Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-619қ "Соғыс және еңбек ардагерлеріне материалдық көмек көрсету тәртібі туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 3-1-295қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 20 мамырда N 388 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 23-887қ қаулысымен

       Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 23-887қ қаулысымен
________________________________________

      Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына , "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізулеріне байланысты, Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 3-1-1978қ "Астана қаласының жергілікті атқарушы органының кейбір мәселелері туралы" қаулысын ескеріп Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-619қ "Соғыс және еңбек ардагерлеріне материалдық көмек көрсету тәртібі туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 наурызда N 320 болып тіркелген, 2004 жылғы 13 сәуірдегі N 48 "Астана хабары"; 2004 жылғы 6 сәуірдегі N 39 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) аталған қаулыда:
      преамбула мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ";

      3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "3. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыруды қамтамасыз етсін.";

      4-тармақ алынып тасталсын;
      2) аталған қаулымен бекітілген, соғыс және еңбек ардагерлеріне материалдық көмек көрсету Қағидасында :

      преамбула мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Осы Қағида "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "3. "Жергілікті өкілдік органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасының әкімгері "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі" (бұдан әрі - Департамент) болып табылады";
      3) аталған қаулымен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелі күндерге біржолғы материалдық көмек көрсету Қағидасында :

      преамбула мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Осы Қағида "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.";

      1-тармақтың 2) тармақшасында бірінші азат жолда "5000 (бес мың) теңге" сөздері мен цифрлары "5000 (бес мың) теңгеден кем емес" сөздерімен және цифрларымен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 2) тармақшасында екінші азат жол мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет атқарған) және тылда ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының алқалары және ордендерімен марапатталмаған тұлғаларға, мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарымен белгіленген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соларға теңестірілген тылда ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының алқалары және ордендерімен марапатталған адамдарға, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар алушылар санынан - 3000 (үш мың) теңгеден кем емес;";

      3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "3. "Жергілікті өкілдік органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасының әкімгері "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі" (бұдан әрі - Департамент) болып табылады".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.С. Мұстафинаға жүктелсін.

      Әкім

      Әкімнің бірінші орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкім аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      Құжаттамалық сараптама
      бөлімі меңгерушісінің
      міндетін атқарушы

      Астана қаласының Экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      "Астана қаласының
      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады