды жою туралы акт, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және мамандар рұқсаттарының көшірмелері) уәкілетті орган құрған Ан-2 әуе кемесінің жөндеуаралық ресурс шегінде жұмыс істеу мерзімін ұзарту жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияға ұсынылады.

      19. Ан-2 әуе кемесінің жөндеуаралық ресурс шегінде жұмыс істеу мерзімін ұзарту туралы қорытындының және Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін бағалау актісінің бір данасы АТТҚЖ ұйымында сақталуға қалады, ал, қалған даналар Ан-2 әуе кемесін пайдаланушыға (меншік иесіне) беріледі.

      20. Ан-2 әуе кемесі жөндеуаралық ресурсын аяқтағаннан кейін күрделі жөндеуден өтуі үшін авиажөндеу зауытына жіберіледі немесе есептен шығаруға жатады.

Қазақстан Республикасының   
азаматтық авиациясы     
Ан-2 әуе кемелерінің    
жөндеуаралық ресурс шегінде
жұмыс істеу мерзімін ұзарту
ережесіне 1-қосымша     

Ан-2 әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету көлемі

      1. Үстіңгі қанат жатықтарын бекітудің анкерлік гайкаларын орнату орындарында, аккумуляторлық бөлік астында және NN 12-15 шпангоуттар арасында сол жақ бортта ілме басқыштарды орнату орындарында NN 20Л-25-20П стрингерлер арасындағы фюзеляж қаптамасының күштік жиынтығы мен ішкі жазықтығын қарап тексеру. Шегенделген жерлерді зақымдануы жоқтығын және босамағанын қарап тексеру.
      2. NN 5-8, 11-15, 15-23 шпангоуттар ауданында, NN 6Л-6П стрингерлер арасында еден асты кеңістігіндегі фюзеляж қаптамасының күштік жиынтығы мен ішкі жазықтығын, NN 11-15 шпангоуттар арасындағы еден жамылғысын бекітудің бойлық арқаларды, N 15 шпангоуттағы қалқа қабырғасының қаптамасын қарап тексеру. Лактанған-боялған жерлердің (бұдан әрі - ЛБЖ) зақымдануы, тоттануы мен бұзулары жоқтығын қарап тексеру.
      3. Фюзеляждің үстіндегі NN 5-10 және астындағы 6-26 шпангоуттар арасындағы бөліктерге аса назар аударып, фюзеляж қаптамасының сыртқы жазықтығын қарап тексеру. ЛБЖ зақымдануы, тоттануы мен бұзулары жоқтығын қарап тексеру.
      4. Төменгі қанатты орталық планға және үстінгі қанатты фюзеляжға бекіту бөлшектерін қарап тексеру. Коррозияның, люфттардың, жарықтардың және бекітудің нашарлауы жоқтығын қарап тексеру.
      5. Тік тіректі, шасси мен тұрақтандырғышты бекіту бөлшектерін қарап тексеру. Тоттанудың, люфттардың, жарықтардың және бекітудің нашарлауы жоқтығын қарап тексеру.
      6. Қанаттар қорабының лента-расчалкасын, бипландық тіректер мен оларды бекіту бөлшектерді қарап тексеру. Қосылу оймасының тоттануы мен зақымдануы жоқтығын қарап тексеру.
      7. Жалғас қанат пен электрондар ілмегінің бөлшектерін, тұрақтандырғыштың тіреуіштерін және оларды бекіту бөлшектерді қарап тексеру. Шегенделген жіктердің тоттануы мен нашарлауы жоқтығын қарап тексеру.
      8. Қанат қаптамасын, артқы тіректі және рульдеу жазықтарын қарап тексеру. Ойықтар мен бұзулардың, лакталған-боялған жерлер жарылуының жоқтығын қарап тексеру.
      Мынадай бөліктерге ерекше назар аударылу тиіс:
      1) үстіңгі қанатқа:
      артқы лонжерон бойындағы қаптаманың төменгі жазықтығы;
      қанат қаптамасының үстіңгі бөлігі және 1-5 нервюрлер арасындағы жалғас қанат;
      рульдеу жазықтарының артқы жиектері.
      2) төменгі қанатқа:
      артқы лонжерон бойындағы қаптаманың төменгі жазықтығы;
      қанаттың басы;
      қанат қаптамасының және 1-4 пен 11-13 нервюрлер арасындағы түбірлік жалғас қанаттың үстіңгі бөлігі;
      қанат пен жалғас қанаттың артқы жиектерінің бойы.
      3) тұрақтандырғышқа:
      1-3 нервюрлер арасындағы қаптаманың және артқы жиектің үстіңгі бөлігі;
      бойлық рулінің (бұдан әрі - БР) артқы жиектерін және БР триммерін орнату ауданы.
      Сонымен бірге, фюзеляжға тұрақтандырғышты бекіту бөлшектерін, люфт пен микрожарықтардың болмауына бекіту бұрамдарын, сондай-ақ тұрақтандырғыштың тіреуіштерін бекіту бөлшектерінде люфттің болмауын тексеру;
      4) тік тірекке:
      тік тірек басының бойы;
      триммерді орнату және БР аяқталу ауданында 9-11 нервюрлер арасындағы бағыттау рулі (бұдан әрі - БР).

                                         Қазақстан Республикасының
                                            азаматтық авиациясы
                                           Ан-2 әуе кемелерінің
                                        жөндеуаралық ресурс шегінде
                                        жұмыс істеу мерзімін ұзарту
                                           ережесіне 2-қосымша

         Борттық N ___, зауыттық N ____
     Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін
    анықтау жөніндегі бақылаулық тексеру кезінде
           анықталған ақаулықтар ведомосі

р/cN

Ақаулық сипаты

Жою әдісі

Ақаулықты жойған тұлғаның Т.А.Ә.а., қолы, лауазымы

1




2




3




4




5




         Комиссия төрағасы _________________________
                         (қолы, Т.А.Ә.а., күні)

      Комиссия мүшелері _________________________
                         (қолы, Т.А.Ә.а., күні)

                        _________________________

                        _________________________ 

                                         Қазақстан Республикасының
                                            азаматтық авиациясы
                                           Ан-2 әуе кемелерінің
                                        жөндеуаралық ресурс шегінде
                                        жұмыс істеу мерзімін ұзарту
                                           ережесіне 3-қосымша

                                                "Бекітемін"
                                           ______________________
                                          (АТТҚЖ ұйымының басшысы)
                                           ______________________
                                              (қолы, Т.А.Ә.а.)
                                       200 ____ жылғы "__"_______

         Борттық N ___________, зауыттық N ________________
     Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін бағалау актісі

      Мынадай құрамдағы комиссия:
      комиссия төрағасы _____________________________________
                                 (лауазымы, Т.А.Ә.а.)
      комиссия мүшелері _____________________________________
                                 (лауазымы, Т.А.Ә.а.)
                        _____________________________________
                        _____________________________________

200 __ жылғы "___" _____________ Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін анықтау жөнінде бақылаулық тексеру жүргізді
____________________________________________________________________
           (шығарылу жылы, борттық N, зауыттық N, мақсаты)
____________________________________________________________________
                     (әуе кемесін пайдаланушы)

Пайдаланудан бастап жұмыс істеу ұзақтығы (ЖІҰ) ______ (сағат)
Соңғы жөндеуден кейін жұмыс істеу ұзақтығы (СЖК) ____ (сағат)
Остаток ресурса до ремонта ________________________________(час)
Жөндеулер саны ______________________________________
Соңғы жөндеуді (күрделі жөндеуді) өткізу күні мен орны
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Әуе кемесінің техникалық жай-күйін бағалау жөніндегі бақылаулық тексерудің негізінде комиссия Ан-2 әуе кемесінің жай-күйі
____________________________________________________________________
                     (борттық N, зауыттық N, мақсаты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
           (қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз) деп таныды.

      Анықталған ақаулықтар және оларды жою әдістер осы Актінің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке ведомосте көрсетілген.

      Қорытынды: Ан-2 әуе кемесі ___, борттық N __, зауыттық N ___
200___ жылдың " __ " ________ дейін _____ жыл мерзімге одан әрі пайдалануға _____________________________________.
                   жіберіледі (жіберілмейді)

      Комиссия төрағасы _________________________
                         (қолы, Т.А.Ә.а., күні)
      Комиссия мүшелері _________________________
                         (қолы, Т.А.Ә.а., күні)
                        _________________________
                        _________________________

                                         Қазақстан Республикасының
                                            азаматтық авиациясы
                                           Ан-2 әуе кемелерінің
                                        жөндеуаралық ресурс шегінде
                                        жұмыс істеу мерзімін ұзарту
                                           ережесіне 4-қосымша

          N ___ Ан-2 әуе кемесінің жөндеуаралық ресурс
           шегінде жұмыс істеу мерзімін ұзарту туралы
                           ҚОРЫТЫНДЫ

____________________________________________________________________
          (АА ұйымының атауын көрсетумен басшының лауазымы)

200 __ жылғы " ___ " ___________ N _____ бұйрығымен құрылған комиссия жасаған 200 __ жылғы " __ " _____________ Техникалық жай-күйді бағалау актісінің негізінде, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің 200 __ жылғы " ___ " ____________ N ______ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация Ан-2 әуе кемелерінің жөндеуаралық ресурс шегінде жұмыс сітеу мерзімін ұзарту ережесіне сәйкес, борттық N___, зауыттық N_________, _______________________________ авиакомпаниясы пайдаланатын Ан-2 әуе кемесінің жұмыс істеу мерзімін ұзарту мүмкіндігін анықтау мақсатында ______________________________________ шешім қабылдады:
                (АТТҚЖ ұйымының атауы)
1. тіркеу N ________ Ан-2 әуе кемесінің жұмыс істеу мерзімі жөндеуаралық шегінде 200 ___ жылғы "__ " _______ дейін ұзартылсын;
2. осы Қорытында белгіленген кезекті ұзарту немесе жөндеуге дейін жұмыс істеу мерзімін аяқтауды қамтамасыз ету үшін Ан-2 әуе кемесін пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету толық көлемде және қолданыстағы пайдалану-техникалық құжаттамада, бюллетеньдерде, уәкілетті органның техникалық нұсқамаларында белгіленген мерзімділікпен жүргізілсін;
3. әуе кемесінде орнатылған агрегаттар мен жинақтауыш бұйымдар паспорттарда көрсетілген ресурстар мен жұмыс істеу мерзімдер шегінде пайдалансын;
4. әуе кемесінің май, отын және пневматикалық жүйелерінің шлангілері сақтау мен пайдаланудың жалпы мерзімі - 7 жыл 6 ай (оның ішінде 5 жыл тікелей пайдалану) өткеннен кейін ауыстырылсын;
5. N ____________ Ан-2 ӘК сақтау кезінде әрбір 15 тәулік сайын қанаттардың, артқы тіректің және рульдеу жазықтарының мата қаптамасының жай-күйін бағалау жөнінде жұмыстар жүргізілсін;
6. N _____________ Ан-2 ӘК формулярына осы Қорытындының 1-тармағына сәйкес жұмыс істеудің жаңадан белгіленген мерзімі туралы жазба жазылсын және формулярдың тиісті бөлігіне осы Қорытындының көшірмесі жапсырылсын.

      "Бекітемін"                            "Келісілді"
   _______________________           ____________________________
   (АА ұйымының басшысы)            (Ан-2 ӘК ЖІМҰ жөніндегі төраға)
    _________________                  _______________________
    (қолы, Т.А.Ә.а.)                      (қолы, Т.А.Ә.а.)
   200__жылғы "___"_______           200__жылғы "___" _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады