Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы

Күшін жойған

Байзақ ауданының әкімиятының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 206 қаулысы. Байзақ ауданының әділет басқармасында 2005 жылғы 22 маусымда N 10 тіркелді.Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 272 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 27.05.2016 № 272 қаулысымен.
      Ескерту. Орыс тілінде мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатуды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабы 2-тармағының талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Эротикалық мазмұндағы материал жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатудың ережесі бекітілсін.
      1.1 Эротикалық сипаттағы материалдары бар басылымдар "Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі № 106, Байзақ аудандық байланыс "Пошта" торабы мекемесінде сатылады".
      Ескерту. 1-1 тармақпен толықтырылды - Байзақ ауданының әкімиятының 2005 жылғы 2 тамыздағы № 344 қаулысымен
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Ә. Қилыбаевқа жүктелсін.
      Аудан Әкімі А. Нұралиев

  Байзақ ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 13 мамырдағы
Эротикалық мазмұндағы материалдар
жариялайтын мерзімді басылымдардың
сатылуы туралы
№ 206 қаулысымен бекітілген

Эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарды бөлшек саудада сату ережесі. 1. Жалпы ережелер.

      1) Осы ережелер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Заңдарына сәйкес жасалынған.
      2) Осы ереже заңды және жеке тұлғалардың эротикалық мазмұндағы материалды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасын реттейді.
      3) Қазақстан Республикасы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 1-бабындағы 14-тармағына сәйкес тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қаузайтын баспасөз басылым немесе телерадио бағдарламалары эротикалық сипаттағы өнімдер болып саналады.

2. Эротикалық сипаттағы баспа өнімдерін сату.

      4) Эротикалық сипаттағы материалдарды бар басылымдар тек қана жергілікті атқарушы органдардың арнайы шешімімен анықталған әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда сатылады.
      5) Эротикалық басылымның әр данасы мөлдір ораммен буып-түйілген болуы керек.
      6) Бөлшек сауда ұйымдары, меншік нысанына қарамастан эротикалық сипаттағы баспа өнімдерін таратқаны үшін белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
      7) Кәмелет жасына толмағандарға эротикалық сипаттағы материалдар жарияланатын баспа өнімдерінің саудасын жасауға жол берілмесін.

3. Осы тәртіптің сақталуына бақылау және жауапкершілік

      8) Эротикалық сипаттағы материалдар жарияланатын мерзімді баспасөз өнімдерінің бөлшек саудасы туралы ережені бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сай жауапкершілікке тартылады.
      9) Осы ереже талаптарының сақталуына бақылауды өкілетті органдар жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады