Байланыс формасы

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 408 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3991. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 223 қаулысымен.

       Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы  N 223  қаулысымен.
______________________________

      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 273  қаулысының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3831 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы", "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктеріне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.
      5. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге өз қызметін Ереженің 35-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келтірсін;
      2) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге өз қызметін Ереженің 36-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келтірілсін.
      6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы   
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау агенттігі  
Басқармасының          
2005 жылғы 26 қарашадағы     
N 408 қаулысының 1-қосымшасы   

  Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару
жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  51-бабына  сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) әртараптандыру - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін заңнамалармен рұқсат берілген әр түрлі қаржы құралдарына орналастыру;
      2) баға тәуекелі - қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы рыноктарындағы жағдай өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары портфелі құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
      3) бэк-офис - негiзгi функциясы қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді орындау, фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негiзiнде қосалқы есепте жасалған операцияларды тiркеу, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы құралдары мен ақшасын есепке алу болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлiмшесi;
      4) бэк-тестинг - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша тарихи деректерді пайдалана және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдісі;
      5) валюталық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі құндылық түріндегі валюталар бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;
      6) гэп - сыйақы ставкаларының өзгерiсiне ұшыраған немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде өтеуге жататын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемiн салыстыру негiзiнде процент тәуекелiн және өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн өлшеу әдiстерi;
      7) елдiң (трансферт) тәуекелi - шет мемлекеттiң немесе шет мемлекет резидентiнiң қаржы тәуекелдерiне қатыссыз себептер жөнiнде мiндеттемелер бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе Ұйымның (Қордың) алдында жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      8) кредиттік тәуекел - бағалы қағаз (облигациялар, мемлекеттік міндеттемелер және басқалар) шығару талаптарымен белгіленген мерзімде, сондай-ақ артықшылықты акциялар бойынша (дивиденд төлеу жөніндегі белгіленген міндеттемелерге қатысты) кредиторға (инвесторға) тиесілі негізгі борыш пен сыйақыны заемшының (эмитенттің) төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Кредиттік тәуекелге сондай-ақ своптар, опциондар бойынша және есеп айырысуларды реттеу кезеңінде бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерді әріптестің орындамауына байланысты туындайтын залал тәуекелі кіреді;
      9) құқықтық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуы не зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры тәжiрибесiнiң оның iшкi құжаттарына сәйкес келмеуi, ал Қазақстан Республикасы резидент еместерiне қатысты басқа мемлекеттер заңдарының талаптарын бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      10) операция тәуекелi - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі бақылау ұйымына қойылатын талаптарды бұзуы (сақтамауы) салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Операция тәуекелiне сондай-ақ операция (компьютер) жүйелеріндегі елеулі іркілістердің туындауына байланысты тәуекелдер, белгіленген лимиттердің асып кетуі, бағалы қағаздармен немесе бэк-офис жұмысы барысында операторлардың қателерімен операциялар жасаған кездегі алаяқтық жатады;
      11) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелi - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерiн орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздар өтімділігін жоғалту тәуекелі активтер сияқты олардың тез сатылу қабілеттілігімен, төмен шығасылармен және қолайлы бағалар бойынша айқындалады;
      12) проценттiк тәуекел - сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруi салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi, оның iшiнде:
      орналастырған активтер мен тартылған мiндеттемелердi (белгiленген сыйақы ставкалары кезiнде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуiнен шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бiрқатары бойынша алынатын және төленетiн сыйақыны есептеу және түзетудiң түрлi әдiстерiн қолдануға байланысты негiзгi тәуекел;
      13) рыноктық тәуекел - қаржы рыноктарының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Рыноктық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері рыноктық тәуекелдің көздері болып табылады;
      14) стресс-тестинг - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйіне төтенше, бірақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлуетті әсер етуін өлшеу әдісі;
      15) тәуекелдердi басқару жүйесi - бұл процеске төрт негiзгi элемент кiредi: тәуекелдi бағалау, тәуекелдi өлшеу, тәуекелдi бақылау және тәуекел мониторингi;
      16) фронт-офис - негiзгi функциясы қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлiмшесi;
      17) "stop-loss" - лимиттерді белгілеу саясаты, қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі.

  2-тарау. Инвестиция объектілері

      3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - Ұйым) және/немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - Қор) әрбір жеке Қордың инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерін осы Ереженің  1-қосымшасында  көрсетілген зейнетақы активтерінің жалпы көлеміндегі мөлшерде (мәміле жасалған күнге инвестицияның ағымдағы көлемін және Қордың кастодианының инвестициялық шоттарындағы ақша қалдығын қосқанда) қаржы құралдарына дербес орналастырады.

  3-тарау. Инвестициялау шарттары және тәртібі

      4. Зейнетақы активтері есебінен жасалатын мәмілелерді Ұйым (Қор) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы орган қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасайды.
      Ұйымның (Қордың) мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін бастапқы ұйымдаспаған рынокта (оларды орналастыру кезінде) Ұйым (Қор) дербес жасайды.
      Ұйымның (Қордың) мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін Ұйым (Қор) қайталама рынокта осы тармақтың төртінші абзацында белгіленген жағдайдан басқа жағдайда тек қана бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасайды.
      Ұйым (Қор) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  27-бабына  сәйкес эмитенттің инвестициялық портфеліндегі бар акциялары үшін төлем талап етуіне болады.

      5. Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті, сондай-ақ клиенттер шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда Қор тек онда басқаруда болған зейнетақы активтеріне және дербес активтерге қатысты брокерлік, дилерлік қызмет көрсетеді.

      6. Зейнетақы активтерінің қатысуымен ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалуы тиіс. Зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын "кері репо" мәмілелері 30 күннен аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

      7. Ұйымның (Қордың) бір эмитентінің екінші деңгейдегі банктердің біріндегі салымдарға салған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарының инвестиция мөлшері Ұйым (Қор) үшін белгіленген пруденциалдық нормативтердегі белгіленген нормативтерге сәйкес келуі тиіс. Ұйым (Қор) осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты сауда-саттық ұйымдастырушы бастапқы рынокта (оларды орналастыру кезінде) уақытша тоқтатқан жағдайда сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып ала алмайды.

      8. Ұйымның (Қордың) жеке активтері және Қордың зейнетақы активтері орналастырылған екінші деңгейдегі банктердің біріндегі салымдар бойынша алынған сыйақының жылдық мөлшерлемесі салымның осыған ұқсас мерзімімен инвестицияланған кезеңдегі ұлттық немесе шетел валютасымен номинирленген (салым жөніндегі мөлшерлеме тәуелді валютаға қатысты) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша көрсетілген аппроксимирленген кірістілік ставкасынан төмен болмауы тиіс. Аталған аппроксимирленген кірістілікті қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен сауда-саттық өткізген сауда-саттықты ұйымдастырушының қалыптасқан сауда-саттық нәтижесіне байланысты логарифмдік аппроксимация әдісімен былайша белгілейді:
      1) зейнетақылық немесе меншікті активтердің салымға орналастырылған күнінің алдындағы бір апта ішіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютаға номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздарына қатыстылығын;
      2) зейнетақылық немесе меншікті активтердің салымға орналастырылған күнінің алдындағы бір ай ішіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютаға номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздарына қатыстылығын.
      Апроксимирленген кірістілік мынадай формула бойынша есептеледі:

      I = a*ln(x) + b, мұнда x - салым мерзімі,

      мұнда:
      Ii(t) - зерттелетін кезеңдегі белгілі мәндер бойынша процентпен кірістілік;
      t - өтелгенге дейінгі күн саны;
      n - теңестіру коэффициентін анықтаған кезде пайдаланылған кірістілік мәнінің саны.

      9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша номиналы ұлттық немесе шетел валютасымен белгіленген осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген жуықтатылған кірістілікті уәкілетті орган апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні алматы уақытымен 18.00 және 21.00 сағат аралығында "кiрiстiлiктiң қисық сызығы" түрiнде Интернет желiсiнің уәкілетті органның web-cайтындағы "Активтердi бағалау" бөлiмiнде жариялайды және жаңартады.
      Ұйымның (Қордың) меншікті активтерін және Қордың зейнетақы активтерін Ұлттық Банкте немесе екінші деңгейдегі банкте салымға орналастыру мерзімі отыз алты айдан аспайды. Осы мерзім өткенге дейін салым сомасы және ол бойынша сыйақы сомасы Қордың инвестициялық шотына есептелуі тиіс.

      10. Қордың кастодиан банктегі инвестициялық шотына, осы Қордың шетелдік кастодиандық банктердегі кастодиан банктің корреспонденттік шотына және халықаралық депозитарий-есеп айырысу жүйесіне қатысушы - шетелдік ұйымдардағы кастодиан банктің шотына түсетін зейнетақы активтері жеті жұмыс күні ішінде ағымдағы шегерімдерді шығарып тастағанда толық көлемде Ұйымның (Қордың) инвестициялауы тиіс.
      Қордың аталған шотындағы ақша қалдығы осы ереженің 11-тармағымен белгіленген шектен төмен болған жағдайдан басқа жағдайда осы тармақтың бірінші абзацымен белгіленген талаптар бұзылған кезде, Ұйым (Қор) тәртіп бұзылған күннен кейінгі бір күн ішінде уәкілетті органға осы тәртіп бұзуды жоюдың іс-шаралар жоспарын қоса беріп, осы тәртіп бұзу фактісі және себептері туралы ақпарат жібереді.

      11. Қордың инвестициялауға арналған ақша қалдығы Қордың жиынтық ақшасын қосқандағы: кастодиан банктегі инвестициялық шоттардағы; осы Қордың шетелдік кастодиан банктеріндегі кастодиан банктің корреспонденттік шоттарындағы; осы Ереженің 10-тармағының бірінші абзацының талаптарын бұзу фактілері мен себептері туралы уәкілетті органға ақпаратты тәртіп бұзылған күннен бастап бір күн ішінде Ұйымнан (Қордан) талап етілмейтін шетелдік ұйымдардың - халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйесіне қатысушылардың кастодиан банкінің шоттарындағы барынша жоғары мөлшері бір миллиард және одан көп болғанда - зейнетақы активтерінің 1,5% мөлшерін құрайды.
      Осы Ереженің 10-тармағының екінші абзацында көрсетілген ақпаратты уәкілетті орган осы Ереженің 10-тармағының бірінші абзацына сәйкес айқындалған мерзім аяқталғанға дейін алуға тиісті. Егер осы мерзім аяқталғанға дейін екі жұмыс күнінен аз қалса, өтініште оны кешіктіріп ұсыну себептері түсіндірілуі тиіс.

      12. Ұйым (Қор) зейнетақы активтері инвестициялық басқаруға қабылданған Қор салымшыларының мүдделері үшін ғана әрекет жасайды.
      Ұйым (Қор) бірдей ұлттық бірегейлендіру номері бар бағалы қағаздарды Ұйымның (Қордың) инвестициялық басқаруындағы меншікті активтері есебінен және зейнетақы активтері есебінен сатып алу (сату) туралы бір күнде инвестициялық шешім қабылдай алмайды.

      13. Егер қандай да болмасын жағдайдың нәтижесінде Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы Ереженің 3 және 7-тармақтарында белгіленген жағдайларға сәйкес келмегенде, Ұйым (Қор) мұндай сәйкессіздікті тереңдететін инвестициялық қызметті дереу тоқтатады және бір күннің ішінде уәкілетті органға осы сәйкессіздік фактісі және себептерін оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының қосымшасын қоса ұсыну арқылы хабарлайды.

      14. Ұйым (Қор) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметін мыналарды (оның ішінде):
      зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібін;
      зейнетақы активтерінің қатысуымен мәміле жасау және оларды аяқтауды жүзеге асыру тәртібін;
      деректер мен құпия ақпараттың тұтастығын қамтамасыз етуге ішкі бақылау жасау тәртібін айқындайтын ішкі құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      15. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін берілетін ұсынымдар (бұдан әрі - ұсынымдар) негізінде қабылданады.

      16. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібінде мыналар:
      1) мыналарды көздейтін ұсынымдарды беру үшін ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәртібі болуы тиіс:
      ұсынымдарды беретін уәкілетті лауазымды тұлғалардың тізбесі;
      зейнетақы активтері портфелінің жай-күйін талдау;
      инвестиция жасау болжалданып отырған қаржы құралдарына талдаудың болуы, сұрату және кірістілік талаптары;
      инвестиция жасау болжалданып отырған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерді талдау;
      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген түрлендіру нормаларын сақтауды талдау;
      ұсынымдарды беру кезіндегі өзге де маңызды факторларды талдау болуы тиіс;
      2) соларды негізге алып қабылданған ұсынымдар мен инвестициялық шешімдердің бірегей тіркеу журналында тіркелу тәртібі;
      3) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы органға кіретін лауазымды тұлғалардың тізбесі;
      4) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы органның инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі.

      17. Ұсынымда мыналар:
      1) берілген күні және ұсыным нөмірі;
      2) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаттамасы);
      3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижесі;
      4) инвестициялық шешімнің ұсынылып отырған нұсқалары;
      5) ұсынымды берген тұлғалардың қолдары болуы тиіс.

      18. Инвестициялық шешімде мыналар:
      1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;
      2) негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;
      3) аяқталуы тиіс мәміленің түрі;
      4) мәміле аяқталуы тиіс қаржы құралын бірегейлендіргіш;
      5) аяқталуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің диапазоны, бағалар және сомалар);
      6) мәміленің аяқталу мерзімі;
      7) мәміленің аяқталуы болжалданатын рыноктың типін (бастапқы немесе қайталама) көрсету;
      8) мәміленің (осындай болған жағдайда) аяқталуы оның көмегі арқылы болжалданатын делдалдың (брокердің) атауы;
      9) мәміленің аяқталуы зейнетақы активтері есебінен болжалданып отырған қордың атауы;
      10) инвестициялық шешім қабылдаған тұлғалардың қолы болуы тиіс.

      19. Зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасау және олардың аяқталуына бақылау жасау тәртібінде мыналар:
      1) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле (осындай болған жағдайда) жасау көмегі арқылы болжалданып отырған делдалмен (брокермен) қарым-қатынас жасау тәртібі;
      2) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауды аяқтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі;
      3) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауды аяқтауға бақылау жасау тәртібі;
      4) кастодиан банктермен және қорлармен салыстыруды жүзеге асыру тәртібі;
      5) ішкі аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауын аяқтау дұрыстығын тексеру және кастодиан банктермен және қорлармен мәміле жасау дұрыстығын тексеру тәртібі және мерзімділігі;
      6) ішкі есеп және құжат айналымын енгізу тәртібі болуы тиіс.

      20. Зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауға бақылауды жүзеге асыру үшін мыналарды:
      мәміле жасауға қажетті тапсырыстарды есепке алу журналын;
      орындалған және орындалмаған мәмілелерді есепке алу журналын;
      банк салымының шарттарын есепке алу журналын;
      кастодиан банктердің бұйрықтарын тіркеу журналын;
      кастодиан банктермен және қорлармен салыстыру актілерін тіркеу журналын толтыруы тиіс.
      Осы аталған журналдармен қатар Ұйым (Қор) басқа да қосымша есепке алу журналдарын жүргізуі мүмкін.

      21. Деректер мен құпия ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі ішкі бақылау тәртібінде мыналар: 
      1) құпия санатқа жататын ақпараттар тізбесі;
      2) құпия ақпарат болып табылатын құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібі;
      3) лауазымды қызметі бойынша құпия ақпаратқа рұқсат берілген тұлғалар көрсетілген құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібі;
      4) деректердің электронды массивінің сақталуын қамтамасыз ету тәртібі болуы тиіс.

      22. Ұйым (Қор) осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген хеджирлеу құралдарын пайдалануы мүмкін. Хеджирлеу құралын пайдалану шегі осы Ереженің  1-қосымшасымен  белгіленген хеджирлеу объектісіне (базалық актив) салынған инвестиция мөлшерінің мәні осы Ереженің 23-тармағымен белгіленген талаптарды ескере отырып, осы Ереженің  2-қосымшасында  белгіленген мәннен аспауы тиіс.
      Осы Ереже мақсаттары үшін хеджирлеу құралы деп осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын қаржы құралдарын түсінуге болады.
      Хеджирлеу объектісі (базалық актив) деп осы Ереже белгілеген мөлшердегі зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарын түсінуге болады.
      Хеджирлеу деп жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінде бар немесе осыған байланысты бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес анықталған ақшаның түсуін хеджирлеу объектісі әділ құнының өзгеруінің ішінара немесе толық өтемақысын хеджирлеудің бір немесе бірнеше құралдарын пайдалануды түсінуге болады.
      Хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру туралы шешімді инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы орган қабылдайды. Осы шешімде мынадай ақпарат:
      1) шешім нөмірі, қабылданған күні;
      2) негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;
      3) хеджирлеу құралының түрі, оның жасалу мерзімі, көлемі, құны (сыйақылар), хеджирлеу операцияларын жасау жоспарланып отырған рынок көрсетілген хеджирлеу құралының жан-жақты сипаттамасы және осы құралдың басқа да сипаттамалары (талаптары);
      4) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтіліп отырған нәтижелер;
      5) хеджирлеу объектісінің түрін (проценттік, бағалық, валюталық және басқа), сондай-ақ оны бағалау әдістемесін көрсетіп, хеджирлеу объектісінің тәуекеліне (базистік актив) баға беру;
      6) қажетті деректемелері көрсетілген (ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы), сондай-ақ осы хеджирлеу объектісін зейнетақы активтері есебінен сатып алған қордың атауы көрсетілген хеджирлеу объектісі;
      7) хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдау үшін пайдаланылған ақпаратты талдау қорытындылары;
      8) инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қолы болуы тиіс.

      23. Егер бір хеджирлеу объектісін хеджирлеу үшін хеджирлеудің бірнеше құралдарын қолдану жоспарланған болса, онда қабылданған шешімде хеджирлеу құралының әрбір түрі көрсетіледі. Хеджирлеудің бірнеше құралдарын қолдану кезінде оларды пайдаланудың жиынтық шегі әрбір хеджирлеу құралына қатысты белгіленген хеджирлеу объектісіндегі инвестиция мөлшерінің мәнінен аспауы тиіс.

      24. Хеджирлеу операциялары бойынша қабылданған барлық шешімдер Ұйымда (Қорда) инвестициялық шешімдерді есепке алу журналында көрсету жолымен сақталады.

      25. Хеджирлеу операциялары аяқталған соң тиісті шешіммен оның аяқталғандығы туралы белгі қойылады және осы хеджирлеу құралының түрін пайдаланудың нақты нәтижесі көрсетіледі.

      26. Хеджирлеу операциялары процесі жағдайында хеджирлеу құралының түрін, мерзімін және басқа сипаттамаларын өзгерту қажеттігі туған жағдайда, осы шаралар осы Ереженің 22-тармағының 3), 4), 5) және 7), 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді келтіре отырып, хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру туралы тиісті шешімде көрсетіледі.

      27. Хеджирлеу операцияларын, сондай-ақ ол бойынша кірісті және шығынды Ұйымның (Қордың) қаржылық есеп беруінде есепке алу және көрсету қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      28. Осы операцияның хеджирлеу операциясына қатысты екенін растау мақсатында Ұйым (Қор) хеджирлеу операцияларын жүзеге асыратын әр шешімге осы жасалған операциялардың хеджирлеу объектісі бойынша болуы мүмкін шығынның (ала алмаған кіріс) мөлшерін түсіруге алып келетінін растайтын тиісті есеп жасайды.

      29. Ұйым (Қор) өз қызметі процесінде Ұйымдағы (Қордағы) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.

      30. Ұйымдағы (Қордағы) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы корпоративтік басқаруға, қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізу тәжірибесіне, ақпарат жүйелерінің және басқару ақпараты жүйелерінің қызмет етуіне қойылатын осы Ереже белгілеген талаптарға сәйкестікті көздейді.

      31. Тәуекелдерді басқару жүйесін және ішкі бақылауды ұйымдастыру Ұйымның (Қордың) осы Ереженің  3-қосымшасында  көрсетілген талаптарға сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.

      32. Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізу тәжірибесінің болуы осы Ереженің  4-қосымшасында  көрсетілген талаптарға Ұйымның (Қордың) сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.

      33. Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде Ұйымның (Қордың) операциялық қызметінің болуына, ақпарат жүйелері мен басқару ақпараты жүйелерінің қызмет етуіне осы Ереженің  5-қосымшасында  көрсетілген талаптарға Ұйым (Қор) сәйкес келген кезде жол беріледі.

      34. Ұйым (Қор) жыл сайын, есептіден кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, осы Ереженің 3-5-қосымшаларында көрсетілген талаптардың орындалуын бағалау жөніндегі олар дайындаған есепті уәкілетті органға береді. Осы есепте:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың болуына қойылатын талаптар мен талап критерийлерінің толық тізбесі;
      2) тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың болуына қойылатын әрбір талап пен талап критерийіне Ұйымның (Қордың) сәйкестігі бойынша бағалау, оның ішінде көрсетілген талаптарға Ұйымның (Қордың) жан-жақты айқындайтын сәйкестігі;
      3) Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару жүйесіндегі, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың болуына қойылатын талаптар мен талап критерийлері бойынша кемшіліктер;
      4) тәуекелдерді басқару жүйесіндегі және ішкі бақылаудағы кемшіліктерді жою жөніндегі қажетті іс-шаралар болуы тиіс.

      35. Ұйымдар (Қорлар) орындауға міндетті талаптардың негізгі критерийлері осы Ереженің  6-қосымшасында  айқындалған.

      36. Ұйымдар (Қорлар) орындауға міндетті талаптардың қосымша критерийлері осы Ереженің  7-қосымшасында  айқындалған.

                                            Зейнетақы активтерін
                                            инвестициялық басқару
                                             жөніндегі қызметті
                                           жүзеге асыру ережесінің
                                                1-қосымшасы

           Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға
           рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесі

      1. Ұйым (Қор) қаржы құралдарының тізбесіне әрбір жеке Қордың
инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерін зейнетақы
активтерінің және оларға қойылатын талаптардың жалпы көлеміне
байланысты орналастыра алады

N

Қаржы құралдарының атауы

Инвестицияның мөлшері

1.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланғандарды қосқанда), сондай-ақ мемлекеттің кепілдігіне шығарылған бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар

15%-тен кем емес

2.

Осы бағалы қағаздар сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерінде  айналысқа жіберілгендігі және уәкілетті органның зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат еткендігі туралы талабы бойынша, жергілікті атқарушы органдар шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланғандар) 

5%-тен астам емес

3.

Осы Қосымшаның 3-тармағының талаптарына сәйкес айқындалған екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға (Ереженің 7 және 8 тармақтарында белгіленген шектеулермен қоса)

20%-тен астам емес

4.

осы Қосымшаның 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін шет мемлекеттердің бағалы қағаздары, осы Қосымшаның 5-тармағының талаптарына сәйкес келетін шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары, осы Қосымшаның 2-тармағымен айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары, оның ішінде  шетелдік инвестициялық қорлардың көрсетілген пайлары:

40%-тен астам емес, оның ішінде:

1)

Осы Қосымшаның 4-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін шет мемлекеттердің бағалы қағаздары, осы Қосымшаның 5-тармағының 1)-2) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары;

40%-тен астам емес

2)

Осы Қосымшаның 4-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін шет мемлекеттердің бағалы қағаздары, осы Қосымшаның 5-тармағының 3)-4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары;  

30%-тен астам емес

3)

Осы Қосымшаның 4-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін шет мемлекеттердің бағалы қағаздары, Осы Қосымшаның 5-тармағының 5)-6) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары;  

20%-тен астам емес

4)

Осы Қосымшаның 4-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін шет мемлекеттердің бағалы қағаздары, Осы Қосымшаның 5-тармағының 7)-8) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары;  

10%-тен астам емес

5)

"Standard & Poor's principal stability fund ratings" "ВВВm" төмен емес рейтингтік бағасы бар не "Standard & Poor's Fund credit quality ratinges" "ВВВf"  төмен емес рейтингтік бағасы бар шетелдік инвестициялық қорлардың пайлары

5%-тен астам емес

5.

Сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары

20%-тен астам емес

6.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары, ипотекалық облигациялардан басқа, "А" санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілгендер және "ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ва2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста болатын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және "ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ва2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста болатын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары

50%-тен астам емес

7.

"Қазақстан Даму Банкі" АҚ кепілдігімен шығарылған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигациялары және бағалы қағаздары 

15%-тен астам емес

8.

Лондонның қымбат металдар рыногы қауымдастығының (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін тазартылған қымбат металдар және "Лондондық сапалы жеткізу" стандарты ретінде ("London good delivery") осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген

5%-тен астам емес

9.

Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфроқұрылымдық облигациялары 

15%-тен астам емес

10.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылып, "В" санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ "А" және "В" санаттары бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген аралық инвестициялық қорлардың пайлары, басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады

5%-тен астам емес

      2. Мынадай халықаралық қаржы ұйымдарымен эмиссияланған бағалы қағаздар:
      1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      2) Еуропа қайта құру және даму банкі;
      3) Америка аралық даму банкі;
      4) Халықаралық есеп-айырысу банкі;
      5) Азия даму банкі;
      6) Африка даму банкі;
      7) Халықаралық қаржы корпорациясы;
      8) Ислам даму банкі;
      9) Еуропа инвестициялық банкі.
      3. Орналастырылған күнгі банктегі салымы "А" санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздары бар банк немесе "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) санаттарынан төмен емес ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және дербес рейтингі бар резидент емес бас банктің еншілес резидент банкі болуы тиіс.
      4. Осы Қосымшаның 1-тармағымен белгіленген шектеулерді ескере отырып, шет мемлекеттердің бағалы қағаздары:
      1) шетел валютасында халықаралық кредиттік рейтинг шәкілі бойынша "ААА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ааа" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтинг бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;
      2) шетел валютасында халықаралық кредиттік рейтинг шәкілі бойынша "АА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Аа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтинг бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;
      3) шетел валютасында халықаралық кредиттік рейтинг шәкілі бойынша "А" ( "Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтинг бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;
      4) шетел валютасында халықаралық кредиттік рейтинг шәкілі бойынша "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтинг бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары.
      5. Осы Қосымшаның 1-тармағымен белгіленген шектеулерді ескере отырып шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
      1) "ААА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) немесе "Ааа" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;
      2) "ААА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) немесе "Ааа" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
      3) "АА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Аа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздары;
      4) "АА" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Аа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
      5) "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;
      6) "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттер акциялары;
      7) "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ( "Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздары;
      8) "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар эмитенттердің акциялары.

                                            Зейнетақы активтерін
                                            инвестициялық басқару
                                             жөніндегі қызметті
                                           жүзеге асыру ережесінің
                                                2-қосымшасы

N

Хеджирлеу құралының атаулары 

Пайдалану шегі

1.

Фьючерс

50% тен астам емес

2.

Опцион

50% тен астам емес

3.

Своп

50% тен астам емес

                                            Зейнетақы активтерін
                                            инвестициялық басқару
                                             жөніндегі қызметті
                                           жүзеге асыру ережесінің
                                                3-қосымшасы

   Тәуекелді басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

N

Талаптар атауы 

Талаптар критерийі

1.

Директорлар кеңесі ұзақ мерзімді корпоративті стратегияны жасады. 

 Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) қызметінің стратегиясын бекітті.
 Ұйымның (Қордың) корпоративті стратегиясында Ұйымның (Қордың) қызметінің қысқа мерзімді (бір жылдан кем) және ұзақ мерзімді (екі жыл мен он жылға дейін) мақсаттары белгіленді.
 Ұйымның (Қордың) ұзақ мерзімді стратегиясы осының алдындағы Ұйымның (Қордың) қызметінде теріс көрініс тапқан факторларды  алып тастау мақсатында жасалды және тұрақты жетілдіріліп отырады.  

 2.

Директорлар кеңесі талап бойынша корпоративті басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін Ұйымның (Қордың) басқару саясатын белгіледі.  

 Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) мүддесіне  байланысты дауларды реттеу жөніндегі саясатты бекітті.
 Директорлар кеңесі стратегияларға, саясатқа және рәсімдерге қарама-қайшы келетін операцияларды жасау мүмкіндігін алып тастау мақсатында Ұйымның (Қордың) тәуекелмен байланысы бар (кредиттік тәуекел, проценттік тәуекел, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюталық тәуекел) операцияларына мониторинг жүргізеді

 3.

Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінде құрылған комитеттер арқылы Ұйымның (Қордың) қызметіне мониторинг өткізеді. 

 Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) ішкі ережелері мен рәсімдерінің сақтауына бақылауды жүзеге асырады және ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерін, уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге талаптарын орындайды.
 Инвестициялық комитет қаржы құралдары мен инвестициялауды сатып алу/сату жөніндегі операцияларды жүргізу ережесін анықтайды және бекітеді, сондай-ақ Ұйымның (Қордың) активтерінің, капиталдың рентабельділігін, өтімділігін және жеткіліктілігін әртараптандыру жөніндегі бағдарын белгілейді.  Комитет құрамына тиісті санаттағы біліктілік куәліктері бар үш адамнан кем болмауы керек.  

 4.

Директорлар кеңесі ай сайын Ұйымның (Қордың) қаржылық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін қажетті ақпаратты қабылдайды, есепті ай ішіндегі Ұйымның (Қордың) қызметіне талдау жасайды, баға береді.  

 

 Директорлар кеңесі қажеттілік шегіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес ретпен, мынадай есептерге талдау жасайды:
 Ұйымның (Қордың) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы кірістері мен шығыстары туралы жиынтық балансы және есебі және жоспарлы қызмет көрсеткіштері;
 инвестициялар туралы есептер: қаржы құралдарының олардың түрлерін және баланстық құнын, рыноктық құнын, кірістілігін және сатып алу және сату жалпы сомасын көрсету бойынша топталуы;
 Ұйымның (Қордың) активтер мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру туралы есеп (гэп - талдау);
 Ұйымның (Қордың) проценттік тәуекел бойынша позициясын қысқаша талдау;
 Ұйымның (Қордың) валюталардың айырбас бағамдарының ауытқуы тәуекеліне душар болуын қысқаша талдау;
  Ұйымның (Қордың) меншікті капиталдағы ағымдағы және болжалданып отырған қажеттіліктерін қысқаша талдау.
  Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шаралары мен өзге де талаптарының, оның ішінде Ұйымның (Қордың) қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалмау себептерін анықтай отырып бақылау жүргізеді.    

 5.

Директорлар кеңесі жыл сайын Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің функционалды міндеттеріндегі мүдделерге байланысты болуы мүмкін дауларға талдау жасайды.   

 Директорлар кеңесі жыл сайын Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің функционалды міндеттері бойынша жылдық есептерге талдау жасайды.  

   

 6.

Директорлар кеңесі жыл сайын басқарманың есепті жыл ішіндегі қызметіне талдау жасайды.  

 Директорлар кеңесі жыл сайын басқарманың есепті жыл ішіндегі Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржы жылына  жоспарлаған қызметінің мән-мақсатына жетуіне талдау жасайды.
 Директорлар кеңесі егер Ұйымның (Қордың) қызметінің нәтижесі ағымдағы жылдың мақсатты көрсеткіштерімен сәйкес келмеген жағдайда өз өкілеттігі шегінде Ұйымның (Қордың) басқармасының мүшелеріне шара қолдануы мүмкін.   

 7.

Басқарма Ұйымның (Қордың) басқармасының ұйымдастыру-функционалдық құрылымының қалыптасу рәсімдерін белгілейді.
Ұйымдастыру құрылымына (ұйымдастыру құрылымының схемасы) Ұйымның (Қордың) әр қызметшісі енгізілуі міндетті емес, бірақ оған  Ұйымның (Қордың) барлық басшы қызметкерлері енуі тиіс. 

 Ұйымның (Қордың) ұйымдастыру құрылымының схемасы оның ішінде мыналарды реттейді:
 Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің немесе Ұйымның (Қордың) жүргізіп отырған операцияларына байланысты негізгі тәуекелдерді талдауға және тәуелсіз бағаға жауап беретін тәуекелдерді басқарушы тұлғаның өкілеттігі мен міндеттері;
 функционалды міндеттері бойынша сәйкес келетін Ұйымның (Қордың) басқару органдарының құрылымы;
 Ұйымның (Қордың) әрбір басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттері және өкілеттігі;
 есепті жыл ішінде Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерінің қызметіне баға беру тәртібі (басқарма мүшелерінен басқа), оның ішінде Ұйымның (Қордың) қызметіндегі мақсатты көрсеткіштерін Ұйымның (Қордың) орындамағаны үшін шара қолдану немесе жауапкершілікке тарту. 

 8.

Директорлар кеңесі қысқа мерзімді кезеңге жасалған жылдық бюджет/қаржылық жоспар жасау тәртібін бекітеді және резиденттері Ұйымның (Қордың) клиенттері болып табылатын   Қазақстан Республикасының, шетелдердің болашақ экономикалық талаптарын және әлемдік қаржылық және тауарлық рыноктардың  конъюнктурасын ескеріп ұзақ мерзімді кезеңге жасалған стратегиялық жоспарын бекітеді.     

 Жылдық бюджетті және  стратегиялық жоспарды басқарма Ұйымның (Қордың) ағымдағы және болашақ бәсекелес және экономикалық ортасын және нормативтік құқықтық базаны, қосымша қажетті капитал мөлшерін ескере отырып жасайды. 

 

 9.

Басқарма Ұйымның (Қордың) жүргізген әлеуеттік және мүмкін тәуекелдерді бірегейлендіреді және бағалайды, тәуекелдерді басқарудың реттелген рәсімдерін қолданады. 

 

 Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару функциясын жүзеге асыратын бөлімшесі қаржы құралдарының сыртқы және ішкі рыноктарының теріс серпінділігі жағдайында оның зейнетақы активтеріне, кірістілікке және өтімділік ықпалына баға беру әдісін пайдаланады.
 Басқарма әлуетті және мүмкін тәуекелді беретін ішкі және сыртқы экономикалық факторларды бірегейлендіреді және оған талдау жасайды, олардың Ұйымның (Қордың) қаржылық көрсеткіштеріне әсер ету дәрежесіне баға береді.
 Директорлар кеңесі бекіткен жиынтық лимиттер бөлігінде басқарма жеке-жеке жүргізіліп отырған операциялар түрлері бойынша тәуекелдің жол берілетін мөлшеріне лимиттер белгілейді, Ұйымның (Қордың) аталған лимиттерді сақтауы үшін бақылаудың тиімді шараларын қабылдайды. 

 10.

Басқарма Ұйымның (Қордың) мүмкін және әлуетті тәуекелдерін бақылауды жүзеге асырады.  

 Басқарма жиынтық лимиттердің сақталуын  тәуекел түрлері бойынша олардың ай сайынғы есебі негізінде бақылайды.
 Басқарма мүмкін және әлуетті тәуекелдерді басқарудағы саясатты  Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің сақтауын бақылайды, Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің олар үшін белгіленген лимиттер шегіндегі тәуекелдер мөлшерін сақтау    мониторингін жүзеге асырады.  

 11.

Ұйымның (Қордың) бағалы қағаздар рыногындағы болуы мүмкін тәуекелдерді әртараптандыру (бөлу)  саясатын ұстанады. 

 Басқарма Ұйымның (Қордың) жүргізіп отырған операциялар түрлері бойынша тәуекелдерді бөлу, яғни меншікті капиталдың жеткіліктілігі мен төлем қабілетінің қажетті деңгейін сақтау мақсатындағы тәуекелді ескеріп, қаржы құралдарымен жүргізілген операциялардың құрылымы мен көлемін қалыптастыру саясатын қолданады және оларды Ұйымның (Қордың) жауапты  бөлімшелерінің орындауына бақылау жасайды.
 Ұйымның (Қордың) әртараптандыру саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген әртараптандыру нормаларын сақтайтын мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін   ұйымдастыру-функционалдық және операциялық  құрылымы бар.

 12.

Ұйымның (Қордың) ұйымдастыру және функционалды құрылымы, Ұйымның (Қордың) қаржылық қызметі бойынша шешімдер қабылдау рәсімдері Ұйымның (Қордың) ішкі саясатымен реттеледі. 

 

 Тәуекелдерді басқару саясаты Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін реттейтін ережелерді, соның ішінде қаржы құралдарын сатып алу/сату жөніндегі операцияларды жасаудың дұрыстығына қосарлы бақылау жасауды көздейді және соған байланысты тәуекелдерді бақылауды көздейді.
 Ішкі аудит қызметі басшы қызметкерлердің Ұйымның (Қордың) қызметін басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функциясын топтауды анықтауға, сондай-ақ жүргізілген операциялардың Ұйымның (Қордың) бекітілген корпоративті стратегиясына, саясатына және рәсімдеріне сәйкес келу мәніне тексеру жүргізеді.
 Тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесінің, басқарма мүшелерінің және жауапты қызметкерлердің  тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық қызметін анықтайды.

 13.

Ұйымда (Қорда) кезең-кезеңімен Директорлар кеңесіне, басқармаға Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржылық қызметі туралы және Ұйымның (Қордың) қабылдаған тәуекелдер мөлшері туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқарудың есеп және есеп беру жүйесі бар.  

 Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржылық жай-күйі туралы ақпараттар форматы және ол қабылдаған тәуекелдер белгілі бір басқарудың есеп беру нысаны түрінде стандартталған, оның ішінде кредиттік, проценттік тәуекелдерді, өтімділікті жоғалту тәуекелін, валюталық, ел (трансферттік) тәуекелдерін, сондай-ақ тәуекелдерге душар болу дәрежесін анықтайды, олардың белгіленген лимиттер шегінде сақталуын бірегейлендіреді және өлшем жасайды.
 Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесіне және  басқармасына ұсынылатын басқарушылық ақпарат тізбесі Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесі мен   басқармасының тәуекелдерді басқару жөніндегі жеке  функционалдық міндеттерін  тиісінше орындауы үшін жеткілікті болып табылады.

 14.

Ұйымның (Қордың) тәуекелді басқару жөніндегі ішкі саясатымен, оның ішінде  функциясы тәуекелдерді басқару жөніндегі рәсімдерді орындауды көздейтін қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары да   белгіленеді.   

   

 Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қызметкері басшы қызметкердің біліктілік, оның ішінде жұмыс өтіліне, тәуекелдерді басқару жөніндегі функционалды міндеттерін жүзеге асыру үшін тиісті біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуын көздейтін талаптарына сәйкес келеді.
 Ұйымның (Қордың) бөлімшесінің тәуекелді басқару жөніндегі және ішкі аудит қызметінің  қызметкерінің функционалды міндеттері олар жүргізіп отырған операцияларға сәйкес келеді. 

   

 15.

Директорлар кеңесі салымшылар (алушылар) активтерімен, жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу, инвестиция саясатымен,  хеджирлеу әдістерін пайдалану саясатымен жұмысты ұйымдастыруды реттейтін ішкі саясатты бекітеді.  

 Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтерімен жұмыс жөніндегі саясатына мыналар жатады:
 зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарының Қазақстан Республикасының заңнамаларымен сәйкестігін тексеру рәсімдері;
 салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына қаражаттың, төлемдердің және жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының уақтылы түсуінің есебін алу шынайылығын қамтамасыз ететін рәсімдер;
 салымшылардың (алушылардың) зейнетақымен қамсыздандыру шарты бойынша шағымдарын белгіленген мерзімде қарауға кепілдік беретін рәсімдер, жинақталған зейнетақы қаражатын аудару сәтіндегі немесе төлем жасау сәтіндегі жоғалтуларды уақтылы қалпына келтіру;
 зейнетақы активтерін есепке алу сәйкестігі мониторингін қамтамасыз ету және зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сай уақтылы инвестициялау рәсімдері;
   Қордың комиссиялық сыйақысын есепке алу және төлем жасау дұрыстығын тексеру;
 мыналарды енгізетін инвестициялық саясатты:
 зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі;
 зейнетақы активтерін қатыстыра отырып мәмілелер жасау тәртібі және олардың жасалуына бақылауды жүзеге асыру;
 деректердің бүтіндігі мен ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге ішкі бақылау жасау тәртібі;
 инвестициялық шешімдер қабылдау рәсімдері, сондай-ақ инвестициялық шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар беру;
 зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу саясаты және рәсімдері;
 зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістерден алынатын Ұйымның (Қордың) комиссиялық сыйақысының мөлшері, сондай-ақ осы ақпараттың Ұйымның (Қордың) салымшыларына (алушыларына) берілу шарттары.

 16.

Ішкі аудит қызметі қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыратын Ұйымның (Қордың) бөлімшелеріне мерзімді түрде, бірақ жылына бір реттен кем емес ішкі аудиторлық тексеру жүргізеді, оның ішінде тәуекелді басқару жүйесін және ішкі бақылауды жақсарту мақсатында.

 Ұйымның (Қордың) ішкі аудит бойынша саясаты мыналарды анықтайды:
 Ұйымның (Қордың) душар болған барлық тәуекелдерін;
 ішкі аудитті жүргізу ауқымын және жиілігін;
 ішкі аудитті жүргізу кезінде пайдаланылатын рейтингтік жүйені;
 Ұйымның (Қордың) ішкі аудит жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарын.
 Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес қаржы құралдарымен операциялар жүргізуді көздейтін Ұйымның (Қордың) барлық бөлімшелеріне тұрақты түрде ішкі тексерулер жүргізеді.
 Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес зейнетақы активтерінің есебінен жасалатын операцияларға, зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді жасау дұрыстығына және кастодиан банктермен және қорлармен салыстыруларды жүзеге асырудың, есепке алудың және құжат айналымының дұрыстығына тұрақты ішкі тексерулер жасайды.
 Ішкі аудит қызметі зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді есепке алу журналындағы ақпараттың шынайылығына тұрақты түрде тексеру жүргізеді.
 Ішкі аудит қызметінің қызметкері Ұйымның (Қордың) біліктілік талаптарына сәйкес келеді, сондай-ақ тексерулер жасалып отырған Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің қызметі туралы жұмыс тәжірибесі және қажетті білімі болады.
 Ұйымның (Қордың) ішкі саясаты бойынша ішкі аудит қызметі тексеріп отырған бөлімшенің қызметіне байланысты барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық немесе өзге де конфиденциалды құпия режимдегі құжаттарды қарау құқығы көзделеді.
 Ұйымның (Қордың) ішкі аудит саясатымен  олардың функционалды міндеттерін орындауы Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінен немесе басқа бөлімшелерден   тәуелсіздігі және ішкі аудит қызметінің Директорлар кеңесіне есептілігі белгіленеді.
 Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) сыртқы аудиторымен бірлесіп, жылына бір реттен кем емес ретпен Ұйымның (Қордың) ішкі бақылау жүйесіндегі ішкі немесе сыртқы аудитор анықтаған кемшіліктерді талқылау үшін бірлескен кездесулер өткізеді.

 17.

Басқарма әрбір тексеру қорытындысы бойынша ішкі аудит қызметінің есебіне талдау жасайды және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін Директорлар кеңесіне ұсыныстар береді.   

 Ішкі аудит қызметінің саясаты бойынша ішкі аудит қызметі оңтайлы мерзім ішінде әрбір тексеру қорытындысын Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесіне және Басқармасына ұсыну көзделеді.
 Ішкі аудит қызметінің өкілеттігі бөлімше үшін орындауы міндетті болып табылатын жасалған тексерулер қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеуді көздейді, сонымен қатар оларды жүзеге асыру тәсілдері мен талаптарын тікелей бөлімшелер белгілейді және Ұйымның (Қордың) Басқармасы бекітеді.
 Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) бөлімшелері ішкі аудит қорытындысы бойынша қабылданған іс-шараларды және оларды оңтайлы орындау мақсатында жүргізген және жоспарлаған мониторингті жүзеге асырады.   

 18.

Басқарма және қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға жауап беретін Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің басшылары Ұйымның (Қордың) ай сайынғы  кірістер (шығыстар) мониторингін Директорлар кеңесі бекіткен лимит шегінде сақтау мақсатында жүргізеді.  

 

 Ішкі саясат бойынша ай сайын Ұйымның (Қордың) кірістерін (шығыстарын), оның ішінде серпінділігі, бөлігі бойынша, қызмет түрлері бойынша, Ұйымның (Қордың) аумақтық және функционалды бөлімшелерін қадағалайтын Ұйымның (Қордың) бөлімшесі белгіленген.
 Ішкі саясат бойынша Директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегіндегі бөлімшенің қызметіне байланысты кірістерді (шығыстарды) басқару жөніндегі Ұйымның (Қордың) бөлімшесінің өкілеттігі  көзделген.
 Бөлімшелер Ұйымның (Қордың) күтілетін кірісіне қабылданып отырған тәуекелді ескере отырып баға береді.   

 19.

Басқарма қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға жауапты Ұйымның (Қордың) бөлімшелері бойынша қаржы ресурстарын бөлу мониторингін  Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесі белгілеп, жол берген лимитін сақтай отырып, оның ішінде тәуекелге және кірістілікке және Ұйымның (Қордың) тәуекелі мен меншікті капиталына қатысты етіп  жүргізеді. 

 Басқарма Ұйымның (Қордың) меншікті капиталының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін барынша төмен деңгейге сай келуін қамтамасыз етеді.
 Басқарма Директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегінде Ұйымның (Қордың) қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыратын әр бөлімшесі үшін тәуекел лимитін белгілейді.

 20.

Басқарма Ұйымның (Қордың) шарт жасау қатынастарын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын, зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарымен операциялар жүргізу жөніндегі ішкі саясатты сақтау жөнінде    тұрақты мониторинг жүргізеді. 

 Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша Ұйымның (Қордың) қызметкерінің Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық стандарттарды, зейнетақымен қамсыздандыру аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу деңгейін анықтайды.
 Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға байланысты, қаржылық қызметтің жаңа түрлерін енгізу кезінде Ұйымда (Қорда) қосымша маңызды тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне баға береді.

 21.

Басқарма Директорлар кеңесіне және Ұйымның (Қордың) акционерлеріне Ұйымның (Қордың) қызметі туралы қаржылық және басқару есебін, инвестициялық шешімдер бойынша есепті береді.  

  Директорлар кеңесі Басқарманың Директорлар кеңесіне және Ұйымның (Қордың) акционерлеріне Ұйымның (Қордың) қаржылық көрсеткіштеріне баға беру мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржылық және басқару есебін ұсыну нысаны мен мерзімін бекітті.
 Директорлар кеңесі тұрақты негізде инвестициялық шешімдерді және оларға ұсынымдарды талдап отырады.
  Директорлар кеңесі ішкі бақылауды жетілдіру және тәуекелдерді басқару жөніндегі сыртқы аудиторлардың қорытындыларына талдау жасайды.   

 22.

Басқарма тұрақты түрде тәуелсіз халықаралық аудиторлық ұйымдардың қорытындылары негізінде Ұйымның (Қордың) есеп және есеп беру жүйесін жақсартуды жүзеге асырады. 

 

 Ұйымның (Қордың) есеп және есеп беру саясаты сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы қорына аудит жүргізу барысында мынадай мәселелерді тексеруді көздейді:
 күнделікті балансты өңдеудің дұрыстығы;
 Ұйымның (Қордың) есеп      саясатының  қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес келуі;
 қаржылық есептердегі негізсіз бухгалтерлік айла-шарғы фактілерінің болуы;
 жеке және зейнетақы активтерінің есебінің дұрыстығы;
 Ұйымның (Қордың) есеп саясатында белгіленген талаптар бойынша есеп және есеп беруді жасау әдістерінің сәйкестігі;
 Ұйымның (Қордың) жылдық есебінде тәуекелдердің құрылымы мен мөлшерін толық және дұрыс ашу. 

 23.

Басқарма соңынан Директорлар кеңесіне тиісінше есеп бере отырып, ай сайын Ұйымның (Қордың) қызметіне қойылатын экономикалық талаптардың сыни көрсеткіштеріне талдау жасайды.   

 Тәуекелдерді басқару бөлімшесі зейнетақы активтерінің тиімділігіне және өтімділігіне ықпал ететін мынадай факторларға болжам жасайды:
 қарсы әріптестердің келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамауы;
 Қазақстан Республикасының тәуелсіз борыштық рейтингінің үш ай ішінде бір деңгейге және бір жыл ішінде екі деңгейге төмендеуі;
 ұзақ мерзімді қаржы құралдарының мерзімінен бұрын өтелуі;
 теңге бағамының девальвациялануы/ ревальвациялануы.           

 24.

Басқарма зейнетақы активтерін сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен жасалатын операциялардың қажетті кірістілігі жөніндегі шараларды әзірледі.    

 Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше мыналарға тұрақты талдау жасайды:
 Ұйымның (Қордың) баланстық және баланстан тыс есептерін, сондай-ақ экономикалық талаптарға байланысты өзгеруге бейім кірістер мен шығыстарды;
 өтімділіктің төмендеуі, қаржы құралдарына бағаның өзгеруі;
 заемшының қаржылық жай-күйіне, оның борыштық негізгі соманы және есептелген сыйақыны өтеуге байланысты мүмкіндіктеріне қатысты борыштық бағалы қағаздар портфелі;
 олардың өтеу мерзіміне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне бейім активтерді, міндеттемелерді және баланстан тысқары баптарды бөлу (гэп-талдау);
  шетел валютасы бағамының өзгеруіне бейім активтерді, міндеттемелерді және баланстан тысқары баптарды бөлу.

                                            Зейнетақы активтерін
                                            инвестициялық басқару
                                             жөніндегі қызметті
                                           жүзеге асыру ережесінің
                                                4-қосымшасы

                Қаржы құралдарымен операциялар
                 жүргізуге қойылатын талаптар

N

Талаптар атауы 

Талаптар критерийі 

1.

Директорлар кеңесі қаржы құралдарын және баға жөніндегі тәуекелді сатып алу/сату жөніндегі операцияларды басқарудың ішкі саясатын бекітті.  

  Қаржы құралдарын және баға жөніндегі тәуекелді сатып алу/сату жөніндегі операцияларды басқарудың ішкі саясаты мыналарды реттейді:
  Ұйымның (Қордың) активтерінің (міндеттемелерінің) құрылымына байланысты өтімділікті жоғалту тәуекелін анықтау;
  Ұйымның (Қордың) активтерінің (міндеттемелерінің) құрылымына байланысты проценттік тәуекелін анықтау;
  Ұйымның (Қордың) активтерінің (міндеттемелерінің) құрылымына байланысты валюталық тәуекелін анықтау;
  туынды қаржы құралдарымен операцияларға тиесілі тәуекелдерді анықтау;
 Ұйымның (Қордың) рыноктық тәуекеліне өлшем жасау кезінде пайдаланылатын моделдер;
 тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің Ұйымның (Қордың) рыноктық тәуекел жөніндегі позициясы туралы есебін  Директорлар кеңесіне және Басқармаға ұсыну мерзімділігі.   

2.

Директорлар кеңесі фронт- және бэк-офистердің  функционалды міндеттерін бөлуге негізделген, нақты айтқанда мәмілені жүзеге асыратын фронт-офис пен аталған операциялардың есебін көрсетумен айналысатын бэк-офис арасындағы  қосарлы бақылау саясатын бекітті.

 Қосарлы бақылау жүйесі мыналарды көздейді:
 фронт және бэк-офистерді бөлу;
 бэк-офистің фронт-офистегі операцияларға қойылатын талаптарды уақтылы тексеру мүмкіндігі;
 қосарлы бақылау жүйесі қатысушылары арасындағы болуы мүмкін келісімдерді шектеу шаралары;
 фронт және бэк-офистерде және бөлімшелердің міндеттерін бір мезгілде бір тұлғаның орындауына тыйым салу.

3.

Басқарма Ұйымның (Қордың) операцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді бекітті. 

  Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) операцияларын кірістермен операцияларды жүзеге асыру және Ұйымның (Қордың) меншікті капиталы мен кіріс мөлшеріне тең емес тәуекелді қабылдау кезіндегі заңсыздық жағдайларын анықтау және алдын алу мақсатында тексереді.    

4.

Ұйымның (Қордың) автоматтандырылған жүйесі бар (қаржы құралдарының портфелін басқару, операциялармен қамтамасыз ету, шоттарды өңдеу және есеп айырысу жүргізу, тәуекелдерді басқару).  

  Ұйымда (Қорда) қаржы құралдарын сатып алу/сату жөніндегі операцияларды қамтамасыз етудің техникалық жүйесі бар.   
   Ұйымда (Қорда) тәуекелдерді басқару үшін қажет ақпаратты жинау жүйесі бар.
   Ұйымда (Қорда) ақшамен және  қаржы құралдарымен есеп айырысу жасайтын техникалық жүйе бар.
    Ішкі аудит қызметі және сыртқы аудиторлар Ұйымның (Қордың) бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізуге, тәуекелдерді басқаруға жауап беретін бөлімшелерінің беріп отырған мәліметтерінің нақтылығын тексереді. 

5.

Ұйымның (Қордың) нақты уақыт режиміндегі тәуекелдерді бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржы құралдарымен операциялар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесі бар.

  Ұйым (Қор) жеке рыноктық операциялардан басқа сауда операцияларын өңдейді. 
  Ұйым (Қор) баға тәуекеліне душар болған кірістерді/шығыстарды және активтер және міндеттемелер бойынша тәуекелдерді бақылайды және күнделікті олардың құнын бағалап отырады.

6.

Ұйым (Қор) кезең-кезеңімен әлуетті рыноктық тәуекелге, сондай-ақ қаржы құралдарының ағымдық рыноктық бағасын ескеріп, кірістерге/шығыстарға баға береді.

  

  Ұйым (Қор) қаржы құралының рыноктық құны болмаған жағдайда қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес осы қаржы құралының құнсыздануына тест жүргізеді.
 Ұйым (Қор) тұрақты түрде әрбір операциялық күн ішінде қаржы құралдарымен операциялардан түскен кірістерге/шығыстарға баға береді.
 Тәуекелдерді басқару бөлімшесі Ұйымның (Қордың) қаржы құралдары бойынша әділ бағасын анықтау дұрыстығы жөнінде мониторингті жүзеге асырады.
 Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесі баға тәуекелін ескере отырып, қаржы құралдарының құнын анықтау рәсімдерін бекітеді.
 Ұйым (Қор) тәуекелді бағалау және ағымдық бағаны рынокқа бейімдеу моделі негізінде қаржы құралдарының құнына баға береді, оның ішінде стресс-тестинг (stress-testing) және бэк-тестингті (back-testing) жүзеге асырады.
 Ұйым (Қор) қаржы құралдарымен операциялар жасау кезінде шешімдер қабылдауға байланысты тәуекелді бағалау қорытындысын және тұрақты стресс-тестинг қорытындысын пайдаланады.   

7.

Директорлар кеңесі қаржы құралдарымен операциялар бойынша жиынтық лимитті, ал Басқарма - жекелеген қаржы құралдары бойынша лимиттерді, сондай-ақ халықаралық практикада "stop-loss" ережесі бойынша қабылданған лимиттерді белгілейді.

 Директорлар кеңесі кезең-кезеңімен жиынтық лимитті және "stop-loss" лимиттерін белгілеу ережесін анықтайды. Ұйымның (Қордың) Қаржы құралдарын сатып алу/сату операцияларын жүзеге асыратын бөлімшесі жұмыс күні ішінде Ұйымның (Қордың) Басқармасына Ұйымның (Қордың) қаржы құралдары бойынша позициясын ұсынады.
 Директорлар кеңесі қаржы құралдары бойынша лимиттерді белгілеу рәсімдерін және  "stop-loss" лимиттерін белгілеу ережесін белгілейді. 

8.

Басқарма әр қаржы құралы бойынша тәуекелдерді басқару рәсімдерін бекітті. 

  Басқарма халықаралық практикада әрбір шетел және барлық валюталар бойынша спот, форвард, своп операциялары бойынша қабылданған позициялар лимитін белгілейді.
  Тәуекелдерді басқару бөлімшесі спот және форвард операцияларының мерзімдерін өтеуді басқару үшін активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімінің кестесін күнделікті қолданады.
   Басқарма қаржы құралдары үшін  "stop-loss" лимиттерінің диапазонын белгілейді.
   Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) "stop-loss" лимиттерін белгілеу ережесін қолдануының дұрыстығын тексереді. 

9.

Директорлар кеңесі баға тәуекелі бойынша позициясын анықтау жөніндегі шешімді қабылдау, оның ішінде қаржы рыногының мөлшері мен өтімділігін ескере отырып, қаржы құралдары бойынша бөлу саясатын бекітті.

  

 Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдарының ауқымы мен динамикасына және қаржы құралдарының өтімділігіне сәйкес қаржы құралдары лимитінің тепе-теңдігіне талдау жасайды.   

 

 

10.

Директорлар кеңесі инвестициялық саясатты бекітеді. 

  Директорлар кеңесі мыналар белгіленген инвестициялық саясатты бекітті:
 инвестициялау мақсаты, инвестициялау операцияларын бекіту жөніндегі өкілеттіктер, сондай-ақ инвестициялау жоспар мен лимиттері;
 құпия ақпаратты пайдаланып жасалған операцияларды жібермеу мақсатында көрсетілген қаржы қызметіне байланысты өзге функциялардан инвестициялық операцияларды жүргізу функциясын ажырату рәсімдері;
 қаржы құралдарының түрлері бойынша, инвестициялық қызмет мақсаты бойынша инвестициялық критерийлер;
 қаржы құралдарының қолда болуын, айналыс талаптарын және кірістілігін талдау рәсімдері.

11.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі тоқсанына бір реттен кем емес ретпен   нәтижесі кезең-кезеңімен тоқсанына бір реттен кем емес Басқармаға және жарты жылда бір реттен кем емес - Директорлар кеңесіне ұсынылатын инвестициялар көлеміне талдау жасайды. 

 Басқарма Ұйымның (Қордың) инвестициялық операцияларының күнделікті мониторингі рәсімдерін бекітті.
 Мониторинг қорытындысы ай сайын инвестициялық портфельдің кірістер/шығыстар туралы есебімен бірге Ұйымның (Қордың) Басқармасына және Директорлар кеңесіне ұсынылады.
 Тәуекелдерді басқару бөлімшесі инвестициялық портфельдің мониторингін қаржы құралының, эмитенттің түрі, айналыс мерзімі, валюта түрі және инвестициялау мақсаты бойынша жүзеге асырады. 

12.

Басқарма инвестиция портфелін құрылымдандыру рәсімдерін оның орташа және ұзақ мерзімді перспективадағы инвестициялық рентабельділігінің  тұрақты көрсеткіштеріне қолдау жасайтындай етiп бекітті. 

 

  

 Құрылымдандыру рәсімдері:
 айына бір реттен кем емес мерзімде инвестиция портфеліне рыноктық құн бойынша қайта бағалау жүргізуді;
 жарты жылда бір реттен кем емес мерзімде әр есепті кезең үшін қаражатты, кірістерді/шығыстарды тарту құнын ескеріп, инвестициялардың қаржылық қорытындысына бағалау жүргізуді  көздейді.  

13.

Директорлар кеңесі  қаржы құралдарын сатып алу/сатудан шыққан шектен тыс шығыстарды ескерту және Ұйымның  (Қордың) аталған саясатты сақтауына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі саясатты белгіледі.    

 Басқарма қаржы құралдарын сатып алу/сатудан шыққан шектен тыс шығыстарға, оның ішінде қаржы құралдары рыногындағы  лездік ауытқуларға жол бермеу жөніндегі шұғыл рәсімдерді анықтады.
 Ұйым (Қор) оның рыноктық құнының динамикасын ескере отырып, қаржы құралдарымен операциялардан кірістер/шығыстардың өзгеруіне байланысты талдау жасайды. 

14.

Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау функциясына кіретін бөлімше өтімділікті жоғалту тәуекелін, проценттік тәуекел және валюталық тәуекелді жоғалту мониторингін жүзеге асырады.   

 Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау функциясына кіретін бөлімше:
 активтер мен міндеттемелерді басқару мәселелерін қарайды;
 тәуекелдерді басқару бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды;
 апта сайын баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша өтімділіктің жоғалу тәуекелін, проценттік және валюталық тәуекелдерді қадағалайды;
 апта сайын - Басқарманы және ай сайын Директорлар кеңесін Ұйымның (Қордың) өтімділіктің жоғалу тәуекелі, проценттік және валюталық тәуекелдер бойынша сатып алу/сату операцияларының түрлері динамикасының позициясы  бойынша хабардар етіп отырады;
 сатып алынатын қаржы құралдарының кірістілігінің жарамды деңгейі бойынша ұсынымдар береді.     

15.

Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау функциясына кіретін бөлімше қажетті ақшаны ақша ағыны кестесінің көмегімен және рынокқа ақша тартуды тұрақты қамтамасыз ететін  активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімі кестесінің көмегімен бақылау жасайды.    

Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау функциясына кіретін бөлімше:
Күн сайын ақша ағыны кестесін жасайды және жақын арадағы он жұмыс күні үшін өтімділік гэп-позиция мониторингін жүргізеді;
Тұрақты түрде (мысалы, апта сайын) есеп айырысу күніне сәйкес активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімінің кестесін жасайды және күн сайынғы, апта сайынғы және ай сайынғы негізде өтімділіктің гэп-позиция мониторингін жүргізеді;
мониторингті және өтімділіктің гэп-позициясын басқаруды ұлттық валютаға немесе басқа шетел валютасына айырбастамай әр валюта бойынша жүзеге асырады.
Ұйым (Қор) өтімділікке бақылауды  Ұйымның (Қордың) баланстан тыс операцияларын өтеудің болжалданып отырған көлемін ескере отырып  жүзеге асырады. 

16.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше  қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияны
лимиттерді белгілеу арқылы бақылайды. 

Басқарма өтімді активтерді жұмылдыру мүмкіндігін ескере отырып, жоғары өтімді активтер бойынша гэп-позицияға лимиттерді белгілейді.
Активтер мен міндеттемелер басқару бөлімшесі Ұйымның (Қордың) өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгертілуін ескере отырып қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттерге тұрақты шолу жасайды. 

17.

Ұйым (Қор) өтімділікті жоғалту тәуекелін тежеу қажеттілігін еске ала отырып, сондай-ақ бағалы қағаздарға инвестициялау кезінде кредиттік тәуекелді назарға ала отырып, күн сайынғы операцияларды жүзеге асырады.

Ұйым (Қор) шетел валютасында міндеттемелерді өтеуге қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру қабілеттілігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

18.

Директорлар кеңесі әдістемелерді пайдалана отырып тәуекелдерді бағалау саясатын, оның ішінде болжанатын тәуекел бойынша қаржы құралдарын бағалаудың халықаралық практикасын бекітті.(VАR-әдісі)

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше кемінде тоқсанына бір рет тұрақты VАR  үлгісіне енгізуге рұқсат беруді ескере отырып, өтеу мерзімі бойынша кірістіліктің деңгейін айқындайды және проценттік мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал активтер мен міндеттемелер бойынша дюрация көрсеткіштері мониторингін тұрақты түрде жүргізеді. 

19.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімшенің процентті тәуекелді бағалау үшін деректерді жинау және талдау жүйесі бар. 

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше:
проценттік тәуекелді, проценттік тәуекелдің негізгі дерек көздеріне (өтеу мерзіміндегі айырмашылықтарға, заем капиталы рыногының мөлшерлемесіне, құрастырма опциондарға) мониторингті жүзеге асырады.
Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесінің валюта бағамдарын өзгеруін жан-жақты талдау үшін қосымша жүйесі бар.
Директорлар кеңесі валюта бағамын өзгертуді талдауға сәйкес валюта позициялары бойынша шешімді қабылдау саясатын бекітеді.

20.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше және тәуекелдерді
басқару бөлімшесі тәуекелдер Ұйымның (Қордың) капиталымен және кірістерімен салыстырғанда сандық
қатынаста шамадан тыс болған жағдайларда тәуекелдерді кеміту жөніндегі шараларды қабылдайды.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі мыналарды жүзеге асырады:
 түрлі талдау әдістемесін пайдалану арқылы тәуекелдерді кешенді басқару;
 гэп талдау тәуекелге сезімталдықты бағалауды тұрақты жүргізеді;
 стресс-тестинг, рыноктағы қолайсыз факторлар көбейген жағдайда шұғыл іс-әрекет жасау жоспарында олардың нәтижелерін пайдаланылады;
 туынды қаржы құралдарының көмегі немесе басқа рыноктық операциялар арқылы, оның ішінде процент тәуекелін хеджирлеу рәсімдерін пайдаланады;
 гэп бойынша және тәуекелдер бойынша меншікті капитал бірдейлігін ескере отырып, проценттік тәуекел мөлшерімен лимиттерді белгілейді.

21.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше басқарма бекіткен әдістемені пайдалана отырып валюталық тәуекел деңгейін бағалайды және талдайды.     

 Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше:
 валюталық бағамды өзгертуді талдау үшін қосымша жүйесі бар;
 валюталық бағамды өзгертуге сезімталдықты айқындау үшін валюталық құралдар құнын бағалау келтірілетін ашық валюталық позицияны немесе үлгілерді тұрақты талдайды.   

22.

Директорлар кеңесі тәуекелді валюта тәуекелдері сандық қатынаста меншікті капитал мен Ұйым (Қор)  кірістерінің мөлшерінен асып түсетін жағдайларда азайту жөніндегі саясатты бекітті.

 

 

 

 Тәуекелдерді басқару бөлімшесі   жарты жылда кемінде бір рет   стресс-тестинг жүргізеді және рыноктағы қолайсыз факторлар көбейгенде шұғыл іс-әрекет жасау жоспарында олардың нәтижелерін пайдаланады.
 Ұйым (Қор) активтерді және міндеттемелерді басқару саясатына сәйкес туынды қаржы құралдарының көмегі арқылы валюта тәуекелін уақтылы хеджирлеу рәсімдерін пайдаланады.
 Директорлар кеңесі ашық валюта позицияларын және валюта нетто-позиция лимитін белгілейді. 

                                            Зейнетақы активтерін
                                            инвестициялық басқару
                                             жөніндегі қызметті
                                           жүзеге асыру ережесінің
                                                5-қосымшасы

       Ұйымның (Қордың) операциялық қызметін, ақпараттық
        жүйелерін және басқарма ақпаратының жүйелерін
       функциялауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Талаптың атауы

Талаптың критерийі

1.

Басқарма бағалы қағаздар рыногында қаржылық қызмет көрсетудің операциялық техникасы бойынша рәсімдерді және олардың бухгалтерлік есеп беруін, сондай-ақ ақша аударымдарының жүйелерін бекітті.

 

 

 Ішкі рәсімдер мыналарды реттейді:
Ұйымның (Қордың) өндірістік қызметін басқаруды қамтамасыз ететін бөлімше;
бағалы қағаздар рыногында операцияларды жүргізудің техникалық тәртібі;
Ұйымның (Қордың) жүргізетін операцияларының бухгалтерлік есебі;
Ұйымның (Қордың) операцияларына және олардың есепке алынуына қосарлы бақылау;
Ұйымның (Қордың) құжат айналымына бақылау;
Ұйымның (Қордың) кастодиан банкке, жинақтаушы зейнетақы қорына берілетін ақпаратын бақылау және куәландыру, оның ішінде ұсынылған ақпараттың сәйкессіздігін анықтаған жағдайда іс-әрекетті куәландыру және реттеу рәсімдері;
ақпаратты беру кезінде тұлғалар жауапкершіліктерінің рәсімдері;
Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына жинақталған зейнетақы қаражаты есептеулерінің алгоритміне сәйкестігін тексеру рәсімдері, оның ішінде шартты бірлік құнының есеп айырысулары, шартты бірліктің саны.

2.

Басқарма қаржы құралдарымен жасалған операцияларды есепке алудың дұрыс жүргізілмеуі және шынайы көрсетілмеу мүмкіндігін шектейтін рәсімдерді белгілейді.

Ішкі аудит қызметі жарты жылда кемінде бір рет бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың есепке алу журналында сенімді және уақтылы көрсетілуі, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды жүргізудің операциялық техникасын олардың сақтауын бағалау мақсатында бөлімшелерге тексеру жүргізеді.

3.

Ұйымның (Қордың) деректерді электрондық өңдеу жүйелерін жоспарлау, әзірлеу және функциялау жөніндегі басқару мен ішкі ережелері бар. 

Ұйымның (Қордың) деректерді электрондық өңдеу жүйелерін жоспарлауға, әзірлеуге және функциялауға қатысты ережелері мен басшылықтары бар.

4.

Ұйымның (Қордың) басқармасы электрондық өңдеу жүйесінің ішкі аудитінің рәсімдерін бекітті.

 

Деректерді электрондық өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді өңдеу мәселелеріне жауап беретін Ұйым (Қор) қызметкерінің жұмыс профиліне сәйкес біліктілігі және тәжірибесі болады. 
Тексерулерді ішкі аудит қызметі басқарма бекіткен тексеру жоспарларына сәйкес жүргізеді.
Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы басқарма мен директорлар кеңесіне тұрақты хабарлайды.
Ұйымның (Қордың) жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына уақтылы аударуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдары бар.

5.

Басқарма компьютерлік және телекоммуни.
кациялық жүйеге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын-алу бойынша саясатты бекітті. 

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған жүйеге кіру және шығу кезінде рұқсаттың деңгейін тексеретін жүйесі бар.
Басқарма маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің ақпараттық базасына электрондық кілттерді бақылау бойынша ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің рәсімдерін бекітті және жауапкершілігін белгіледі.

6.

Басқарма деректер базасының ақпараттық жүйелерді сақтау, оның ішінде төтенше жағдайлар болған кезде қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлы іс-шараларды орындау рәсімдерін бекітті.

Рәсімдер: дайындаушы жабдықтардың мынадай техникалық қызмет көрсетулерін қамтамасыз ететін сертификатталған бағдарламалық қамтамасыз етудің;
өрт қауіпсіздігі мен сейсмологиялық орнықтылықтың талаптарына жауап беретін деректердің ақпарат базасының техникалық кешендеріне арналған оқшау үй-жайлардың;
автономды электр қуатының;
резервтегі компьютерлер мен желілік коммуникациялардың міндетті түрде болуын қарастырады;
Ұйым (Қор) деректердің жүйелік-маңызды бағдарламалық файлдар мен файлдардың резервтік көшірмелерін тұрақты қалыптастырады.

7.

Басқарма төтенше жағдайлар болған жағдайда жауапкершілікті және өкілеттілікті табыстау рәсімдерін бекітті.

Төтенше жағдайлар рәсімдері компьютер орталығы үшін жүйе жұмысындағы төтенше іркілістер болған жағдайда ережелер мен нұсқаулықтарды көздейді.

8.

Басқарма зейнетақы активтерінің есебінен қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді есепке алу журналын жүргізу ережесін бекітті.  

Зейнетақы активтерінің есебінен жасалған қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелердің есепке алу журналын жүргізу ережесі мыналар:
мәмілелерді есепке алу журналының саны мен атауы;
журналдары толтыру тәртібі мен кезеңділігі;
зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелердің жасауға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар тізбесі бар.

9.

Басқарма деректердің және құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау саясатын бекітті. 

Деректердің және ақпараттың құпиялылығының сақталуын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау саясаты мыналарды:
құпия санатына жатқызылатын ақпарат тізбесі;
құпия ақпараты бар құжаттарды тіркеу тәртібі, рәсімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау;
құпия ақпаратқа жіберілетін тұлғалардың лауазымдарын көрсете отырып, құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібін көздейді.  

10.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі проблемалардың қайтадан пайда болуын болдырмау мақсатында қауіпсіздік шараларын әзірлеу жөнінде кезек күттірмейтін шаралардың қолданылатынын ескере отырып, нақты жүйелік проблемаларға есеп жүргізеді.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі техникалық проблемалар есебінің парақтарын толтырады және олар бойынша есеп жүргізеді.
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі проблемалардың туу себептерін бақылайды, олар туралы ақпарат жүйесін дайындаушыларға хабарлайды және олардың қайталануын болдырмау үшін түзету шараларын қабылдайды.
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі осындай проблемалардың сипатын үнемі талдайды.

11.

Басқарма құпия ақпараттың жария болуын және ақпарат деректерінің бұрмалануын болдырмау жөніндегі рәсімдерді бекітті.

Рәсімдер:
рұқсаты шектеулі ақпарат деректерінің тізбесін;
рұқсат алу тәртібін;
ақпарат деректеріне рұқсат алуды бақылау тәртібін;
ақпарат деректеріне рұқсаты бар тұлғалар тізбесін көздейді.

12.

Басқарма құралдарды үнемі инспекциялау және жұмыс туралы есептерді тексеру арқылы іркілістердің алдын-алу жөніндегі ресімдерді бекітті.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі кемінде тоқсанына бір рет деректердің автоматтандырылған базасын функциялауын қамтамасыз ететін техникалық кешендерге тексеру жүргізеді.
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына бір рет техникалық кешендердің жай-күйі туралы ақпаратты басқармаға ұсынады. 

13.

Басқарма деректердің автоматтандырылған базасын басқару терминалдарын рұқсатсыз пайдалануды болдырмау жөнінде рәсімдерді бекітті.

 

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі деректердің автоматтандырылған базасын басқару терминалдарын пайдаланудың мониторингін жүргізеді және сәйкестендіреді, оның ішінде олар жүргізген операциялардың түрлері мен көлемдерінің пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігін бақылайды.
Ұйымда (Қорда) пайдаланушының жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жүйесі бар.

                                           Зейнетақы активтерін
                                           инвестициялық басқару
                                            жөніндегі қызметті
                                          жүзеге асыру ережесінің
                                               6-қосымшасы

            Нұсқаулық талаптарының базалық критерийлері

Тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру

1.

Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясатты бекітті.

2.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) ішкі ережелері мен рәсімдерді сақтауын бақылауды, ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерді орындауын, уәкілетті органның ықпал ету шараларын мен өзге де талаптарын жүзеге асырады. 

3.

Инвестициялық комитет қаржы құралдарын сатып алу/сату және инвестициялау жөніндегі операцияларды жүргізу ережесін белгіледі және бекітті, сондай-ақ активтерді әртараптандыру, Ұйым (Қор) капиталының өтімділігі мен жеткіліктілігі, тиімділігі бойынша бағдарламаны айқындайды. Комитет құрамына тиісінше санаттың біліктілік куәлігіне ие кемінде үш адам кіреді.  

4.

Директорлар кеңесі қажетіне қарай, бірақ тоқсанына кем дегенде бір рет мынадай есептерді талдайды:
жиынтық баланс және өткен жылдардағы алдындағы кезеңмен салыстырғандағы Ұйымның (Қордың) кірістері мен шығыстары туралы есеп және жоспарланған қызметтің көрсеткіштері;
инвестициялар туралы: қаржы құралдарын түрлеріне қарай топтастыра отырып және олардың баланстық құнын, рыноктық құнын, кірістілігін және сатып алу мен сатудың жалпы сомасын көрсете отырып жасалған есептер;
жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру туралы есеп (гэп-анализ);
процент тәуекелі бойынша Ұйымның (Қордың) позициясына қысқаша талдау;
валюталардың айырбас бағамының ауытқу тәуекеліне Ұйымның (Қордың) ұшырауына қысқаша талдау;
Ұйымның (Қордың) меншікті капиталының ағымдағы және болжанатын мұқтаждығына қысқаша талдау. 

5.

Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге де талаптарын орындамауының себептерін, оның ішінде Ұйымның (Қордың) қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын түсіндіре отырып бақылау жүргізеді.

6.

Директор кеңесі Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің функционалдық міндеттері бойынша жыл сайынғы есептерді талдайды

7.

Директорлар кеңесі жыл сайын басқарма қызметінің Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржы жылына жоспарланған мақсаттарына жетуге арналған қызметтерін талдайды.

8.

Директорлар кеңесі өзінің өкілеттілігі шегінде ағымдағы жылдың мақсатты көрсеткіштеріне Ұйым (Қор) қызметінің нәтижелері сәйкес келмеген жағдайда, Ұйым (Қор) басқармасының мүшелеріне шаралар қолдана алады.

9.

Ұйымның (Қордың) ұйымдық-функционалдық құрылымының схемасы, оның ішінде:
Ұйым (Қор) бөлімшесінің немесе Ұйымның (Қордың) жүргізетін операцияларға байланысты негізгі тәуекелдерді тәуелсіз бағалау мен талдауға жауап беретін тәуекелдерді басқару жөніндегі тұлғаның өкілеттігі мен міндеттерін;
олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін Ұйымның (Қордың) басқармасы органдарының құрылымын;
Ұйымның (Қордың) әрбір басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттері және өкілеттіктерін;
Ұйымның (Қордың) есепті жыл ішінде әрбір басшы  қызметкерінің (басқарма мүшелерінен басқа) қызметіне баға беру тәртібі, оның ішінде Ұйым (Қор) қызметінің мақсатты көрсеткіштерін орындамағаны үшін Ұйымға (Қорға) шаралар қолдануды немесе жауапкершілікке тартуды реттейді.

10.

Жылдық бюджеттер мен стратегиялық жоспарлар жасауды басқарма ағымдағы және болашақтағы бәсекелестік, экономикалық орта мен нормативтік құқықтық базаны, қосымша Ұйым (Қор) капиталының қажетті мөлшерін ескере отырып жүргізеді.

11.

Тәуекелдерді басқару саясаты мыналарды көздейді:
Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің өкілеттілігі мен функционалдық міндеттерін реттейтін, оның ішінде қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларды жүргізудің дұрыстығына қосарлы бақылауды және олармен байланысты тәуекелді бақылауды қамтамасыз етуді көздейтін ережені қарастырады.

12.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) қызметін басқару жөніндегі өкілеттіктер мен функцияларды шоғырландыруға, сондай-ақ корпоративті стратегия бекіткен өткізілген операциялардың Ұйым (Қор) саясаты мен рәсімдеріне сәйкестігін анықтау бойынша басшы қызметкерлерге тексеру жүргізеді.

13.

Тәуекелдері басқару саясаты басқарманың және Ұйымның (Қордың) жауапты қызметкерлерінің, директорлар кеңесі мүшелерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін айқындайды.   

14.

Директорлар кеңесі мен Ұйымның (Қордың) басқармаға ұсынылатын басқару ақпаратының тізбесі директорлар кеңесі мен Ұйымның (Қордың) Басқармасы тәуекелдері басқару жөніндегі өз функционалдық қызметтерін тиісінше орындауға жеткілікті.

15.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше қызметкерлері басшы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді, оның ішінде тәуекелдерді басқару бойынша функционалдық міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыс өтілі, тиісті біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуын қарастырады.

16.

Ұйымның (Қордың) бөлімше қызметкерлерінің функционалдық міндеттері тәуекелдерді басқару және ішкі аудит қызметі бойынша олар өткізетін операцияларға сәйкес келеді.

17.

Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтерімен жұмыс жасау кезіндегі саясатына мыналар:
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың Қазақстан Республикасы заңнамасымен сәйкестігін тексеру рәсімдері;
салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарына қаражаттың есепке алу мен уақтылы түсуінің сенімділігін қамтамасыз ететін рәсімдер, жинақталған зейнетақы қаражатының төлемдері мен аударымдары;
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша салымшылардың (алушылардың) шағымдарын белгіленген мерзімде қаралуына, жинақталған зейнетақы қаражаттарының оларды аудару немесе төлем жасау сәтінде жоғалуын уақтылы қалпына келтіруге кепілдік беретін рәсімдер;
зейнетақы активтерін есепке алу сәйкестігіне мониторингті және зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сай уақтылы инвестициялауды қамтамасыз ететін рәсімдер;
қордың комиссиялық сыйақыны есептеуі және төлем жасауының дұрыстығын тексеру;
зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау тәртібі;
зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді жасау мен олардың жасалуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
деректерді және құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге ішкі бақылау тәртібі;
инвестициялық шешімді қабылдау, сондай-ақ инвестициялық шешімді қабылдау үшін ұсынымды беру рәсімдері;
зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу саясаты және ресімдері;
Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтері мен инвестициялық кірістен өндіріп алынатын комиссиялық сыйақының мөлшері, сондай-ақ салымшыларға (алушыларға) осы ақпаратты ұсыну тәртібі жататын инвестициялық саясат кіреді. 

18.

Ішкі аудит жөніндегі Ұйымның (Қордың) саясаты:
Ұйымның (Қордың) ұшырауы мүмкін барлық тәуекелдерді;
Ішкі аудит жүргізудің ауқымы мен жиілігін;
ішкі аудитті жүргізу кезінде пайдаланылатын рейтингтік жүйені;
Ұйымның (Қордың) ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды айқындайды.

19.

Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес функциялары қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізуді көздейтін Ұйымның (Қордың) барлық бөлімшелеріне тұрақты ішкі тексеру жүргізеді.

20.

Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес зейнетақы активтерінің есебінен жүргізілетін операцияларға, зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелердің дұрыстығына және кастодиан банктермен және Ұйымның (Қордың) есепке алу және құжат айналымының дұрыстығын салыстыруды жүзеге асырып, тұрақты ішкі тексеру жүргізеді.

21.

Ішкі аудит қызметі зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалған мәмілелерді есепке алу журналындағы ақпараттың сенімділігіне тексеру жүргізуге тұрақты негізде тексеру жүргізеді.

22.

Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Ұйымның (Қордың) біліктілік талаптарына сәйкес келеді, сондай-ақ тексеру жүргізілетін Ұйым (Қор) бөлімшелерінің қызметі туралы жұмыс тәжірибесі мен қажетті білімдері бар.

23.

Ұйымның (Қордың) ішкі саясаты тексерілетін бөлімшенің қызметіне байланысты, оның ішінде коммерциялық болып саналатын немесе өзге заңмен қорғалатын құпияны немесе құпиялылық режимі бар тиісінше барлық құжаттарға ішкі аудит қызметінің рұқсат алу құқығы көзделеді.

24.

Ішкі аудит бойынша Ұйымның (Қордың) ішкі саясаты басшы қызметкерлердің немесе Ұйымның (Қордың) басқа бөлімшелерінің функционалдық міндеттерін орындаудағы тәуелсіздігі және ішкі аудит қызметінің директорлар кеңесіне есеп беруі белгіленеді.

25.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) сыртқы аудитормен бірлесіп жылына кемінде бір рет Ұйымның (Қордың) ішкі бақылау жүйесінен ішкі және сыртқы аудиторлар анықтаған кемшіліктерді талқылау үшін бірлескен кездесулер өткізеді.

26.

Ішкі аудит саясаты директорлар кеңесі мен Ұйымның (Қордың) басқармасына ішкі аудит қызметінің әрбір тексеруінің нәтижелерін ұсынудың оңтайлы мерзімдерін қарастырады.

27.

Ішкі аудит қызметінің өкілеттіктері бөлімшелер үшін орындалуы міндетті болып табылатын жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындауды қарастырады, сонымен бірге оларды жүзеге асыру тәсілдері мен шарттарын тікелей бөлімшелер айқындайды және Ұйымның (Қордың) басқармасы бекітеді.

28.

Ішкі аудит қызметі Ұйым (Қор) бөлімшелерінің ішкі аудит нәтижелері бойынша қабылданған, өткізетін және жоспарлаған іс-шараларына оларды оңтайлы орындау мақсатында мониторингті жүзеге асырады.  

29.

Ішкі саясатпен Ұйымның (Қордың) кірісін (шығысын), оның ішінде қызмет көрсетулердің динамикасында, сол бөлігінде, түрлерінде, Ұйымның (Қордың) аумақтық және функционалдық бөлімшелері бойынша ай сайын бақылап отыратын Ұйымның (Қордың) бөлімшесі белгіленеді.

30.

Ішкі саясатпен директорлар кеңесімен белгіленген жиынтық лимиттер шегінде, бөлімшелер қызметіне байланысты кірістерді (шығыстарды) басқару жөніндегі Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің өкілеттіктері қарастырылады.

31.

Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес ең аз талап етілетін деңгейде Ұйымның (Қордың) меншікті капиталының сәйкестігін қамтамасыз етеді.

32.

Басқарма директорлар кеңесімен белгіленген жиынтық лимиттер шегінде қаржы операцияларын жүзеге асыратын Ұйымның (Қордың) әр бөлімшелері үшін тәуекел лимиті айқындалады.

33.

Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша Ұйымның (Қордың) қызметкерлерінің зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын, халықаралық стандарттарды, Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін игеру деңгейін айқындайды.

34.

Ішкі аудит қызметі қаржылық қызмет көрсетудің жаңа түрлерін ендірген кезде, Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтаумен байланысты, Ұйымның (Қордың) қосымша елеулі тәуекелдерін пайда болу мүмкіндігін бағалайды.

35.

Директорлар кеңесі және Ұйымның (Қордың) акционерлері басқармасының Ұйымның (Қордың) қаржылық көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігін қамсыздандыратын қаржылық және басқармалық есеп берулерін ұсыну мерзімдері мен нысандарын бекітті.

36.

Директорлар кеңесі тұрақты негізде инвестициялық шешімді және оларға ұсынымдарды талдайды.

37.

Директорлар кеңесі ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды жақсарту бойынша сыртқы аудиторлардың қорытындысын талдайды.

38.

Есеп және есеп беру жөніндегі Ұйымның (Қордың) саясаты, сонымен бірге Ұйымның (Қордың) аудитін тексеру барысында мынадай мәселелерді қарастырады:
күн сайынғы баланстарды өңдеудің дұрыстығы;
Ұйымның (Қордың) есеп саясатының қаржы есебінің халықаралық стандарттарына сәйкестігі;
қаржы есептерімен бухгалтерлік негізсіз айла-әрекет жасау фактілерінің болуы;
меншікті және зейнетақы активтерін есепке алудың дұрыстығын;
Ұйымның (Қордың) есеп беру саясатында белгіленген талаптарға есепке алу әдістері мен есеп беруді құрастырудың сәйкес келуі;
Ұйымның (Қордың) жылдық есептегі тәуекелдер құрылымы мен оның мөлшерін толыққанды және дұрыс ашып көрсетуі. 

39.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі зейнетақы активтеріне мынадай факторлардың тиімділігі мен өтімділігінің ықпал ету әсерін болжайды:
қарсы әріптестер келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін толық не ішінара орындамауы;
Қазақстан Республикасының тәуелсіз борыш рейтингінің үш айда бір деңгейге және бір жылда екі деңгейге төмендеуі;
ұзақ мерзімді қаржы құралдарының мерзімінен бұрын өтеуі;
теңге бағамының құнсыздануы/көтеруі.

40.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
Ұйымның (Қордың) баланстық және баланстан тыс есептеріне, сондай-ақ экономикалық жағдайлардың өзгеруіне сезімтал кірістері мен шығыстарына;
өтімділіктің төмендеуі, қаржы құралдарына бағаның өзгеруіне;
заемшының қаржылық жай-күйінің тәуелді борыштық бағалы қағаздарының портфелі, оның борыштың және есептелген проценттің негізгі сомасын өтеу жөніндегі оның мүмкіндіктеріне;
процент мөлшерлемесінің өзгеруіне сезімтал активтер, міндеттемелер мен баланстан тыс мақалалардың оларды өтеу мерзіміне сәйкес бөлінуіне (гэп-анализ);
шетел валютасы бағамының өзгеруіне сезімтал активтер, міндеттемелер мен баланстан тыс мақалаларға тұрақты талдау жүргізеді.

41.

Қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізуге қойылатын талаптар

42.

Қосарланған бақылау жүйесі:
фронт- және бэк-офистерді бөлуді;
бэк-офистің фронт-офистегі операцияларының жай-күйін уақтылы тексеру мүмкіндігін;
қосарланған бақылау жүйесі қатысушылар арасындағы ықтимал ымыраласуды шектеу шараларын;
фронт пен бэк-офистерде және бөлімшелердегі қызметтік міндеттерді бір ғана тұлғаның қатар орындауына тыйым салуды көздейді.

43.

Ішкі аудит қызметі меншікті капиталдың және Ұйымның (Қордың) кірістерінің мөлшеріне теңбе-тең болмайтын кірістермен және тәуекелді қабылдаумен жасалатын операцияларды жүзеге асырған кезде, асыра пайдалану жағдайларын анықтау және болдырмау мақсатында Ұйымның (Қордың) операцияларын тексереді.

44.

Ұйым (Қор) қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларды қамтамасыз ететін техникалық жүйесі бар. 

45.

Ұйым (Қор) тәуекелдері басқаруға қажетті ақпаратты жинау бойынша жүйесі бар.

46.

Ұйым (Қор) ақша және қаржы құралдары бойынша есеп айырысуларды жүргізу үшін техникалық жүйесі бар.

47.

Ішкі аудит қызметі және сыртқы аудиторлар тәуекелдерді басқару бөлімшесінде, бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізуге жауап беретін Ұйымның (Қордың) бөлімшесі ұсынған мәліметтердің нақтылығын тексереді.

48.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары бойынша Ұйымның (Қордың) айқындаған әділ құнның дұрыстығына мониторинг жүргізеді.

49.

Директорлар кеңесі кезең-кезеңмен жиынтық лимитті және "stор-loss" лимиттерін белгілеу ережелерін айқындайды.

50.

Қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларды жүзеге асыратын Ұйымның (Қордың) бөлімшесі жұмыс күні ішінде Ұйымның (Қордың) басқармасына қаржы құралдары бойынша Ұйымның (Қордың) позициясын ұсынады.

51.

Директорлар кеңесі қаржы құралдары бойынша лимиттерді және "stор-loss" лимиттерін белгілеу ережесін айқындау рәсімдерін белгілейді.

52.

Басқарма шетел валюталарының әрбір түрі мен барлық валюталар бойынша спот, форвард, своп операцияларының халықаралық практикасында қабылданған позициялар бойынша лимиттерді белгілейді.

53.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі спот және форвард операцияларын өтеу мерзімдерін басқару үшін активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің күн сайынғы кестесін пайдаланады.

54.

Директорлар кеңесі инвестициялық саясатты бекітті, онда: 
инвестициялау мақсатын, инвестициялау операцияларын, сондай-ақ инвестициялаудың жоспарлары мен лимиттерін бекіту жөніндегі өкілеттіктерді;
құпия ақпаратты пайдалану арқылы жүргізілетін операцияларға рұқсат бермеу мақсатында қаржылық қызмет көрсетумен байланысты өзге функциялардан инвестициялық операцияларды жүргізу функцияларын бөлу рәсімдері;
қаржы құралдарының түрлері, инвестициялық қызметтің мақсаты жөніндегі инвестициялық критерийлер;
қаржы құралдарының болуын талдау рәсімдері, айналысқа жіберу шарттары және кірістілігі айқындалады.

55.

Басқарма Ұйымның (Қордың) инвестициялық операцияларының күнделікті мониторингі рәсімдерін бекітті. 

56.

Инвестициялық портфелі бойынша кірістер/шығыстар туралы есеппен бірге мониторинг нәтижелері басқарма мен Ұйымның (Қордың) директорлар кеңесіне ай сайын ұсынылады. 

57.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдарының, эмитенттің түрі, айналыс мерзімдері, валюта түрлері мен инвестициялау мақсаттары бойынша Ұйымның (Қордың) инвестициялық портфелінің мониторингін жүзеге асырады.

58.

Құрылымдау рәсімдері:
айына кемінде бір рет рыноктық құны бойынша инвестициялар портфеліне қайта бағалау жүргізуді;
жарты жылда кемінде бір рет әрбір есепті кезең үшін қаражаттарды, кірістерді/шығыстарды тарту құнын ескере отырып, инвестициялардың қаржы нәтижелеріне бағалау жүргізуді көздейді.

59.

Басқарма қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша шамадан тыс шығыстарды болдырмау жөніндегі, оның ішінде қаржы құралдары рыногындағы бағалардың бірден өзгеруімен байланысты шұғыл рәсімдерді айқындау.

60.

Ұйым (Қор) олардың рыноктық құнының динамикасын ескере отырып, қаржы құралдарымен жасалған операциялардан түскен кірістердің/шығыстардың өзгерістеріне талдау жүргізеді.

61.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше:
активтер мен міндеттемелерді басқару мәселелерін қарастырады;
тәуекелдері басқару бөлімшелерінің өзара әрекет жасайды;
өтімділікті жоғалту тәуекелін, процентті тәуекелді және баланстан және баланстан тыс операцияларды апта сайын бақылайды;
апта сайын басқармаға және ай сайын директорлар кеңесіне өтімділікті жоғалту тәуекелін, процентті және валюта тәуекелі бойынша Ұйымның (Қордың) позициясы, сатып алу/сату операциясының түрлері және динамикасы бойынша ақпаратты береді;
сатып алынатын қаржы құралдарының кірістілігінің қолайлы деңгейі бойынша ұсынымды береді.

62.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше:
күн сайын ақша ағынының кестесін жасайды және таяудағы он жұмыс күніне гэп-позиция өтімділігінің мониторингін жүргізеді;
үнемі (мысалы, апта сайын) есеп айырысу күніне сәйкес, активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің кестесін жасайды және күн сайынғы, апта сайынғы және ай сайынғы негізде гэп-позиция өтімділігінің мониторингін жүргізеді;
әр валюта бойынша ұлттық валютаға немесе басқа шетел валютасына айырбастамай гэп-позиция өтімділігінің мониторингін және басқаруын жүзеге асырады.

63.

Ұйым (Қор) өтімділікті бақылауды Ұйымның (Қордың) баланстан тыс операцияларды өтеудің болжанған көлемін ескере отырып бақылауды жүзеге асырады.

64.

Басқарма өтімді активтерді жұмылдыру мүмкіндігін ескере отырып, жоғары өтімді активтер бойынша гэп-позицияға лимиттерді белгілейді.

65.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі Ұйымның (Қордың) өтімді активтерді жинақтау қабілетінің өзгеруін ескере отырып, қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттерге үнемі шолу жүргізеді.

66.

Ұйым (Қор) шетел валютасында міндеттемелерді өтеуге қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру қабілеттілігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді

67.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше кемінде тоқсанына бір рет тұрақты VАR үлгісіне енгізуге рұқсат беруді ескере отырып, өтеу мерзімі бойынша кірістіліктің деңгейін айқындайды және проценттік мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал активтер мен міндеттемелер бойынша дюрация көрсеткіштері мониторингін тұрақты түрде жүргізеді. 

68.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше:
проценттік тәуекелді, проценттік тәуекелдің негізгі дерек көздеріне (өтеу мерзіміндегі айырмашылықтар, заем капиталы рыногының мөлшерлемелері, құрастырма опциондар) монитринг жүргізеді.

69.

Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі валюталық бағамды өзгертуін жан-жақты талдау үшін қосымша жүйесі бар. 

70.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше:
валюталық бағамды өзгертуді талдау үшін қосымша жүйесі бар;
валюталық бағамды өзгертуге сезімталдықты айқындау үшін валюталық құралдардың құнын бағалау жүргізілетін ашық валюталық позицияны немесе моделдерді тұрақты талдайды.

71.

Ұйымның (Қордың) операциялық қызметін, ақпараттық жүйелерін және басқарма ақпаратының жүйелерін функциялауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар. 

72.

Ішкі рәсімдер реттейді:
Ұйымның (Қордың) өндірістік қызметін басқаруды қамтамасыз ететін бөлімшені;
бағалы қағаздар рыногында операцияларды жүргізудің техникалық тәртібін;
Ұйым (Қор) операцияларының бухгалтерлік есебін;
Ұйымның (Қордың) операцияларына және олардың есебіне қосарлы бақылауды;
Ұйымның (Қордың) құжат айналымына бақылауды;
Ұйымның (Қордың) кастодиан банкке, жинақтаушы зейнетақы қорына беретін ақпаратты бақылау және куәландыру, оның ішінде ұсынылған ақпараттың сәйкессіздігін анықтаған жағдайда іс-қимылды куәландыру және реттеу рәсімдерін;
ақпаратты беру кезінде тұлғалар жауапкершіліктерінің рәсімдерін;
жинақталған зейнетақы қаражаты есептеулері алгоритмдерінің Қазақстан Республикасы заңнамаларына қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру рәсімдері, оның ішінде шартты бірлік құнының есеп айырысуларын, шартты бірліктің санын реттейді.

73.

Ішкі аудит қызметі жарты жылда кемінде бір рет бөлімшелерге олардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды жүргізудің операциялық техникасын сақтауын, есепке алу журналында бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың сенімді және уақтылы көрсетілуін бағалау мақсатында тексеру жүргізеді.

74.

Ұйымның (Қордың) деректерді электрондық өңдеу жүйесін жоспарлауға, әзірлеуге және функциялауға қатысты ережелері мен басшылықтары бар.

75.

Электрондық өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді өңдеу мәселелеріне жауап беретін Ұйым (Қор) қызметкерінің жұмыс саласына сәйкес біліктілігі және тәжірибесі болады.

76.

Ішкі аудит қызметі басқарма бекіткен тексерулер жоспарына сәйкес тексеру жүргізеді.

77.

Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер бойынша тұрақты түрде басқарма мен директорлар кеңесіне хабарлайды.

78.

Ұйымның (Қордың) басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына не сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатын уақтылы аударуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдары бар.

79.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған жүйеден шыққан және кірген кезде рұқсат беру деңгейін тексеру жүйесі бар.

80.

Басқарма маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің ақпарат базасына электрондық кілттерді бақылау жөніндегі ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің рәсімдерін және жауапкершілігін бекітеді.

81.

Рәсімдер мыналардың міндетті түрде болуын қарастырады:
дайындаушы жабдықтардың мынадай техникалық қызмет көрсетулерін қамтамасыз ететін сертификатталған бағдарламалық қамтамасыз етудің;
өрт қауіпсіздігінің және сейсмологиялық орнықтылықтың талаптарына жауап беретін деректердің ақпарат базасының техникалық кешендеріне арналған оқшау үй-жайлардың;
автономды электр куатының;
резервтегі компьютерлер мен желілік коммуникациялардың;
Ұйымның (Қордың) деректердің жүйелік-маңызды бағдарламалық файлдары мен файлдардың резервтік көшірмелерін үнемі қалыптастырады.

82.

Төтенше жағдайлар рәсімдері компьютерлік орталықтар үшін жүйе жұмысында төтенше іркілістер болған жағдайдағы ережелер мен басшылықтарды қарастырады.

83.

Зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелерді есепке алу журналын жүргізу ережесінде мыналар:
мәмілелерді есепке алу журналының саны және атауы;
журналын толтыру тәртібі мен кезеңділігі;
зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді жасауға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі бар.

84.

Деректердің және құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ішкі бақылау саясаты мыналарды:
құпия санатына жатқызылатын ақпарат тізбесін;
құпия ақпараты бар құжаттарды тіркеу тәртібі, рәсімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтауды;
құпия ақпаратқа жіберілетін тұлғалардың лауазымдарын көрсете отырып, құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібін көздейді.

85.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі техникалық проблемалардың есепке алу парақтарын толтырады және олар бойынша есеп беру жүргізіледі.

86.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі проблемалардың туу себептерін бақылайды, олар туралы ақпарат жүйесін дайындаушыларға хабарлайды және олардың қайталануын болдырмау үшін түзету шараларын қабылдайды. 

87.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі осындай проблемалардың сипатын үнемі талдайды.

88.

Рәсімдер:
рұқсаты шектеулі ақпарат деректерінің тізбесін;
рұқсат алу тәртібін;
ақпарат деректеріне рұқсатты бақылау тәртібін;
ақпарат деректеріне рұқсаты бар тұлғалардың тізбесін көздейді. 

89.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет автоматтандырылған деректер базасының функциялануын қамтамасыз ететін техникалық кешендерге тексеру жүргізеді.

90.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына бір рет техникалық кешендердің жай-күйі туралы басқармаға ақпарат ұсынады. 

91.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі деректердің автоматтандырылған базасын басқару терминалдарын пайдаланудың мониторингін жүргізеді және сәйкестендіреді, оның ішінде олар жүргізген операциялардың түрі мен көлемінің пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігін бақылайды.

92.

Ұйым (Қор) пайдаланушының жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жүйе бар.

                                           Зейнетақы активтерін
                                           инвестициялық басқару
                                            жөніндегі қызметті
                                          жүзеге асыру ережесінің
                                               7-қосымшасы

      Нұсқаулықтың талаптарын орындауға критерийлері

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін ұйымдастыру

1.

Директорлар кеңесі Ұйым (Қор) қызметінің стратегиясын бекітті. 

2.

Ұйымның (Қордың) корпоративтік стратегиясында Ұйым (Қор) қызметінің қысқа мерзімді (кемінде бір жылда) және ұзақ мерзімді (екі жылдан он жылға дейін) Ұйымның (Қордың) қызметінің мақсаттары айқындалған. 

3.

Ұйымның (Қордың) ұзақ мерзімді стратегиясы жасалған және Ұйымның (Қордың) қызметіне бұрын жағымсыз әсер еткен факторларды алып тастау мақсатында үнемі жетілдіріледі.

4.

Директорлар кеңесі тәуекелдермен (кредит тәуекелі, процент тәуекелі, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюта тәуекелі) байланысты Ұйымның (Қордың) стратегиясына, саясатына және рәсімдеріне қайшы келетін операцияларды жасау мүмкіндігін болдырмау мақсатында мониторинг жүргізеді.

5.

Тәуекелді басқару функциясын жүзеге асыратын Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтеріне ықпал ету әдістемесін, қаржы құралдарының теріс динамикасы жағдайында ішкі және сыртқы рыноктарының кірістілігі мен өтімділігін пайдаланады.

6.

Басқарма әлуетті және ықтимал тәуекелді білдіретін ішкі және сыртқы экономикалық факторларды сәйкестендіреді және талдайды, олардың Ұйымның (Қордың) қаржы көрсеткіштеріне ықпалының дәрежесін бағалайды.

7.

Басқарма әлуетті және ықтимал тәуекелді білдіретін ішкі және сыртқы экономикалық факторларды сәйкестендіреді және талдайды, олардың Ұйымның (Қордың) қаржы көрсеткіштеріне ықпалының дәрежесін бағалайды.

8.

Басқарма олардың ай сайынғы есебі негізінде тәуекелдердің түрлері бойынша жиынтық лимиттерді сақтауын бақылайды.

9.

Басқарма Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің әлуетті және ықтимал тәуекелдерді басқарудағы саясатты сақтауын бақылайды, Ұйым (Қор) бөлімшелерінің олар үшін белгіленген лимиттер шегінде тәуекелдер мөлшерін сақтау мониторингін жүзеге асырады.

10.

Басқарма Ұйымның (Қордың) жүргізген операцияларының түрлері бойынша тәуекелдерді бөлу, яғни меншікті капитал мен төлем қабілеттігін сақтау мақсатында, оларға байланысты тәуекелді ескере отырып, қаржы құралдарымен жасалатын операциялардың құрылымын және көлемін қалыптастыру саясатын қолданады және оны Ұйымның (Қордың) жауапты бөлімшелерінің орындауын бақылайды.

11.

Ұйымның (Қордың) әртараптану саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген әртараптану нормаларын сақтау мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұйымдық-функционалдық және операциялық құрылымы бар.

12.

Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржы жағдайы туралы ақпарат форматы және олар бойынша қабылдаған тәуекелдер басқару есебінің белгілі бір нысандары түрінде стандартталған, оның ішінде кредит, процент тәуекелдері, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюта тәуекелі, елдің (трансферт) тәуекелдерін сәйкестендіреді және өлшейді, сондай-ақ тәуекелдерге ұшырау дәрежесі, белгіленген лимиттер шегінде олардың сақталуы айқындалады.      

13.

Бөлімше қабылданатын тәуекелді ескере отырып, Ұйымның (Қордың) күтілетін кірістерін бағалауды (есептеуді) жүргізеді.

14.

Қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізу.

15.

Қаржы құралдарын сатып алу/сату операцияларын басқару жөніндегі ішкі саясаты мыналарды реттейді:
Ұйымның (Қордың) активтер (міндеттемелер) құрылымына байланысты өтімділікті жоғалту тәуекелін айқындауды;
Ұйымның (Қордың) активтер (міндеттемелер) құрылымына байланысты проценттік тәуекелді анықтауды;
Ұйымның (Қордың) активтер (міндеттемелер) құрылымына байланысты валюталық тәуекелді анықтауды;
туынды қаржы құралдарымен операцияларға тиесілі тәуекелдерді анықтауды;
Ұйымның (Қордың) рыноктық тәуекеліне өлшем жасау кезіндегі пайдаланылатын үлгілерді;
тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесіне және басқармаға рыноктық тәуекел бойынша Ұйымның (Қордың) позициялары туралы есебін ұсыну кезеңділігін; 

16.

Ұйым (Қор) басқа рыноктық операциялардан жеке сауда операцияларының өңдеу жүргізеді.

17.

Ұйымның (Қордың) активтер мен міндеттемелер бойынша тәуекелдерді және кірістерді/шығыстарды бақылайды және олардың құнына күн сайынғы бағалау жүргізеді.

18.

Ұйымның (Қордың) қаржы құралының рыноктық құнының болмаған жағдайда қаржылық есеп беру жағдайында, қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес осы қаржы құралының құнсыздануына тест жүргізді.

19.

Ұйым (Қор) әрбір операциялық күн ішінде қаржы құралдарымен жасалатын кірістерді/шығыстарды бағалауды тұрақты жүргізеді.

20.

Ұйымның (Қордың) директорлар кеңесі баға тәуекелін ескере отырып қаржы құралдарының құнын айқындау рәсімдерін бекітті. 

21.

Ұйым (Қор) қаржы құралының құнын бағалауды тәуекелді бағалау моделінің және ағымдағы бағаларды рыноктық бағаға келтіру негізінде жүргізеді, сонымен бірге стресс-тестинг (stress-testing) және бэк-тестинг (back-testing) өткізеді.  

22.

Ұйым (Қор) тәуекелді бағалау нәтижелерін және қаржы құралдарымен операцияларды жасауға шешім қабылдау барысында тұрақты стресс-тестингтерді пайдаланады.

23.

Басқарма қаржы құралдары үшін "stop-loss" лимиттерінің диапазонын пайдаланады.

24.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) "stop-loss" лимитін айқындау ережелерін дұрыс қолдануын тексереді.

25.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары бойынша лимиттердің бірдейлігіне қаржы құралдары рыногының ауқымы мен динамикасы мен қаржы құралдарының өтімділігіне сәйкес талдау жүргізеді.

26.

Директорлар кеңесі валюталық бағамның өзгеруін талдауға сәйкес валюталық позиция бойынша шешім қабылдау саясатын бекітті.

27.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі мыналарды жүзеге асырады:
түрлі талдау әдістемесін пайдалану арқылы тәуекелдерді кешенді басқару;
тәуекелге сезімталдықты бағалауды гэп талдау жүргізеді;
стресс-тестинг, рыноктағы қолайсыз факторлар көбейген жағдайда шұғыл іс-әрекет жасау жоспарында олардың нәтижелерін пайдаланады;
туынды қаржы құралдарының көмегі немесе басқа рыноктық операциялар арқылы процент тәуекелін уақтылы хеджирлеу рәсімдерін пайдаланады;
гэп бойынша және тәуекелдер бойынша меншікті капитал бірдейлігін ескере отырып, проценттік тәуекел мөлшері лимиттерді белгілейді.

28.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі кемінде жарты жылда бір рет стресс-тестинг өткізеді және оның нәтижесін рыноктағы қолайсыз факторлардың өсу барысында шұғыл іс-әрекет жоспарына пайдаланады.

29.

Ұйымның (Қордың) активтерді және міндеттемелерді басқару саясатына сәйкес туынды қаржы құралдары көмегімен валюталық тәуекелді уақтылы хеджирлеу рәсімдерін пайдаланады.

30.

Директорлар кеңесі ашық валюталық позициялар бойынша лимиттерді және валюталық нетто-позиция лимиттерін анықтайды.

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады