Байланыс формасы

Бейнеу, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының халық аз қоныстанған кейбір елді мекендерін жақын маңдағы ауылдық елді мекендердің құрамына енгізу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы N 13/233 шешімі және Маңғыстау облысы әкімінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 319 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінде 2006 жылғы 6 қантарда N 1935 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 148 және Маңғыстау облыстық мәслихатының  21.05.2015 № 25/390 бірлескен қаулысымен және шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы 3) тармағына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұдан әрі есеп деректерінен шығарылып, облыстың халық аз қоныстанған мына ауылдық елді мекендері жақын маңдағы ауылдық елді мекендердің құрамына енгізілсін:
      1) Бейнеу ауданы бойынша:
      Қызылту – Ақжігіт ауылдық елді мекеніне;
      Сарша – Сыңғырлау ауылдық елді мекеніне;
      2) Маңғыстау ауданы бойынша:
      Сауысқан – Ұштаған ауылдық елді мекеніне;
      Өгізөреулі – Жармыш ауылдық елді мекеніне;
      3) Түпқараған ауданы бойынша:
      Қаңға – Қызылөзен ауылдық елді мекеніне.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 148 және Маңғыстау облыстық мәслихатының  21.05.2015 № 25/390 бірлескен қаулысымен және шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       2. "Бейнеу, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының халық аз қоныстанған кейбір елді мекендерін жақын орналасқан селолық елді мекендердің құрамына енгізу туралы" облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 30 мамырдағы N 11/205 шешімі және облыстық әкімияттың 2005 жылғы 26 мамырдағы N 167 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
       3. Осы шешім мен қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
 
 

      Сессия төрағасы
      Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады