Астана қаласындағы құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту және тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 125/17-ІІІ Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 18 сәуірде N 386 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 123/18-IV шешімімен

      Астана қаласы әкімдігі ұсынылған Астана қаласындағы құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны қарап, Қазақстан Республикасы Конституциясының  86-бабын  және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының  6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп  ШЕШТІ:
      қоса беріліп отырған Астана қаласындағы құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама бекітілсін.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрайымы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

  Астана қаласында құқықтық түсіндіру жұмысы,
құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды
құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007
жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына
КЕЛІСІМ ПАРАҚ

       Астана қаласының
      Әділет департаментінің
      бастығының м.а.

      Астана қаласының
      "Білім департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы

      Астана қаласының
      "Мәдениет департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы

      Астана қаласының
      "Ішкі саясат департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы

      Астана қаласының
      Ішкі істер бас
      басқармасының бастығы

Астана қаласы мәслихатының 
2005 жылғы 29 наурыздағы  
N 125/17-ІІІ шешімімен   
бекітілді         

  Астана қаласында құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық
мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен
тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМА

Астана қаласы, 2005 жыл

  Бағдарлама мазмұны

       1-бөлім . Бағдарламаның паспорты

       2-бөлім . Кіріспе

       3-бөлім . Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

       4-бөлім . Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

       5-бөлім . Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі

       1-тарау . Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру

       2-тарау . Құқықтық оқыту мен тәрбиелеу

       6-бөлім . Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

       7-бөлім . Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

       8-бөлім . Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

  1-Бөлім. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы      Астана қаласында құқықтық түсiндiру
                         жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру,
                         азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу
                         жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған
                         аймақтық бағдарлама

Бағдарламаны әзірлеу     "Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық
үшiн негiздеме           мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды
                         құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi
                         2005-2007 жылдарға арналған аймақтық
                         бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы
                         Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы
                         N 1382  Қаулысы

Негізгі әзірлеушi        Астана қаласы әкімінің аппараты

Мақсаты                  Астана қаласында азаматтардың құқықтық
                         санасы мен құқықтық мәдениетiнің деңгейiн
                         арттыру, Заңға құрмет көрсету қатынасын
                         қалыптастыру

Мiндеттерi               Қазақстан заңнамасын түсiндiру жөніндегі
                         мақсатқа сай жұмыстар жүргізу, жаңа
                         тұрпатты мемлекеттік қызметшiлердiң
                         құқықтық даярлық деңгейiн, кәсіби
                         біліктілігін арттыру. Бұқаралық ақпарат
                         құралдарымен өзара iс-қимыл жасауды
                         белсендіру, құқықтық түсiндiру жұмысына
                         дүниежүзiлiк "Интернет" желiсін қоса
                         алғанда, жаңа ақпараттық технологияларды
                         кеңінен пайдалану. Барлық оқу орындарында
                         құқықтық оқытудың жаңа оқу жоспарларын
                         және бағдарламалар әзірлеу

Iске асыру мерзiмдерi    2005-2007 жылдар

Қажетті ресурстар және   Бағдарлама қосымша қаржы бөлуді талап
оларды қаржыландыру      етпейді және мемлекеттік ұйымдарды ұстауға
көздерi                  қарастырылған қаражаттар есебінен жүзеге
                         асырылатын болады

Күтiлетiн нәтижелер      Бағдарламада көзделген iс-шаралардың
                         орындалуы:
                         қала тұрғындарын құқықтық ақпараттандыру
                         деңгейін арттыру, яғни жергілікті мерзiмдi
                         баспасөз басылымдарындағы құқықтық тақырып
                         бойынша арнайы айдарлардың, жергілікті
                         радиода және орталық мемлекеттiк
                         телеарналарда құқықтық тақырып бойынша
                         телевизиялық бағдарламалар мен
                         радиохабарлардың санын ұлғайтуға;
                         Астана қаласы азаматтарының құқықтық
                         мәдениетi деңгейiн елеулi түрде көтеруге;
                         құқықтық тәртiп пен заңға бағынушылықтың
                         нақты жағдайын орнатуға;
                         құқықтық түсiндiру жұмысын, азаматтарды
                         құқықтық оқыту мен құқықтық тәрбиелеудi
                         қамтамасыз етуде мемлекеттiк органдардың,
                         бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық
                         бiрлестiктер мен үкiметтiк емес ұйымдардың
                         күш-жiгерiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi

  2-Бөлім. Кірiспе

      Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) азаматтардың құқықтық сана мен мәдениет деңгейін арттырудың мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ оларды іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмдерін анықтайды, олар қоғамдағы азаматтық келісім мен құқықтық тәртіпті реттеуге, азаматтық қоғамның барлық мүшелерiнiң құқық пен заң құндылықтарын толық қабылдауын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
      Халықты құқықтық ағарту жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан тұрғындар мәдениетінің деңгейі жеткіліксіз деңгейде қалып келеді.
      Әділет органдарының, құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан мемлекет пен оның халқының алдында тұрған проблемаларына кешенді көзқарас қалыптастыру қажет. Қазақстан Республикасының Президенті тапсырған міндеттерді шешуде күтілетін нәтижелерге хабарлап қана қол жеткізетін боламыз.
      Аталған Бағдарлама бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі - БАҚ) белсенді қарым-қатынас, қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық жасауға, қолданыстағы заңнама туралы ақпаратпен алмасуға және басқа бағыттар бойынша кең мүмкіндіктер мен келешектерге жол береді.
      Осы Бағдарламаны іске асыру халықты құқықтық ағарту жөніндегі жұмыстардың жаңа деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама іс-шаралар мен оны іске асыру жоспарына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.

  3-Бөлім. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау

      Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, құқықтық оқыту мен тәрбие мәселелерi өзара байланысты және өзара келiсiлген болып табылады, қоғамның өмiр-тiршiлiгiнiң барлық жақтарына қатысты болады.
      Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау көзқарасты өзгерту, жаңа үрдiстердi, әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды ескеру, азаматтарды құқықтық қатынастардың жаңа түрлерiне бейiмдеуге ықпал ету қажеттiгiн көрсетедi.
      "Қазақстан Республикасында жалпыға міндетті құқықтық оқуды ұйымдастыру туралы" 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 Қазақстан Республикасы Президентінің  қаулысын  орындау барысында Астана қаласында ұйымдар мен мекемелер негізінде құқықтық білім мектептері ұйымдастырылды.
      Дегенмен, құқықтық жұмыстар қаланың барлық ұйымдарында жүргізілмейді, жүргізілген жағдайда да деңгейі мен көлемі көңіл толтырарлықтай емес.
      Бұл жағдайда, осы бағыттағы жұмыстарды Астана қаласының аумағындағы барлық мемлекеттік мекемелерді құқықтық ағарту жөніндегі жұмыстарды жаңа ұйымдастырушылық деңгейге көтеру үшін ынтымақтастық пен қарым-қатынас жасасу жолымен белсендендіру қажет.
      Құқықтық түсiндiру жұмысында, әсiресе құқықтық білім беру мектептерiнде тыңдаушылардың құрамын айқындауда олардың бiлiм деңгейiн, айналысатын кәсiбiнiң түрiн, салалық бағыттылығын ескере отырып, саралауға қол жеткiзуiмiз керек. Ақпараттар ағынының ұдайы ұлғаюы, оның жүйесiз сипаты мән-мағынасының бiркелкiленуiне, халықтың қабылдамауына әкеп соқтырады.
      Сондықтан неғұрлым маңызды, түйiнді проблемаларды бөлiп алып, бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрi - БАҚ) мүмкiндiгiн пайдалана отырып, оларды дәйектi түрде жариялауға, түсiндiруге қол жеткiзген орынды. Алайда мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланған және эфирге шыққан телевизия және радио бағдарламаларын талдау құқықтық тақырыпты ашудың әлi де жеткiлiксiз жүзеге асырылып отырғанын көрсетедi.
      Мемлекеттiк органдардың, әрбiр мемлекеттiк қызметшiнiң, кәсiби заңгердiң, әсiресе құқықтық түсiндiру жұмыстарына қатысатын құқық қорғау жүйесi субъектiлерiнiң, сондай-ақ ғылыми мекемелердiң, ғылыми-педагогикалық кадрлардың рөлiн көтеру қажет. Өз кезегiнде оқу орындары, ғылыми мекемелер мемлекеттiк органдардың қатысуымен осы проблемаларға зерттеулер жүргiзу мен оның теориялық базасын жандандыруды қамтамасыз етуi тиiс. Осы саладағы перспективалы ғылыми әзiрленiмдер жүргiзетiн жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында гранттар беру жүйесiн дамыту, азаматтардың құқықтық мәдениетi мен құқықтық тәрбиесiнiң проблемалары бойынша ғылыми зерттеулермен айналысу үшiн жағдай жасау қажет.
      Алда құқықтық түсiндiру жұмысы саласындағы мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерiндегi бытыраңқылықты еңсеру мiндетi тұр.
      Демек, бiрыңғай талаптар, ортақ әдiснама әзірлеу қажет, жаңа ақпараттық технологиялардың жетiстiктерiн ескере отырып, құқықтық түсiндiру жұмыстарының iс-шараларын өткiзудiң нысандары мен әдiстерiн өзгерту талап етiледi. Құқықтық түсiндiру жұмысының негiзгi нысандарының бiрi ретiндегі дәрiстiк насихаттың рөлi әлсiреген. Осыған еңбегiне лайықты дәрежеде ақы төленуге тиiс бiлiктi дәрiскерлердi, құқық қорғау, сот органдарының барынша тәжiрибелi маман-практиктерiн белсендi түрде тарту қажет. Дәрiстiк насихат, құқықтық жұмыстың басқа да нысандары мен әдiстерi мәселелерiмен айналыса алатын ұйым құру туралы мәселенi шешетiн уақыт жеттi.
      Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын құқықтық сипаттағы көптеген материалдар дұрыс дайындалмайды, деңгейi төмен, бiржақты берiледi, тар ведомстволық мүдделердi көздейдi. БАҚ-ғы материалдардың көпшiлiгi оларда келтiрiлген фактiлер бойынша тиiстi талдау мен қорытындыларды қамтымайды. Құқықтық түсiндiру, ескерту-алдын алу қызметiнiң тиiмдiлiгiне көрсетiлетiн төменгi сападағы фильмдер мен хабарлардағы фактiлер терiс ықпал етедi.
      Құқықтық мәдениеттi қалыптастыруда, құқықтық білімді таратуда барлық оқу орындарында жетiспеушілігi үнемi байқалатын түрлi әдебиеттер шығарудың үлкен мәнi бар.
      Құқықтық түсіндіру жұмыстары нақты теориялық базаға негізделуі керек.
      Бүгінгі күні қаланың көптеген оқу орындарының тарих бөлмелерінде құқықтық тақырыптар бойынша әдебиеттері бар құқық бұрыштар бар, осыған байланысты тиісті әдебиеттер мен көрнекі әдістемеліктерімен қамтамасыз етілген құқықтық білімнің жеке бөлмелерін ұйымдастыру қажет.
      Оқу орындарының барлық түрлерiнде құқықтық пәндер бойынша бiлiктi педагогикалық кадрлар даярлауда шешiлмеген мәселе болып табылады. Жалпы бiлiм беретiн мектепте "Мемлекет және құқық негiздерi" пәнi аптасына бір сағаттық жүктемемен тек 9-сыныпта жүргiзiледi. Жекелеген мектептерде аптасына бiр сағаттан "Демократия" пәнi 10 сыныпта, "Құқық мозайкасы", "Заң барлығы үшiн" пәндерi 5 сыныпта факультативтi түрде оқытылады. Тәжiрибе көрсеткендей, көрсетiлген сағаттар көлемi жеткiлiксiз. Жалпы білiм беретiн мектепте құқық негiздерiн оқытуға өзiндiк "эксперименттiк" тәсiл белең алуда.
      Азаматтардың мемлекеттiк шешiмдердi қабылдауға және олардың орындалуын бақылауға белсендi қатысуы да маңызды роль атқарады, бұл қабылданатын шешiмдердiң сапасына да, оларды iске асыру тиiмдiлiгiне де оң әсер етедi.
      Қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің тиiстi сапасын қамтамасыз ету, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту, халықты құқықтық тәрбиелеу, заңгерлерді, басқа да мемлекеттiк қызметшiлердi кәсiби оқыту мен тәрбиелеу уақытының қажеттiлiктерiне сәйкес келтiру Қазақстанда құқықтық нигилизмнiң алдын алу мен еңсеруге, оң құқықтық мәдениеттi, Заңды жаппай құрметтеу жағдайын қалыптастыруға ықпал ететiн болады. Сонымен, жағдайды талдау құқықтық түсiндiру жұмыстарында, құқықтық оқыту мен тәрбиелеудi ұйымдастыруда барлық нысандар мен әдiстердi, сондай-ақ барлық мемлекеттiк органдардың және жұртшылықтың қоғамда құқықтық мәдениеттi қалыптастыру жөнiндегі қызметiн пәрменді үйлестiрудi ұштастыру қажеттiгiн дәлелдейдi.

  4-Бөлім. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты Астана қаласы азаматтарының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiнiң деңгейiн көтеру болып табылады.
      Аталған мақсаттарға қол жеткiзу мынадай мiндеттердi шешуге ықпал етедi:
      Қазақстан Республикасының заңнамасын түсiндiру, онда анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
      жаңа тұрпаттағы мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық даярлығы деңгейiн арттыру;
      бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау, құқықтық түсiндiру жұмысында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;
      барлық оқу орындарында құқықтық оқытудың жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу.

  5-Бөлім. Бағдарламаның негізгі бағыттары
және оны iске асыру тетiгi

      Алға қойылған мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Бағдарламада құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, барлық үлгідегi оқу орындарында құқықтық оқытудың деңгейiн арттыру, мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық бiлiмдерiн көтеру жолымен халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiнiң деңгейiн арттыруға бағытталған шаралар кешенi көзделген.

  1-Тарау. Құқықтық түсiндiру жұмысы,
құқықтық мәдениеттi қалыптастыру

      Осы бағытта "Қазақстан - 2030"  стратегиясының , Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауының, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасының ережелерiн орындау; Қазақстан Республикасының заңнамасын түсiндiру; заңға тәуелдi кесiмдердiң уақытылы түсiндiрiлуiн қамтамасыз ету бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзудi қамтамасыз етуге баса назар аударылуы тиiс.
      Мемлекетіміздің қылмыстық саясатын ізгілендіру жөніндегі құқықтық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру, өлім жазасын кезең-кезеңмен тоқтату мәселелері бойынша мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды белсендендіру қажет.
      Сонымен қатар, Астана қаласының мемлекеттік органдарын күшейту үшін мына негізгі міндеттерді қарастыру қажет:
      1) құқықтық түсіндіру жұмысын жетілдіру, көкейтесті құқықтық ақпараттарды жедел тарату және алу, қала әкімдігінің ұйымдастырылып жатқан ресми сайтында оң тәжірибемен алмасу мақсатында Астана қаласының барлық мемлекеттік органдарының, оның ішінде нормативтік құқықтық актілер мен олардың түсініктемелері бар орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің (келісім бойынша) электрондық парақтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      2) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық тақырып жөніндегі айдарларды ұйымдастыру;
      3) неғұрлым өзектi құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдар басшыларының және мамандардың БАҚ-та сөз сөйлеулерiн практикаға енгізу;
      4) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілген жағдайда халыққа және заңды тұлғаларға түсіндіру үшін БАҚ жариялануын қамтамасыз ету.
      Құқықтық түсiндiру жұмыстарының негізгі принциптері мемлекеттік органдар қызметкерлеріне халыққа ақпараттың жоғары деңгейде қол жеткізу қажет.

  2-Тарау. Құқықтық оқыту мен тәрбиелеу

      Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқушылар үшiн құқықтық ақпарат алудың орныққан нысандарын өзгерту, балаларды құқықтық тәрбиелеу әдiстемесiн жетiлдiру, қашықтан оқыту, тәжiрибе алмасу сияқты бiлiм берудiң жаңа нысандары мен түрлерiн кеңiнен пайдалану қажет.
      Орта және жоғары оқу орындары студенттерінде патриотизм, заңға құлықтылық, адамның ар-намысы сезiну, басқа азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн құрметтеу сияқты қасиеттердi қалыптастыру мақсатында оқушыларға қол жетімді негізде құқықтық бiлiм беру жөніндегі іс-шаралар (турнирлер, іскерлік ойындар, сағаттар саны және т.б.) жүргізу қажет.
      Құқықтық оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша оқытушылар аймақтық конференциялар, семинарлар өткізуді ұйымдастырулары тиіс.
      Мемлекеттiк қызметшiлердiң заңнама саласындағы бiлiмiн жетiлдiру және оның құқықтық мәдениетi деңгейiн көтеру мақсатында жергілiктi мемлекеттiк басқару органдарының қызметкерлерiн даярлау мен қайта даярлауға назар аудару қажет. Бұл ретте сабақтар өткiзу кезiнде заңгер ғалымдарды, саясаткерлердi, құқық қорғау, сот және өзге де органдардың неғұрлым тәжiрибелі практикалық қызметкерлерiн белсендi түрде тарту талап етiледi.

  6-Бөлім. Қажеттi ресурстар және оларды
қаржыландыру көздерi

      Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, құқықтық оқыту мен тәрбие жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар қосымша қаржы бөлусіз мемлекеттік ұйымдарды ұстауға қарастырылған қаражаттар есебінен жүргізіледі.

  7-Бөлім. Бағдарламаны iске асырудан
күтiлетiн нәтижелер

      Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуы:
      1) Астана қаласының барлық мемлекеттік органдарының, оның ішінде нормативтік құқықтық актілер мен олардың түсініктемелері бар орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің (келісім бойынша) электрондық парақтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық тақырып, оның ішінде "сұрақ-жауап" принципі бойынша айдарларды ұйымдастыру;
      3) неғұрлым өзектi құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдар басшыларының және мамандардың БАҚ-та сөз сөйлеулерiн қамтамасыз етуге;
      4) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілген жағдайда жергілікті деңгейдегі қажетті түсініктемелердің жариялануын қамтамасыз етуге;
      5) қала тұрғындарының құқықтық мәдениетi деңгейiн елеулi түрде көтеруге;
      6) құқықтық түсiндiру жұмысын, азаматтарды құқықтық оқыту мен құқықтық тәрбиелеудi қамтамасыз етуде мемлекеттiк органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бiрлестiктер мен үкiметтiк емес ұйымдардың күш-жiгерiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi.

            8-бөлім. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi
                     iс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шаралар

Аяқталу
нысаны

Орын-
далуына
жауап-
тылар

Орын-
далу
мер-
зімі

Бол-
жанған
шығын-
дар
(млн.
теңге)

Қар-
жылан-
дыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Құқықтық түсiндiру жұмысы,
құқықтық мәдениеттi қалыптастыру

1.

Астана қаласы
әкімінің ресми
сайтында қала-
ның мемлекеттік
органдарының
электрондық бет-
терінің (норма-
тивтік құқықтық
актілердің маз-
мұны мен заң-
нама нормаларын
түсіндіру)
қызмет етуін
ұйымдастыру.

Мемле-
кеттік
орган-
дардың
элект-
рондық
беттері

Қала
әкімі-
нің
аппа-
раты,
тиісті
бағыт-
тар
бой-
ынша
мемле-
кеттік
орган-
дар

Тұрақты,
2005
жылдың
екінші
тоқса-
нындағы
ресми
сайтын
ұйым-
дастыр-
ғаннан
кейін

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады

-

2. 

"Қазақстан-2030"
Стратегиясының,
Қазақстан Респу-
бликасы Прези-
дентінің Қазақ-
стан халқына
жолдаған жолда-
уының, Қазақ-
стан Республи-
касы Үкіметінің
2003-2006 жыл-
дарға арналған
Бағдарламаларын,
ҚР заңнамала-
рының негізгі
ережелерін орын-
дау жөніндегі
тұрақты түсін-
діру жұмыстарын
жүргізу.

БАҚ-да
сөз
сөйлер
және
дәрістік
сабақтар

Қала
әкі-
мінің
аппа-
ратына
ақпарат

Тұрақты 

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады

-

3.

Мемлекеттік
органдардың
басшылары мен
мамандарының
неғұрлым өзекті
құқықтық мәсе-
лелер бойынша
БАҚ-та сөз сөй-
леу жоспарын
бекіту.

БАҚ-да
сөз 
сөйлеу
жоспары

Қала
әкімі-
нің
аппа-
раты

Жыл
сайын
бірінші
тоқсанда

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады

-

4. 

Жергілікті мер-
зімді басылым-
дарда құқықтық
тақырыптар,
оның ішінде сұ-
рақ-жауап»прин-
ципі бойынша
арнайы айдарлар
ұйымдастыру

БАҚ-та
тұрақты
айдарлар

Қала
әкі-
мінің
аппа-
раты,
БАҚ,
тиісті
бағыт-
тар-
дағы
мемле-
кеттік
орган-
дар

2005
жылдың
бірінші
тоқсаны
- әрі
қарай
тұрақты

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады

-

5. 

Мемлекетіміз-
дегі қылмыстық
саясатты ізгі-
лендіру мәселе-
лері бойынша
белсенді түсін-
діру жұмыстарын
жүргізу

БАҚ-да
сөз
сөйлер
және
дәрістік
сабақтар

Әділет
депар-
тамен-
ті,
құқық
қорғау
орган-
дары
(келісу
бойын-
ша)

Тұрақты

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады

-

6. 

Мемлекетіміз-
дегі қылмыстық
саясатты із-
гілендіру, ҚР
өлім жазасын
кезең-кезеңмен
тоқтату мүм-
кіндігі мәселе-
лері жөніндегі
қоғамдық пікір-
лердің монито-
рингін жүзеге
асыруды жалғас-
тыру

Сауал-
нама

қаланың
Әділет,
Білім
депар-
тамент-
тері,
құқық
қорғау
орган-
дары
(келісу
бойын-
ша)

Жыл
сайын
екінші
тоқсанда

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады.

-

7.

Жаңа норматив-
тік құқықтық
актілерге және
Қазақстан Рес-
публикасындағы
заңнамаларға
енгізілген өз-
герістерге же-
дел түсіндіруді
қамтамасыз ету

БАҚ-та
түсін-
діру

Тиісті
бағыт-
тар
бойынша
мемле-
кеттік
орган-
дар

Тұрақты,
НҚА
қабыл-
дан-
ғаннан
кейін
немесе
оған
өзге-
рістер
енгізіл-
геннен
кейін
бір ай
ішінде

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады.

-

2. Құқықтық оқыту және тәрбиелеу

8.

Қаланың ұйым-
дары мен меке-
мелерінің база-
сындағы құқық-
тық білім
мектептерінің
жұмыстарын
белсендендіру

Әділет
депар-
тамен-
тіне
ақпарат

Әділет
депар-
таменті

Ай
сайын,
25
дейін

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады.

-

9. 

Құқықтық тәрбие-
леу мәселелері
оқытушылар үшін
аймақтық конфе-
ренциялар мен
семинарлар
өткізу.

Әкім
аппара-
тына
ақпарат

Білім
депар-
таменті

Жыл
сайын,
жыл
қоры-
тындысы
бойынша

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады.

-

10. 

Жоғарғы, орта-
арнайы және жал-
пы білім бере-
тін оқу орында-
рында тиісті
әдебиеттер мен
көрнекі әдісте-
мелермен қамта-
масыз етілген
құқықтық білім
жеке бөлмесін
ұйымдастыру

Әділет
депар-
тамен-
тіне
ақпарат

Білім
депар-
таменті

2005
жылдың
бірінші
тоқса-
нынан
бастап

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады.

-

11. 

Құқықтық білім-
нің қалалық
олимпиадаларын
жыл сайын
өткізуді
ұйымдастыру

Олим-
пиада

Білім,
Ішкі
саясат
депар-
тамен-
ттері

жыл
сайын
екінші
тоқсанда

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады.

-

12. 

Орта мектеп оқу-
шылары арасында
конституциялық
құқық бойынша 
пікірталас
турнирлерін
өткізу, орта
кәсіби білімді
ұйымдастыру.

Сынып
сағат-
тары

Білім
және
Мәде-
ниет
депар-
тамен-
ттері

Жыл
сайын
бірінші
тоқсанда

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады.

-

13. 

Конституция
күнін тойлауға
іс-шаралар цик-
лін ұйымдастыру

Дөңгелек
үстел-
дер,
семи-
нарлар,
кітап
көрме-
лері

Мәде-
ниет
және
Білім
депар-
тамен-
ттері

Жыл
сайын
үшінші
тоқсанда

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады.

-

14.

Жастар арасында
заңнамалардың
құқықтық норма-
ларын түсіндіру
бойынша іс-ша-
ралар циклін
ұйымдастыру

Аймақтық
конфе-
ренция-
лар,
Дөңгелек
үстел-
дер,
семи-
нарлар

Білім
және
Ішкі
саясат
депар-
тамен-
ттері

Жыл
сайын
екінші
тоқсанда

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады.

-

15. 

Орта мектептер,
орта кәсіби
білім беретін
ұйымдардың оқу-
шылары арасында
конституциялық
құқық бойынша
дебатты тур-
нирлар өткізу.

Дебатты
тур-
нирлар

Білім
және
Ішкі
саясат
депар-
тамен-
ттері

Жыл
сайын
үшінші
тоқсанда

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады.

-

16. 

ЖОО студенттері
арасында құқық-
тық тақырыптар
бойынша іскер-
лік ойындар
өткізу.

Іскерлік
ойындар

Білім
және
Ішкі
саясат
депар-
тамен-
ттері

Жыл
сайын
үшінші
тоқсанда

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады.

-

17.

Астана қаласы-
ның әкімдігі
жанындағы құ-
қықтық білім
беру мектебі
тыңдаушыларының
аттестациядан
өтуін ұйымдас-
тыру.

Тестілеу

Әділет
депар-
тамен-
ті,
қала
әкімі-
нің
аппа-
раты

Жыл
сайын
үшінші
тоқсанда

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады.

-

3. Ұйымдастыру сипатындағы  іс-шаралар

18. 

Осы Бағдарлама
шеңберінде өт-
кізілген іс-ша-
ралар туралы
ақпарат ұсыну.

Әкім
аппара-
тына
ақпарат

Тиісті
бағыт-
тағы
мемле-
кеттік
орган-
дар

Іс-ша-
ралар
өткеннен
кейін
15
күннің
ішінде

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады.

-

19. 

Осы Бағдарлама-
ны іске асыру
жөніндегі қоры-
тынды ақпаратты
ұсыну.

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қала
әкімі-
нің
аппа-
раты

Келесі
есептік
жарты-
жылдық
пен
жылғы
айдың
10
күніне
дейін

Мемле-
кеттік
ұйым-
дарды
ұстауға
арнап
қарас-
тырыл-
ған
қара-
жаттар
есебі-
нен
жүзеге
асыры-
лады.

-

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады