Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарына түгендеу жүргізу туралы.

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 161/4 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 31 мамырда N 3029 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 07 қазандағы N 235/16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2010.10.07 N 235/16 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару  туралы"  Заңы 27-бабы 1-тармағының 3, 12-тармақшалары мен 2-тармағына сәйкес, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын  сақтау және оларды  даярлық   жағдайында ұстау  мақсатында облыс әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Павлодар облысы жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар  министрлiгi Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментiмен (келiсiм бойынша), сондай-ақ облыс қалалары әкiмдерiмен бiрлесiп 2005 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
      1, 2-қосымшаларға сәйкес тиiстi актiлердi толтыра отырып ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарына түгендеу жүргiзсiн;
      қорғаныс құрылымдары бар кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiк нысандарын көрсете отырып қорғаныс құрылымдарының есептiк деректерiне түзетулер енгiзсiн;
      қорғаныс құрылымдары бар кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң бастықтарымен паналаушыларды қабылдауға паналау ғимараттары даярлығын қолдау және оны даярлық деңгейiн төмендетпей шаруашылық бағытта пайдалану мақсатында оқулар өткiзсiн;
      кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң бастықтарымен сақталған қолхаттарына сәйкес, жеке қорғану құралдарын сақтау жөнiнде оқулар жүргiзсiн;
      Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген тәртiпте қорғаныс ғимараттарын ұстаушы және пайдалануға берушi кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң бастықтарына олардың мақсатты жұмсалуын сақтаусыз тиiстi шаралар қолдансын.
      2. Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi (келiсiм бойынша), облыс қаржы департаментi, қалалар әкiмдерi:
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы "Азаматтық қорғаныс туралы"  Заңының сөзсiз орындалуын қамтамасыз етсiн;
      қорғаныс құрылымдары бар шаруашылық объектiлерiнiң меншiк нысандары және иелерi өзгерген кезде, сатып алу-сату шартында немесе басқадай ресiмделген құжатта мiндеттi түрде паналау ғимараттары мен Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлiктерiн  сақтау және пайдалану тәртiбiне жауапкершiлiктi атап көрсетсiн.
      3. Ұжымдық қорғаныс құралдарына түгендеу жүргiзу нәтижесi бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгiне:
      қараусыз қалған (қалпына келтiруге келмейтiн), су басып қалған қорғаныс құрылымдарын есептен шығару;
      пайдаланылусыз тұрған қорғаныс құрылымдарын радиациядан қорғайтын паналау орнына айналдыру жөнiнде ұсыныстар дайындасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Вербнякқа жүктелсiн.

       Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

             Келiсiлдi:

      Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi
      Министрлiгi Павлодар облысы
      төтенше жағдайлар жөнiндегi
      департаментiнiң бастығы А. Садықов

       Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру
      Павлодар аумақтық комитетiнiң
      төрағасы М. Жұмабаев

                                          Павлодар облысы әкiмiнiң  
                                          2005 жылғы 28 сәуірдегі  
                                        "Ұжымдық және жеке қорғаныс 
                                        құралдарына түгендеу жүргiзу
                                         туралы" N 161/4 қаулысына 
                                                1-қосымша         

               200 _ ж "   "_______________________
      __________________________________ _______________

    N _____ қорғаныс құрылымының  жағдайын зерттеу жөнiндегi
                                АКТ

Комиссия құрамында:
төраға _______________________________________________________
мүшелерi: ____________________________________________________
          ____________________________________________________
          ____________________________________________________
______________________________________________________ танысты
(қорғаныс құрылымының бар кәсiпорын  (ұйым) бастығының Т.А.Ә.)      ______________________________________________________________
орналасқан ______ адам  сиятын  _________________ сыныптың паналау
ғимараты (жеке тұрған баспана, кiрiктiрмелi баспана) жағдайына 200_
ж _____________ тексеру жүргiзiп, осы актiнi жасады. Тексеру
нәтижесiнде ауыл шаруашылығы мүддесiн ұстау, пайдалану мәселесi
бойынша мынадай кемшiлiктер анықталды (анықталмады).
      1. Ауа жiбермейтiн есiктер мен жақтаулар (есiк пен жақтаулар
арасындағы саңылаулар) ауа жiбермейтiн резиналар, "жабылды" және
"ашылды" деген көрсетулерi бар  механикалық жетектерiнiң болу 
жағдайы ___________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
      2. Құрылыс құрастырмаларының (қабырғадан су ағу, тесiк,
ойылып түсу, төбе, еден) жағдайы _____________________________
______________________________________________________________
      3. Негiзгi және запасты шығыстарда ауа жинау каналдары
(жалюзды торлар болу, қоқыстар мен өзге де нәрселер болмау) жағдайы
______________________________________________________
______________________________________________________________
      4. Паналау ғимараты бетiнiң тегiстiк жағдайы (шұңқыр болмау,
шайылып кетпеу, құйма қалыңдығы 1 метр болу) _________
______________________________________________________________
      5. Паналау ғимаратына кiру жолдары (асфальттi жол болу)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
      6. Желдеткiш жүйесi:
      1) ауа жолдары жағдайы және олардың түсi (сүзгi- желдеткiш -
сары түстi, таза желтеткiш - ақ түстi, ауаны бастапқы қалпына
келтiру-қызыл түстi)________________________
      2) ауа өткiзбейтiн клапандар жұмысы (тұтқаның бос бұралуы.
АөК нөмiрлеу, үстiн майлау) _________________________
______________________________________________________________ 
      3) клапандарда люкорналастырушы болу ___________________
______________________________________________________________
      4) электрлi  қол  желдеткiш пен өндiрiстiк желдеткiштер
жұмысы (желдеткiштердiң паспорты, сипаттамасы, олардың нөмiрi,
агрегаттарды майлауы, амартизация қондырғысы болуы) __________
______________________________________________________________
      5) сүзгi-сорғыш ФП-100 (200,300) регенаторлы патрондар РП
болуы, олардың ахуалы, завод белгiсi, ағашта орнатылған қондырғы
биiктiгi 10 см, ауажағдайы бойынша дұрыс орнатылуы (жоғары қысымды
банка төменде, төмен қысымды жоғарыда орналасқан), таттың болмауы
және желдеткiштер мен патрондар майыстырылмауы
_______________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
      6) торлы сүзгiш жағдайы "ФЯР (таттың болмауы және тор сүзгiш
маймен майлануы) ______________________________________
______________________________________________________________
      7) әр түрлi кесте бойынша жұмыс тәртiбi туралы нұсқаулықпен
желдеткiш жүйесiнiң болуы _______________________
______________________________________________________________
      7. Суарнасы жүйесi:
      1) санфаянстiң болуы, қозғаушы құралының дұрыстығы,  шырақтар
үшiн резервуардың ауа жiбермеушiлiгi) _______________
______________________________________________________________
      2) паналау ғимаратында жұмыс iстеу  тәртiбi жазылған су
арнасы жүйесiнiң болуы _______________________________________
______________________________________________________________
      8. Сумен қамту жүйесi (су асты көлiгi болу, апат болғанда
запас су резервуары болу, сумен қамту жүйесi және осы сумен қамту
жүйесiнiң жұмыс кестесi болу) ____________________
______________________________________________________________
      9. Дизельдi электр станциясы (құжаты, паспорты, сүзгiшi,
жұмыс iстеу тәртiбi және қауiпсiздiк шаралары туралы нұсқаулықтың
болуы, электр жарығын тоқтатып дизель-генератор жұмысын
тексеру)______________________________________________________
______________________________________________________________
      10. Қорғаушы секциялардың бiрыңғайлылығы (МЗС, УЗС), олардың
техникалық жағдайы, таттың болмауы, жалюзды торлардың кiрдiксiз
қозғалуы және олардың дұрыс орнатылуы (жалюзды торлар  толқын ағысы
ықпал ететiн жағына қарай орнатылуға
тиiстi)_______________________________________________________
______________________________________________________________
      11. Жоғарғы қысымды клапандардың орналасуы (КИД-100, 150)
______________________________________________________________
      12. Паналау ғимаратын жарықтандыру (шам, лампаның болуы, шам
қосқыштың дұрыс болуы) ___________________________________
______________________________________________________________
      13. Апаттық жарықтандырудың болуы (керосиндi шам, фонар
немесе тұрмыстық корпусы әкiмшiлiгiнен жарық беру) ___________
______________________________________________________________
      14. Ғимараттың сыртқы түрi (сырлау, майлау, тазалық)____
______________________________________________________________
      15. Нарлардың болуы ____________________________________
______________________________________________________________
      16. Паналау ғимаратының құжаттамасы (нұсқаулыққа сәйкес)
______________________________________________________________
      17. Қажеттi құралдардың болуы __________________________
______________________________________________________________
      18. Медпункт немесе санитар.орынның болуы ______________
      19. Азық-түлiк өнiмдерi қорының болуы __________________
      20. Аспап (ХБәА, ДА-5В, парометрартқышы, газдыполизатор,
психометр) болуы ___________________________
______________________________________________________________
      21. Паналайтын ғимаратта белгiленген ауаны ұстау _______
______________________________________________________________
      22. Паналау ғимаратын ауыл шаруашылығы мүддесiне пайдалану
____________________________________________________ 
      23. Есiктерде кiлттердiң орны туралы кестенiң болуы
______________________________________________________________
      ТҮЙIН: _________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
паналау орны паналаушылар қабылдауға__________________________
      ҰСЫНЫСТАР:______________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________

      Қол қоюшылар:   Комиссия төрағасы: _____________________
                      Комиссия мүшелерi: _____________________
                                         _____________________

      Актiмен танысты:  ______________________________________
      қорғаныс құрылымдары бар кәсiпорын (ұйым) батықтарының қолы)

                                              Павлодар облысы әкiмiнiң
                                               2005 жылғы 28 сәуірдегі
                                            "Ұжымдық және жеке қорғаныс
                                            құралдарына түгендеу жүргiзу
                                             туралы" N 161/4 қаулысына
                                                     2-қосымша

                             АКТ

200__ жылғы "___" ________                  _________________
                                         қала,аудан,ау/округi

     Комиссия құрамында: төрағасы ____________________________
______________________________________________________________
комиссия мүшелерi: ___________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
_____________________________________________________________.
      Облыс әкiмiнiң 2005 жылғы "__" ________ "Ұжымдық және жеке
қорғаныс құралдарына түгендеу жүргiзу туралы" қаулысы негiзiнде
материалдық құндылықтардың (жеке қорғану құралдары) болу, сапасы,
сақталу жағдайына, сондай-ақ оның мақсатты жұмсалу сәйкестiгiне
зерттеулер жүргiзiп:
1. Жиыны  _____________________________________ газтұмылдырық
                    (объектiнiң атауы)
бар ___________________________________________________________
               (газтұмылдырықтар маркасы, саны)
2. Газтұмылдырықтар сақталатын жер __________________________
3. Газтұмылдырықтардың жай-күйi _____________________________
4. Газтұмылдырықтарды сақтау шаралары _________________________
5. Газтұмылдырықтарды сақтауға жауапты тұлға __________________
_______________________________________________________________
      Зерттеу барысындағы  комиссияның шешiмi _________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

      Қолдары:   Комиссия төрағасы: ___________________________
                 Комиссия мүшелерi: ___________________________
                                    ___________________________
                                    ___________________________
                                    ___________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады