Байланыс формасы

"Хромтау-Алтынсарин" темір жолы бойындағы "Аққұдық" станциясының атауын "Көктау" деп өзгерту туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 180 шешімі мен Ақтөбе облыстық әкімиятының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 295 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2005 жылдың 25 тамызында N 3157 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Хромтау аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының Хромтау ауданындағы "Хромтау-Алтынсарин" темір жолы бойындағы "Аққұдық" станциясының атауын "Көктау" станциясы деп өзгерту туралы ұсыныстары қабылдансын.

      2. Осы шешім Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.

      Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады